4.2 Ауылшаруашылығы интеллигенциясының әлеуметтік даму
тарихнамасы
Ауылшаруашылығы интеллигенциясының тарихы жайлы жарық кӛрген
әдебиеттерге тарихнамалық талдау жасау, ӛткен қорытындыларын, тарихи
сабақтарын ой елегінен ӛткізбейінше, қазіргі қадір-қасиетін түсіну мүмкін емес.
Интеллигенция тарихын тереңнен зерттеген ғалым Х.М. Әбжанов
«ауылшаруашылығы интеллигенциясы деп кеңес қоғамында мемлекеттік және
колхоз секторынан құрылған аграрлық экономикада күрделілігі және мазмұны
әрқилы ой еңбегімен айналысқан мамандар тобын айтамыз. Ғылыми
әдебиеттерде
бұларды
«ӛндірістік»,
«ӛндірістік-техникалық»,
«ауылшаруашылығының ӛндірістік-техникалық интеллигенциясы» деп те атай
береді» деген кӛзқарасын білдіреді [94. 169 б.]. Сондықтан біз
ауылшаруашылығы ӛндірістік-техникалық интеллигенциясының әлеуметтік
даму тарихнамасын арнайы қарастырдық.
Қазақстан халқының әлеуметтік құрылымының терең ӛзгерістерге толы
кезеңдерінің бірі ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдар болып табылады.Оған осы
кезеңде жүргізілген социалистік қайта құрулар әсер етті. Кеңестік кезеңде
әлеуметтік қайта құрылымдағы ерекшеліктер зерттеушілер назарын ӛзіне
аудартпай қоймады.
Қарастырып
отырған
мәселенің
концептуальды-методологиялық
мазмұнына байланысты әдебиеттерді екі топқа бӛлген дұрыс деп есептейміз.
Біріншісі кеңестік кезеңде жазылған, екіншісі тәуелсіздік кезеңінде жазылған
еңбектерді жатқызуға болады.
Бірінші кезеңде жазылған еңбектердің ерекшелігі сонда, марксистік
методологияны негізге ала отырып, сол кезеңдегі идеология мен
ұстанымдардан аса алмады. Ең алғашқы зерттеулер баспасӛз беттерінде
публицистикалық мазмұнда жазылды.
ХХ-шы
ғасырдың
20-30-шы
жылдарындығы
ауылшаруашылығы
интеллигенциясының кейбір тұстары сол кезеңдегі бірқатар еңбектерде кӛрініс
тапты. 1920-шы жылдары мамандар жайлы «1920 жылғы Қарқаралы уезінен
жіберілген корреспонденцияда «кеңестік мекемелерде жұмыс қалыпқа түсіп
келе жатыр. Жұмысты мамандар мен белсенді партия қызметкерлерінің
жетіспеуі тежеп отыр», - деп атап кӛрсетеді [382].
Кӛрнекті мемлекет қайраткерлері Ә.Т. Жанкелдин, Т. Рысқұлов
еңбектерінде алғаш рет қазақ ауылдарының әлеуметтік жағдайы жайлы ашып
кӛрсетілді. Ә.Т. Жанкелдин мен Т. Рысқұлов В.И. Ленинмен кездесіп, жаңа
185
қазақ интеллигенциясының ӛкілдері ретінде кездесу барысында капиталистік
емес даму бағытын ұстанған интеллигенцияның әлеуметтік қызметі жайлы сӛз
қозғады. Т. Рысқұлов осы кездесуден кейін жазған мақаласында: «Лениннің
аграрлық шаруа мәселесінің ӛзекті кӛзі болып саналатын Түркістан селолары
мен ауылдарының әлеуметтік-таптық құрылымына үлкен кӛңіл бӛлді», - деп
саралайды [383, 44 б.]. Ә.Т. Жанкелдин В.И. Ленинмен болған кездесуінде
оның «біздің тактикамыз сондай болу керек, біздің жағымызға
интеллигенцияның, халықтың мәдениетті бӛлігін барынша тартуымыз керек», -
деген ойын білдіргендігін айтады [384, 39 б.]. Әрі бұл жӛнінде ғалым Г.Ф.
Дахшлейгер де В.И. Лениннің Кремльдегі кітапханасында Қазақстанның
шаруашылық және саяси жағдайы мәселелеріне арналған басылымдарда мол
мәліметтердің бар екендігін ескертеді [385, 177-178 б.].
С. Сәдуақасов еңбектері де Қазақстандағы қазақ шаруаларының тарихи
дәстүрлі даму жолын қорғау ретінде кӛрініс бергенін дәлелдейтін теориялық
және ғылыми кӛзқарасын білдіреді [246]. Кезінде қуғын-сүргінге
ұшырағандықтан, еңбегі айыпталып, кеңестік кезеңде тарихнама назарынан
тасада қалған болатын. Еңбекте тарихнама үшін ХХ - ғасырдың 20-
жылдарындағы Қазақстан халқының әлеуметтік құрылымындағы ӛзгерістер
туралы аса құнды дербес ойлар мен мәліметтер, фактілер бар.
1930-шы жылдары жазылған Б.К. Семевский [386], Н. Сырғабеков [387],
Ғ. Тоғжанов [388], Е. Федоров [389], И.А. Зверяковтардың [390] еңбектерінде
қазақ ауылының әлеуметтік құрылымының социалистік құрылыстың таптық
принциптеріне сәйкес ӛзгеріске түсуіндегі сталиндік күштеп ұжымдастыру
саясатының «маңыздылығы» дәріптеледі. Авторлар партия аппаратының
жауапты қызметкелері болғандықтан, жұмыстарда саяси науқаншылдық және
сталиншілдіктің Қазақстанда орныға бастауы кӛрініс тапқан. Бірақ бұл
еңбектерде сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың үлес
салмағын ашып кӛрсетпеді. Алайда аталған авторлардың еңбектері қазіргі
тарихнамада интелллигенцияның әлеуметтік тарихын саралауға кӛмектеседі.
Күштеп ұжымдастыру, ауқатты бай шаруашылықтарын жою жаппай
ашаршылық пен халықтың ауа кӛшулеріне алып келді. Бұл интеллигенцияның
қалыптасуы мен әлеуметтік дамуына кері әсерін тигізді. 1937-1938 жылдардағы
зиялыларға қарсы жүргізілген жаппай жазалау саясаты да әкімшіл-әміршіл
жүйенің орнығуына байланысты, тарихнамада ұзақ жылдар бойы зиялылардың
еңбектерін пайдаланбақ түгіл, аттарын атауға тиым салды.
Сондықтан 20-30-шы жылдардың тарихнамасында сталиндік «социализм
орнату барысында тап күресі артып келеді» деген концепция қалыптасып,
аграрлық реформалар жүргізу, ондағы интеллигенцияның рӛлі жайлы мәселе
кӛтеру қудалауға ұшырады. Жүргізіліп жатқан реформалар партиархалдық-
феодалдық сарқыншақтармен күрес деп түсіндірілді.
1920-шы жылдардағы реформалардың идеологиялық мақсаты артта қалған
халықтардың капитализмге соқпай социализме ӛту жолын таңдап, оның
дамытуға бағыт алуымен байланысты болды. Алайда зерттеулердің
кӛпшілігінде, 1920-1930 жылдардағы тұтас қабылдауда кемшіліктерге орын
186
беріліп, интеллигенцияның тек жағымды жақтары, «таза тарих беттері» басым.
Бұл ең алдымен ауыл шаруашылығы интеллигенциясының әлеуметтік
тарихнамасына қарағанда, демократиялық интеллигенция ӛкілерінің қызметін
талдауға мән бергендігін аңғартады. Оппозициялық кӛзқарастардың болуы да
мүмкін емес еді.
Тарихнамада 1930-шы жылдардың соңы 1940-шы жылдардың басында
публицистикалық
материалдарының
қомақтылығымен
ерекшеленетін,
«Большевик
Казахстана»
журналында
1939
жылы
жарық
кӛрген
Н. Скворцовтың «За дальнейшее развитие общественного животноводства»
мақаласында «жаппай білікті мал шаруашылығы кадрларын даярлауға дұрыс
мән берілмей, салғырттық танытқандығы қатты сынға алынды. Даярланған
кадрлардың тұрақтамай отырғандығын, 4712 техниктер мен мал шаруашылығы
бригадирлері даярланғанымен, бұларға деген сұраныстың жоғары екендігін
жазады. Оның негізгі себебі әлеуметтік жағдайлар жасалмауына байланысты
кадрлардың тұрақтамай отырғандығын айтады [391, 38-40 б.].
1940 жылы «Большевик Казахстана» журналында Я.Важниктің «Подбор и
расстановка кадров в Казахстанской парторганизации» аталатын мақаласында
«ауыл шаруашылық мамандарының жетіспейтіндігін ескерте отырып,
республика бойынша барлығы (Наркомзем және наркомсовхоз жүйесіне)
жоғары және орта арнаулы 5039 маманның жетіспейтіндігін, оның ішінде: 1722
- агрономдар, 792 - ветдәрігерлер, 987 - зоотехниктер, 397 - веттехниктер, 117 –
инженер - құрылысшылар, 102 – инженер - ирригаторлар, 240 - жерге
орналастырушылар, 162 - инженер-лесомелиораторлар, 63 - басқа
мамандықтағылар екендігі жайлы фактілер келтірген.
