Интеллигенциясы: тарихи


Практик ӛндірістік-техникалық интеллигения тарихнамасы



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата22.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2421
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

3.2 Практик ӛндірістік-техникалық интеллигения тарихнамасы 
Ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция 
тарихнамасында 
практиктер 
тарихының  да  алар  орны  ерекше.  Себебі  оның  даму  генезисі  тарихи 
зерттеулердің  ӛте  ӛзекті,  талдануға  және  пікірталасқа  толы  мәселесіне 
арналған.  Практик  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  тақырыбы  ғылыми 
әдебиетте  арнайы  түрде  кеңінен  зерттелмеген.  Мәселе  арнайы  зерттеу 
тақырыбы  ретінде  жеке  қарастырылмаса  да,  оның  қалыптасуы,  ӛндіріс 
саласындағы  белсенділігі,  билік  басындағылардың  оларға  кӛзқарасы 
интеллигенцияның  әр  түрлі  отрядтары  тарихымен  байланысты  кӛрініс  тапқан. 

 
134 
Кеңес  ӛкіметі  орнағаннан  кейін  интеллигенция  кадрларын  қалыптастырудың 
негізгі  үш  жолы:  ең  алдымен  социалистік  құрылысқа  ескі  интеллигенцияны 
тарту,  пайдалану,  қайта  тәрбиелеу;  жұмысшы  табы  мен  еңбекші  шаруалар 
қатарынан  жоғарылату;  жаңа  мамандарды  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу 
орындарында  даярлау  арқылы  жүзеге  асты.  Әсіресе,  кеңестік  интеллигенция 
кадрларын  1917-1927  ж.ж.  қалыптастырудың  ерекшелігі,  Қазан  тӛңкерісінің 
алғашқы  күндерінен  бастап  алдыңғы  қатарлы  жұмысшылар  мен  шаруаларды 
басшылық  мемлекеттік  кәсіподақ,  шаруашылық  жұмыстарына  жаппай 
жоғарылату кӛрініс тапты. «Практиктер» жеткілікті деңгейде терең білімі жоқ 
болғанымен,  кеңестік  интеллигенцияны  оның  ішінде  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияны қалыптастырудың бір түріне айналды. Тарихнамада 1920-шы 
1930-шы жылдардың публицистикасында ғана қарастырылып отырған мәселеге 
кӛңіл аудара бастады. Ал ғылыми тарихнамада арнайы мәселе болып кӛтеріліп, 
зерттелген жоқ. 
Бұл жӛнінде «Известия ЦК РКП (б)» 1922, №3 журналында: «Октябрьмен 
бірге  туған,  халық  арасынан  шығып,  еңбекші  халық  бұқарасымен  тығыз 
байланысты  жаңа,  кеңестік  интеллигенция  бӛлігі  ең  жауапты  орындарды 
атқарды.  Әрине,  жоғарылатылғандардың  жалпы  білімдік  деңгейі  жоғары 
болмады,  тек  1921  жылғы  санақ  бойынша  жауапты  қызмет  атқарып 
жатқандардың  3,3  пайызының  ғана  жоғары,  16,9  пайызының  орта  білімі 
болды»,  -  деп  мәлімдейді  [297,  42  б.].  Шындығында  патша  ӛкіметі  кезеңінде 
жұмысшылар мен шаруалардың білім алуына толық жағдай жасалмағандықтан 
да олардың білім деңгейі тӛмен болды. 
Партияның Х съезінде жаңа экономикалық саясатқа кӛшу жӛнінде шешім 
қабылданғанда,  жаңа  жағдайға  лайықты  кадр  мәселесін  шешуге  де  кӛңіл 
бӛлінді.  РКП(б)  ОК  мен  оның  ұйымдастыру  бюросы  «жоғарылатылған 
жұмысшыларды қадағалап, оларды орталықтар мен жергілікті жерлерде жүйелі 
түрде жауапты қызметке тарту керектігін» міндеттеді [298, 521 б.].  
Жұмысшылар  мен  шаруаларды  жоғарылату  жӛніндегі  съезд  шешімдері 
нақтыланып жергілікті жерлерде де соған сәйкес қарарлар қабылданды. Оларда 
партияның  негізгі  міндеттері  кӛрсетіліп,  ұйымдастырушылық  қабілеті  бар, 
жұмысшылар мен шаруалардың жалпы жағдайларымен таныс қызметкерлердің 
санын арттыру қажеттігі айқындалды. Конференцияларда партия мен кәсіподақ 
ұйымдарына  алдыңғы  қатарлы  жұмысшылар  мен  шаруаларды  жоғарылатуда 
ӛздері  лайықты деп  санағандарды  таңдауды  міндеттеді.  Олардың  есебін  алып, 
Кеңес, кәсіподақ, жұмысшы шаруа инспекциясына, тұтыну кооперациясы, жер 
органдарына,  коммуналдық  шаруашылық  бӛлімдерінің  жұмыстарына  кеңінен 
тарту  қажеттігін  айтты.  Жоғарылатылғандарды  мектептер  мен  коммунистік 
университеттерде  оқыту  мәселесі  қойылды.  Кәсіподақ  ұйымдары  мен  атқару 
комитеттеріне  жоғарылатылғандардың  мәселесін  шешу  тапсырылды.  Соған 
сәйкес  халық  шаруашылығын  қайта  қалыпқа  келтіру  жылдары  жұмысшылар 
мен шаруаларды жоғарылату жұмыстары кең қанат жайды. 
Азамат  соғысы  жылдары  құрылған  РКП(б)  ОК-і  мен  губерниялық  партия 
комитеттерінің 
есеп-үлестіруші 
бӛлімдері 
жоғарылатылғандарды 