Әрі бұл сұранысты қамтамасыз етудің қайнар кӛзі неде екендігін
талдайды:
Біріншісі, тексеру қорытындылары кӛрсетіп отырғандай, республикалық
мекемелер мен ұйымдарда ауыл шаруашылығының 658 мамандары жұмыс
істейді. Міндет, осы мамандардың жартысын ӛндіріске жіберу керек.
Екінші кӛзі, мамандарға деген сұранысты біздің жоғары оқу орындары мен
техникумдар береді. 12 техникум мен республикаға тиесілі бір жоғары оқу
орыны 1940 жылы 550 жоғары және орта арнаулы білікті мамандарды береді.
Сонымен
қатар
басқа
республикалар
мен
облыстардан,
біздің
республикамыздағы одақтық бағынысқа қарайтын жоғары оқу орындары
шамамен 300 адамды береді. 1940 жылы республикамыздың ауыл
шаруашылығы жобамен 1050 мамандарды немесе кадрларға деген сұраныстың
20 пайызы орындалатындығын жазады. Жыл сайын Орталықтың Қазақстанға
мамандарды жіберуі ӛте тӛменгі деңгейде орындалып отырғандығына кӛңілі
толмайды.
Сондықтан мамандарды жергілікті жерде, жергілікті қазақ халқынан
техникумдар мен жоғары оқу орындарында даярлауға басты мән беру
керектігіне назар аударады. Ӛндірістегі кадрларды нығайтып, тұрақтандыру
үшін қолайлы жұмыс жағдайларын жасау қажеттігін ескертеді [392, 22-23 б.].
187
Бірақ, бұл еңбектер сталиндік тоталитаризм кезеңінің алғашқы дәуірінде
жарық кӛргендіктен, ауылшаруашылығы интеллигенциясының әлеуметтік
құрылымындағы ӛзгерістердің тарихи тәжірибесін зерттеуді мақсат етпеді.
Ауылдың құрылымындағы ӛзгерістер туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуге
ұлттық интеллигенция ӛкілдерін қызықтыра қоймады.
Тарихнамада қомақты орын алатын 1940 жылы Қазақ ССР-нің
ХХ жылдығына арналған жинақта екінші бесжылдық жылдары Қазақстанның
ауыл шаруашылығы үшін техникалық кадрлардан 100 мың адам даярланып,
оның ішінде 26 мыңы қазақтар болды. 1944-і МТС механиктері, 307
автомеханиктер болды деген деректерді ұсынады [393, 129 б.].
МТС-тардың кӛптеген мамандаған агротехникалық қызметпен қамтамасыз
етіп отырғандығы да дәлелденген.
Революцияға дейінгі Қазақстанның ауыл шаруашылығында мұндай
кадрлар болмағандығы, 3784 агроном, инженер, механик, агротехник, оснымен
қатар 1939 жылы Қазақстан МТС мен МТМ-да басқа да жоғары және орта
арнаулы техникалық қызметкерлердің еңбек етіп жатқандығы жайлы
мәліметтер келтірілген.
Қазақстанда 192 совхоз болса, онда 97,9 мың жұмысшылар, 4711
агрономдар, инженерлер, техниктер қамтылғандығы жайлы фактілер берілген
[393, 144 б.].
1947 жылы жарық кӛрген құжаттар жинағында ӛзі сан жағынан аз село
интеллигенциясы ӛкілдерінің біразы азамат соғысы мен шетелдік интервенция
жылдары-ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапқандықтары жайлы деректер
келтірген [394, 112 б.].
«Большевик Казахстана» журналының 1951 жылғы №6-номерінде шыққан
Қазақстан мемлекет басшысы Ж. Шаяхметовтың «За польное использование
техники МТС, МЖС и ММС в сельском хозяйстве» мақаласында» ауыл
шаруашылық жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітіріп, жолдамамен
келген жас мамандарға қажетті ӛндірістік, тұрмыстық жағдай жасалып, жұмыс
істеуіне
большевиктік
қамқорлық
кӛрсетілмегендіктен,
мамандардың
тұрақтамаушылығы байқалуда деп түсіндіреді. 1949 жылы МТС-ға 114 жоғары
білімді агрономдар келсе, осы уақытта 98 агроном кері кетті, 26 механиктер
келсе, 20-сы кері кетті. 1950 жылы 200 агрономдар келсе, 159-ы кері кетті, 27
инженер-механиктер келсе, 25-і кері кеткендігі жайлы мәліметтерді кӛрсетеді
[395, 10-12 б.].
Зерттеуші А.В. Дидковскийдің мәліметі бойынша, 1932 жылы
республиканың колхоз ӛндірісі ветврачтармен 15,7, ветфельдшерлармен –
40,3% қамтамасыз етілген [396].
1950-ші жылдардың соңында жарық кӛрген құжаттар жинағында
1920 жылғы Қазақ АССР-нің Құрылтай съезінде де ауыл шаруашылығы және
жерге орналастырушы барлық мамандарының есебін алып және жұмылдыру
(мобилизациялау), мамандығы емес салада жұмыс істеп жатқандарды барлық
жерлерден іздеп табу керектігі атап кӛрсетілді [397, 283 б.].
188
Партияның ХХ съезінен кейін кеңестік тарихнамада әлеуметтік тарихқа
жаңаша баға беру керектігі жӛнінде ілгерілеушіліктер байқала бастады. 1960-
1970-ші жылдары кеңестік тарихнамада жаңа бағыттың пайда болуымен
байланысты, интеллигенцияның, оның ішінде ауылшаруашылығының инженер-
техникалық интеллигенциясының әлеуметтік дамуы мәселесін арнайы
зерттеуге жол ашты. Ол деректік базаның ауқымының кеңеюіне, мұрағат
қорларына кең еркін мүмкіндіктің ашылуы әсерін тигізді. Тарихнамада «жаңа
бағыт» ғылыми әдістердің нақты тарихи фактілерді талдауына арқа сүйеді
Интеллигенцияға арналған зерттеуінде Ж. Қарағұсов ауыл шаруашылығы
мамандарын даярлауда жоғары ауылшаруашылық оқу орындарының үлкен рӛл
атқарғандығын жазады. Құрылған күннен бастап 1940 жылға дейін институттар
1220 жоғары маманданған агрономдар, зоотехниктер және ветеринарлық
дәрігерлер даярлағандығын кӛрсетеді [3, 66 б.]. Автор ауыл шаруашылығы
интеллигенциясының сан және сапалық жағынан артқандығын қарастыра
отырып, ресми методологиядан әрі аса алмағандығын аңғарамыз. Әрі
интеллигенцияның аймақтық және салалық жағынан бӛлінуі еңбекте
қарастырылмаған.
1960-шы жылдардың ортасында ғалымдар Ә.І. Сембаев [271], А. Қанапин
[398], Р.Б Сүлейменов, Х.И. Бисенов [5], Ш.Ю. Тастанов [225] еңбектерінде
мәселені талдау, кешенді түрде зерттеу, кеңестік құрылыстың әр түрлі
кезеңдеріндегі Қазақстан интеллигенциясының қалыптасуы, қызметі, дамуы
кең кӛлемде қарастырылды. Тарихнамада авторлар ауылшаруашылығы
интеллигенциясының
әлеуметтік
дамуы
жоғары
оқу
орындарында
мамандардың даярлануы арқылы жүзеге асты деген концепцияны жақтайды.
Ауыл шаруашылығындағы ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның
әлеуметтік даму тарихнамасында Кеңестік кезеңдегі ғылыми орталықтар болып
саналған Москва, Ленинград, Новосибирск, Киев ғалымдары үлкен үлес қосты.
Әсіресе 1960 жылдан бастап зерттеулер кӛптеп жарық кӛре бастады. Олардың
қатарында З.И. Астахованың, П.Ф. Амелиннің, М.Н. Руткевичтің,
А.И. Сухаревтің, З.И. Моничтің, В.И. Сухарев, П.И. Симуш т.б. еңбектерінің
маңызды екендігін атап ӛткен жӛн [399]. Зерттеушілер кеңестік кезеңде
орныққан саяси ұстанымдарды, теориялық қағидаларды басшылыққа
алғандықтан, ауылшаруашылығы интеллигенциясына қатысты мәселелеріді
зерттеуде маркстік-лениндік методология тұрғысынан баға берумен ғана
шектелді.
Зерттеуші А. Асановтың 1960-шы жылдардың басында жарық кӛрген
еңбегінде «Партийные организации Казахстана в борьбе за укрепление
сельского хозяйства республики квалифицированными кадрами» деп аталатын
еңбегінде «Белгіленген штат бойынша әрбір машина-трактор станциялары бас
инженер, машина трактор шеберханасының меңгеруші инженерін, инженер-
контролер, ауыл шаруашылығы машиналары инженері, мал шаруашылығы
жұмыстарының аға механигі, ал мақтамен айналысатын МТС болса, мақта
жинаушы машиналар инженерін ұстауға тиісті болды. Осы штатқа сәйкес
республика МТС-да 2419 инженер, 4741 техник-механик жұмыс істеуі керек»
189
екендігін кӛрсетеді [400, 13 б.]. Автор ауылшаруашылығы ӛндірістік-
техникалық интеллигенцияның құрамының ӛзгеруі, әлеуметтік дамуы жайлы
мәлімет береді.