 
135 
орналастырып, есепке алатын ең алғашқы орган болып есептелді. Ол жоспарлы 
түрде жұмыс атқарды. 
1921  жылы  11-18  маусымда  Орынбор  қаласында  ӛткен  РКП(б)  Қазақстан 
облыстық  конференциясында  РКП-ның  ұлт  мәселесі  жӛніндегі  кезектегі 
міндеттері  қаралып,  онда  «түркі  халықтарын  шикізат  беріп  отырушыларға 
айналдырылды,  ал  кӛшпенділер  шӛл  далаға  тықсырылды,  сӛйтіп  ұлттарға 
құрып кету қатері тӛнді. Енді Совет ӛкіметі мен ерікті Федерация қазақ ұлтына 
оның  біртіндеп,  ерікті  түрде  коммунизмге  қарай  дамуын  қамтамасыз  етуге 
тиіс... 
в) білікті жұмысшылар мен басқарудың барлық салаларының ең алдымен 
оқу  ағарту  саласының  совет-партия  қызметкерлерінің  жергілікті  кадрларын 
жедел даярлау үшін ана тілінде (ең алдымен қазақтар, башқұрттар, түрікмендер, 
ӛзбектер,  тәжіктер,  азербайжандар,  татарлар,  дағыстандықтар  үшін)  жалпы 
білім беру сипатындағы, сол сияқты мамандық-техникалық сипаттағы курстар 
мен мектептерді кӛптеп ашып, дамытуға кӛмектесу болып табылады.  
Қазақстанның  еңбекші  бұқарасына  біздің  партия  ең  алдымен  мынадай 
кӛмек беруге тиіс: ... 
б)  ана  тілінде  баспасӛзді,  мектеп  ісін  және  жалпы  мәдени-ағарту 
мекемелерін дамыту. Сӛйтіп, белгіленіп жатқан ұлан-ғайыр жұмыстар үшін ең 
алдымен  саны  аз  пролетариат,  жартылай  пролетариат  және  қазақ 
интеллигенциясының  бір  бӛлігі  дәйекті  түрде  пайдалануға  тиіс,  білікті 
жұмысшылар  және  басқарудың  барлық  салалары  және  ең  алдымен  оқу-ағарту 
саласы  бойынша  партия-совет  қызметкерлерін  жеделдетіп  даярлау  үшін  ана 
тілінде  курстар  мен  жалпы  білім  беретін  және  ағарту-техникалық  сипаттағы 
мектептердің  кең  жүйесі  жолға  қойылып,  дамытылуға  тиіс»,-  деп  атап 
кӛрсетілген [299, 12-14 б.]. 
Сонымен  бірге  «Қазақстандағы  совет  жұмысының  негізгі  принципі 
жұмысқа  шын  мәніндегі  еңбекші  қазақ  бұқарасын  кеңінен  тарту  болуға  тиіс. 
Екінші  жағынан,  ең  алдымен,  жергілікті  жерде  жұмысқа  берік  және 
практикалық  мақсаттағы  бағыт  бере  алатын  сыннан  ӛткен  пролетар 
қызметкерлерді  мүмкіндігінше  кӛбірек  пайдалану  қажет»  деген  міндеттер 
қойылды  [299,  21  б.].  Кеңестік  тарихнамада  жоғарылатылған  мамандарға, 
«нағыз 
большевик-интернационалист», 
«прогрессивті 
идеяларды 
қолдаушылар» деген ат берілді. 
Кеңестік  интеллигенция  қатарына  жоғарылатылған  жұмысшылар  мен 
шаруалардан  шыққан  жаңа  кадрларды  ұйымдастырушылық  қабілеттері  мен 
таланттарын  барынша  пайдалану  олардың  теориялық  және  практикалық 
дайындықтарын ұйымдастыру  жолдары  арқылы жүргізілді.  Соған  байланысты 
стационарлық және сырттай жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен қатар 
халықтық  интеллигенцияны  дайындаудың  алуан  түрлері  қолданылды. 
Жоғарылатылған 
ӛндірістік-техникалық 
мамандар 
коммунистік 
университеттерде  және  кеңес  партия  мектептері  мен  қызыл  мамандарды 
дайындау  курстарында,  ӛнеркәсіп  академияларында  және  кәсіпорын 

 
136 
мектептерінде,  фабрика-завод  техникалық  курстарында,  факультеттерінде 
дайындалды. Оларды дайындау оңай болған жоқ.  
1921  жылы  16-22  желтоқсанда  ӛткен  І  Бүкілресейлік  кеңестік  партия 
мектептері  мен  коммунистік  жоғары  оқу  орындары  қызметкерлерінің 
конференциясында шешім қабылданып, оны Орталық партия Комитеті бекітті. 
Кеңес  партия  мектептерінің  (совпартшкол)  үш  түрі  анықталды:  І-ші  сатылы 
мектептер  тӛрт  ай  мерзімде  элементарлы  саяси  сауатты  жергілікті 
қыметкерлерді даярлауы қажет болса: ІІ сатылы мектептерде бір жыл мерзімде 
міндетті жалпы білім беретін пәндерді оқи отырып, жалпы маркстік дамытуды 
жаратылыстану  ғылыми  негізде  беру:  ІІІ-саты  жоғары  саты  үш  жылдық 
коммунистік университеттерде білімді марксистерден дайындауды қамтамасыз 
ету  белгіленді.  Сонымен  қалыпқа  келтірудің  алғашқы  жылдары  негізінен 
жұмысшылар  мен  шаруалардан  жоғарылатылғандарды  дайындаудың  оқу 
орындары жүйесі қалыптасты. 
Ал,  1922  жылы  25  қазанда  Орынборда  ӛткен  РКП(б)  Қазақстан  ұйымы 
губерниялық  партия  комитеттері  хатшыларының  бірінші  кеңесінде:  «Қазіргі 
уақытта  қазақ  халқы  арасындағы  басшы  партия  және  совет  жұмысының  бар 
салмағын  негізінен  кӛтеріп  жүрген  қазақ  коммунистерінің  бірлі-жарымының 
ғана  болмаса  кӛбінің  маркстік  даярлығы  жоқ,  кӛпшілігі  интеллигенттер 
ортасынан  шыққан,  ұсақ  буржуазиялық  жағдайда  тәрбиеленген  жолдастар; 
осының  салдарынан  оларда  саяси  ұстамсыздық,  табансыздық,  партия  тәртібін 
тәртібін  бұзу  және  ұлтшылдық  жағына  ауытқушылық  ӛте  сезіліп  отырады. 
Осыған  байланысты  кеңес  оларға  коммунистік  тәрбие  беруге,  маркстік 
тұрғыдан  даярлауға  баса  кӛңіл  бӛлу,  олардың  жергілікті  жерлермен 
байланысын  күшейту  және  саяси  ой-ӛрісін  кеңейту  мақсатында  тӛменнен 
жоғарылату  және  жұмыс  жағдайын  ӛзгертіп  отыру,  осымен  бірге  партия 
қатарын  бӛтен  мақсатты  ойлап  кірген,  түзелмейтін  элементтерден  тазарту 
қажет  деп  санайды»  [298,  74-75  б.].  Деректік  құжаттардан  жоғарылатудың 
тӛменнен  жоғарыға  қарай  қызметке  тағайындау  тәсілдерін  кеңінен 
қолданғандығын айқын аңғарамыз.  
Осы  жылдары  «1923  жылы  наурызда  ІІІ  облыстық  партия 
конференциясында 
«Қырғыз 
қазақ 
пролетариаты 
мен 
жартылай 
пролетариатымен  кәсіпорындарда  және  ӛндіріс  орындарында  партия  және 
кәсіби  жұмыс»  мәселесін  түбегейі  жақсартуды  күн  тәртібіне  қойған  еді. 
Конференция  жұмысшы  кадрлары  «партия  ӛзінің  базасын  нығайтуда  және 
халық бұқарасының арасындағы әлеуметтік шараларды жүзеге асыруда негізгі 
күш болып саналады»,- деп есептеді [300, 60 б.]. 
1924  жылдың  басында  кеңес  мемлекетінің  ірі  ӛнеркәсібіне  қарасты 
кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардан шыққан басшылар саны арта 
бастады.  Жоғарылатылғандар  завод  директорлары,  трест  тӛрағалары,  олардың 
орынбасарлары,  мүшелері  қызмет  орындарын  иеленді.  Тӛменгі  білім  деңгейі 
болғандығына  қарамастан,  олардың  тәжірибесі  мол,  практикалық  қызмет 
арқарғандықтан  интеллектуалдық  еңбек  барысында  алған  тәлімі  мен  білімі 