1964 жылы ғалым М. Шаумян «От кочевья к социализму» деп аталатын
еңбегінде Қазақстанның 1920-1930 жж. әлеуметтік-экономикалық дамуының
маңызды ӛзгерістері болып саналатын қазақ кӛшпелі және жартылай кӛшпелі
шаруа шаруашылықтарын отырықшыландыру мәселесіне арналған. Әрі онда
кешегі кӛшпелілердің орыс инженері мен механигімен қатар аз уақыт ішінде
оларға жаңа және күрделі іс болып саналатын ауылшаруашылық машиналарын
аз уақыт ішінде игерді. Олар үшін арнайы курстар ұйымдастырылып, 1934
жылы 4060 адам бригадир-малшылар, ферма меңгерушілері, ветеринарлық -
техниктер даярланды деген деректерді келтіреді [401, 162, 177 б.]. Еңбекте
Қазақстанда ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның қалыптасуына орыс
халқы ықпал етті деген кӛзқарасы берілген.
1967 жылы жарық кӛрген құжаттар жинағында маманданған кадрлардың
халық шаруашылығын социалистік қайта құру және қалыптасу жылдарында да
жетіспегендігі сараланды. Бұл жӛнінде құжаттар мен материалдар жинағы 1927
жылы республикада 118 агробӛлім мен 12 кӛшпелі зоотехникалық пункттердің,
86 тұрақты және 20 кӛшпелі ветврачтық бӛлімдер мен 98 фельдшерлік
пункттердің құрылғандығы жайлы мәлімет береді. Бір ғана агроном 3 болыс
пен 12 мыңға жуық шаруашылықты қамтамасыз етсе, бір ветврачтық учаскеге
15,4 мың шаруашылық пен 607 мың бас малдың келгендігі жайлы кӛрсетілген
[402, 93-94 б.].
Ғалымдар Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисенов Қазан тӛңкерісінің
қарсаңында республикада бар жоғы 590 ауылшаруашылығы мамандарының бар
екендігі жӛнінде мәлімет келтірген [5, 126 б.]. Мұнан шығатын қорытынды
қазақстандық ой еңбегімен айналысатын қызметкерлер тобы саны жӛнінен
ресей интеллигенциясының құрамында елеулі орын ала қойған жоқ. Патша
ӛкіметінің отаршылдық саясаты ӛлкеге дипломды маман кадрлар қажеттігін
ескермеді.
Х.З. Ақназаров мұрағат және статистикалық материалдардың негізінде
ауылшаруашылығы
интеллигенциясы
туралы
ол
ауылшаруашылық
интеллигенциясының әлеуметтік дамуының қайнар кӛзі 1920-1950 жылдардағы
Қазақстанның
жоғары
және
орта
арнаулы
оқу
орындарындағы
ауылшаруашылық мамандарын даярлаудағы сандық аспектілерінен байқады.
Автор Қазақстан ауылдарындағы алдыңғы қатарлы агрозоовет қызметкерлер,
мұғалімдер, дәрігерлердің кәсіби қызметтеріне назар аударады. Біздің
кӛзқарасымыз бойынша, еңбектің негізгі кемшілігі ауылшаруашылық
интеллигенциясының
әлеуметтік
дамуының
тек
жағымды
жақтары
қарастырылып, ресми методология тӛңірегінен алыстамаған [403, 107-130 б.].
Қазақстанға, әрине, маманданған ауылшаруашылығы интеллигенциясын
даярлауда орталық кӛмек кӛрсеткені белгілі. Осы мәселе бойынша ғалым
О.С. Сексенбаев «Строительство совхозов в Казахстане (1917-1937 гг.) 1968
жылы жарық кӛрген еңбегінде республиканың ауылдары мен селоларына
190
Москва мемлекеттік университеті, Ленинград ветеринарлық институты,
Тимирязев ауылшаруашылық академиясы, Саратов ауылшаруашылығы
институты, Калуга ауылшаруашылық техникумдарының ӛз түлектерін
жібергендіктерін жазады [404, 63-64 б.].
Қазақстан инженер-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік дамуы
тарихнамасында 1971 жылы жарық кӛрген тарихшы-ғалым Т. Балақаевтың
Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны
1941-1945 гг. еңбегінде 1940 жылмен салыстырғанда колхоздардың басшы
кадрлары құрамында соғыстың санында үш есе артып, 226 әйел колхоз
председателдері қызметін атқарып, 2926 –колхоздардың бухгалтерлері мен
есепшілері, яғни, 1940 жылы небәрі 3,2 пайызы есеп қызметкері болса, олардың
саны соғыс соңында 36,4 пайызға жеткендігі жӛнінде мәлімет келтірген. Біз
ғалымның еңбегінен селоның инженер-техникалық кадрлары соғыс жылдары
әйелдермен толықты деген кӛзқарасты аңғарамыз [405, 113 б.].
1970-ші жылдары зерттеушілер В.К. Савосько мен И.Ш. Шамшатов
«әсіресе соғыс жылдарындағы МТС пен колхоздардың басшы кадрларының
құрамы ӛзгерді» деген қорытынды жасайды. Мұрағат құжаттарының негізінде
1945 жылы Қазақстандағы МТС директорларының 34-нің ғана жоғары білімі
болса, қалғандарының орта, тӛменгі білім деңгейінің болғандығын анықтап,
колхоз бригадирлерінің, ферма меңгерушілері, агрономдар, зоотехниктер соғыс
жылдары майданнан оралмай, кейбіреулері мүгедек болып оралып, бір
бӛлігінің басқа қызметке ауысуларына байланысты, басшылық орындарға
мамандар жетіспегендіктен, тәжірибесіз, біліктілігі тӛмен колхозшылардың
жоғарылаулары, жұмыс сапасын бақылауды, есеп, жауапкершілікті тӛмендетті.
Агрозоотехникалық қамтамасыз етуді тӛмендетіп, колхозшылардың еңбегін
ұйымдастырып, бақылаудың әдіс-тәсілдерінен ауытқушылық байқалды деген
себептерін анықтайды. Авторлар ауылшаруашылығы кадрларының әлеуметтік
дамуына экономикалық факторлардың әсер еткендігін саралайды [285, 18-20
б.].
Авторлар соғыстан кейінгі бірінші бесжылдықта колхоздарда ауыл
шаруашылығы мамандарына деген ӛткір сұраныс болғандығын, осы жылдары
кадрларды тұрақтандыруға, олардың ӛз мамандықтары бойынша еңбек етпеуі
немесе халық шаруашылығының басқа салаларына ауысуы сияқты маңызды
кемшіліктерге орын берілгендігін дәлелдейді [285, 84-85 б.].
Колхоздардың басшы кадрларының бекуіне МТС-дың қайта құрылуы
басты факторлардың бірі болғандығын, соның нәтижесінде кӛптеген тәжірибелі
және жоғары білікті МТС директорлары мен мамандар колхоздарды
басқарғандығын талдайды. 1960-шы жылы колхоз председательдерінің сапалық
құрамының
жақсарғандығын,
ал
1971
жылдың
сәуірінде
колхоз
председателдерінің 84%-ның жоғары және орта арнаулы білімі бар екендігін
мәлімдейді. Олардың ішінде 39% - агрономдар, 34% - зоотехниктер,
ветдәрігерлер, веттехниктер, ветфельдшерлер, инженерлер, техниктер
құрайтындығын анықтаған. Колхоз ӛмірінде есеп қызметкерлері мен
экономистердің де аз орын алмайтындығын ескерген. 1959 жылдың соңында
191
Қазақстан колхоздарында 10 мың есеп қызметкерлері мен экономистер еңбек
етсе, оның 1426 бухгалтер, 3478 есепшілер, 200 жоспарлаушы – экономистер
болғандығы жайлы да фактілер келтірген. 1970-ші жылы Қазақстанда 855
маман-экономистер, жоспарлаушылар, еңбекті нормалаушы инженерлер,
жоғары және орта арнаулы білімі бар 6 мың бухгалтерлер бар екендігі жайлы
мұрағат материалдарын ұсынған [285, 88-89 б.]. Білікті мамандар санының
артуы ғылыми-техникалық үдерістің жетістігінің ауылшаруашылығы ӛндірісіне
енгізілуін жеделдетті, бұл колхозшылардың кәсіби және мәдени жағынан
дамуына мүмкіндік туғызды деген қорытындыға келеді. Осы мамандардың
күшімен Қазақстан колхоздарында оқу комбинаттары құрылып, колхозшылар
агрономия, зоотехния, ветеринария негіздерін игергендігін айтады [285, 251 б.].
Техникалық үдерістің тез қарқынмен дамуы, ауыл мен село
еңбеккерлерінің мәдени-техникалық деңгейінің артуы, еңбектің мазмұны,
мәдениеті жағынан қала мен деревняны жақындатты, бұл колхоз басшылары
мен мамандарының шеберліктерін үздіксіз жетілдірілуін, білімін, жаңалықты
сезінуін талап етті деген пікірге келеді [285, 87 б.]. Біз автордың кӛзқарасынан
қала мен село арасындағы айырмашылықтардың жойылып, бірте-бірте
жақындай бастады деген концепцияны байқаймыз. Шындығында осы кезеңдегі
әлеуметтік тарихты зерттеген тарихшылардың кӛпшілігінің ойы осы пікірмен
сабақтасып жатқандығын аңғардық.