 
137 
болды  (жұмысшылардан  шыққан  директорлар  мен  орынбасарлардың  92 
пайызының тӛменгі білім деңгейі болды) [301, 13-14, 45 б.].  
1924 жылы 11-16 мамырда Орынборда ӛткен РКП(б) Қазақстан облыстық 
тӛртінші  конференциясында  «Білікті  жұмысшылар  даярлау  және  қазіргі 
жұмысшы  бұқарасының  біліктілік  деңгейін  кӛтеру,  қазақ  жұмысшыларын 
ӛндірістік  құрылысқа  және  басшылық  жұмысқа  тарту  мақсатында  ағарту, 
шаруашылық  органдарының,  сондай-ақ  кәсіподақ  органдарның  міндеті 
фабрика-завод  оқуы  мектептерін,  кәсіптік-техникалық  мектептер  мен 
ересектерге  арналған  курстар  ұйымдастыру  деп  табылсын»  деген  нақты 
шаралар  белгеленді  [298,  172  б.].  Қызметі  жоғарылаған  жұмысшыларға  арнап 
фабрика-завод оқулары мектептері жүйесінің ұлғайғандығын байқадық.  
Бұған  қоғамдық,  бұқаралық  ұйымдар  да  үлкен  кӛмек  кӛрсетіп  отырды. 
Оған  1926  жылы  30-шы  сәуір  мен  3  мамыр  аралығында  Қызылордада  ӛткен 
Қазақ  ӛлкелік  комитетінің  пленумында  да  «қызметкерлерді  тӛменнен 
жоғарылатып  отыру  және  олардың  теориялық  дәрежесі  мен  практикалық 
білімін  кӛтеру  керектігі»  жӛнінде  мәселе  кӛтергендігі  дәлел  болады  [302,  281 
б.].  Жұмысшылардан  ғана  емес,  батрақтардан  да  кадрлар  ӛсіру  міндеті 
қойылды.  Таптық  жағынан  алғанда  ұстамды,  социалистік  басшы  ретінде 
кӛрсете  білгендерді  жоғарылатылуға  тиістігі  билік  басындағылардың  қойған 
негізгі  талаптырының  біріне  айналды.  Жоғарылатылғандардың  мамандануын 
кӛтеруде  оларды  жоғары  оқу  орындарына,  ӛнеркәсіп  академияларына,  қызыл 
директорлардың  орталық  және  жергілікті  курстарына  оқуға  жіберуге  нақты 
жағдайлар  жасалғандығын  талдайды.  Басқа  нақты  деректер  бойынша  барлық 
салаларда  1370  мың  адамдардың  жоғарылатылғандар  санатында  еңбек  етіп 
жатқандығы  айтылады  [302,  512  б.].  Жоғарылатылғандар  білімдерін 
практикалық  жұмыстарда  шыңдады.  Бұл  кеңестік  интеллигенцияның  қатарын 
толықтырды. 
Билік басындағылар ең басты міндеттердің бірі - жұмысшылардың, әсіресе 
ұлттық жұмысшы табының біліктілігін арттыруға, мәдени-техникалық деңгейін 
кӛтеруге де кӛңіл бӛлу керек деп есептеді.  
1926  жылы  зерттеуші  А.Х.  Митрофанов  шаруалар  қатарынан 
жоғарылатылғанғандардың  Жер  істері  жӛніндегі  Наркомат  органдары  мен 
Шаруалар  үйлерінде  (32,7%)  тӛраға  немесе  тӛрағалар  орынбасарлары  мен 
Кеңестердің  атқару  комитеттерінің  мүшелері  болып  (21,9%),  ал  қаржылық 
жұмыстарда(10,3%) еңбек еткендігін айтады [303, 33 б.].  
Жұмысшылар  мен  шаруалардың  жаңа,  кеңестік  интеллигенция  қатарына 
ӛтуі  олардың  жұмысшылар  мен  шаруалар  депутаттарының  Кеңесіндегі 
жұмысы,  завод  комитеттері  мен  кәсіподақтардағы,  жұмысшы-шаруа 
инспекциясы, т.б. қоғамдық ұйымдардағы қызмет жолдары арқылы жүрді. Осы 
жол  жұмысшылар  мен  шаруаларды  жоғарылатудың  негізгі  қайнар  кӛзіне 
айналды. 
1920-1940  жылдары  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  қалыптасу 
үдерісімен қатар оның отандық әдебиетте алғаш рет зерттелуі жүргізілді. Осы 
кезеңде  инженер-техникалық  интеллигенцияны  даярлаумен  қатар  БКП(б)  ОК-

 
138 
нің  съездері  мен  конференцияларында  жоғарылатушылық  институты  да 
талданды.  Осы  кезеңде  жазылған  еңбектердің  публицистикалық  мазмұнда 
жазылғандығына  қарамастан,  сол  кезеңдегі  ресми  методологияға  сәйкес 
мемлекеттің  саясатын  кӛрсетуге  тиіс  болды.  Қазақ  зиялыларының  біразы 
республикада  ӛнеркәсіпті  дамытудың,  әсіресе  орталық  Қазақстанда  мүмкін 
емес  екендігін  айтты.  Түрксіб  құрылысына  қарсылық  білдірді.  С.  Сәдуақасов, 
А.  Кенжин  т.б.  БКП(б)  Ӛлкелік  комитетінде  және  республиканың  кеңес 
органдарында  жауапты  қызметтерді  атқарса  да,  Қазақстанда  кӛшпелі  мал 
шаруашылығын  сақтау  қажеттігін  айтып,  ӛнеркәсіптің  дамуы  қазақ  халқын 
ауыл  шаруашылығынан  қол  үздіріп,  қазақтардың  ежелден  келе  жатқан  мал 
шаруашылығы кәсіпшілігінің құлдырауына әкелетіндігін ұғындыруға тырысты 
[304, 40,  141 б.].  Алайда  билік  басындағылар  зиялыларды  ұлтшыл-уклонистер 
деп  айыптап,  олар  партияның  ӛнеркәсіпте  және  ауыл  шаруашылығындағы 
ұлттық  кадрларды  қалыптастыру  шараларын  бұзып  отыр.  Олар  қазақ 
жұмысшылары  мен  батрак  кадрларының  саяси  жағынан  ӛсуіне,  техникалық 
сауатының артуына кедергі келтіріп отыр деп түсінді. Партияның мемлекеттік 
және  шаруашылық  аппаратына  ұлттық  кадрларды  жұмысшылар  мен  еңбекші 
шаруалардан  жоғарылату  «жергіліктендірудегі  процент»  қуушылықты 
байқатады деп ұғындырды. Республикада социалистік индустриализациялауға, 
ірі ӛнеркәсіп объектілерін салуға қарсылық білдірді. Себебі Қазақстан шикізат 
кӛзі  есебінде  қалуы  мүмкін  деген  қаупін  сезді.  Қазақтың  ӛндірістік 
қызметкерлері  жайлы  қазақ  зиялыларының  бірі  –  С.  Сәдуақасұлы  «Кедейдің 
баласын  оқытып,  оған  білім  беру  керек.  Кедейді  осы  күні  салынып  жатқан 
фабрик-зауыттарға,  шойын  жолдарға  кӛбірек  орналастырып,  одан  болашақта 
пролетариат  жасау,  кедейден  ӛндіріс  қызметкерін  туғызу  керек»  деген 
жанашырлық  сезімін  білдірді  [246,  334  б.].  Әрі  С.  Сәдуақасұлы 
жоғарылатылғандардың әлеуметтік шығу тегіне мән беру керектігін айтады. 
1928  жылы  23  наурыздағы  БКП(б)  Орталық  Комитетінің  қаулысында 
«Тәжірибеленушілердің  жұмысы  жергілікті  жерлерде  партия  комитеттерінің 
жүйелі түрде бақылауы мен басшылығында болу қажеттігі атап кӛрсетілді [305, 
5 б.].  
1928  жылы  сәуір  айында  ӛткен  БКП  (б)  ОК-і  пленумының  шешімдерінде 
«Жұмысшыларды  әкімшілік-техникалық  жұмыстарға  жоғарылатуды  мынадай 
шаралармен:  жоғарылатылғандардың  ӛз  мамандықтары  бойынша  ерекше 
курстар  мен  техникумдарда  оқуымен  байланыстыруына  мүмкіндік  туғызу 
керек», - деп атап кӛрсетілді [306, 507 б.]. 
1928  жылы  шілдеде  ӛткен  ОК-тің  пленумында  партиялық,  кеңестік  және 
шаруашылық  қызметтерінде  тәжірибесі  бар  партия  мүшелерін  жоғары 
техникалық оқу орындарына жіберу туралы шешім қабылданды [307, 8 б.].  
БКП(б)  Қазақ  ӛлкелік  комитеті  алдыңғы  қатарлы  жұмысшылар  мен 
шараларды  әртүрлі  басшылық  орындарға  жоғарылату  жӛнінде  бірнеше 
шешімдер  мен  қарарлар  қабылдады.  ӛлкелік  комитеттер  жергілікті  жерлерге, 
аймақтық  партия  ұйымдарына  арнайы  хаттар  жіберіп,  онда  жұмысшылар  мен 
батрақтарды, ұлттық кадрларды жоғарылату шараларының таптық мәніне кӛңіл 