Ғалым А. Ержанов соғыстан кейінгі бесжылдықта ауыл шаруашылық
кадрларын даярлауға және қайта даярлауға үлкен мән берілгендігін ескертеді.
Соғыс жылдарында ауыл шаруашылық кадрларының едәуір кемігендігін,
ауылшаруашылығы басшылық қызметкерлерінің біліктілігінің тӛмен екендігін
кӛрсетеді. Тіптем Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Кӛкшетау, Шығыс
Қазақстан, Ақмола, Семей облыстарында колхоз председательдерінің арасында
жоғары білімді бірде-бір адам болмағандығын, кӛпшілігінің бастауыш білімі
немесе шала сауатты болғандығы жайлы мұрағат құжаттарын ұсынады.
1947 жылы республикада 361 МТС-тар болса, олардың 354
директорлармен қамтамасыз етілгендігін, 60%-ның аяқталмаған орта арнаулы
және бастауыш білімі, 30% -орта және 11% -жоғары білімі болғандығын
саралайды. МТС директорларының жартысына жетпейтін бӛлігі ғана 43,6%
мамандар: 20,3% агрономдар, 23,3% механиктер болғандығын жазады.
1947 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 167 созхоз директоларының
ішінде, 13-нің жоғары, 9-ның аяқталмаған жоғары, 41-нің орта, 25-нің
аяқталмаған орта, 79-ның бастауыш білімі бар екендігін саралаған. 1947
жылдың басында арнайы, орта маманданған зоотехник, веттехник, агроном,
техник-механик мамандарға деген сұраныс 1148 адамды құраса, олардың
барлығы 417-ақ адамды құрап отырғандығы жайлы мұрағат құжаттарынан
мәлімет береді. Ғалым А. Ержанов осы мәселені тез арада шешу қажеттігін,
себебі кӛп мәселе мамандардың даярлануымен олардың мамандығына және
басшылардың біліктілігіне байланысты екендігін айтады.
Республикада тӛртінші бесжылдықтың соңында ауыл шаруашылық
мамандарын даярлау және қайта даярлаудағы атқарылған маңызды істерге
192
қарамастан, жоғары және орта арнаулы мамандармен қамтамасыз ету
қанағаттанғысыз күйде қалып отыр деген пікірге келеді [359, 72-74 б.].
Республикада
МТС-ды
басшылық
және
инженерлік-техникалық
кадрлармен қамтамасыз етуде кӛптеген істердің атқарылғандығын талдайды.
МТС кадрларын нығайту екі жолмен жүргендігін: бір жағынан машина-трактор
станцияларына ауыл шаруашылық мамандары ӛнеркәсіп орындары мен
мемлекеттік мекемелерден қайтып оралуы, екінші жағынан, жоғары және орта
арнаулы оқу орындарында жоғары білікті мамандарды даярлаудың
күшейтілуіне байланысты екендігін анықтайды.
Осыдан кейінгі жылдары республиканың машина-трактор станциялары
басшы және инженер-техникалық кадрлармен нығая түсті деп сабақтайды.
Жоғары білімді және даярланған мамандар совхоздарға да жіберілді дейді.
1954-1955 жылдары Москваның ӛнеркәсіп және оқу орындарынан тұрақты
жұмыс істеуі үшін совхоздарға 4760 жоғары және орта арнаулы білімді
мамандар, оның ішінде 980 агрономдар, 1015 инженерлер мен техник-
механиктер, 825 инженерлер мен техник-құрылысшылар, 659 ветеринар-
зоотехник қызметкерлер жіберіліп, 384 мамандар совхоз директорлары болып
тағайындалғандығы жайлы айтады [359, 85-86 б.].
Осындай үлкен кӛмектің арқасында директорлардың және ферма мен
созхоз бӛлімшелері басқарушыларының сапалық құрамы бірден жақсарды
деген қорытынды жасайды.
Сонымен
қатар
Қазақстанның
ауылшаруашылық
органдарына
агрономиялық және зоотехникалық кӛмек кӛрсету шаралары да қолға
алынғандығын айтады. Егер 1953 жылға дейін бір маман бірнеше колхоздарға
қызмет кӛрсетсе, оның ішінде жоғары білімді агрономдар, зоотехниктер,
ветдәрігерлер жетіспейтіндігіне қынжылыс білдіреді. 1953-1955 жж. жоғары
және орта арнаулы оқу орындарын бітірген 1520 агрономдар, 1325
зоотехниктер мен 1199 ветеринарлық қызметкерлердің республикаға
келгендігін, кадрлардың Қазақстан ғана емес, басқа туысқан республикалар мен
Москва, Ленинградтан жолдамамен келгендермен де толыққандығын
саралайды [359, 86-87].
1952 жылы 11 қаңтарда КСРО Министрлер Кеңесінің «МТС директорлары
мен бас инженерлерінің құрамын одан әрі нығайту шаралары туралы»
қаулысының жарық кӛруі де мемлекет тарапынан машина-трактор
станцияларындағы басшы кадрларды таңдауға деген қамқорлықты кӛрсетеді.
Кеңестік тарихнама ғылымында 1920-1930 жылдардағы әлеуметтік
құрылым мәселелері 1970-1980-ші жылдары А.П. Амантаев [406], Б.А.
Тӛлепбаев [407], Ә.Б. Тұрсынбаев [408], Ә.Б. Ғалиев [362] секілді т.б.
ғалымдардың еңбектерінде кӛрініс тапты. Бұл авторлардың барлығы дерлік сол
кезеңдегі
әлеуметтік
құрылымды
оның
ішінде
ауылшаруашылығы
интеллигенциясының әлеуметтік дамуын зерттеуді мақсат етіп қоймаса да, сол
кезеңде орын алған ерекшеліктерді ескере отырып, оның арасалмағына қатысты
ӛзіндік пікірлер білдірді.
193
Қазақстанның жаңа экономикалық саясат жылдарындағы тарихын
зерттеген ғалым 1973 жылы И.А. Куртов ЖЭС жылдарындағы ауыл мен
деревняның жіктелуіне баға бергенде, қоныстанушылар деревнясында:
батрактар, кедейлер, орташалар және құлақтар деп бірнеше әлеуметтік топтарға
бӛлінді деп пайымдаса, кӛшпелі және жартылай кӛшпелі қазақ ауылында
деревняға қарағанда әлеуметтік құрамы әртекті болды деген пікірін білдіреді.
Бұған жалпы факторлармен қатар патриархальды-феодалдық қатынастар мен
рулық тұрмыстық жағдайдың сарқыншақтарының ықпалы қатты әсер етті деп
зерделейді [135, 134 б.].
1977 жылы зерттеуші Т.Н. Зозуляның жазған ғылыми мақаласы да партия
қызметінің тарихи тәжірибесіне арналса да, ұсынған мұрағат құжаттары
негізінде колхоз председательдері мен совхоз директорларының 92% дипломы
бар агрономдар, зоотехниктер, инженерлер. Ертіс ӛңіріндегі бір совхозға 1969
жылы 24 маманнан келсе, ал бір колхозға – 18-ден келді деген мәлімет
келтіреді. Әрі Қазақстанның Ертіс ӛңірінің партия ұйымдары лениндік
принциптерді негізге ала отырып, кадрларды таңдау, орналастыруда үлкен
жұмыстар атқарды деп, ресми методологиядан аса алмайды [338, 46-55 б.].
Г.Ф. Дахшлейгер кеңестік интеллигенцияның қалыптасып дамуы тарихы
мен ұлттық интллигенцияның ӛсуі мәселелері әлі де болса аз зерттеліп
отырғандығын ортаға салады [287, 148 б.]. Ғалым Г.Ф. Дахшлейгер ауылдағы
колхоз құрылысындағы жеңістен кейін онда бұрын ауыл білмеген нақты
мамандықтармен байланысты жаңа әлеуметтік топтар пайда болды деп
негіздейді. 1939 жылғы санақ материалдарының негізінде, медициналық
қызметкерлер, зоотехниктер, бухгалтерлер, есепшілір, сауда мен тұрмыстық
қызмет кӛрсету саласы қызметкерлері ауылды жерде тұратын қазақ халқының 7
пайызын құрады деп есептейді. Нақты әлеуметтік теңдікпен бірге қазақ
ауылына колхоз құрылысы мен отырықшылықты әкелді деп зерделейді [287, 86
б.].
Г.Ф. Дахшлейгер еңбегінде 1970 жылдары білім деңгейі жағынан қала мен
ауылдың арасындағы айырмашылықтардың жойылуына қолайлы алғышарттар
қалыптаса бастады. Әсіресе кемелденген социализм жағдайындағы әлеуметтік
құбылыс - бұл село интеллигенциясының ӛсуінде деп байыптайды [287. 127 б.].
Социализмнің артықшылықтарын пайдалана отырып, ғылыми-техникалық
революцияның жетістіктермен бірлесуі арқасында ой еңбегі мен дене еңбегі
арасында елеулі айырмашылықтар жойылуы тез қарқын алуда деген пікірді
қолдайтындығын білдірді. Село мен қаланың жақындауы еңбегі, тұрмысы,
мәдени саласы, алған білімі, орта, орта арнаулы және жоғары білім алуынан
байқалды деп негіздейді [287. 128 б.]. 1970 жылғы санақ қорытындыларына
талдау жасай отырып, 16-49 жас аралығында қазақ халқының арасында білім
деңгейі жалпыодақтық орта кӛрсеткішке жақындады.
Қазақстан мен КСРО-ның халық шаруашылығының және мәдениетінің
барлық саласындағы қамтылған кеңестік ұлттық интеллигенция кадрлары тез
ӛсіп отыр деген кӛзқарасын білдіреді [287, 137 б.].
194
Қазақстандық бір топ тарихшылар мен экономистердің еңбектерінде
географиялық ортаның рӛлі, оның республиканың экономикалық дамуы
қарқыны мен кӛлеміне маңызды әсер етуі, сонымен қатар демографиялық
фактордың халықтың тығыз орналасуында маңызды екендігі ӛз деңгейінде
ашып кӛрсетпегендігін ортаға салады [287, 138 б.].
Кеңестік кезең тарихнамасында ғалым Х.М. Әбжанов «ӛтпелі кезеңде
Кеңестік Қазақстанның село интеллигенциясы революцияға дейінгі кезеңде
даярланған
мамандарды
тарту
нәтижесінде
қалыптасты.
Ескі
интеллигенцияның әртүрлі топтары Қазан тӛңкерісінің жеңісін әр түрлі
қабылдады: бір бӛлігі революцияны қолдап, социализм жолындағы күреске
біртіндеп кірісті. Олардың негізгі діңгегін социал-демократтар және
прогрессивті кӛңіл күйдегі партияда жоқ мамандар құрады. Басқа тобы
нейтралитет принципін сақтап, тосу позициясында болды» деген кӛзқарасын
білдіреді [19, 33 б.].
Ғалымдар Г.Ф. Дахшлейгер, К.Н. Нұрпейісов 1984 жылы жарық кӛрген
«История крестьянства Советского Казахстана» еңбектерінде «Қазақстанда
ұжымдастыру қарсаңында ескі ауыл-село интеллигенттерінің ағарту органдары,
мектептер, кеңестік мекемелерде жұмыс істеуден бас тартқан фактілердің
кездескендігін» алға тартады [409, 177 б.].
Зерттеушілер С.А. Красильников пен В.Л. Соскин де бұл мәселені әділ
айқындай отырып, «нейтралдардың бір бӛлігі Кеңес ӛкіметі жағына қарай
бұрылса, басқа қанаты баррикаданың басқа жағына қарай қарады» деген пікір
білдіреді [410, 223 б.].
Зерттеуші Ш.Ю. Тастанов 1980-ші жылдардың басында жарық кӛрген
еңбектерінің бірінде кеңестік интеллигенцияны бірнеше негізгі әлеуметтік –
кәсіби топтарға жіктейді. Соның ішінде «ӛндірістік интеллигенция деп
материалдық ӛндіріс саласында тікелей еңбек ететін инженерлік-техникалық
қызметкерлер, ауыл шаруашылығының мамандары ветеринарлық дәрігерлер
және агрономдар, зоотехниктер, экономистер деп бӛлінетіндігін айтады. Ш.Ю.
Тастанов бұл жерде ауыл шаруашылығы мамандарын да ӛндірістік
интеллигенция қатарына жатқызған. Әрі кеңестік интеллигенцияның жетекші
топтарының бірі есебінде социалистік қоғамның негізгі таптарымен – негізгі
материалдық игіліктерді ӛндірушілер жұмысшы табымен және колхозшы
шаруалармен ӛндірістік дәнекерімен тығыз байланысты екендігін кӛрсетеді
[151, 35-36 б.]. Ғалым еңбегінде ауылшаруашылығы интеллигенциясын
ӛндірістік интеллигенцияның әлеуметтік жағынан жіктелген жетекші
топтарының бірі ретінде қарастырып қана қоймай, оларды негізгі таптармен
ӛндірістік тығыз байланыста қарастырады.
Н.Т. Кенжебаев студенттердің әлеуметтік тегін зерттей отырып, оның
негізі жұмысшылар мен шаруалардан құралғандығын айтады. 1984 жылы тек
қана екінші бесжылдықтың бірінші жылы жоғары оқу орындары студенттерінің
74,8%-ы кешегі жұмысшылар мен шаруалардан тұратындығын дәлелдейді [91,
19 б.].
195
1980-ші жылы ғалым Х.М. Мадановтың Қазақстандағы аграрлық саясатты
жүзеге асырудағы компартияның қызметіне арналған монографиялық еңбегі
жарық кӛрді. Автор 1940-шы жылдардың соңы 1950-ші жылдардың басында
мамандардың қатарын министрлік жүйесінде қызмет атқарып жатқан
мамандармен толықтыру колхоздарды мамандармен қамтамасыз етіп
нығайтуда оң нәтиже бергендігін айтады. Селоға 1200 мамандар
жіберілгендігін, мұндай шараларсыз село кадрдлары мәселелерін шешу мүмкін
емес екендігін ескертеді. Республиканың ауыл шаруашылығы министрлігі
жүйесінде еңбек етіп жатқан 3220 зоотехниктің ӛндіріске тікелей қатысты
жерде еңбек етіп жатқандары 43 пайызды құрап, жартысынан кӛбі әртүрлі
мекемелерде қызмет атқарып жатқандығын саралайды. Мұның ішінде ӛндірісте
еңбек етіп жатқан жоғары білімді зоотехниктердің бар жоғы 11 пайыз құрап
отырғандығын жазады. Мұндай сәйкессіздіктердің тез арада жойылуы
колхоздарды мамандармен нығайтуға ықпал еткендігін зерделейді [288, 198-199
б.]. Автор машина-трактор станциялары мен колхоздарды ауыл шаруашылығы
мамандарымен нығайту Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық
Комитетінің 1953 жылғы қарашада ӛткен VІІ пленумында талданғандығын
айтып, соған сәйкес партия ұйымдары МТС-ға инженер-техникалық
қызметкерлерді ӛнеркәсіп орындарынан таңдап, жолдамамен жіберуде үлкен
жұмыстар атқарғандығын саралайды. 1953 жылдың қыркүйегінен 1955 жылдың
1 тамызына дейінгі екі жылдың ішінде машина трактор станцияларына 9632
адам жіберілгендін, бұлардың біраз бӛлігі МТС-ды мамандармен қамтамасыз
етудің тӛмен болуына байланысты техниктер, механиктер, жӛндеу
шеберханаларының меңгерушілері ретінде пайдаланғандығын жазады. Орал
механикалық және жӛндеу заводтарында, Петропавловск паровоз депосында,
Ақмола «Казсельмаш» заводында селоға барып тұрақты жұмыс істеуге ондаған
жұмысшылар мен инженерлер, техниктер, тілек білдіргендігін [288, 201 б.]
саралайды. Инженерлер мен техниктер қатары басқа республикалардан келген
мамандармен де толыққандығын айтады. Тек 1953 жылғы КОКП Орталық
Комитетінің қыркүйек Пленумынан кейін Ресей қалаларынан Қазақстанға
тұрақты жұмыс істеу үшін жоғары білікті инженерлер мен техниктер келгендігі
жӛнінде мәлімет келтірген. Х.М. Маданов республиканың ауыл шаруашылығы
кадрлары құрамы 1954-1955 жж. жоғары және орта арнаулы білімі бар 5300
мамандармен, 2528 басшы кадрлармен толықты деген мәлімет келтіреді [288,
202 б.]. Еңбекте артта қалған шаруашылыққа барып жұмыс істеу үшін
таңдалған адамдарды отызмыңжылдықшылдар деп аталғандығын олар
жиырмамыңжылдықшылардың ізбасарлары екендігін алға тартады [288, 205 б.].
Осы жылдары совхоздарды инженер-техник кадрлармен нығайту
шаралары жүзеге асқандығын зерделейді. 1268 инженерлер мен 782 техниктер
қалалардың ӛнеркәсіп орындары мен мекемелерінен жіберілгендігін кӛрсетеді.
Тек Ленинградтан біздің республикаға 20-инженер мен 70-техник-
құрылысшылар келгендігін анықтай отырып, Х. Маданов МТС пен совхоз
директорлары, бас инженерлерді тың игеруге Ленинградтың ӛнеркәсіп
орындарының партия ұйымдары жібергендігін, тек 1954 жылы Ленинград
196
қаласы мен облысынан тың аудандарына 750 инженерлер мен техниктер
кеткендерін айқындаған. 1954 жылдың қазан айында Ленинград кәсіпорындары
мен мекемелерінен 106 маман таңдалып, оның ішінде 30 адам бас инженер-
механиктер, 51 – инженерлер мен техник-құрылысшылар, 25 – бухгалтерлер
келгендігі жӛніндегі мәліметтерді ұсынады. 1954 жылы сәуірде Украинадан
Қазақстанға 87 - инженер, 118 - агроном келсе, мамыр айының соңында 128 -
инженер-механик, 84 - техник-механик пен 272 - агроном жіберілген. Демек
ауылшаруашылығының
инженер-техникалық
кадрлар
қатары
одақтас
республикалардан жіберілген мамандармен де толықты деген пікірін білдіреді
[288, 216-217 б.].
Қаладан жолдамамен жіберілген мамандығы бойынша инженер-технолог
В.С. Хмар тың игерудің алғашқы жылдары Солтүстік Қазақстанға келіп,
ауылшаруашылық техникасын бүге-шігесіне дейін игеріп, совхоздың бас
инженері сатысына дейін кӛтерілгендігін кӛрсетеді [288, 221 б.].
С.С. Әбубәкіров ӛз еңбегінде ауыл шаруашылығындағы инженер-техник
қызметкерлердің құрамы мен сапасына тоқтала отырып, соғыстан кейінгі
жылдары ауыл шаруашылығын 1953-1958 жылдары инженер-техник
кадрлармен қамтамасыз ету МТС арқылы жүргізілгендігін жазады [17, 71-72
б.].
Сонымен қатар ауылшаруашылығы интеллигенциясының тарихнамасында
үлкен орын алатын еңбектер, мақалалар және диссертациялар жеткілікті. Әрине
бұл еңбектер село интеллигенциясының тарихнамасында үлкен рӛл атқарды.
Алайда КОКП-нің идеологиялық ӛктемдігі мұрағатқа, статистикалық және тағы
басқа материалдарды пайдалануға жасанды кедергі жасауы, жалпы тарихты
сынау мен түсіндіріп баяндауға, оны жария етуге тиым салуы, сонымен қатар
ауылшаруашылығы интеллигенциясы мен оның әлеуметтік практикасының
тенденциясы
кӛптеген
ақтаңдақтардың
пайда
болуына,
ғылыми
концепциясының бытыраңқылығына әкелді.
Мәселен, В.К. Гривеннаяның зерттеулерінде «ауыл шаруашылық
интеллигенциясын саналы ӛзіндік, ішкі дифференцияланған, колхоз-совхоз
ӛндірісіне кәсіптелген еңбекпен айналысатын адамдардың үнемі дамитын
әлеуметтік топтары ретінде» әлеуметік маңызына мән береді. Ол ауыл
шаруашылығы интеллигенциясына дипломданған мамандар мен практиктерді
жатқызады:
агрономдар,
зоотехниктер,
инженерлер
мен
техниктер,
ветеринарлар, экономистер мен плановиктер, совхоз бен колхоздарда жұмыс
істейтін мамандандырылған есеп қызметкерлері, сонымен қатар шаруашылық
пен оның ӛндірістік бӛлімдерінің барлық басшылары [148, 9-10 б.].
Ауылшаруашылық интеллигенциясының қалыптасуы, әлеуметтік- кәсіби
құрамы В.И. Зоринмен бірлесіп жазған еңбектерінде, мақалаларында
қарастырылған [411]. Зерттеушілер хронологиялық ретті сақтай отырып,
ауылшаруашылығы мамандарының санының артуы, салыстырмалық тәсілдері
қолдану
арқылы
талдау
жасайды.
1980-ші
жылы
республиканың
ауылшаруашылығында жоғары және орта арнаулы білімді 115 мың мамандар
еңбек етсе, 1959 жылы олардың саны 31,2 мың ғана болғандығын саралайды
197
[411, 7 б.]. В.И. Зорин селодағы ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы
айырмашылықтың жойылуы нәтижесінде әлеуметтік табиғаты басқаша
социалистік село интеллигенциясының қалыптасуы селоның әлеуметтік
құрылымындағы ӛзгерістердің маңызды заңдылықтарының бірі болды деген
пікірін білдіреді [336, 16 б.]. Автор еңбегінде «селодағы ой еңбегімен дене
еңбегінің арасындағы айырмашылықтар жойылды» деген кӛзқарасын
тұжырымдайды.
Н.К.
Қапесовтың
монографиясында
ауыл
шаруашылық
интеллигениясының ішкі топтары жіктелген: біріншісі – бұл шаруашылық
кәсіпорнының басшылары, бас мамандар, бӛлімше басшылары. Екінші топ –
бұл экономистер, агрономдар, зоотехниктер, мал дәрігерлері, бӛлімшелерде,
цехтарда, фермалар мен басқару аппаратында еңбек ететін инженерлер. Үшінші
топ – бұлар негізінен атқарушы жұмыстарды жүзеге асыратын техниктер,
бухгалтерлер [149].
Село
интеллигенциясының
теориялық-әлеуметтік
мәселелері
В.И. Гноевых еңбегінде басқаша зерделенген. Автор Қазақстан село
интеллигенциясының
қалыптасып
дамуы
ескі
буржуазиялық
интеллигенцияның азғана ӛкілдерін социалистік құрылыс жағына қарай тартып
қайта тәрбиелеу, саналы жұмысшылар мен колхоз құрылысына берілген
шаруаларды партия, шаруашылық, кеңес жұмыстарына тарту арқылы
жоғарылату; ұлттық кеңестік интеллигенцияның жаңа кадрларын республика
мен еліміздің орталық аудандарының оқу орындарында дайындау жолдары
арқылы жүзеге асқандығын қарастырған [150, 7 б.].
Алайда ескі интеллигенция да, жоғарылатушылық та, кадр мәселесін де
интеллигенцияның қалыптасуын оның ішінде село интеллигенциясын
толығынан шеше алмады. Оның басты жүйелі бағытталған жолы оқу орындары
арқылы мамандар даярлауда деп қорытындылайды. Әрі бұл жолдың село
интеллигенциясын қалыптастырудың негізгі жолы деп түсіндіреді [150, 12 б.].
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының ортасында елімізде кеңестік қоғамның
социалистік құрылыс пен ӛзінің ӛндірістік қатынастарының социалистік типіне
қарай, социализмді жеңген барлық халықтар мен ұлттардың біртұтас, біртипті
жаңа әлеуметтік құрылымы құрылды деп баға береді [150, 17 б.].
Социалистік құрылыс үдерісі барысында сапалық жағынан жаңа кеңестік
интеллигенция, оның құрылымдық элементі кеңестік-село интеллигенциясы
қалыптасты деген кӛзқарасын білдіреді.
Ӛзінің әлеуметтік тегі жағынан кӛбіне Қазақстандық интеллигенция
жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген жұмысшылар мен
шаруалардан тұратындығын айтады.
Село интеллигенциясының әлеуметтік ӛзгерісі-оның жас ерекшелігіне де
байланыстылығын ортаға салады [150, 18 б.]. В.И. Гноевых село
интеллигенциясын «сапалық жағынан анықталған, кеңестік социалистік
интеллигенцияның іштей жіктелген тобы село жағдайында маманданған ой
еңбегімен кәсіби айналысып, жоғары және орта арнаулы білімді талап етеді,
сапалық анықталған, іштей жіктелген кеңестік социалистік интеллигенцияның
198
әлеуметтік тобы ретінде санайды. Село интеллигенциясының құрамына
зерттеуші Г.Ж. Тезекбаев практиктерді де жатқызады [412, 12 б.]. Бұл мәселе
тӛңірегіндегі кӛзқарасты В.К. Гривенная да қолдайды [148, 9 б.]. Село
интеллигенциясының ауқымын С.Н. Соскин де проблеманың кеңейтілген
концепциясын ұсынады. Ауыл интеллигенциясы тобына ол дипломы бар
мамандар мен практиктерден басқа бұл қызметкерлер категориясы қатарына
«мамандануы жоғары емес ой еңбегімен айналысып арнайы қызмет атқаратын ,
бірақ жоғары және орта арнаулы білімі жоқ маман емес қызметкерлерді де»
жатқызады [413, 66 б.].
Ауылшаруашылығы интеллигенциясы қатарына Х.М. Әбжанов ауылдағы
ой еңбегімен айналысатын барлық әлеуметтік-кәсіби қызметкерлерді
жатқызады [19, 13 б.]. Ал В.И. Зорин мен В.К. Гривенная пікірі бойынша
ауылшаруашылығы интеллигенциясын совхоздар мен басқа мемлекеттік
ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы мамандар мен колхоздарда еңбек
ететін мамандар деп бӛледі [411, 63 б.].
Ауылдың әлеуметтік-таптық құрылымын кешенді зерттеу 1970-ші
жылдары кеңінен ӛріс алды. Республикадағы демографиялық процестер және
олардың ауыл-селоның әлеуметтік-таптық құрылымына тигізген әсері М.Х.
Асылбековтың, Ф.Н. Базанованың, А.Б. Галиевтің, М.Б. Тәтімовтың
монографияларында кеңінен қарастырылған. Алайда бұл еңбектерде кеңес
дәуіріндегі
идеологиялық
тиым
салынған
Қазақстандағы
кӛші-қон
процестерінің ауыл шаруашылығы интеллигенциясының әлеуметтік дамуына
тигізген әсері толық ашылған жоқ.
1982-ші жылы мемлекет қайраткері Л.И. Брежневтің «Возрождение.
Целина. Воспоминания» ғұмырбаяндық естеліктер жинағы жарық кӛрді. Онда
соғыстан кейін оккупацияға ұшыраған аудандардағы МТС-дың, совхоздардың,
колхоздардың материалдық-техникалық базасы толығынан құрығындығын айта
келіп, ең қауіптісі миллиондаған трактористердің, комбайнерлердің,
шоферлердің, механиктердің, техниктердің, инженерлердің, агрономдардың
жетіспейтіндігінің негізгі себебі соғыспен байланысты болды деп түсіндіреді.
Сондықтан тың игерудің басталуы елдің астық кӛлемін ұлғайтты деп негіздейді
[414, 152-153 б.]. Тың игерудің Қазақстанның ӛндіргіш күштерін дамытуға
ықпал еткендігін айтады. Целиноград қаласында ондаған ӛнеркәсіп орындары
салынып, тӛрт жоғары оқу орыны, он бес техникумдарда соңғы үш жылда
жиырма мыңнан мамандар даярланғанды деп жазады [414, 206 б.]. Л. И.
Брежнев естеліктерінен тың игерудің мамандардың әлеуметтік жағынан
дамуында демографиялық, географиялық факторлардың тигізген әсерін айқын
байқаймыз.
1970-ші жылдары колхоздағы интеллигенцияның әлеуметтік статусы
жайлы ғалымдар арасында пікірталас туындады. Социалистік меншік
қатынасына және территориялық құрылымындағы орнына байланысты село
интеллигенциясы мемлекеттік сектордағы және колхоздағы интеллигенция
болып бӛлінетіндігін саралаған Х.М. Әбжанов осы уақытқа дейін колхоз
199
секторындағы қызметкерлер мен интеллигенция саны жайлы ресми
статистикада мәліметтің жоқ екендігін алға тартады [19, 74 б.].
Зерттеуші М. Қадыртаева мәліметі бойынша республика шаруаларының
құрамында село интеллигенциясы деген әлеуметтік-кәсіби топты анықтап
кӛрсету қажет екендігін ұсынады. Бұл топтың қатарына оның пікірі бойынша
«әкімшілік–басқару аппараты, инженер-техникалық қызметкерлер және жоғары
және орта арнаулы білімі бар ой еңбегімен айналысатындарды жатқызады.
Алайда
автор
әкімшілік-басқару
қызметкері
мен
ой
еңбегімен
айналысатындардың кім екендігінің ара жігін ашып кӛрсетпейді [415, 23 б.].
Р. Исатаев «Бұл топтың екі жақты әлеуметтік жағдайы ескерілуі керек деп
есептей келе, себебі оның ӛкілдері колхоздық, топтық меншік түрімен
байланысты бір жағынан кооператив мүшелері болса, сонымен қатар олардың
атқаратын қызметіне байланысты интеллигенцияға жатады. Осыдан шығатын
қорытынды кемелденген социализм жағдайында «колхозшылар» мен
«шаруалар» деген ұғымды бірдей теңестіруге болмайды», - деп тұжырымдайды
[416, 88 б.].
Зерттеуші М. Аженов «Ой еңбегімен айналыса отырып және ӛзінің
еңбегінің мазмұнына қарай ауыл интеллигенциясы ӛндіріс құралдарына
байланысты мазмұнда колхозшылар болып саналады, себебі, аталған
колхоздың мүшелері болғандықтан да деп топшылайды [10, 102 б.].
Зерттеушілердің келесі тобы колхоз интеллигенттерін интеллигенцияның
әлеуметтік тобына жатқызады [417, 20, 127, 269, 270, 69, 467 б.].
Мәселенің қазіргі кезеңдегі тарихнамасына Қазақстанның қайта құру мен
тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жарық кӛрген еңбектер жатады.
Тарихшылар бұрыннан қалыптасқан ескірген кӛзқарастар мен, шындыққа
сәйкес келмейтін теорияларды қайтадан саралауға мүмкіндік алды. Сондай
теориялар инженер-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік даму тарихын
концептуальды түрде айқындауға жол ашты.
Біз қарастырып отырған мәселе бойынша, зерттеушілердің келесі тобын
Х.М. Әбжанов, Л.Я. Гуревич еңбектері құрайды [19]. Х.М. Әбжанов пен Л.Я.
Гуревич Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік құрылымында интеллигенция
кадрларының әлеуметтік топ ретінде қалыптасуы 60-70- жылдары жүзеге асты
деп қорытындылайды. Ой еңбегінің қолданылу аясының жоғары қарқынмен
ӛсуі, қалаға ғана емес, ауылға да тән. Халық шаруашылығын
индустриализациялау, шаруалар еңбегін ұжымдастыру, сауатсыздықты жоюда
және бастауыш және жеті-сегізжылдық оқытуда қол жеткен табыстар –
инженерлер, агрономдар, мұғалімдерге т.б.деген үлкен сұранысты қажет етті.
Осындай жағдайда интеллигенцияның аграрлық тобының қалыптасуы үлкен
маңызға ие болды. Себебі 60-шы жылдардың соңына дейін Қазақстан
халқының басым бӛлігі ауылдық жерлерде тұрды [19, 25-26 б.]. Әртүрлі
статистикалық материалдарды талдай отырып, ғалым Х.М. Әбжанов пікірінше,
30-шы жылдардың соңында Қазақстан ауыл халқының 10-11% ой еңбегімен
айналысатындар санатына жатты, олардың абсолюттік саны 170-тен 187 мың
200
адамға дейін жеткен [418, 23-29 б.]. Автордың есептеуі жаңа мұрағат
материалдарының кӛрсетуімен дәлелденген.
1947 жылы 1 қаңтардағы Госпланның статистикалық мәліметтері
бойынша, республиканың ауыл және селоларында 110 мың қызметкерлер бар.
Село халқының аталған тобының 1939 жылмен салыстырғанда азаюы заңды
деп санай отырып, кӛптеген мамандар мен студенттер Ұлы Отан соғысы
майдандарында қайтыс болды немесе КСРО-ның Қарулы Күштері қатарында
қызметтерін жалғастырып қалды. Бір жағынан соғыс ой әңбегімен
айналысатындардың санына ғана емес, территориялық жағынан орналасуына да
ықпал етті. Соғыс қарсаңында барлық қызметкерлер мен мамандардың 40-43%
ауылдар мен селоларда жинақталса, 1947 жылдың 1 қаңтарында - 33%
болғандығын кӛрсетеді [418, 26 б.].
Аграрлық сектордағы қызметкерлер мен мамандардың үлестік салмағының
азаюы кейінгі жылдары жүргендігін түсіндіреді. Бұл жерде урбанизация,
Қазақстанның индустриалдық потенциалының бекуі мен қала халқы мен село
халқының ӛмірі мен еңбек жағдайындағы айырмашылыққа байланысты
екендігін айқындайды. Авторлар ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығының
жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа айлық жалақасы халық
шаруашылығының басқа салаларының, атап айтқанда, ӛнеркәсіп, транспорт,
құрылыс қызметкерлеріне қарағанда тӛмен болғандығын саралайды. Осыдан
мамандардың ауылдан қалаға миграциялық орналасуы байқалып, жоғары оқу
орындары мен техникумдардың бітіруші түлектерінің бӛлінген орындарына -
село мектептері және мәдени ағарту мекемелеріне колхоздар мен совхоздарға
бармай қалуы болғандығын байыптайды. Тек, 1959 жыл мен 1979 жылдар
арасында барлық ой еңбегімен айналысатын қызметкерлер құрамында село
интеллигенциясының үлестік салмағы 37,5-тен 29,2% - ға кеміген. Агроном
немесе зоотехниктің мамандығына сәйкес келмейтін қызмет атқаруы дағдылы
кӛрініске айналды [19, 27-28 б.].
Ой
еңбегімен
айналысатын
қызметкерлердің
әлеуметтік
даму
тенденцияларын зерттей отырып, ғалымдар Қазақстанда ӛндірістік күштердің
территориялық жағынан орналасуында ілгерілеушілік жүрді деген кӛзқарасын
білдіреді. Біз авторлар еңбектерінен инженер-техникалық интеллигенцияның
әлеуметтік дамуына географиялық факторлардың әсер еткендігі жӛніндегі
кӛзқарасты байқаймыз.
1960-шы
жылдары
республиканың
оңтүстігіндегі ауылдар
мен
селоларындағы мамандардың абсолютті және біршама ӛсу тенденциясы
айқындалғандығын кӛрсетеді. 1960-шы жылдардың қарсаңында оңтүстік және
солтүстік облыстардың селолық жерлерде тұратын дипломды мамандардың
саны бірыңғай болса, 1970 жылғы Бүкілодақтық санақтың мәліметі бойынша,
оңтүстік аймақта 39% , солтүстікте тек 30% болған [19,33 б.].
Авторлар ауыл шаруашылығындағы мамандарының тез ӛсуін солтүстік
облыстардан байқаған. Егер 1954 жылдың сәуіріне дейін республиканың
оңтүстік (Алматыдан басқа) облыстарында жоғарғы және орта арнаулы білімі
бар 4432 агрозоовет қызметкер болса, тың игеруші облыстарда -3703 адам
201
болған. 1960-шы жылдардың ортасында Қазақстанның оңтүстігінде 13,8 мың
агрозоовет мамандар еңбек етсе, солтүстік облыстарда – 16,4 мыңға жеткен [19,
35 б.].
Авторлар кӛзқарасы бойынша, қазақ интеллигенциясының, тұтастай
алғанда кеңестік интеллигенция бейнесінде тоталитаризнің терең ізі қалған.
Қазақ интеллигенциясы кәсіби қызметін орындай отырып, ӛзінің рухани
борышын сезініп, әлеуметтік күш ретінде жүзеге асыру мүмкіндігінен айрылды.
Оның дамуының келесі кезеңі кеңес қоғамындағы тоқыраумен сәйкес келіп,
әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесін сақтаумен жалғасты [19, 36-37 б.]. 1988
жылы жарық кӛрген монографиясында Х.М. Әбжанов «қазіргі кезең селодағы
ой еңбегімен айналысатын қызметкерлердің құрамының сапалық жағынан
анықтайды» деген кӛзқарасын кӛрсетеді [19, 43 б.].
1980-ші жылдардың ортасындағы жариялылық пен демократияландыру
жылдары интеллигенцияның әлеуметтік дамуына деген кӛзқарас түбегейлі
ӛзгерді. 1980-ші жылдардан бастап, республика кӛлемінде тарихнамалық
талдауға лайық интеллигенцияның әлеуметтік тарихын зерттеу бағытындағы
зерттеулер кеңінен жариялана бастады. Осы жылдары тарих публицистикамен
байланысып кетті деген пікірлер кӛп айтылды. Тарихшы қарастырып отырған
мәселенің тақырыбын жан-жақты, хронологиялық жағынан ретін сақтауға
міндетті болды. 1987 жылы демограф ғалымдардың бірі Ф.Н. Базанова
ауылшаруашылығы интеллигенциясының сан және сапа жағынан артқандығын
үлкен кӛлемдегі мұрағат материалдары негізінде дәлелдейді. Қазақстанға тың
жерлерді
игерудің
жаппай
басталу
кезеңінде
ауылшаруашылығы
мамандарының жетпегендігін: 10000 адамның 74,2%-ның ғана жоғары және
орта арнаулы білімі болғандығын мәлімдейді. Туысқан республикалардың тағы
да қол ұшын бергендігін 1956-1960 жж. тек Белоруссия ауылшаруашылық
академиясы Қазақстанға 227 мамандарды жіберген. Нәтижесінде 1958 жылдың
соңында әрбір колхозды - 5, әрбір совхозды – 15 мамандармен қамтамасыз етіп,
оның осы уақытқа дейін жалғасын тауып отырғандығын зерделеген [365, 97 б.].
1965 жылы еліміздің 50 ауылшаруашылық жоғары оқу орындары мен
академиялары Қазақстанға 1000-1200 дипломды мамандарды жіберсе, 1985
жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша республика совхоздарында 69 572
еңбек еткендігін алға тартады. 8241 бас мамандардың жоғары және орта
арнаулы білімі барлары 98,9% болса, оның 6369 агрономының -92,9%, 7880
зоотехниктің – 90,9% болғандығын, әрбір совхозда 32 маман, колхозда 30
маман қызмет кӛрсеткендігін дәлелденген [365, 97 б.]. Автор пайымдауынша,
ауылшаруашылығы мамандары санының артуына орта арнаулы және жоғары
оқу орындарының ықпалы зор болған.
Қазақстан халқының әлеуметтік және ұлттық құрамындағы ӛзгерістерді
зерттеген А.Э. Абланованың 1959-1970 жылдардағы қазақ халқының
әлеуметтік-демографиялық
дамуы
мәселелерін
зерттеуге
арналған
диссертациялық еңбегінде «Егер соғысқа дейін 1000 ауыл тұрғындарына
жоғары білімді 130 қазақтан келсе, 1959 жылы ауылдағы 1000 адамға шаққанда
– 171 жоғары білімді қазақ агроном, зоотехниктен келген, материалдық
202
ӛндірістегі зиялылар ішіндегі ауылшаруашылығындағылар - 24% құрады деген
деректер келтірген [97, 117 б.].
1990-шы жылдардың соңында зерттеуші-ғалым М.Т. Іліпов «ауыл-
селодағы ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның басым кӛпшілігі ауыл
шаруашылығында, демек, колхоз-совхоздарда шоғырланды» деп саралайды.
Алайда ауыл шаруашылық интеллигенциясының әлеуметтік дамуына
демографиялық факторлардың да әсер еткендігін алға тартады. Индустрия
мүмкіншіліктерінің ӛсуіне, урбанизация дамып, қала санының кӛбеюіне
байланысты және басқа салаларға қарағанда ауыл шаруашылық ӛндірістің
техникалық жабдықталуы әлсіз болғандықтан бара-бара селолардағы
ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның үлес салмағы тӛмендеді деген ойын
білдіреді [155, 14 б.]. 80-ші жылдардың басында, мысалы, Қазақстандағы
инженер-техникалық және агрозоотехника мамандарының тек қана 10% колхоз
бен совхоздарда жұмыс істегендігі «Қазақстан халық шаруашылығы 60 жылда»
статистикалық жинағы мен 1979 жылғы Бүкілодақтық санақ қорытындыларына
қарап есептелді [155, 125; 66,67 б.].
Зерттеуші М.Т. Іліпов селоның ӛндірістік-техникалық интеллигенциясы
ауылды жердегі ой еңбегі қызметкерлерінің ішіндегі ең үлкен топтарының бірі
екендігін айтады. 80-ші жылдар қарсаңында селолық ой еңбегі
қызметкерлерінің
13%
Қазақстан
колхоз-созхоз
шаруашылығының
басқарушысы және маманы болып істеді деген қорытындыға келеді [155, 14 б.].
Зерттеуші М.Т. Іліпов ауыл шаруашылығы интеллигенциясының
әлеуметтік дамуына географиялық факторлардың да әсер еткендігін айқындай
білген.
Ауыл
тұрғындарының
арнайы
білімдері
бар
мамандарын
республиканың
әр
аймақтарына
тең
бӛлінбеуі
колхоз-совхоздарды
мамандармен қамтамасыз етуде айқын байқалғандығын ескертеді. Тың
ӛлкесіндегі бір шаруашылыққа басқарушы қызметкерлер мен мамандардың
жоғары және орта арнаулы білімдісі 5 адамнан келетін болса, соның ішіндегі
жоғары білімдісі 0,9 адам. Сондай-ақ Кӛкшетау, Целиноград (Ақмола)
облыстарының кӛптеген колхоздарында бірде-бір жоғары білімді маман
болмаған. Дәл осы жылдары Алматы облысының бір колхозына басқарушы
қызметкерлер мен жоғары және орта арнаулы білімді 14 маманнан келсе,
олардың 4-уі жоғары білімді болған; Жамбыл облысында – 13 және 4,
Қызылордада – 12 және 3, Шымкентте -12 және 4 адамға сәйкес келеді.
Совхоздарда дипломдалған мамандар саны 13 пен 25-тің аралығында болды.
Мысалы, Шымкент облысының 25 совхоз мамандарның 8-і жоғары білімді
болған, Ақтӛбеде 13 адамның 4-нің ғана жоғары білімі болғандығын мәлімдейді
[155, 15 б.]. Бұл жағдайдың 70-ші жылдардың басында да ӛзгере
қоймағандығын, қаралып отырған кезеңде республиканың бір совхозында 24
маман мен басқару қызметкері, ал колхозға 18 маманнан келгендігін есептейді.
Бірақ, Ақмола, Кӛкшетау, Павлодар облыстарында маманмен қамтамасыз ету
жалпы деңгейден әлде қайда тӛмен болғандығын, мұнда бір совхозға 19-дан 21-
ге дейін кәсіби мамандығы бар басқарушы қызметкер мен мамандардан
келетіндігін, ал бір колхозға 7-ден 10-ға дейінгі аралықта болды деген тарихи
203
фактілерді береді. Бұл жағдай 80-ші жылдарға қарай салыстырмалы түрде
теңестірілді деген қорытынды жасайды.
70-ші жылдардағы ауылшаруашылық интеллигенциясының әлеуметтік
дамуындағы басты тенденциясы – оның білімдік потенциалы мен сандық
ӛсуінің жергілікті халық есебінен жүруінде деп ой түйіндейді [155, 15 б.]. М.Т.
Іліповтың диссертациялық зерттеу еңбегінің ең ұтымды жері, еңбек және кәсіби
қызметі
жӛнінен
ауыл
шаруашылық
интеллигенциясының
құрамы
күрделенгендігін қорытындылап, оны 1) инженер-техник кадрлары, 2) ауыл
шаруашылық мамандары, 3) есеп-қисап және экономист қызметкерлері деп
тұжырымдайды. Ауыл шаруашылық интеллигенциясының әрбір құрылымының
элементі қоғам мен уақыттың талабына сай дамып жетілдірілді деп
пайымдайды.
Біздің пікірімізше, ауылшаруашылық интеллигенциясының әлеуметтік
даму тарихнамасына тән ерекшеліктер, кеңестік құрылыс жылдары жарық
кӛрген еңбектердің барлығы дерлік идеологиялық ӛктемдіктен аса
алмағандықтан, тарихнамада ұлттық мамандардың әлеуметтік дамуы жүйелі
түрде зерттелмеді. Оның тек саяси мәніне ғана кӛңіл бӛлінді. Біздің қарастырып
отырған
тарихнамалық
бағытымыз
зерттеушілердің
ауылшарушылық
интеллигенциясының әлеуметтік дамуына байланысты әртүрлі тарихи кезеңдегі
кӛзқарастардың даму эволюциясын анықтауда деп есептейміз.
204
Достарыңызбен бөлісу: |