 
139 
бӛлу қажеттігі жайлы ескертілді. Оны жүргізудің нақты жолдары мен әдістері 
кӛрсетілді.  
1928  жылғы  25  шілдедегі  Ӛлкелік  партия  комитетінің  «Жоғарылату 
жұмыстарының жағдайы және таяудағы міндеттер» деп аталатын шешімдерінде 
жұмысшыларды  басшылық  қызметтерге  жоғарылатқанда  жауапкершілігі 
тӛменнен  бастап  жоғарыға  қарай  бірте-бірте  тӛменгі  партия  және  кәсіподақ 
ұйымдары  арқылы  ӛсіру  керектігі  атап  кӛрсетілді  [308].  Партия,  кеңес  және 
шаруашылық кадрларын ұлттық республикалар мен облыстарда ӛсіруге ықпал 
жасай  отырып,  Орталық  партия  Комитеті  1927-1928  жылдары  осы 
республикалардан  жас  жоғарылатылғандарды  орталық  ӛнеркәсіп  аудандарына 
практикалық  жұмыстарға  жіберуді  дәстүрге  айналдырды.  Осындай  жолмен 
басшылық  қызметкерлерін  жұмысшылар  мен  еңбекші  шаруалар  қатарынан 
дайындауды  тездетіп  қана  қоймай,  ірі  ӛнеркәсіп  орталықтарынан  алдыңғы 
қатарлы  тәжірибе  алмасуға  жағдай  тудырды.  Тәжірибеленуші  ұлттық 
кадрларды  орталық  ӛнеркәсіп  аудандарына  жіберудің  нақты  жоспарлары 
белгіленді. 
Әсіресе, 
Орта 
Азиямен 
Қазақстан 
республикаларының 
қажеттіліктерін  қамтамасыз  етуге  ерекше  кӛңіл  бӛлінді.  Орталық  Комитеттің 
шешімі  бойынша  жоғарылатылған  ұлттық  кадрлар  тәжірибелерін  орталық 
партия  ұйымдарында:  Москва  мен  Ленинград  партия  комитеттерінде, 
Нижегород,  Саратов,  Сталинград,  Иваново-Вознесенскіде,  Владимир,  Тула, 
Тверь,  Брянск,  Ярославль,  Кострома  губкомдарында,  Уралобкомында  және 
Донбасста ӛткізді [308, 14 б.].  
1929  жылғы  16  желтоқсанда  БКП  (б)  Қазақ  Ӛлкелік  Комитетінің                    
V  Пленумының  Республикадағы  мәдени  құрылыстың  кезекті  міндеттеріне 
байланысты қабылдаған шешімдерінде : «Ұлттық республика ретінде Қазақстан 
жергілікті  халқы  мәдени  даму  деңгейі  европалықтарға  қарағанда  тӛменгі 
деңгейде  болса,  бір  жағынан  экономикалық  және  техникалық  революцияның 
үдерістері  тез  қарқынмен  дамып  келеді,  онда  социалистік  құрылыс 
жергіліктендірудегі  негізгі  кемшіліктер  –  ең  алдымен,  ауыл  шаруашылығын 
социалистік қайта құру және ӛнеркәсіп құрылысы үшін қазіргі кезеңде шешуші 
барлық бағыттағы мамандар даярлау мен карларды арттыру орын алып отыр.  
Кадр  мәселесін  шешкенде  оны  жалпы  кӛлемде,  тез  қарқынмен,  таптық-
шыңдалған негізде шешу қажет.  
Артта  қалған  ұлттардың  кадр  мәселесін  шешкенде  Қазақстанда  тұратын 
европалық  ұлттардың  пролетар  және  жартылай  пролетар  кадрларын  даярлау 
және жоғарылату міндетін ешқандай жағдайда әлсіретуге болмайды», - деп атап 
кӛрсетеді [309 71 б.]. 
Қазақстан  партия  ұйымдары  ӛз  қатарларынан  жыл  сайын  РСФСР-дің 
орталық  ӛнеркәсіп  губернияларына  10  адамнан  жіберіп  отырды.  Таңдаулы 
казақ  кадрлары  тәжірибелерін  негізінен  Ярославль,  Самара,  Нижегород, 
Иваново-Вознесенск, Саратов т.б. губернияларда ӛткізді.  
1929  жылғы  БКП(б)  ОК  қараша  пленумында  ӛндірістің  практик 
басшыларын  жоспарлы  түрде  тӛменнен  жоғарыға  дейін  жоғарылату  жолымен 
шұғыл  түрде  кадрлар  даярлау  жӛнінде  мәселе  қойды.  Осы  мақсатпен  Пленум 

 
140 
үш жыл кӛлемінде ӛнеркәсіп пен транспортта техникалық қызмет орындарында 
еңбек  етіп  жатқан  жұмысшы  практиктердің  барлық  негізгі  бӛлігін  қайтадан 
даярлықтан  ӛткізу  жайлы  шешім  қабылдады.  Пленумда  1930-1932  жылдары 
завод жанындағы жоғары оқу орындарына 5000-нан кем емес жұмысшыларды 
тарту  керек  деп  есептеді.  Кәсіподақ  пен  комсомол  ұйымдарына 
жұмысшылардың  завод  жанындағы  жоғары  оқу  орындары  мен  техникумдарға 
жалпы даярлығын жүйелі түрде ұйымдастыру тапсырылды. Жұмысшылар мен 
батрақтарды  орта  және  жоғарғы  сырттай  техникалық  жағынан  даярлап, 
оқытудың жүйесін жасау жӛнінде міндет қойылды [306, 639 б.]. Сонымен бірге 
жоғарылатқаннан  кейін  де  оларды  теориялық  және  практикалық  жағынан 
даярлаумен  жалғастырылуға  тиіс  еді.  1929  жылғы  11-16  желтоқсанда  ӛткен 
ВКП(б)  Қазақ  ӛлкелік  комитетінің  пленумында  партия  құрылысы  және 
жергіліктендіру  жӛнінде  шешімдер  қабылданды:  «..жұмысшылар  мен 
батырақтарды совет, кооператив және кәсіподақ ұйымдарына жоғарылату үшін 
ӛлкелік  курс  ұйымдастыру  қажет  деп  саналсын;  жұмысшылар  мен  батрақтар 
үшін  осындай  курстар  округтардарда  да  құрылсын.  Сонымен  қатар  астанада 
совет аппаратына жоғарылатылғандар үшін курстар ашылсын... 
ә)  барлық  органдарға  тӛменнен  жоғарыға  дейін  жұмысшылардан, 
батырақтар  мен  кедейлер  бұқарасынан  кеңінен  жоғарылату.  Жоғарылату  тек 
жоғарыдан  ғана  емес,  негізінен  бұқараның  ӛз  тарапынан  да  болуға  тиіс  және 
жоғарылатуға  ұсынылатын  адамның  еңбекшілер  бұқарасы  алдында  беделді 
болуын, сондай-ақ оның жеке басының жұмысқа лайық болуын міндетті түрде 
тексеру қажет. 
Жоғарылату  партия  және  совет  ұйымдары  тарапынан  жүргізілетін 
жұмыспен және басшы қызметкерлер тарапынан оларға жүктелетін теориялық 
және практикалық міндеттерді орындаумен орайлас болуға тиіс. 
б)  Жоғары  оқу  орындары,  техникумдар  мен  қысқа  мерзімді  курстар 
арқылы  тұрғылықты  халықтан  кадрлар  даярлау  барлық  ұйымдардың  жыл 
сайынғы жоспарларына енгізіліп, бюджеттерден тиісті орнын алуы керек» [309, 
52-53 б.].  
Билік басындағылар ең басты міндеттердің бірі - жұмысшылардың, әсіресе 
ұлттық жұмысшы табының біліктілігін арттыруға, мәдени-техникалық деңгейін 
кӛтеруге де кӛңіл бӛлу керек деп есептеді.   
Жұмысшыларды жаппай ӛндіріске тарту, маманданған кадрларды, әсіресе, 
қазақ  ұлтынан  шыққандарды  даярлау  ІV  және  VІ  ӛлкелік  партия 
конференциялары мен БКП(б) Ӛлкелік комитетінің пленумдарында орын алды. 
1929 жылы сәуірде ӛткен партия конференциясында кеңестік интеллигенцияны 
қалыптастырудың 
басты 
жолдарының 
бірі 
болып 
саналатын 
жоғарылатушылыққа  үлкен  кӛңіл  бӛлді.  Оның  «Бюрократизммен  күрестің 
қорытындылары  мен  таяудағы  міндеттері»  қарарларында  кеңестік  аппаратты 
тазартып,  фабрикалар  мен  заводтардың  еңбек  ұжымдарында  шыңдалған  жаңа 
кадрлармен  алмастыру  қажеттігі  атап  кӛрсетілді.  Конференция  партия  мен 
кәсіподақтардан  жоғарылатылғандарды  жұмыстарға  тағайындап,  дайындау 
жұмыстарына кӛңіл бӛлу қажеттігін талап етті [310, 646-647 б.]. Осыдан кейін 

 
141 
мемлекеттік аппараттың қатарын тазарту жоғарылатылғандардың сандық және 
сапалық жағынан ӛсуіне ықпалын тигізді.  
1929  жылдың  соңы  мен  1930  жылдың  басында  БКП(б)  Ӛлкелік  комитеті 
жоғарылатылғандардың  бірінші  ӛлкелік  кеңесін  шақырды.  Жұмысшыларды 
жоғарылатылу  барысында  жіберілген  кемшіліктер  талданды.  Жекелеген 
шаруашылық  басшыларының  оларға  дұрыс  кӛзқарас  танытпай  отырғандығы 
сыналды. Әрине бұл ӛз уақытында дұрыс кӛзқарас болғанымен, қазіргі тарихи 
кӛзқарас  тұрғысында  талдасақ,  басшылық  пен  жоғарылатылғандардың 
арасынан  жау  іздеудің  қажеті  де  жоқ  еді.  Осы  кеңестің  қорытындысына 
байланысты  Ӛлкелік  комитет  1930  жылы  қаңтарда  «Жоғарылатылғандар 
жұмысы жайлы» арнайы қаулы қабылдап, жоғарылатылған кадрларды одан әрі 
бекітіп,  ӛсіру  үшін,  қолайлы  жағдай  туғызу  жӛнінде  мәселе  қарастырылды. 
Үкіметтің  қабылдаған  қаулылары  тоталитарлық  басқару  жүйесі  кезеңіндегі 
партияның  құнды  құжаттары  есебінде  саналғандығын  аңғарамыз.  Ӛлкелік 
комитеттің  үгіт-насихат  бӛлімдерінде  жоғарылатылғандардың  саяси  және 
техникалық сауаттылығын арттыру үшін арнайы мектептер ұйымдастырылды. 
Пленумның 
шешімдері 
бойынша 
партия 
қызметкерлерін, 
жас 
жоғарылатылғандарды  партия,  кеңес  және  шаруашылық  жұмыстарынан 
еліміздің жоғары оқу орнына жыл сайын жіберіп отырудың жоспары жасалды. 
Партиялық  мыңдықтар  қатарына  ұлттық  республикалар  мен  облыстардың 
жоғарылатылған  кадрлары енді. 
1930-шы  жылдардың  басында  практик  кадрларға  деген  сұраныс  ӛзінің 
мәнін  бірте-бірте  жоғалта  бастады.  Жұмысшы-ӛндірісшілерді  басқару 
аппаратына  тарту  және  кӛптеген  тазарту  мен  анықтау  науқандарының 
жүргізілуі  станок  жанында  тұрған  жұмысшылардың  басым  бӛлігін  негізгі 
жұмысынан алаңдатты. Бұл жӛнінде 1930 жылғы 20 қазандағы БКП(б) ОК-нің 
«Халық шаруашылығын жұмыс күшімен жоспарлы түрде қамтамасыз ету және 
тұрақтамаушылықен  күрес  шаралары  жӛніндегі»  қаулысынан  айқын  аңғаруға 
болады. 
Онда 
жұмысшылар 
мен 
техникалық 
персоналдың 
үлкен 
тұрақтамаушылығы  жайлы  мәселе  кӛтеріліп,  шаруашылық  органдары  мен 
кәсіподаққа  ӛндірістегі  маманданған  жұмысшы  кадрларын  сақтау  мақсатында 
соңғы  екі  жылда  станок  жанындағы  жұмысшыны  басқару  аппаратына 
жоғарылатқанда,  ӛндірістегі  және  кәсіби  қызметі  бағытын  сақтау  керектігі 
ескертілді. 
1930-шы жылдары жоғарылату ӛндірістік жолмен және кәсіподақ жұмысы 
арқылы жүргізілді. 1930 жылы ӛндірістегі әртүрлі басшылық қызметке, партия 
және  мемлекеттік  аппарат  қызметіне  үш  мыңға  жуық  адам  жоғарылатылса, 
оның  ішінде  1700  қазақтар.  Бірақ  жұмысшылар  мен  шаруаларды  жоғарылату 
жүйесі  1930  жылдардың  басында  бәсеңдей  бастағанын  аңғарамыз.  Себебі 
интеллигенцияның  қатары  кеңестік  жоғары  оқу  орындарын  аяқтаған 
жұмысшылар мен шаруалардың балаларының есебінен барынша толыға түскен 
еді.  1930  жылғы  БКП(б)  Қазақ  ӛлкелік  комитетінң  VІІ  Бүкілқазақтық 
партконференциясының есебінің материалдарында қазақ кадрларының округтік 
кеңес  аппараты  құрамында  1927  жылы  небәрі  13,4  пайызды  құрағандығы,  ал 

 
142 
1929 жылы ӛлкелік мемлекеттік аппаратта  - 23,5 пайызды құрап отырғандығы 
айтылды  [311,  73  б.].  Ұлттық  жұмысшы  табының  осы  кезеңде  санының  аз 
болуына байланысты оларды басшылық орындарға жоғарылатуда кері ықпалын 
тигізді. 
Қазақстанның  мемлекет  басшылығы  жоғарылатылған  жұмысшылар  мен 
кедей  шаруалардың  мемлекет  аппараты  пен  шаруашылықты  басқаруына 
қолайлы жағдайлар жасау жӛнінде шаралар қабылдады. 
Бұл  шаралар  негізінен  жұмысшылар  құрамында  маманданған  ӛнеркәсіп 
кадрларын  жасап,  олардың  мәдени-техникалық  деңгейлерін  үнемі  кӛтеріп 
отыру жұмыстары еді. Осы істерді жүзеге асыруда ауыр индустрияның Түрксіб 
құрылысы, Қарағанды бассейні, Балқаш комбинаты, Шымкент қорғасын заводы 
сияқты объктілер шешуші рӛл атқарды. 
Түрксіб  құрылысының  салынуы  ұлттық  жұмысшы  табы  мен  ӛндірістік-
техникалық интеллигенция кадрларын толықтырудың мектебіне айналды.  
Бар  –  жоғы  бір  жарым  жылдың  ішінде  бұл  маңызды  құрылыс  объектісін 
салуға  10000  аса  жұмысшы-қазақтар  жұмылдырылды.  Осы  жӛнінде 
«Формирование  казахского  пролетариата.  Алма-Ата,  1930»  зерттеу  еңбекте 
толық  мәлімет  беріліп,  осы  кезеңде  әртүрлі  қысқа  мерзімді  курстар  жүйесі 
бойынша  білікті  кадрлардың  жаппай  кӛлемде  даярлана  бастағандығы 
талданған.  Тек  1929  жылы  2962  жұмысшы-теміржолшылардың  (оның  ішінде 
1483 қазақтар), екі мыңға жуық жол тартушылардың даярланғандығын жазады 
[312, 15 б.]. 
1931-ші  жылы  инженер-техникалық  кадрлардың  қатарын  толықтырудың 
бір  жолы  жоғарылатушылық  болса,  инженер  мамандарды  даярлаудағы 
партиялық  басшылық  рӛлі  зерттеуші  ғалым  К.  Овсянников  еңбегінде 
қарастырылды  [240].  Еңбектің  ерекшелігі  сонда  қарастырылып  отырған 
мәселеге таптық мән берілген.  
1933  жылы  БКП(б)  Қазақ  ӛлкелік  комитетінің  маңызды  шешімдерінде 
Қарағанды кӛмір ӛнеркәсібіндегі жұмысты қайта құру қажеттігі жӛнінде мәселе 
кӛтерілді.  Қаулыда  бассейндегі  жоспардың  орындалмауы,  трестер  мен 
шахталарда 
кеңселік-бюрократиялық 
басшылық 
әдістерінің 
кеңінен 
пайдалануына байланысты деп түсіндірілді. Трест басшылығы мен шахталарда 
инженер-техникалық қызметкерлердің рӛлін ӛз деңгейінде бағаламайтындығы, 
маманданған  инженер-техник  қызметкерлердің  участоктардағы  басшылық 
орындар  мен  олардың  кӛмекшілеріне  арналған  орындарға  жоғарылатуға 
қарсылық  білдіріп  отырғандығы  сынға  алынды.  Сондықтан  участоктағы 
техниктер  мен  инженерлердің  рӛлін  арттыруға  мән  беру  қажеттігі  атап 
кӛрсетілді.  Маңызды  ӛндірістік  звенолардағы  басшылықты  нығайту  үшін 
бригадаларды  шахтадағы  шаруашылық  бірліктері  есебінде  санай  отырып, 
Ӛлкелік  Комитет  1933  жылы  ӛндірістен  қол  үзіп  дайындайтын  тау-кен 
шеберлері,  десятниктер,  шахта  басшыларының  кӛмекшілері  үшін  арнайы 
курстар ашу қажеттігі жӛнінде қаулы шығарды. Сонымен қатар шахтада жұмыс 
істейтін маманданған кадрлардың біліктілігін арттыру үшін кешкі білім беретін 
техникумдар  ашу  міндеті  қойылды.  Осы  мақсатта  Қарағандыға  30  жоғары 

 
143 
маманданған  мамандар  жіберілгендігі  кӛрсетілді  [313,  43-48  б.].  Сол  кезеңде 
билік  басында  отырған  коммунистік  партия  мен  Кеңес  мемлекеті  ескі 
мамандарды  пайдалана  отырып,  жаңа  жұмысшылар  мен  еңбекші  шаруа 
ортасынан  шыққан  халықтық  интеллигенцияны  қалыптастыруды  міндет  етіп 
қойды. 
Жоғарылатылғандардың  табысты  еңбек  етуі  үшін  арнайы  білім  қажет 
ететіндігі  белгілі.  Сондықтан  билік  басындағылар  жоғарылатылған  кешегі 
жұмысшылар  мен  шаруалардың,  ұсақ  қызметкерлердің  теориялық  және 
практикалық  біліміне  ерекше  мән  берді.  Жоғарылатылғандарды  негізгі 
жұмыстарынан  қол  үздірмей  жоғарғы  оқу  орындары  мен  мектептер  жүйесі  
арқылы  курстарда  дайындауға  кӛңіл  бӛлінді.  Бұл  жӛнінде  1933  жарық  кӛрген 
«Подготовка кадров в СССР 1927-1931 г.г.» деген тақырыпта жазылған еңбекте 
бүкіл  Кеңестер  елінде  мамандарды  сырттай  даярлайтын  166  пунктердің  бар 
екендігі онда 397933 адамның білім алғандығын жазады [314, 100-101 б.].  
1933  жылы  А.  Хавиннің  «Социалистическая  индустриализация 
национальных  республик  и  областей»  деп  аталатын  еңбегі  жарық  кӛрді. 
Еңбекте  жаңа  ұлттық  ӛндіріс  аудандарының  алдында  тұрған  міндеттерді 
кӛрсете  отырып,  «здесь  предстоит  выковать  (и  уже  частично  выковано) 
производстенно-техническую  интеллигенцию  из  местных пролетариев  и  –  что 
особенно  важно  –  из  националов.  В  кратчайший  отрезок  времени  мы  должны 
создать 
кадры 
высококвалифицированных 
инженеров, 
техников-
хозяйственников из казахов, киргизов, башкиров, тюрков, абхазцев, грузин и т. 
д.»  [315].  Әсіресе  жергілікті  жұмысшылардан,  ұлт  ӛкілдерінен  ӛндірістік-
техникалық  интеллигенцияны  қалыптастыруға  аса  назар  аудару  қажеттігін 
айтады.  
1933  жылы  «Итоги  выполнения  первого  пятилетнего  плана  развития 
народного 
хозяйства 
Союза 
ССР» 
құжаттар 
жинағында 
«бірінші 
бесжылдықтың  соңында  500  мыңға  жуық  практиктердің  ӛнеркәсіпте, 
құрылыста,  транспортта,  ауылшаруашылығында,  200-мыңнан  астамы  басқа 
салаларда жұмыс атқарып жатқандығын жазды [316, 216 б.]. 
1935  жылы  осы  мәселе  тӛңірегінде  А.Е.  Бейлин  «Кадры  специалистов 
СССР.  Их  формирование  и  рост»  еңбегінде  «Азамат  соғысы  жылдары 
басшылық 
орындарға 
(мемлекеттік 
аппаратты 
есептемегенде) 
3500 
жұмысшылар мен 2000-ге жуық шаруалар жоғарылатылды деген мәліметтерді 
береді [240, 9 б.].  
Әрине,  жетістіктер  болғанымен,  ол  сол  кезеңдегі  жаңа  талаптарға  сай 
келмегендіктен,  жұмысшыларды  басшылық  қызметке,  ӛнеркәсіп,  құрылыс, 
транспорт басшылығына кеңінен жоғарылату базасына айнала алмады. Себебі, 
осы кезеңде ірі ӛнеркәсіп, транпортта маманданған ұлттық жұмысшы кадрлары 
аз болғандықтан, ӛндірістік-техникалық интеллигенция қатарының практиктер 
есебінен толығуы баяу жүрді.  
1920-1930-шы 
жылдары 
отандық 
тарихнамада 
Қазақстанның 
индустриялық  дамуына  сенімсіздік  ұялап,  «қазақ  бәрібір  жұмыс  істемейді,  ол 
далаға  қарайды»,  «артта  қалған  кӛшпелі  халық  ӛнеркәсіптің  ырғағын  кӛтере 

 
144 
алмайды»,  «қазақтар  ӛнеркәсіп  үшін  бейімделе  алмайды,  олармен  ӛнеркәсіп 
жоспарын  орындай  алмайсың»  деп  қазақтарға  «ұлыдержавалық  шовинистік» 
пиғылдардың әлі де болса сақталғандығы байқалды [317, 93 б.]. 
1940-шы  жылы  жарық  кӛрген  «Итоги  развития  народного  хозяйства  и 
культурного  строительства  Казахской ССР»  деп  аталған жинақта  «1928  жылы 
27  желтоқсанда  ВКП(б)  Қазақ  Ӛлкелік  Комитетінің  Кеңейтілген  пленумында 
Кадр  мәселесін  шешуде  олардың  жұмысына  қолайлы  жағдайлар  туғыза 
отырып, белсенді жұмысшыларды, батырақтарды жауапты жұмыстарға кеңінен 
жоғарылату мәселесін шұғыл қоюды және олардың арасында партиялық-тәрбие 
жұмысын жолға қоюды талап етеді. Қазіргі кезде жұмысшыларды жүйелі түрде 
жоғарылатып 
отыруға, 
басшы 
кадрлардың 
арасында 
бірте-бірте 
жұмысшыларды кӛбейтуге батыл кірісу қажеттігіне» назар аударылды [318, 43-
44  б.].  Қаулыдан  жоғарылатушылықта  кадрлардың  таптық  негіздеріне  қатаң 
мән  берілгендігі  байқалады.  Алдыңғы  қатарлы  жұмысшыларды  әкімшілік-
шаруашылық және басқа басшылық қызметтерге жаппай жоғарылату мәселесі 
сол  кеңес  ӛкіметі  орнағаннан  кейінгі  билік  басындағылардың  алдына  қойған 
негізгі міндетіне айналды.  
1940  жылы  Т.  Губа  мен  О.  Кузнецова  «Большевик  Казахстана» 
журналындағы 
мақаласында 
«Қазақстанның 
индустриализациялануы, 
Қарағанды, 
Балхаш, 
Шымкент, 
және 
Риддер 
қорғасын 
заводы, 
Ақтӛбехимкомбинаты  т.б.  тамаша  ұлттық  жұмысшы  табын  тәрбиелеудің 
негізіне  айналды.  Жүздеген  стахановшы-қазақтар  қатардағы  жұмысшыдан 
инженер-техникалық  қызметкерлер  деңгейіне  кӛтерілді»  деген  қорытындыға 
келеді. 
Авторлар 
кӛзқарасынан 
индусриализациялау 
мен 
ӛнеркәсіп 
алыптарының  құрылысы  жұмысшы  табын  инженер-техникалық  қызметкерлер 
деңгейіне дейін кӛтерді деген пікірді байқаймыз [256, 46 б.].

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет