Интеллигенциясы: тарихи



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата22.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2421
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


ҚАЗАҚСТАН 
ӚНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ 
ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ  КӘСІБИ  ЖӘНЕ  ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ 
ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ 
 
5.1  Инженер-техникалық  интеллигенцияның  кәсіби  және  қоғамдық  - 
саяси қызметінің тарихнамасы 
Инженер-техникалық  интеллигенцияның  қоғамдық-саяси,  кәсіби  тарихы 
халықтың рухани байлығын жинақтаушы алдыңғы қатарлы ойдың, мәдениеттің 
алдағы  міндеттерін  орындауға,  сақтауға,  гуманистік  бастамаларды  таратуға, 
жалпы  адамзат  құндылықтарын  сақтап,  таратуға  бағытталды.  Үгіт-насихат 
халықтың  санасына  1920-1930  жылдары  «таптық  мүдделер  идеясын»  құйды. 
«Жұмысшы  табын  қанаушыларға  ӛлім!»,  «Халық  жауларына  қарсы  белсенді 
еңбекпен!»  идеологиялық  ұрандарды  ұстанды.  Сондықтан  тақырыпты  ашуда 
Қазақстан, РК(б)П, БК(б)П, КОКП съездерінің, пленумдарының, идеологиялық 
мәселелер  жӛніндегі  материалдары,  құжаттары  пайдаланылды.  Алғашқы 
кеңестік  онжылдықта  әсіресе  1920-шы  жылдардың  басында  шығармашылық, 
әдебиет, ӛнер, ғылым үдерістеріне лениндік ыңғай танытылды. 1919 жылғы 18-
23  наурызда  ӛткен  РКП(б)  сегізінші  съезінде  «Курстар  оқу  үшін  және  халық 
үйлерінің  ісіне  кӛмек  кӛрсету  үшін  түрлі  мамандардың  және  тегі,  білімі  бар 
адамдардың  күшін  барлық  жерде  пайдалануға  жол  бере  отырып  және  соны 
қолдай отырып, Коммунистік партия сонымен бірге жалпы оқу-білім аппаратын 
Совет ӛкіметіне қас элеметтердің пайдаланып кетпеуін және әдебиетті, ғылым 
мен ӛнерді бетке ұстап, қалай болғанда да коммунистік насихаттың күш-қуатын 
әлсірететін  қоғамға  зиянды,  контреволюциялық  тенденцияларды  жүргізбеуін 
бақылап  отыруға  тиістігі  атап  кӛрсетілді  [419,  84  б.].  Большевиктер  «еңбекке 
коммунистік қатынас» пайда болады деген идеяға сенді.  
1920  жылғы  29  наурыз  бен  5  сәуір  РКП(б)  тоғызыншы  съезінің  партия 
қарарларында «Ӛнеркәсіптегі мамандарға» байланысты шаралалар кӛрсетілді: 
Ӛндірісті  ғылыми  жолмен  ұйымдастырмайынша,  еңбек  міндеттілігін 
барынша  кең  қолдану  мен  жұмысшы  табының  аса  зор  еңбек  қаһармандығы 
құдіретті  социалистік  шаруашылық  орнатуды  қамтамасыз  етпейтіні  былай 
тұрсын,  тіпті  елдің  жоқшылық  тырнағынан  босануына  мүмкіндік  бермейтінін 
еске  ала  келіп,  съезд  шаруашылықтың  әртүрлі  салалары  жӛніндегі  барлық 
жұмысқа жарамды мамандарды есепке алу және оларды ӛндірісті ұйымдастыру 
ісінде барынша пайдалану қажет деп санайды. 
Ӛз  қызмет  орнын  социалистік  шаруашылық  режиміне  зиян  келтіру 
мақсатына  пайдалануға  тырысатын  барлық  контреволюцияшыл  элементтерді 
келешекте  бақылап,  қатал  жазалаудың  қажеттігін  күшінде  қалдыра  отырып, 
съезд  сонымен  бірге  мамандарды  Совет  республикасының  ӛндіріс  мүдделері 
сферасына  идеялық  жағынан  тарту  міндеті  туралы  партияның  барлық 
мүшелеріне  ең  тұжырымды  түрде  ескертеді  және  біздің  программаның  рухы 
мен  әрпіне  мүлтіксіз  сәйкес,  жұмысшылар  мен  пролетарлық  режимге 
буржуазиялық  құрылыстан  қалған  маман-техниктердің  арасында  жолдастық 

 
205 
ынтымақ атмоферасын орнатуға ұмтылуды партия қызметкерлерінің міндетіне 
жатқызады.... 
Еңбек  ӛнімділігінің  жеке  есебі  мен  жеке  сыйлық  беру  тиісті  формада 
әкімшілік-техникалық  персоналға  қолданылуға  тиіс.  Таңдаулы  әкімдер, 
инженерлер,  техниктер  ӛз  күштерін  социалистік  шаруашылық  мүдделеріне 
толық жұмсау үшін, неғұрлым жайлы жағдайға қойылуға тиіс. 
Атап айтқанда, жұмысшылардың келешекте дербес әкімшілік қызметтерде 
істеуі  үшін  қажетті  стажды  айтарлықтай  табыспен  ӛтуіне  басшылық  еткен 
мамандарға жоғары сыйлық берілуге тиіс. 
Кәсіпорындар  мен  мекемелердің  жоғары  техникалық  одақтарға  кіруіне 
қарсы  соқыр  сенім  біржолата  жойылуға  тиіс.  Инженерлерді,  дәрігерлерді, 
агрономдарды,  тағы  сондайларды  ӛз  одақтарына  енгізе  отырып,  кәсіподақтар 
бұл  элементтерге,  ұйымдасқан  пролетариатпен  жолдастық  ынтымақтастық 
тәжірибесінде, совет құрылысының қызу жұмысына тӛселуге кӛмектеседі және 
одақтарға  арнаулы  ғылыми  білімдері  мен  тәжірибесі  бар,  ең  қажетті 
қызметкерлер тауып береді [419, 164-165 б.]. Бұл РКП(б) Орталық Комитетінің 
қарарлары  инженер-техникалық  қызметкерлерді  кәсіподақтарға  тарта  отырып, 
кеңес құрылысына жұмылдыруға әрекет жасаған соңғы құжаттардың бірі. Жеке 
меншік  жойылып,  ӛндіріс  құрал-жабдықтарының  барлығы  халықтың  қолына 
кӛшіп,  ол  қанаушылар  үшін  емес  ӛздеріне  қызмет  етеді  деген  түсінік 
қалыптасты.  
Осы  кезеңде  Ленин  «Ұлы  бастама»  [420],  «Жарысты  қалай  ұйымдастыру 
керек»  [421]  т.б.  еңбектерінде  еңбектің  коммунистік  бастамасы  деген 
коммунистік  еңбек  құрылымын  енгізуді  талап  етті.  В.И.  Ленин  алғашқы 
коммунистік сенбіліктер тәжірибесіне сүйенді. 
1923 жылғы 17-25 сәуірде ӛткен РКП(б) он екінші съезінде «шаруашылық 
қызметкерлері, олардың жағдайы мен міндеттері, техниктер мен шаруашылық 
қызметкерлерінің жаңа буындарын тәрбиелеу» жӛніндегі қаулысында... 
Басшы  шаруашылық  қызметкерлерінің  (цех  мастерлерінің,  завод  пен 
фабрика  директорларының,  трест  басқармасының  председательдері  мен 
мүшелерінің  және  т.с.с.)  міндеті  ӛндіріс  шығындарын  тӛмендету  және  пайда 
түсіру  болғандықтан  олардың  жұмысы  дау-жанжалдарға,  орнынан  түсіруге, 
басқа  орынға  ауыстыруға  жиі  әкеп  соқтыратын  тӛтенше  қиыншылықтарға 
кездесіп отырады. Шаруашылық қызметкері әруақытта мынадай екі қауіптің: а) 
ӛзінің жоғары талап қоюымен кәсіпорын жұмысшыларын және олардың ӛкілдік 
органдарын немесе жергілікті партия және совет мекемелерін ӛзіне қарсы қою 
қаупінің; б) еңбек ӛнімділігі, жалақы және сондай мәселелерде жеңілдің асты, 
ауырдың  үстімен  жүріп,  осы  арқылы  кәсіпорынның  пайдалылығынан,  демек, 
оның  келешегінен  бас  тарту  қаупінің  алдында  тұрады.  Әлбетте,  совет 
фабрикасының  директоры  жұмысшылардың  материалдық  және  рухани 
мүдделеріне,  олардың  сезімдері  мен  кӛңіл  күйлеріне  аса  зор  назар  салып 
қарауға  тиіс.  Ал  сонымен  бірге  ол  еңбек  ӛнімділігін  арттыру,  ӛнімнің  ӛзіндік 
құнын  тӛмендету,  жұмысшы  мемлекетінің  билігіндегі  материалдық 
игіліктердің  мӛлшерін  кӛбейту  ӛзінің тұтас  алғанда  жұмысшы  табы  жӛніндегі 

 
206 
ең  жоғарғы  міндеті  болып  табылатынын  ешуақытта  естен  шығармауға  тиіс. 
Партия және кәсіподақ қызметкерлері совет директорына осы жолда барынша 
жәрдем  етуге  міндетті.  Ұқыптылық,  табандылық,  үнемшілдік  совет 
шаруашылық қызметкерінің қажетті сапалары болып табылады.  
Партия  мен  кәсіподақтар  заводтар  мен  фабрикаларды  қызыл 
директорлардың тиісті кадрларымен қамтамасыз етуді ӛзіне кезек күттірмейтін 
міндет  ете  қоя  отырып,  шаруашылық  басшылықтың  барлық  сатыларындағы 
ӛнеркәсіпті  басқару  органдарында  жұмысшы-шаруашылық  қызметкерлерінің 
кадрларын, әсіресе коммунистерді кӛбейту ісіне аса ерекше кӛңіл аударуы тиіс. 
Бұған  Т.  Рысқұловтың  «Новый  Восток»  журналының  1926  жылғы  №12 
номерінде  қазақ  интеллигенциясының  басым  бӛлігін  партияда  жоқтар 
құрайтындығын,  сондықтан  Қазақстандағы  идеологиялық  майдандағы  күресте 
коммунистік ықпалды нығайту басты міндеттердің бірі екендігін жайлы айтып 
мәселе  кӛтеруі  дәлел  бола  алады.  Кеңес  тұсында  идеология  жайлы  салиқалы 
пікір айтуы, Т. Рысқұловтың концепциялық тұжырымын айқындайды. 
Жаңа буындар үшін техниканы үйрену ісі тек мамандық алу мәселесі ғана 
емес,  сонымен  қатар  революциялық  борыш  ісі  болуға  тиіс.  Бұрын  жұмысшы 
жастардың  революциялық  –  саяси  күреске  жұмсалған  ынта-жігерінің  бәрі 
жұмысшы мемлекеті жағдайында ғылым мен техниканы меңгеруге бағытталуға 
тиіс  [419,  452-453  б.].  Қазіргі  кезеңдегі  зерттеушілер  20-шы  жылдарды  1929 
жылды  есептемегенде  экономикалық  даму  кезеңі  деп  атайды.  Әрі  жаңа 
экономикалық  саясат  та  ӛнеркәсіптің  және  ауыл  шаруашылығының  дамуына 
үлкен ықпал етті. Ел де жаңарды, елдегі жақсы ӛзгерістерді адамдар да сезіне 
бастады. 
«Мамандарды  ӛндіріске  тарту»  жӛніндегі  қарарларда  «Ӛнеркәсіпті  тиісті 
дәрежеге  қою  ісі  ӛндірісте  техникалық  күштерді  нығайтуды  талап  етеді. 
Жетіспей  жатқан  техникалық  күштерді  техниктер  мен  инженерлердің  жаңа 
кадрларымен толықтыру ісі әлі де сӛзсіз баяу жүргізілетін болады. Сондықтан 
елімізде  бар  техникалық  күштерді  жақсы  пайдалану  және  қайта  бӛлу  қажет» 
деп  негізделгендігі  айқындалды.  ЖЭС  дәуірі  кезеңінде  ӛндірісте,  фабрикалар 
мен  заводтарда  жұмыс  істеген  ірі  мамандардың  бірталайы  ӛндірісттегі, 
мекемелердегі, басқармалардағы, кеңселердегі қызметтерін тастап жайлы сауда 
жұмысына,  комиссионерлік  жұмыстарға  кетіп  қалғандықтан,  бүгінгі  күннің 
ұраны:  «Ӛндіріске,  фабрикаға  және  заводқа  қайтыңдар!»  деген  ұран  болу 
керектігі  айтылды.  Мамандарды  моральдық,  материалдық  жағынан 
қанағаттандыра алатындай етіп кәсіпорындарда жұмыстың қалыпты жағдайын 
жасау  қажетігіне  мән  берілді.  Ұзақ  уақыт  бойы  ӛздерін  пайдалы  және 
инициативалы жұмыс арқылы таныта білген администраторлар мен техниктерді 
партия,  совет  ұйымдары  және  кәсіподақтар  ӛте  бағалы  қызметкерлер  ретінде 
атап  кӛрсетуге  тиіс,  Қызыл  Армия  қатарында  ойдағыдай  қызмет  атқарып 
жүрген  мамандарға  кӛрсетілетін  қоғамдық  құрмет  оларға  да  кӛрсетілуге  тиіс 
[419,  453-454  б.].  Партия  қарарлары  біз  қарастырып  отырған  мәселе 
тӛңірегіндегі бірден-бір дерек кӛзі болғандықтан, біраз мәлімет береді. 

 
207 
1929  жылғы  желтоқсандағы  екпінділер  съезінде  «Бесжылдық  жоспарды 
тӛрт  жылда  орындаймыз!»  деген  ұранды  басшылыққа  ала  отырып 
жұмысшылар,  шаруалар,  интеллигенцияның  санасын  улады.  Миллиондаған 
халық егер де тап жаулары, зиянкестер болмаса, бұл іс одан әрі алға жылжитын 
еді деген түсінікте болды.  
Оның  айғағы  ретінде  1932  жылғы  ВКП(б)  Қазақ  ӛлкелік  комитетінің  ІІІ 
кеңейтілген  пленумының  қарарлары  мен  қаулыларында  «Ӛлкелік  комитеттің 
пленумы 
Қарағандының 
барлық 
жұмысшыларына, 
инженер-техник 
қызметкерлеріне  үндеу  тастап,  ӛздерінің  барлық  күшін,  күллі  творчестволық 
жігер – қайратын жұмылдырып, қолда бар ішкі ресурстардың бәрін 1932 жылы 
Қарағандының  алдында  тұрған  тапсырмаларды  орындауға  пайдалануға 
шақырады [422, 157-158 б.]. Сталиннің бюрократиялық қарарларын орындау әр 
республика инженер-техник қызметкерлерінің міндетіне айналды.  
Инженер-техникалық  қызметкерлердің  кәсіби  қызметін,  белсенділігін 
арттыру  мақсатында  «...инженер-техник  қызметкерлерді  тікелей  ӛндіріске 
(цехтарға,  учаскелерге,  лаваларға,  және  т.б.)  араластыру,  жалақыны  қайта 
қарау, теңгермешілікті жою, барлық кәсіпорындарға кесімді ақы тӛлеуді енгізу 
және  жұмысшылар  арасындағы  социалистік  жарыс  пен  екпінділікті  кең 
ӛрістету»  1934  жылғы  8-16  қаңтардағы  ВКП  (б)  Қазақстан  Ӛлкелік  сегізінші 
конференциясында ӛнеркәсіптегі міндеттірдің бірі деп атап ӛтілді [422, 230 б.]. 
Ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  мамандарын  моральдық  жағынан 
ынталандырып  отыру  үшін  әртүрлі  идеологиялық-насихат  құралдарын 
қолданып отырды. Мақтау қағаздары, ауыспалы жалаулар, ордендер, медалдар, 
«құрметті стахановшы», «коммунистік еңбектің екпіндісі» атақтарымен алдады. 
Кеңестік  тарихнамада  «саналы  коммунистік  еңбек»  нормасы  болу 
керектігін  дәлелдеуге  тырысқанымен,  ол  барлық  кезеңдерде  бірдей  қарқында 
атқарылды деп айта алмаймыз.  
1935  жылғы  16-20  наурызда  ӛткен  ВКП(б)  Қазақ  Ӛлкелік  Комитетінің 
пленумындағы  қарарларында  «Жергілікті  ӛнеркәсіп  халық  комиссариатының, 
трестер  мен  облыстық  басқармалардың  басшыларынан  нақты  ӛндірістік 
кемістіктерді,  олқылықтарды  жергілікті  жерде  жоюға  және  кәсіпорындардың 
жұмысын  жолға  қоюға  кӛмектесу  үшін  басшы  және  инженер-техник 
қызметкерлердің  кәсіпорындарға  жиі-жиі  және  ұзақ  мерзімге  баруын 
қамтамасыз етуді талап етеді.  
Жергілікті  ӛнеркәсіптің  кәсіпорындарына  техникалық  басшылықты 
күшейту  айрықша  маңыз  алады.  Жергілікті  ӛнеркәсіп  халық  комиссариаты 
инженерлер  мен  техниктерді  тікелей  кәсіпорындарға  жіберу  мақсатында 
облыстық  басқармалар  мен  трестердің  аппараттарын  қайта  қарауға,  бұл  ретте 
аса маңызды учаскелерді (Қазақ руда кӛмір тресі, Шу цемент заводы, құрылыс 
материалдары  кәсіпорындары  және  басқалары)  нығайтуға  айрықша  назар 
аударуға  міндетті  екендігі  белгіленді»  [422,  300  б.].  Қарарлардан  басшылықта 
кәсіби  жағынан  шыңдалған  инженер-техниктерді  пайдалануға  ерекше  кӛңіл 
бӛліне бастағандығы айрықша байқалады. 

 
208 
Пленумда  сонымен  қатар  «жергілікті  ӛнеркәсіптің  ӛндіріс  техникасын 
меңгерген, ӛндірістік программаны орындап, ӛнім сапасын арттырған таңдаулы 
қызметкерлеріне партия және шаруашылық ұйымдары тиісінше сыйлық беріп, 
жұмыс бабында дәйекті түрде жоғарылатып отыруға тиіс. 
Жергілікті 
ӛнеркәсіп 
орындарындағы 
партия 
және 
кәсіподақ 
ұйымдарының  аса  маңызды  міндеті  –  кең  кӛлемді  бұқаралық  түсінік, 
ұйымдастырушылық  және  саяси  жұмысты  ӛрістету  негізінде  социалистік 
жарыс  пен  екпінділікке  барлық  жұмысшылар  мен  қызметшілерді,  ең  алдымен 
коммунистер  мен  комсомолдарды  толық  қамтуға  жету,  белгіленген  жұмыс 
нормалары  мен  тапсырмаларды  барша  жұрттың  орындауын  және  асыра 
орындауын  қамтамасыз  ету»  міндеттері  қабылданды  [422,  302-303  б.].  Елде, 
идеологияда,  саясатта  сталиндік  қасаң  бір  авторитет  бекіді.  Басқаша, 
альтернативті ойлау мүмкін емес еді. Сталинизмнің басты факторларының бірі 
барлық  деңгейдегі  аппарат  қызметкерлеріне  керек  болды.  Олар  қоғамдағы 
ендеген  мансапқорлыққа,  билікке  ұмтылды.  Мұндай  адамдардың  тарих 
сахнасына  келуі  ескі  интеллигенцияның  ӛкілдерін  қатты  қайран  қалдырды. 
Келесі  факторларының  бірі  –  халықтың  жұмысқа  құлқы  жоқ  бӛлігіне  қажет 
болды. Сондықтан қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, партия қарарлары 
бір  тапсырылған  шаблон  негізінде  жүріп,  рухсыздық,  бірыңғай  ойлау  ғана 
тоқтаусыз артты. Бұл қоғамның ғылыми-мәдени потенциалының белгісі болып 
саналатын адамгершілік, гуманистік үдерістердің тӛмендеуіне әкелді. 
Екінші  бесжылдық  жылдары  «Кадрлар  барлығын  шешеді!»  коммунистік 
партияның  ұраны  тек  бір  іздегі  коммунистік  рухта  тәрбиелеу  мен  дайындауға 
бағыттады.  
1935  жылғы  5-9  шілдеде  ӛткен  ВКП(б)  Қазақ  Ӛлкелік  Комитетінің 
Пленумының  қарарларында  да  «Балқаш  Құрылыс  басқармасына  Орталық 
Комитеттің  қаулысына  және  халық  комиссариатының  нұсқауларына  сәйкес 
жұмыс  нормаларын  біраз  арттыру  жағына  қарай  қайта  қарауға  кірісу,  бұл 
жұмысты  стахановшылардың,  инженер-техник  қызметкерлер  мен  цех 
бастықтарының қатысуымен жүргізіп, халық комиссариаты белгілеген мерзімде 
аяқтау тапсырылсын. ... 
9.  Риддердегі  бірқатар  инженерлер  мен  техниктердің  стахановшылар 
қозғалысына  жеткілікті  дәрежеде  басшылық  етпейтінін,  ал  кейде  тіпті  оған 
бӛгет  жасайтынын  атап  кӛрсете  келіп,  пленум  стахановтық  бригадаларға, 
учаскелерге,  цехтарға  ұдайы  кӛмек  ұйымдастыруды  және  бүкіл  жұмысқа 
бастады  түбегейлі  түрде  жақсартуды  комбинаттың  техникалық  басшылығы 
алдына аса маңызды міндет ретінде қояды. 
10.  Комбинат  дирекциясы  қорғасын  заводының  жұмысын  жақсартуға, 
барлық  агрегаттағы  техникалық  басшылықты  күшейтуге,  инженер-техник 
кадрларымен  толықтыруға,  еңбек  жағдайларын  (желдету,  арнаулы  шаралар 
және  басқалары)  сауықтыру  жолында  батыл  күрес  жүргізуге  баса  назар 
аударуға міндеттесін. 
11.  Комбинат  дирекциясына  Орталық  Комитеттің  қаулысына  және  халық 
комиссариатының  нұсқауларына  сәйкес  жұмыс  нормаларын  біраз  арттыру 

 
209 
жағына  қарай-қайта  қарауға  кірісуді,  бұл  жұмысты  стахановшылардың, 
инженер-техник  қызметкерлердің,  цех  бастықтарының  қатысуымен  жүргізіп, 
оны халық комиссариаты белгілеген мерзімде аяқтау тапсырылсын. 
Қарағанды бойынша. 
10.  Трест  дирекциясына  Орталық  Комитеттің  қаулысына  және  халық 
ағарту  комиссариатының  нұсқауларына  сәйкес  жұмыс  нормаларын  біраз 
арттыру  жағына  қарай  қайта  қарауға  кірісті  бұл  жұмысты  стаханошылардың, 
инженер-техник  қызметкерлері  мен  цех  бастықтарының  қатысуымен  жүргізу 
тапсырылсын деп қарастырылды [422, 326, 328, 330 б.]. Осындай қабылданған 
партия  қарарларынан  инженер-техник  қызметкерлердің  кәсіби  қызметін 
шыңдау,  қоғамдық-саяси  белсенділігін  арттыруға  нұсқау  беріп,  барлығын 
теңестіруге тырысқан кӛзқарас байқалады. 
Осындай  мемлекеттің  1930-шы  жылдары  жүргізген  саясатының  бірі 
стахановтық  қозғалысты  ӛрістету  болса,  1936  жылы  26-30  қаңтарда  ӛткен 
ВКП(Б)  Қазақ  Ӛлкелік  Комитетінің  пленумы  қараларында  «...кейбір 
шаруашылық 
басшылары 
мен 
инженер-техник 
қызметкерлерінің 
стахановшылар  қозғалысының  ӛте-мӛте  зор  маңызын  осы  уақытқа  дейін 
түсінбегенін және собатаждық жасау фактілеріне тиісті тойтарыс бермей, оған 
қарсы іс-қимыл жасамай отырғанын кӛрсетеді. 
Пленум  барлық  шаруашылық  басшылары  мен  инженер-техник 
қызметкерлеріне,  партия және  кәсіподақ ұйымдарының басшыларына  мынаны 
ескертеді:  «ең  алдымен,  ӛнеркәсіп  пен  транспорттың  барлық  тарауларының 
шаруашылық және инженер-техникалық қызметкерлерінің кертартпа бӛлегінің 
тарапынан  стахановтық  қозғалысқа  жасалып  отырған  қарсылықты  жою  қажет 
және  екіншіден  –  стахановтық  қозғалысты  қарсы  алатын,  бірақ  оған  әлі 
басшылық  ете  білмеген  шаруашылық  қызметкерлерінің,  инженерлер  мен 
техниктердің  бұл  қозғалысқа  басшы  болуына  барынша  кӛмектесу  қажет»  деп 
[422,  323  б.]  кӛрсетті.  Ал  1936  жылғы  21-25  маусымда  ӛткен  ВКП(б)  Қазақ 
Ӛлкелік Комитетінің Пленумында «Қазақстан темір жолдарының құрылысында 
стахановшылар  қозғалысы  жете  ӛрістетілмей  отыр  деп  есептейді.  Әрбір 
құрылыста жүздеген стахановшылар болғандығына қарамастан құрылыстардың 
басшылары,  инженер-техник  қызметкерлер  (прорабтар,  техниктер  мен 
десятниктер),  партия  және  кәсіподақ  ұйымдары  озат  жұмысшылардың 
тәжірибесін  артта  қалушыларға  үйретуді  ұйымдастырмады,  бірқатар 
учаскелерде стахановшыларша жұмыс істеу үшін жағдай әлі жасалмай отыр», - 
деп сынға алынды [422, 353 б.]. 
Алайда  партияның  қарарлары  билік  басындағыларға  бірыңғай  ізбен  жүру 
партиялық  ӛмірдегі  үлгіге  айналды.  Басқаша  альтернативті  ойлауға  жол 
берілмеді, мүмкін де емес еді.  
1920-1930-шы  жылдары  инженер-техникалық  интеллигенцияның  кәсіби, 
қоғамдық-саяси  қызметін  зерттеу  кең  кӛлемде  жүргізілген  жоқ.  Алғашқы 
жарияланған  авторлардың  мақалалары  тар  кӛлемдегі  мәселелерді  қарастырып, 
алдарына  инженер-техник  кадрлардың  кәсіби,  қоғамдық-саяси  қызметін 
зерттеуді  мақсат  етіп  қойған  жоқ.  1930-шы  жылдары  мерзімді  басылымдарда 

 
210 
жарық  кӛрген  мақалаларда  партияның  саясаты  мен  идеологиясын  жан-жақты 
насихаттауға тиіс болды. Сондықтан ол халықты алдап ұстайтын коммунистік 
тәрбие құралына айналды. Кеңес мемлекетінің басты атқаратын міндеті Сталин 
және  оны  қолдаушы  теоретиктермен  бұзылды.  Сталин  кезеңінде  жаппай 
қарақшылық  шаралары  революцияны  қорғау  үшін  емес,  халыққа  қарсы 
қолданылды. Бұл коммунизмге жету жолында Сталиннің ойлап тапқан жалған 
тап күресінің шиеленісуі деп аталатын ойлары еді.  
Соғыс  жылдарында  баспасӛзде  жарияланған  мақалалар  партия 
ұйымдарының  бар  күшін  Қызыл  әскерді  қолдауға,  фашистерді  жеңуге 
жұмылдыруы  қажет  болды.  «Барлығы  жауды  жеңу  үшін!»  «Барлығы  соғыс 
үшін!»  идеологиялық  ұрандармен  халықты  жігерлендіруге  тырысты.  1944 
жылы  5-9  сәуір  аралығында  ӛткен  Қазақстан  КП  (б)  Орталық  Комитетінің 
Пленумында  ӛнеркәсіп  жӛнінде  қаулы  қабылдап,  тӛмендегідей  негізгі 
міндеттерді шешуді қамтамасыз етуге міндеттеді: 
Ү. Ӛндіріс жӛнінде 
...Кәсіпорындарда,  жұмысшылар  мен  инженер-техник  қызметкерлердің 
ӛндірістік  кеңестері  ұдайы  ӛткізілсін,  оларда  ӛндірістік  жоспарлардың 
орындалуы  талқыланып,  алдыңғы  қатарлы  стахановшы-жұмысшылар  мен 
инженер-техник  қызметкерлердің  тәжірибе  алмасуы  ұйымдастырылсын,  озық 
жұмыс  әдістері  ӛндіріске  кеңінен  енгізілсін  -  деп  атап  кӛрсетілді.  Сталинннің 
партиялық  басшылығы  кезеңіндегі  құжаттар,  ӛндірістік  кеңестер  ӛткізіп, 
инженер-техниктердің озық жұмыс әдістерін ӛндіріске кеңінен енгізу тәсілдері 
қолданылғандығын  растайды  [423,  348-350  б.].  Соғыстан  кейінгі  жылдары 
қабылданған  партия  құжаттарында,  атап  айтқанда  Қазақстан  КП(б)  Орталық 
Комитетінің  1948  жылғы  9-11  наурыз  аралығында  ӛткен  Пленумында 
Қазақстан  партия  ұйымындағы  идеологиялық  жұмыстың  жайы  туралы  қаулы 
қабылданды. 
Онда  коммунистердің  тіпті  басшы  партия,  совет  кадрларының  бір  бӛлегі 
ӛздерінің идеялық-саяси білім дәрежесін арттыру ісімен күнбе-күн және терең 
шұғылданып  отыру  республика  партия  ұйымының  бүкіл  саяси-шаруашылық 
қызметі  үшін  орасан  зор  маңызы  бар  екенін  әлі  түсінбей  келді.  Сондықтан 
коммунистердің  едәуірі  маркстік-лениндік  оқуға  тартылмаған,  ал  партия 
тарихы мен теориясын ӛздігінен оқып-үйренушілер арасында оқудың бұл түрін 
бетке  ұстап  іс  жүзінде  ӛздерінің  теориялық  білімін  арттырумен  шұғылданбай 
жүрген коммунистер аз емес екендігі сынға алынды.  
«12. Қазақстан  КП(б) Орталық Комитетінің Бюросына, облыстық, қалалық 
және  аудандық  комитеттеріне,  интеллигенция  арасындағы  идеялық-саяси 
жұмыстың  дәрежесін  мықтап  арттыру  міндеттелсін,  бұл  жұмысты 
интелллигенцияның әр топтарының – инженер-техник қызметкерлердің ... және 
тағы басқа топтардың ерекшеліктерін ескере отырып, әр топтың тілегіне сәйкес 
ұйымдастыру міндеттелсін. 
Интеллигенция  арасындағы  саяси-тәрбие  жұмысын  ұйымдастырғанда 
буржуазитялық мәдениет, ғылым мен  техника алдында бас июшіліктің қандай 
да  болсын  кӛріністеріне  қарсы  жүргізуге  ерекше  кӛңіл  бӛлу  керек, 

 
211 
интеллигенция  бұқарасы  арасында  советтік  ұлттық  мақтаныш  пен 
патриотизмнің жоғары сезімін барынша күшейтік, интеллигенцияның бойында 
ғылымның,  техника  мен  ӛнердің  барлық  салаларында  жаңа  белеске  шығу 
талабын дамыту керек. 
17  Қазақстан  КП(б)  Орталық  Комитетінің  Бюросына  облыстық  және 
қалалық  комитеттеріне,  сондай  ақ  республикалық  саяси  және  ғылыми  білім 
тарату жӛніндегі Қоғамның басқармасына қоғамның барлық жұмысын ӛрістету 
жүктелсін.  Республиканың  барлық  облыстары  мен  ірі  қалаларында  қоғамның 
филиалдары  ұйымдастырылсын,  ...  инженер-техник  қызметкерлері  ...  тағы 
басқалары  қоғамның  мүшелігіне  тартылсын»деген  қарарлар  қабылданып, 
олардың село халқы арасында саяси және ғылыми білімдер таратуына ерекше 
кӛңіл бӛлінді. [423, 473-475]. 
Соғыстан  кейінгі  партияның  ХІХ  пленумының  қарарларда  «  ...  инженер-
техник  қызметкерлер  мен  қызметшілер  арасында  еңбек  және  ӛндіріс  тәртібін 
батыл нығайтып, жұмысқа шықпай қалуы тоқтатылсын.  
...Инженер-техник  қызметкерлерге  қалыпты  ӛндірістік,  материалдық-
тұрмыстық  және  тұрғын-үй  жағдайларын  жасау,  кәсіпорындарда  жұмыс 
күшінің  тұрақтамауын жою жӛнінде  шаралар  қолдану  талап  етілсін  [423, 481-
482 б.]. 
Бірақ  қаулылар  бұйрықтар,  нұсқаулар  түрінде  шығып,  оны  орындау 
міндеттілікке  айналды.  Ұрандар  коммунистік  партияның  саясаты  мен 
идеологиясын  насихаттау  әдісіне  айналды.  Алайда  кеңестік  тарихнамада  тек 
партияның  әділ  саясаты  ғана  кӛрсетіліп,  келеңсіздіктер,  жіберіліп  жатқан 
кемшіліктер кӛрсетілмеді. 
Соғыстан  кейін  идеологиялық  жұмыс  тіптем  жандана  түсті.  Ғалым  Г.Ф. 
Дахшлейгер  1950-ші  жылдары  жарық  кӛрген  еңбегінде  1930-шы  жылдардағы 
ірі құрылыстардың бірі Түрксіб теміржолының құрылысы болса, онда да жаңа 
ӛндіріс  тәсілдері  мен  механизациялауды,  ӛнертапқыштық,  рационализаторлық 
ұсыныстарды  ендіруге  инженерлер  мен  техниктердің  атсалысқаны  жайлы 
жазады.  Автор  1930  жылдың  сәуірінде  бір  топ  инженерлер  мен  техниктердің 
ұсынысы  бойынша  техминимум  апталығы  ӛткізіліп,  жұмысшылардың 
техникалық  сауаттылығы  деңгейін  арттыруға  арналған  дәрістер,  әңгімелер, 
тәжірибелік  сабақтар  ӛткізілгендігін  саралаған  [323,  84  б.].  Бүкілресейлік 
Орталық Атқару Комитеті мен РФСКР Халық Комиссариаты Кеңесі 1930 жылы 
1  мамырда  «Түркістан-Сібір  темір  жолының  ашылуы»  жӛнінде  арнайы  қаулы 
қабылдап,  онда  Үлкен  қиындықтарға  қарамастан,  Түрксіб  алып  жаңа 
құрлыстардың  бірі  ретінде  аяқталып  жатыр  деп  баяндалып,  Түрксіб 
құрылысының  жетістігі  жұмысшылар  мен  инженер-техникалық  күштердің 
жігерлігі мен шығармашылық энергиясының арқасында жүзеге асқандығы атап 
кӛрсетілді.  Бүкілресейлік  Орталық  Атқару  Комитеті  мен  РФСКР  Халық 
Комиссарлар Кеңесі қаулы шығарып, Түрксіб құрылысында кӛрсеткен ерекше 
күш-жігері ескеріліп, барлық жұмысшылар мен инженер-техникалық күштердің 
құрылыс ұжымын Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтағандығы да еңбекте атап 
кӛрсетілген [323, 91 б.]. 

 
212 
Қазақстанның  соғыс  жылдарындағы  тарихын  зерттеген  Ғ.  Әбішев 
инженерлер,  техниктер,  конструкторлар,  мастерлер,  ӛндіріс  жаңашылдарының 
мыңдаған  рационализаторлық  ұсыныстар  енгізіп,  еңбекті  ұйымдастырудың 
жаңа  тәсілдерін  тауып,  станоктар  мен  ӛндіріс  құрал-жабдықтарын  қолдануды 
жетілдіргендігін 
жазады. 
Демек, 
автордың 
кӛзқарасы 
бойынша 
рационализаторлық пен ӛнертапқыштық түсті металлургиядағы технологиялық 
үдерістерді  жақсартып  және  жетілдіруде  үлкен  маңызға  ие  болып,  ӛнім 
шығаруды  ұлғайтуға  және  миллиондаған  сомды  үнемдеуге  мүмкіндік  берген. 
Соғыс жылдарында Қазақстан инженер-техникалық интеллигенциясы кӛптеген 
қызықты  және  ӛзіндік  ерекшеліктері  бар  ӛнертапқыштық  ұсыныстар  жасаған 
[267. 96-97 б.].  
Қазақстан  ғылыми-техникалық  интеллигенциясының  кӛрнекті  ӛкілдерінің 
бірі  –  М.М.  Меңдіқұлов  Қазақстанда  тұңғыш  рет  сәулет  ӛнері  тарихы,  оны 
дамытудағы  техникалық  интеллигенцияның  рӛлі,  кәсіби  қызметі  жайлы 
«Архитектура  Казахстана»  деп  аталатын  ғылыми  еңбегінде  жан-жақты  ашып 
кӛрсетеді (Алматы, 1959). 
1960-шы  жылдан  бастап  тарихшылар  зерттеп  отырған  мәселе  тӛңірегінде 
тек  табыстар, екпінділер  жайлы  баяндап,  теориялық-методологиялық  жағынан 
алып  қарағанда  философтар  мен  әлеуметтанушы  ғалымдар  «инженер-
техникалық  интеллигенцияның  әлеуметтік  мәнін»  ашып  кӛрсетуге  тырысты 
[424].  
Ж. Қарағұсов Қазақстан интеллигенциясы жаңа құнды рационализаторлық 
ұсыныстарды  ӛндіріске  ендіру,  ӛнеркәсіп  ӛндірісінің  технологиялық 
үдерістерін  жетілдіру  нәтижесінде,  ӛндіріс  күшін  тиімді  пайдалана  отырып, 
жіберілген  шығындарды  үнемдеп,  еңбек  ӛнімділігін  арттыруға  үлкен  үлес 
қосты деп қорытындылайды [3, 110-111 б.].  
Автор  жұмысшылардың  біліктілігінің  үздіксіз  артуы,  білімдік  деңгейінің 
ӛсуі,  еңбек  ӛнімдімділігін  арттырып,  ӛндіріс  мәдениетін  арттыруға,  жұмысшы 
мен инженер-техникалық қызметкерлер, ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы 
айырмашылықтарды жойып жақындастыра түсті деп саралайды [3, 112 б.]. 
Осы  жылдары  М.  Малыбаев  еңбегінде  кең  кӛлемдегі  фактілік 
материалдарды  пайдалана  отырып,  Қазақстан  партия  ұйымдарының  ауыр 
ӛндірістің  негізгі  салаларының  бірі  болып  есептелетін  –  кӛмір ӛнеркәсібіндегі 
ӛндірістік-техникалық  кадрларды  қалыптастырудағы  қызметіне  тоқталады. 
Ресми  методология  тұрғысында  жазылғандықтан,  Коммунистік  партияның 
қамқорлығы  арқасында  қазақ  инженер-техникалық  интеллигенциясының  кадр 
мәселесі шешілді деген пікір білдіреді. 
1932  жылғы  6  тамыздағы  Қазақстан  Орталық  Атқару  Комитетінің  ІІІ 
сессиясының  қаулысында республикадағы  социалистік  құрылысқа  қорытынды 
жасай отырып, Украинаның туысқандық кӛмегіне де жоғары баға берілгендігін 
атап  ӛтеді,  онда  «Қазақ  ССРі  мен  Кеңестік  Украинаның  туысқандың  мәдени 
байланыстарының дамуы мен нығаюының маңызды мәдени-саяси мәні бар, оң 
тәжірибе»,  -  деп  кӛрсетілгендігін  жазады.  Қарағанды  кӛмір  бассейнінде 

 
213 
жұмысшылар  мен  инженерлердің  бригадаларын  тәжірибе  алмасуға  жіберіп 
отыру жүзеге асып отырғандығын да саралаған [133, 125 б.]. 
Еңбекте сонымен қатар Ленинградтың партия және кеңес ұйымдарының да 
Қазақстанда  ерікті  түрде  тұрақты  және  уақытша  жұмыс  істеу  үшін  кӛптеген 
маманданған ӛнеркәсіп кадрларын ұйымдастырғаны жайлы да мәлімет бар.  
Қазақстандағы  кәсіподақтардың  кеңестік  дәуірдегі  тарихын  зерттеген 
ғалымдар  А.  Ахметов  пен  М  Кузьмин-Закс,  А.  Рахимовтар  иделогияланған, 
ішкі қайшылықтарға толы кәсіподақтардың қызметін кӛрсеткенімен, инженер-
техникалық  қызметкерлердің  кәсіподақтардағы  белсенділігін  арттыруды 
әлеуметтік  факторлармен  байланыстырды.  Мұнай  ӛндіріс  орындарында 
ұжымдық келісімдермен қатар пәтермен, ауыз сумен қамтамассыз етудің 1920-
1921 жылдары біраз қалыпқа келгендігін жазады [425, 32-33 б.]. Авторлардың 
еңбегінде,  1920-шы  жылдардың  басында  Риддердің  жұмысшылары  мен 
инженер-техникалық қызметкерлері Риддердегі жұмыстарды қалыпқа келтіріп, 
1922 жылы КСРО-ғы бірінші тәжірибелік электролиттік қондырғыны орнатып, 
электролиттік цинк алып, құрамында алтыны бар кварциттерден алтын ӛндіруді 
бастап, одан 80 пайыздан артық алтын ӛндіргендігі кӛрсетілген [425, 38-39 б.]. 
Авторлардың пікірі бойынша кәсіподақ ұйымдары ӛнеркәсіптегі еңбекшілердің 
саяси  және  еңбек  белсенділіктерін  арттыру  мақсатында  үгіт-насихат,  дәрістер 
оқу,  үндеулер  тарату  мен  сенбіліктерге  қатысу  жұмыстарын  ұйымдастырған. 
Ерен  еңбектері  үшін  еңбек  ері  атақтарын  берумен  қатар,  грамоталармен, 
сыйлықтармен ынталандыру түрлері болғандығын атап кӛрсетеді.  
Ғалымдардың  пікіріне  жүгінсек,  жұмысшыларға  техниканы  игеруде 
инженерлер  мен  техниктер  үлкен  кӛмек  кӛрсеткен.  1931  жылы  Қазсовпроф 
жанындағы инженер-техникалық қызметкерлердің одақаралық бюросы шартты 
түрдегі  «техникалық  оқу  заемын»  шығарған.  Онда  оқуға  кететін  жұмыс 
сағаттарының  шығыны  кӛрсетілген.  Осы  заемға  жазылуда  республикадағы 
әрбір маман жұмысшыларды оқытуда 200 сағаттан кем емес кӛлемде жүргізуге 
міндеттеме  қабылдады.  Инженер-техникалық  қызметкерлер  ӛндіріс  үдерісі 
барысында  жұмысшыларға  күнделікті  кӛмек  кӛрсетіп,  рационализаторлық 
шараларды жасап, оларды ендіруге басшылық танытқан [425, 56-57 б.]. 
Авторлардың келесі пікірлерінің бірі «1930-шы жылдары техниканы игеру 
мен шаруашылық есепті ендіру социалистік жарыс пен екпінділікті жаңа сатыға 
кӛтеруінде  деп  есептеп,  басқа  да  зерттеушілер  сияқты  жарыстың  жаңа 
түрлерінің  бірі  –  шаруашылық  есептегі  бригадалардың  құрылуында  екендігін, 
Қазақстанда бірінші болып шаруашылық есепке Жезқазғанның, Қазақ теміржол 
құрылысы  бригадалары  мен  Алматы  мен  басқа  қалалардың  екпінді 
бригадалары  қатысып,  кәсіподақ  ұйымдары  тұрақты  кӛмек  кӛрсету  үшін, 
арнайы экономистерді оларға кӛмекке бӛліп отырды деген ойын білдіреді [425, 
66-67  б.].  Еңбек  маркстік  рухта  жазылғандықтан,  «стахановтық  жаңашылдық 
қозғалыстың» пайда болуын социализм жеңісімен, еңбекшілерді қанаудан азат 
етілуімен байланыстырады. 1935 жылдың қарашасынан бастап, Казсовпрофтың 
республиканың  әр  облыстарына  кәсіпорындар  мен  құрылыста  стахановтық 

 
214 
қозғалысты  таратуда  кӛмек  кӛрсету  үшін  басқарушы  қызметкерлердің 
бригадаларын жібергендігін жазады [425, 77-78 б.]. 
Зерттеушілер  ұзаққа  созылған  ауыр  соғыс  халық  шаруашылығының 
барлық  салаларына  үлкен  қиындықтар  әкелді.  Бірақ  осындай  қиындықтарға 
қарамастан,  кәсіпорын  басшылары,  жұмысшылар,  инженер-техникалық 
қызметкерлер  мемлекеттік  тапсырмаларды  артығымен  орындады.  1942  жылғы 
наурызда  Құлсары  мұнай  кәсібіндегі  мұнай  ӛндіруден  мемлекеттік  жоспарды 
орындамағандар  арасында  кәсіподақтың  жұмысшылар  болса,  ал  инженер-
техникалық  қызметкерлер  социалистік  жарысты  іскерлікпен  жүзеге 
асырғандығын  жазады.  Авторлар  бұқаралық-саяси  жұмыстардың  күшеюі 
нәтижесінде  инженерлер  мен  техниктердің  және  жұмысшылардың  мұнай 
ӛндірудегі 
мемлекеттік 
тапсырмаларды 
орындау 
жауапкершілігінің 
артқандығын  саралайды.  «Жаңа  құбырлар  береміз!»,  «Мұнай  ӛндіруді 
арттырамыз!»  ұрандарымен  ұжымдардағы  социалистік  жарыс  ӛрістеді  [425, 
104-105 б.].  
1942 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің Қазақ 
ССР  Түсті  Металлургия  кәсіпорындарында  рационализаторлық  пен 
ӛнертапқыштық  қозғалысты 
дамыту 
туралы 
қаулысында  ӛндірістің 
стахановшы-жаңашылдары, 
Қазақстан 
түсті 
металлургиясының 
рационализаторлары  мен  ӛнертапқыштары  соғыс  басталғаннан  бергі  кезеңде 
технологиялық  процесті  жақсарту  мен  жетілдіру  жӛнінде  зор  жұмыстар 
жүргізгенін,  кӛптеген  бағалы  ұсыныстар  енгізгенін,  соның  нәтижесінде  ӛнім 
шығару  едәуір  ұлғайғанын  және  мемлекетке  миллиондаған  сом  үнем 
жасалғанын атап кӛрсетеді. 
Авторлар  соғыстан  кейінгі  уақытта  ӛнеркәсіпті  қалыпқа  келтіріп  және 
дамытуда  кәсіподақтардың  маңызды  орын  алатындығын,  1946  жылы 
жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  700  мыңы  кәсіподақ  қатарында 
болғандығын дәлелдейді [425, 121 б.].  
Зерттеушілер 
соғыстан 
кейінгі 
жылдары 
инженер-техникалық 
интеллигенцияның 
идеялық-саяси 
жұмыстарының 
тарихнамасында 
Қазақстанда  ӛнеркәсіп,  кӛлік  және  құрылыста  жұмысшылар,  инженер-
техникалық  қызметкерлер  арасында  социалистік  жарыстың  мамандықтар 
арасында  жүргізілуі  кең  қолдау  тапқандығын  айтады  [425  128-129  б.]. 
Қазақстан  кәсіподақ  ұйымдары  ұжымдық  келісімдер  жасауға  арналған 
жиналыстарға  жүз  мыңдаған  жұмысшылар  мен  инженерлер,  техниктер, 
қызметкерлер қатысқандығын айта келіп, 1949 жылы Ақтӛбе облысы бойынша 
екі  айдың  ішінде  мыңдаған  ұсыныстар  енгізіліп,  олардың  кӛпшілігі  еңбек 
ұйымдастыруды  жақсарту,  ауыр  еңбекті  механизациялау,  технологиялық 
үдерістерді  жетілдіру,  техникалық  қауіпсіздікті  жақсартуға  негізделгендігін 
жазады.  
Ғалымдар Х. Бисенов пен Р.Б.Сулейменовтар кешегі шахтерлер Қылышев, 
Абсолямов,  Күзембаев,  Дарібеков,  Рақышев,  Кирбасов  т.б.  бұрынғы  сауатсыз 
малшы-кӛшпелілер,  кеңестік  кезеңде  сауатсыздықты  жою  мектептерінде,  тау-
кен  шеберлерін  даярлайтын  курстарда  білім  алып,  білікті  қызметкерлер, 

 
215 
бригада  мен  учаске  басшыларына  айналды.  Ерен  еңбектері  үшін  ордендермен 
марапатталып,  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаттары  болып  сайланды 
деген деректерді келтіреді [5, 196-197 б.].  
Маулетов кейін Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, забойда 
жұмыс  істеп,  1939  жылы  Донецк  тау-кен  институтын  аяқтайды.  Осындай 
жолды  Ф.  Серғазиннің  де  жүріп  ӛткендігін,  1936  жылы  Москва  тау-кен 
институтын  аяқтағандығын  жазады.  Авторлар  соғыстан  кейінгі  жылдары  ол 
кӛмір  ӛнеркәсібі  Академиясының  тыңдаушысы,  «Ленинкӛмір»  тресінің 
басқарушысы,  облыстық  атқару  комитеті  тӛрағасының  бірінші  орынбасары, 
Қазақстан  Коммунистік  партиясы  Қарағанды  облыстық  комитетінің  хатшысы 
қоғамдық қызметтерін атқарғандығын саралайды [5, 197 б.]. 
1960-шы  жылдардың  соңында  Қазақстандағы  социалистік  құрылысқа 
белсенді  түрде  қатысушылардың  естеліктері  жарық  кӛрді  [426].  Еңбекте 
республиканы  индустриализациялауға  қатысқан  бір  топ  жұмысшылар, 
инженер-техникалық  қызметкерлердің:  Қарсақпай  мыс  қорыту  заводының 
бірінші директоры И.В. Деевтың, Түрксіб құрылысына қатысқан Д.О. Омаров,                  
В.С. Шатов, М. Қазыбековтың, атақты шахтерлер Т. Күзембаев, Балқаш тау-кен 
комбинатының 
құрылысына 
қатысқан 
инженерлер 
М.К. 
Бегалиева,                             
Қ. Қадыржанов, мұнайшылар К.Б. Бегалиев, С. Ӛтебаевтың, Риддер полиметалл 
комбинатының директоры Ю.Н. Свядощ, т.б. естеліктері берілді. Тарихнамада 
бұл естеліктерден инженер-техникалық қызметкерлердің түрлі қоғамдық-саяси 
жұмыстарға  белсенді  түрде  қатысуы,  науқаншылдық  сипат  алғандығы 
байқалады.  
1972-ші  жылы  жарық  кӛрген  еңбектерінің  бірінде  ғалым  М.  Арғынбаев 
соғыстан  кейінгі  бесжылдықтарда  «Правда»  газеті  Қазан  тӛңкерісінің  30 
жылдық  мерейтойы  қарсаңында  республикамыздың  әртүрлі  аймақтарында 
жылдық  жоспарды  мезгілінен  бұрын  орындау  жӛнінде  міндеттеме  қабылдап, 
белсенділік  танытқандығын  жиі  жариялап  отырғандығын  жазады.  Мысалы 
Матай  станциясындағы  депоның  аға  машинисі  Мұхтар  Қаптағаев  Түрксібтің 
үздік  механигі  ретінде  ӛз  бригасымен  алған  міндеттемесін  7  қазанға  дейін 
орындау  жӛнінде  уәде  бергендігін  айтады.  1970-ші  жылдары  түрлі  айтулы 
даталардың  қарсаңында  міндеттемелер  қабылдап,  бастама  кӛтеру  әдетке 
айналды.  Оны  әр  мекеме,  кәсіпорын  еңбеккерлерінің  қолдау  кӛрсетуі  міндетті 
болғандығын байқаймыз[427, 113 б.]. 
Ғалым  Б.Н.  Әбішева  инженер-техникалық  интеллигенцияның  1965  жылы 
экономикалық  білім  беруді  насихаттаудың  бұқаралық  кеңінен  дамыған  халық 
университеттері, семинарлар, курстар, шеберлер мектебі, экономикалық талдау 
мектептері  жұмыстарына  араласқандығын  зерделеген.  Мысалы,  Қарағанды 
металлургиялық  заводында  цех  пен  бӛлім  басшыларына  арналған  нақты 
экономиканы  оқып  үйрену  үйірмесі  құрылып,  экономистер,  жоспарлаушылар, 
бухгалтерлер,  еңбек  пен  жалақы  бӛлімдері  қызметкерлері  мен  инженер-
техниктер үшін экономикалық семинарлар ӛткізілгендігі жайлы жазады.  
Ал,  Жезқазған  тау-кен  комбинаты  кәсіпорындарында  техникалық 
прогрестің  екі  университеті  құрылып,  ӛндіріс  экономикасы  бойынша  тұрақты 

 
216 
семинарлар  ӛткізіліп,  алдыңғы  қатарлы  еңбек  әдістерінің  ондаған  мектептері 
құрылып  оған  мыңнан  астам  инженерлер,  техниктер,  экономистер, 
бухгалтерлер,  шеберлер  мен  жұмысшылар  қамтылғандығы  ашып  кӛрсетілген 
[275, 182-183 б.]. Автор ӛнеркәсіп орындарында экономикалық конференциялар 
мен экономикалық білім берудің халық университеттері кеңінен дамығандығын 
айтады.  Қарағанды,  Теміртау,  Шахтинск,  Саран  және  Абай  ӛнеркәсіп 
орындарының  шахталары,  құрылыстарының  орта  буын  қызметкерлері  үшін 
НТО-ның облыстық кеңесінің техниктер үйінде экономикалық білім берудің екі 
жылдық  халық  университеттері  ұйымдастырылғандығын да  жазады.  Оның үш 
факультетінде  300  учаске  басшылары,  шахталардың  инженерлері,  прорабтар, 
экономика саласы қызметкерлері оқығандығы жӛнінде мәлімет береді [275, 184 
б.].  
Кӛмір  ӛнеркәсібі  мен  құрылыстың  басшыларының  біліктілігін  арттыру 
үшін Политехникалық институт жанынан экономикалық курстар ашылып, онда 
1965 жылы 140  басқарушылар мен бӛлім, трест басшылары, шахталардың бас 
инженерлері  мен  экономистері  және  құрылыс  басқармасының  60  басшылары, 
бас  инженерлері,  экономистері  оқығандығы  жайлы  мәліметтерді  келтіреді. 
Зерттеуші 
мамандарың 
экономикалық 
оқуларға 
деген 
ынталығы 
кәсіпорындардың жоспарлау мен экономикалық ынталандырдың жаңа жүйесіне 
кӛшуімен байланысты деп түсіндірді [275, 184 б.].  
Еңбекшілердің  саяси  саналылығын  арттырып,  ғылыми-техникалық  және 
экономикалық  білімін  тереңдетуде  үгіт-насихат  жұмыстарының  дәрістер, 
кеңестер,  сұрақ  жауап  кештері  түрлері  кеңінен  қолдау  тауып  отырғандығы 
баяндалады [275, 186-187 б.].  
Автор 
инженер-техникалық 
интеллигенцияның 
бұқаралық-саяси 
жұмыстарының  басқа  да  түрлері  қарастырылғанын,  құрылыста  қоғамдық 
байқаулар мен еңбекті ұйымдастыруды тексеру рейдтері, социалистік меншікті 
сақтау, 
техниканы 
пайдалану, 
социалистік 
міндеттемені 
орындау, 
жаңашылдардың  тәжірибесін  жинақтап  және  ендіру,  жастар  кештері  ӛткізіліп, 
ұжымдық  жорықтар,  экскурсиялар  ӛткізу  әдетке  айналғандығын  саралайды. 
Шымкент  қорғасын  заводы  үгітұжымының  құрамында  200  адамнан  тұратын 
ӛндіріс  озаттары,  инженер-техникалық  қызметкерлер,  қоғамдық  белсенділер 
болғандығын  айтады.  Инженер-техникалық  қызметкерлердің  идеологиялық 
жұмыстары  коммунистік  құрылыс  барысында  жүргізілу  керектігі  жайындағы 
кӛзқарас айдан анық. Автордың кӛзқарасынан істеліп жатқан саяси шаралардың 
барлығы коммунистік сананы қалыптастыруға, еңбекке коммунистік қатынасты 
бекітуге бағытталғандығын аңғаруға болады [275, 190-191 б.]. Еңбектің ресми 
методологияда 
жазылғандығына 
қарамастан, 
сол 
кезеңдегі 
ғалым 
тарихшылардың  кӛзқарастарымен  үйлесіп,  жарқын  болашақты  коммунизм 
орнатудан кӛріп, барлық күш жігерді соған қарай бағыттады. 
Рационализаторлар  мен  ӛнертапқыштар  кӛзғалысы  инженер-техникалық 
интеллигенцияның 
да 
техникалық 
шығармашылығының 
дамуының, 
техникалық  прогрестің  жеделдеуіне,  еңбек  ӛнімділігін  арттыруға  ықпал  етті. 
Мемлекет  кемелденген  социализм  жағдайында  ӛнертапқыштар  мен 

 
217 
рационализаторлардың Бүкілодақтық қоғамын (ӚРБҚ) құрды. Осы мәселе Б.Н. 
Әбішева  еңбегінде  жан-жақты  қарастырылған.  Автордың  пайымдауынша, 
ӛнертапқыштар  мен  рационализаторлардың  қозғалысының  маңыздылығы 
сонда,  бұл  коммунизмнің  материалдық-техникалық  базасын  жасаудағы 
жетістік.  Әрбір  инженер-техникалық  интеллигенцияның  шығармашылық 
жұмыспен  айналысуна  жағдай  жасалғанымен,  шын  мәніне  келгенде  оның 
жүзеге асуы кӛптеген сатылардан ӛтуі тиіс болғандықтан оңай болған жоқ. Бұл 
мәселе автор еңбегінде назардан тыс қалған. Тек табыстан-табысқа жету жағы 
кӛрсетілді  [275,  226-227  б.].  Инженер-техникалық  қызметкерлердің 
жетіжылдық  жылдарында  техникалық  шығармашылығының  ерекшелігі  оның 
ұжымдық  сипатта  болуында.  Ғалым  Б.Н.  Әбішева  еңбегінде  осы  мәселеге 
қатысты,  ұжымдық  еңбектің  кеңінен  тараған  түрі  шығармашылық 
ынтымақтастықтың  кешенді  бригадалары  болғандығы  кӛрсетілген.  Автор 
олардың  пайда  болуы  ӛндірісті  рационализациялаудың  күрделі  мәселелерін 
шешуде  әртүрлі  мамандықтағы  жұмысшылар  мен  инженер-техникалық 
қызметкерлердің  қатысуымен  тығыз  байланысты  екендігін  пайымдайды.  Олар 
кешенді  жоспарларды  жүзеге  асырып,  нақты  міндеттемелер  қабылдап, 
ӛндірістік мәселелерді ұжымдық түрде шешкендігі де сараланған. 
Республикада  қоғамдық  конструкторлық  бюролар,  экономикалық  талдау 
бюросы,  қоғамдық  негіздегі  экспериментальды  лабораториялар,  ғылыми-
техникалық  қоғамдар  (ҒТҚ)  да  кеңінен  дамып,  оның  жұмысына  инженер-
техникалық қызметкерлердің атсалысқаны зерделенген [275, 232-234 б.]. 
1970-1980 жылдары Қазақстан Компартиясы ӛзекті мәселелеріне арналған 
бірнеше монографиялар баспадан шықты [428]. Бұл еңбектерде біз қарастырып 
отырған  мәселелер  қарапайым  ғана  орын  алған.  Классиктердің  еңбектері  мен 
партия  құжаттарына  сілтемелер  беріліп,  тарихнамада  олардан  ерекше 
айтарлықтай жаңалықты  күту  қиын  еді.  Зерттеулер  партияның рӛлін  кӛрсетіп, 
коммунистік идеологияны насихаттауға бағытталды.  
1970-ші жылдары Н.Р. Жағыпаровтың, А. Абдакимовтың диссертациялары 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияны 
Қазақстанда 
дайындау 
мен 
тәрбиелеуде  Коммунистік  партияның  қызметі  мен  басшылық  рӛліне  арналды 
[141].  Партияның  мамандарды  даярлауда  тәжірибесі  мол,  әсіресе  ұлттық 
республикаларда  үлкен  маңызға  ие  болды.  Н.Р.  Жағыпаров  одақтас 
республикаларда  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  пайда  болуы 
лениндік ұлт саясатының нәтижесінде іске асып отыр деп атап кӛрсетеді [141]. 
Еңбек партия  тарихына  арналғандықтан,  идеологияланып,  жан-жақты  ғылыми 
талдау бере алмады. 
Ш.  Құсанова  социалистік  жарыс,  міндеттеме  қабылдау,  еңбек  ӛнімділігін 
арттыру  барысында  «Бесжылдықтың  шешуші  жылында  бағдарламаны 
орындауды  қамтамасыз  етеміз!»,  «Барлық  ішкі  мүмкіндіктеріміз  бен 
ресурстарымызды пайдаланамыз!»  т.б. сияқты ұрандар акциялар ӛткізу  әдетке 
айналғандығын  айтады.  Әсіресе  ӛнертапқаш  инженер-механик  А.  Капранов 
есімі  респуликадан  тыс  жерлерде  белгілі  болғандығын  мақтанышпен  еске 
алады [357, 116-117 б.].  

 
218 
Тарихнамада Т. Ибраев. [429], А.Ержанов [282], К.Е. Темірғалиев [430] т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде инженер-техникалық интеллигенцияның партиялық 
саяси-ағарту  жүйесінің  ең  жоғарғы  басқышы  -  кешкі  марксизм-ленинизм 
университеттерінде  марксизм-ленинизм  классиктерінің  еңбектері,  партия 
тарихы,  философия,  саяси  экономия  пәндерінен  дәрістер  тыңдап,  теориялық 
дайындықтардан  ӛтіп,  насихат  жұмысын    жүргізе  алу  деңгейіне  жеткендігі 
сараланған.  Инженер-техникалық  интеллигенция  ӛкілдерінің  әлеуметтік 
белсенділігінің  артуы  партиялық  басшылыққа  байланысты  деп  дәріптейді. 
Еңбектерде идеологиядан тысқары ештеме жазылмады.  
М.  Құнантаев  еңбегі  ресми  методология  тұрғысында  жазылғандықтан, 
партия  қатарына  инженер-техник  қызметкерлерді  алуда  тек  ӛндіріс  озаттары 
болуы  керектігі  талаптары  қойылғандығын  ажыратып  кӛрсетеді.  Мысалы 
Шымкент қорғасын заводында 398 коммунистердің 209- жұмысшылар және 97 
–  инженер-техникалық  қызметкерлер  екендігі  жӛніндегі  фактілер  келтіреді 
[431, 41 б.].  
1950-ші  жылдың  1  қаңтарындағы  мәлімет  бойынша  комсомолдың 
құрамында  сапалық  ӛзгерістердің  болғандығын  жазады.  Республика 
ӛнеркәсібінің  одан  дамуы  комсомол  ұйымының  құрамына  әсер  етті  дей  келе, 
комсомол  инженерлер  мен  техниктердің  саны  үш  есе  артқандығын  атап  ӛтеді 
[431, 43 б.]. 
1977 жылы жарық кӛрген Р.Кенбаевтың «Люди медного гиганта» еңбегі де 
сол кезеңдегі саяси идеологиялық талаптарға сәйкес, Балқаш комбинатындағы  
инженер-техникалық  қызметкерлердің  міндетті  түрде  партия  қызметкері 
болуына талап қойылғандығы сараланған [432, 15 б.]. 
Энергетика,  құрылыс  индустриясы,  тау-кен  ӛндірісі,  жеңіл,  тамақ,  кӛмір, 
химия,  мұнай  ӛнеркәсіптері  мен  қара  және  түсті  металлургия  саласындағы 
партиялық  басшылық  пен  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  атқарған 
қызметі  С.Атауов  [433],  Ю.А  Романов  [337],  А.В.  Соловьев  [434],  К.Е. 
Теміргалиев  [430],  В.Г.  Толкачев  [43],  Д.А.  Шаймұханов  [334],  С.Б. 
Нұрмухамедов , Н.Г. Пан [358] т.б. кітаптарымен шықты. Зерттеулердің арнайы 
тарихнамалық деректік маңызы болып, партиялық принципке мән бергендігіне, 
мәселені  зерттеуде  пікірталастардың  жоқтығына  қарамастан,  ӛндірістік-
техникалық  интеллигенцияға  мемлекет  тарапынан  жасалған  партиялық 
басшылық  жайлы  кӛлемді  мәліметтер  алуға  болады.  Зерттеуші  С.  Атауов 
КОКП Орталық Комитеті заводтардың цехтық партия ұйымдарын басқару үшін 
12  жұмыстан  босатылған  секретарды  жібергендігін,  20  жоғары  маманданған 
инженерлер  мен  техниктерді  басшылық  қызметтерге  жібергендігін  жазады 
[433, 50 б.].  
Қазақстандағы 
электрификациялау 
тарихын 
зерттеген 
ғалым                       
Ю.И.  Романов  монографиялық  зерттеу  еңбегінде  жұмысшылар  мен  инженер-
техникалық  қызметкерлер  соғыс  жылдары  агрегаттардың  тоқтаусыз  жұмыс 
істеуіне ӛнертапқыштық, тапқырлық танытуы үлкен табыс әкелді деп есептейді. 
Жұмысшылар  мен  инженерлер  рационализаторлық  және  ӛнертапқыштық 
қызметі  отын-электр  энергиясын  үнемдеуге  еңбек  шығынын  азайтып,  оның 

 
219 
ӛнімділігін  арттыруға,  ӛте  қажет  таптырмайтын  материалдарды  жергілікті 
ресурстармен  алмастырып,  құралдардың  тиімділігі  мен  үнемділігін  арттыруға 
бағытталды деп пайымдайды зерттеуші Ю.И. Романов. Автор осы мәселелерді 
шешуге  шығармашылықпен  қараған  жұмысшылар  мен  инженер-техникалық 
қызметкерлер соғыс жылдары жүздеген рационализаторлық ұсыныстар жасап, 
электростанциялардың  жұмыс  мазмұнына  жаңалықтарды  енгізгендігін  де 
пайымдайды. Зерттеуші Балқаш Жылу электр орталығының инженерлері 1942 
жылдың  басында  шаң  кӛмір  қондырғыларын  қалыпқа  келтіріп,  атмосфераға 
шығатын  кӛмір  шаңдарын  шығаруды  азайтып,  кәсіпорын  үшін  жыл  сайын                
15  мың  тонна  кӛмір  немесе  1  млн.  сом  үнемдегендігі  жайлы  деректерді 
келтіреді [337, 202-203 б.]. 
Лениногор  қорғасын  заводының  бас  инженері  Симаков  жолдастың 
инициативасы  бойынша  металдық  сурьма  мен  жоғары  маркалы  кадмий  алу 
игерілгендігі  сараланды.  Ю.И.  Романов  «тарихнамада,  деректануда  мемлекет 
тарапынын  Қазақстанның  түсті  металлургия  кәсіпорындарында  қорғаныс 
қажетіне  түсті  және  сирек  металдарды  ӛндіруді  ұлғайту  үшін  заводтардағы, 
фабрикалар  мен  кеніштердегі  күллі  резервтер  мен  мүмкіндіктерді  барынша 
жұмылдыруға  бағытталған  рационализаторлық  пен  ӛнертапқыштықты  кеңінен 
енгізуге ерекше саяси-шаруашылық маңыз берілді»,- дейді. Соған байланысты 
Қазақстан КП(б) Орталық Комитеті қаулы етеді: 
2.  Социалистік  жарысты  кең  ӛрістету,  рационализаторлық  пен 
ӛнертапқыштықты  жаппай  енгізу  –  аса  маңызды  міндеттердің  бірі  ретінде 
партия,  комсомол,  кәсіподақ  ұйымдарының,  кеншілердің,  байытушылардың, 
металлургтердің, 
жаңашыл-стахановшылардың, 
рационализаторлардың, 
ӛнертапқыштардың, 
республика 
түсті 
металлургиясының 
барлық 
жұмысшыларының, инженер-техник қызметшілерінің алдына қойылсын. 
3.  Жаңа  техникаға  немқұрайдылықпен  қарауға  қарсы  батыл  күрес 
жүргізілсін. Таңдаулы рационализаторлар мен ӛнертапқыштардың тәжірибесін 
жүйелі  түрде  кӛпшілікке  жария  ете  отырып,  осы  мәні  терең  патриоттық 
қозғалысқа  инженер-техник  қызметкерлердің,  озат  маман  жұмысшылардың 
басым бӛлегінің қатысуына қол жеткізілсін. 
5.  ...Түсті  металлургияның  кәсіпорындары  мен  ғылыми  мекемелерінің 
директорларына, 
бас 
инженерлеріне, 
техникалық 
басшыларына 
кәсіпорындардың  жұмыс  ерекшелігі  мен  жағдайына  қарай  рационализаторлар 
мен  ӛнертапқыштардың  жұмыс  істеуі  үшін  нақты  тақырыптарды  анықтау 
ұсынылсын. 
6. Қазақстан түсті металлургиясы кәсіпорындарындағы жұмыс тәжірибесін 
алмасу және ондағы рационализаторлар мен ӛнертапқыштардың қатарын одан 
әрі  кӛбейту  мақсатымен  1942  жылдың  июль  айында  Алматы  қаласында 
рационализаторлар  мен  ӛнертапқыштардың  Қазақстан  түсті  металлургия 
кәсіпорындарының  бас  инженерлерімен  бірлескен  кеңесі  ӛткізілсін»,  -  деген 
қарарлардың негізге алынғандығына тоқталады [337, 262-264 б.]. 

 
220 
Байқап 
отырғанымыздай, 
рационализаторлық, 
ӛнертапқыштық 
жұмыстарды  ұйымдастырып,  оны  ӛндіріске  кеңінен  енгізуде  инженер-
техникалық қызметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктелген. 
Инженер-техникалық  қызметкерлердің  қоғамдық  саяси  қызметтерінің  бір 
бағыты партия ұйымдарына ӛту қызметіне байланысты болды. Оны 1942 жылы 
Қазақстан  партия  ұйымдары  партия  мүшелігіне  кандидаттыққа  296  инженер 
және  техник  бар  екендігі,  және  оларды  партияға  алуға  ерекше  кӛңіл  бӛліну 
қажеттігі тапсырылды [337, 287-289 б.]. 
Партияның  ғылым  мен  техникалық  үдерістің  жетістіктерін  ӛндіріске 
енгізуге ықпалы, ғылыми, инженерлік жен жұмысшы кадрларын дайындаудағы
еңбекшілердің  ӛндірістегі  белсенділігін  арттырудағы  рӛлі  Н.Р.  Күнхожаевтың 
монографиясында зерделенген [436].  
Республикамыздағы  жекелеген  аймақтарда  ӛнеркәсіптің  дамуы,  кадр 
мәселесінің шешілуі, инженер-техник қызметкерлер жайлы кейбір деректер мен 
тарихи  фактілер  Н.Н.  Дауылбаев  [278],  Т.Т.  Мұстафин  [356]  Н.Р.  Күнхожаев 
[436]  пен,  К.М.  Тұманшин  [437]  еңбектерінде  атап  ӛтіледі.  Н.Н.  Дауылбаев 
мұрағат  құжаттарын  кеңінен  пайдалана  отырып,  1932  жылы  Қарағандыға 
донбасстықтардың  алғашқы  сыйлықтары  салынған  алғашқы  эшелондардың 
келгендігіне  кӛңіл  бӛлген.  Бәрінен  де  бағалысы  бірінші  эшелонмен  400 
маманданған  жұмысшылар,  техниктер  және  инженерлер  келгендігін 
қуанышпен мәлімдейді.  
Ғалым  ІІІ  ӛлкелік  комитетінің  пленумында,  Донбасстықтардың 
пролетарлық  кӛмегін  қуанышпен  атап  кӛрсете  отырып,  эшелондармен  шахта 
жабдықтарымен  қоса  инженер-техникалық  қызметкерлердің  келгендігіне  дән 
ризашылығын білдіріп, лениндік ұлт саясатының жүзеге асып отырғандығының 
куәсі  ретінде,  ескі  таскӛмір  бассейндерінің  партия  ұйымдарына  үндеу  тастап, 
Қарағандыға пролетарлық кӛмекті күшейту керек деген талап-тілектерін қойып 
отырғандығын  жазған.  Зерттеуші  Қарағанды  кӛмір  бассейніні  құрылысында 
Қазақстанның ӛнеркәсіп орталықтарының жұмысшылары мен қызметкерлері де 
атсалысып  отырғандығын  талдайды.  Республиканың  кәсіпорындары  мен 
мекемелері ұжымдарының кәсіподақ ұйымдарының белсенділігімен Қарағанды 
кӛмір 
бассейніне 
кӛмек 
кӛрсету 
жӛнінде 
нақты 
міндеттемелер 
қабылданғандығын  кӛрсетеді  [278,  112-113  б.].  Еңбек  ресми  методология 
тұрғысында  жазылғандығына,  идеологиялық  ұстанымына  қарамастан, 
тарихнамада  ӛзіндік  ерекшелігі  бар  еңбектің  бір  тарауы  Қарағандыдағы 
жұмысшы табы мен техникалық интеллигенция кадрларын даярлауға арналған. 
А.Г.  Сармурзиннің  республика  индустриясының  дамуындағы  партиялық 
басшылыққа  кӛңіл  бӛле  отырып,  автор  сол  кезеңдегі  қалыптасқан  тарихи-
партиялық  дәстүрлерге  сәйкес  тұжырым  жасағанымен,  нақты  тарихи 
материалдарды қорытындылауымен маңызды болып есептеледі. Кадр мәселесін 
шешуде  Қазақстанда  Коммунистік  партияның  басшылығымен  ғылыми-
техникалық  үдерістің  қарқынды  дамығандығы,  ғалымдар  мен  инженерлердің 
барлық  күші  ғылым  мен  техниканың  басты  бағыттарын  шешуге 
жұмылдандырылғанын  қарастырады.  Еңбекте  партия  ұйымдарындағы  мен 

 
221 
инженер-техник қызметкерлер арасындағы байланыс кеңінен ашылған [277, 21-
27 б.]. 
1980-ші  жылы  жарық  кӛрген  «Коммунистические  субботники  в 
Казахстане»  еңбегінде  ғалым  Л.М.  Пахмурный  еңбегінде  «Бүкілодақтық 
коммунистік  сенбіліктердің  коммунистік  еңбек  қозғалысында  алатын  орнын, 
оған  жұмысшылар,  инженер-техникалық  қызметкерлердің  қатысуы  1960-шы 
жылдардың соңында кең сипат алғандығы ашып кӛрсетілген [438, 144-145 б.]. 
1980-ші  жылдары  ғалым  Л.Я.  Гуревичтің  кандидаттық  диссертациясында 
интеллигенцияны  дайындау  мен  тәрбиелеу  мәселесінде,  оның  әлеуметтік 
жағынан  дамуы  мен  шығармашылық  белсенділігінің  артуында  КПСС-тің 
теориясы мен практикасы маңызды орын алатындығын кӛрсетіп, сол кезеңдегі 
идеологиялық талапты кӛрсетеді [141, 1 б.]. Еңбек сол кезеңдегі үстемдік етуші 
идеологияға сәйкес келсе де, бүгінгі уақыт талабына сай емес екендігі анық. 
Зерттеуші  Л.Я.  Гуревичтің  кандидаттық  диссертациясы  «Қазақстан 
Компартиясының 
инженер-техникалық 
интеллигенцияны 
тәрбиелеудегі 
қызметіне  (1971-1975  жж)»  арналып,  қасаң  коммунистік  идеология 
талаптарына бейімделіп жазылғандықтан, шынайы тарихи мәселелерді айналып 
ӛтіп,  қолында  билігі  бар  партияның  іс-әрекетін  мақтап-мадақтап  кӛрсету 
әкімшіл-әміршіл  жүйенің  ғылыми-зерттеу  заңдылығынан  шыға  алмаған.  Ол 
«инженер-техникалық  қызметкерлер  жұмысшылар  мен  колхозшылармен  бірге 
коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасаушылар. Сондықтан олар 
техникалық прогресс жолындағы күресте алдыңғы сапта тұрады. Жұмысшылар 
мен  инженер-техникалық  қызметкерлердің  арасындағы  қатынастан  олардың 
арасында одақтың берік орныққандығын аңғарамыз. 
Инженер-техникалық  қызметкерлер  еңбек  жағдайы  мен  психологиясы 
бойынша,  интеллигенцияның  басқа  топтарына  қарағанда,  жұмысшы  табына 
жақын, сондықтан оларға күнделікті саяси, идеологиялық, моральдық жағынан 
ықпал  етіп  отырады.  Сонымен  бірге  инженерлер  мен  техниктер 
жұмысшылардың  мәдени-техникалық  және  идеялық-саяси  деңгейінің  артуына 
ықпал  етіп,  еңбек  ұжымдарының  ұйымдастырушысы  және  тәрбиелеушісі 
ретінде  әрекет  ететіндігін  айтады  [141,  1-2  б.].  Л.Я.  Гуревичтің  кандидаттық 
диссертациясы  партия  тарихына  арналғандықтан,  сол  кезең  талабына  сай 
жазылған.  Кейін  докторлық  диссертациясында  интеллигенцияға  байланысты 
кӛптеген ой-тұжырымдарына сыни тұрғыда қарап, жаңаша ой қорытады. 
С.С.  Әбубәкіров  монографиясының  бір  тарауы  инженер-техникалық 
интеллигенцияның  әлеуметтік  белсенділігіне  арналып,  олардың  қоғамдық-
саяси,  ӛндіріс  саласындағы  қызметі  сараланған.  Жұмыс  теориялық-
методологиялық  жағынан  ресми  методология  тұрғысында  жазылғанына 
қарамастан,  идеологиялық  жұмыстың  соғыстан  кейінгі  мазмұны,  формалары, 
әдістеріне  тоқталып,  мол  мұрағат  фактілерін  ұсынады.  Автор  «инженер-
техникалық  қызметкерлердің  қоғамдық-саяси  қызметі  барлық  коллективтерде 
де  жұртшылықтың  саяси  және  еңбек  белсенділігінің  ӛсуіне  оңды  ықпал  етті. 
Бұл  бір  жағынан  олардың  ӛз  қабілеттерін  толық  ашуына,  совет  мамандарына 
қажетті  қасиеттерді  бойларына  дарытуларына  жәрдемдесті.  Екіншіден,  ой 

 
222 
еңбегі  мен  дене  еңбегінің  жақындасу  процесі  үрдіс  қарқын  алып,  үзіліссіз 
жүргізілді», - деп қорытындылайды [17, 99 б.].  
Алайда  1980-1990  жылдар  Қазақстан  тарихнамасында  жаңа  серпін  пайда 
болды.  Коммунизмнің,  КОКП-ның  адамзат  тарихында  алатын  орны,  билік 
жүйесі, саяси режим мен оның құрбандарының рӛлі жаңаша зерделене бастады. 
Бұл біз зерттеп отырған мәселеге ықпалын тигізді. Түбегейлі саяси, әлеуметтік-
экономикалық  ӛзгерістер,  қазіргі  заман  тарихындағы  ғаламдық  оқиғалар: 
Коммунизмнің  әлеуметтік  жүйе  ретінде  күйреуі,  КСРО-ның  құлауы,  жаңа 
мемлекеттердің  пайда  болуы,  идеялық  парадигмалардың  ауысуы  тарихнамаға 
әсерін  тигізді.  Методологиялық  дағдарыс  жағдайында,  жаңа  қазақстандық 
тарихнама қалыптаса бастады.  
Кеңестік  тарихнаманың  әлемдік  зерттеулерден  оңашалануы,  ӛкімет 
тарапынан бақылаудың орнауы, белгілі схемамен жазылған еңбектердің пайда 
болуына әкелді. 
1990-шы  жылдардың  басында  мемлекет,  қоғам  қайраткері  Д.А.  Қонаев 
1936  жылы  Москва  түсті  металлдар  мен  алтын  институтының  тау-кен 
факультетін  аяқтаған  соң,  Қоңырат-Балқаш  құрылысына  жолдама  алғандығын 
естеліктерінде  жазады.  Комбинат  құрылысы  барлық  партия  мен  халықтың 
негізгі  ісіне  айналғандығын  еске  алады.  Құрылыс  Наркоматтың  ерекше 
бақылауына  ғана  алынып  қойылмай,  КСРО  Ғылым  Академиясы  еліміздің 
барлық  ғылыми-техникалық  қызметкерлеріне  үндеу  тастап,  ӛздерінің  жеке 
қатысуларымен құрылысқа қатысуға шақырады. Газеттерде «Индустриализация 
үшін»,  «Балқаш  үшін  күрес!»  деген  үндеулермен  мақалалар  жиі  жарық 
кӛргендігі естелікте келтірілген [439, 19 б.]. Қоңыратқа келгенде, Д.А. Қонаев 
жобалау бӛлімінің аға инженері қызметін ұсынғанда, еңбек жолын қарапайым 
жұмысшыдан  бастап  кӛрген  дұрыс  болар  деп  ұсыныс  білдіргендігін  жазады. 
Қазіргі  жастар  кеңсе  қызметкері  болуға  асығатындығын,  күнделікті 
жұмысшылар  мен  инженер  әріптестеріңмен  арадағы  қарым-қатынас,  пікірлесу 
ӛзіңді  шыңдайтындығын,  сӛйтіп  инженердің  кәсіби  шеберлігінің  бірте-бірте 
қалыптастығын да ескертеді. 
1937  жылғы  5  ақпандағы  «Балхашский  рабочий»  газетінде  «...Тау-кен 
цехындағы қазақтар арасында техникалық оқуды инженер Қонаев жүргізіп жүр. 
Қонаев  жолдас  техникалық  оқуға  дайындықпен  келіп,  қарапайым  тілмен 
түсіндіреді...  Мысалы  жұмыс  орнында  машинаның  әртүрлі  бӛлшектерін 
кӛрсетеді.  Ӛзі  техникамен  қалай  жұмыс  істеу  керектігін,  қосып,  ажырату 
механизмдердің  жұмысын  тоқтатуды  үйретеді.Жаңа  техниканы  игеруде  басқа 
да  күрделі  қиындықтарды  шешуге  кӛмектеседі.  Инженер  Қонаевтың  жұмыс 
тәжірибесінен  үлгі  алу  керек»  басылғандығынан  мысал  келтіреді.  Ал  1937 
жылғы 27 ақпандағы «Балхаш жұмысшысы» газетінде Қазақ Ӛлкелік Комитеті 
мен  ауыр ӛнеркәсіп  Наркоматының  Ауыспалы  қызыл  туы  жолындағы  күресте 
Д. Қонаев басшылығымен бұрғылау цехы жеңіске жеткендігі жазылды. Қонаев 
учаскесі 10 күндік норманы 122 пайызға орындап, Қызыл туды ӛз учаскесінде 
қалдыру  үшін  күресуде  деп  баяндалады.  Газеттерде  кадрлардың  жақсы 
даярлығы мен техникалық оқуды ұйымдастыру жайлы жазылды[439, 26-27 б.]. 

 
223 
Біз 
естеліктен 
инженер-техникалық 
интеллигенцияның 
ӛндірісті 
ұйымдастыруға  қатысқандығы,  техникалық  оқуларды  ұйымдастырғандығы 
жайлы мәліметтерді аламыз. Жас жұмысшыларды кәсіби жағынан даярлаумен, 
техникалық  оқуларды  ӛткізумен  қатар,  насихатшылардың  білім  деңгейін 
арттыруға  үлес  қосып,  жұмыстан  тыс  уақытта  қоғамдық  жұмыстарды 
орындауға атсалысқанын да еске түсіреді [438, 33 б.].  
Біз  белгілі  мемлекет  қайраткері  Д.А.  Қонаев  естеліктерінен  соғыс 
қарсаңында  бас  инженер  Д.  Вербицкиймен  бірге  «Бұрғылаушыларды 
стахановтық  еңбек  тәсіліне  ӛткізу»  деген  тақырыпта  Риддер  жұмысшысы» 
газетінде мақала жазып, үндеу тастағандықтары жайлы да еске алады.  Мақала 
кӛпшіліктің кең қолдауын тауып, «Алтайполиметаллдың» барлық кеніштерінде 
талқыланғандығын  жазады.  Сонымен  қатар  соғыс  жылдары  екіжүздікшілдер, 
үшжүздікшілердің  патриоттық  қозғалыстары  жалпыхалықтық  қолдау  тауып, 
оған жұмысшылар мен инженерлердің еңбек сіңіргендігін саралайды[439, 54-55 
б.]. 
Қоңырат, Лениногор, Ащысай кеніштерінің коллективтері ерекше қажетті 
материалдарды  дайындауды  игергендігі  қарастырылған.  Лениногор  кенішінің 
бұрынғы директоры Сиразутдинов ұсынған кен жынысын қазудың жаңа тәсілі 
бұрғышылардың  еңбек  ӛнімділігін  екі  еседен  аса  арттырып,  ӛнімнің  ӛзіндік 
құнын 35 процентке кеміткендігі қаулыда қаралды. 
Республика ғалымдары инженер-техникалық қызметкерлер мен жұмысшы 
рационализаторлар  мен  ынтымақтастықта  соғыстың  бір  жылының  ӛзінде 
ӛндіріске  қорғаныстық  және  халықшаруашылық  маңызы  бар  85  практикалық 
ұсыныстар енгендігін де жазады.  
Инженер-техникалық  интеллигенцияның  қоғамдық-саяси  қызметінің  әр 
алуандығы, қоғам дамуының барлық саласын қамтитындығы, олардың кеңестік 
кезеңдегі  адам  тәрбиелеуге,  жұмысшылар  мен  шаруалардың  мәдениетін 
кӛтеруге,  мемлекет  пен  қоғамды  басқаруға  белсене  қатысқандығы  жайлы 
соғыстан кейінгі уақытта жазылған әдебиетте, еңбектерде кеңінен орын алды.  
Тоталитарлық басқару саясаты кезеңінде коммунистік партия мамандарды 
идеялық-саяси  жағынан  тәрбиелеуге  мән  беріп,  шығарған  қаулылары  мен 
қарарлары  деректік  маңызы  зор  мәліметтер  береді.  Сондықтан  оларға  сыни 
талдау  жасай  отырып,  құжаттардағы  мәліметтердің  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция  тарихын  зерттеуде  ғылыми  құндылығы  зор.  Тарихи  зерттеу 
еңбектерін  маркстік  методология  негізінде  жазу  1990-шы  жылдардың  басына 
дейін орын алды.  
1990-шы  жылдардың  басынан  бастап  отандық  тарихнамада  теориялық-
методологиялық  бағытта  ӛзгеріс  пайда  болды.  Маркстік  методологиядан  бас 
тартып,  танымдық  плюрализмге  бетбұрыс  жасалды.  Зерттеушілер  бұрын  біз 
қарастырып отырған мәселеге формациялық кӛзқараспен қараса, енді 1990-шы 
жылдардан бастап ӛркениетті кӛзқарас тұрғысында баға бере бастады.  
Ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияның 
идеялық 
қызметінің 
тарихнамасында  А.Ш.  Алтаевтың  монографиялық  еңбегінің  алатын  орны 
ӛзгеше.  Автор  Қарағанды  кӛмір  бассейніндегі  жұмысшы  табының  әлеуметтік 

 
224 
дамуын  зерттегенімен  соғыс  жылдарының  қарсаңында,  жылдарында,  кейінгі 
жылдары кең қанат жайғандығын қарастырады.  
1950-ші 
жылдардың 
екінші 
жартысындағы 
жарыстарда 
іске 
шығармашылықпен  қарау,  еңбек  ӛнімділігін  арттыру  жолдарын  іздестіру  кең 
қолдау  тапқандығын  айтады.  Осы  кезеңде  «Еңбекке  коммунистік  қатынас» 
патриоттық қозғалысының ӛріс алғандығын саралайды.  
1960-шы  жылдардың  екінші  жартысынан  бастап  социалистік  жарыс 
мынадай негізгі факторлармен анықталғандығын: біріншіден, кәсіпорындардың 
техникалық  жағынан  қайта  жарақтануы,  алдыңғы  қатарлы  технологияны 
ендіруге байланысты шахтерлердің еңбегінде сапалық ӛзгерістер пайда болып, 
ӛнімдірек бола түсті; екіншіден, кеншілердің білімдік, кәсіби-біліктілігі артып, 
жоғары  еңбек  ӛнімділігін  кӛрсетуге  қабілеттілігі  артты.  Осыған  сәйкес 
жарыстың әлеуметтік функциялары ӛзгерді деп пайымдайды.  
Зерттеу кезеңінде Қарағанды бассейнінде «Еңбекке коммунистік қатынас» 
қозғалысының кеңінен дамып, жарыстың экономикалық, әлеуметтік-саяси және 
идеялық-тәрбие  функцияларының  үйлесімділік  тапқандығын  зерделейді.  Ал 
қазіргі  кезеңде  «Еңбекке  коммунистік  қатынас»  жарысының  ӛзектілігінің 
жоғалғандығын айтады [440, 86-87 б.].  
Аталған тақырыпты зерттеуші ғалымның кандидаттық диссертациясының 
бір  бӛлімі  1961-1970  жылдардағы  инженер-техникалық  интеллигенцияның 
қоғамдық-саяси  қызметіне  арналған  [441].  Автор  мәселені  қарастыруда  батыл 
жаңаша  ғылыми  пайымдаулар  жасап,  теориялық-методологиялық  жағынан 
сыни кӛзқарасын білдіреді. Қоғамдық саяси жұмыстың кӛп жағдайда формалды 
түрде  жүргізіліп,  сӛз  бен  істің  арасында  алшақтықтың  болғандығын  ашып 
кӛрсетеді [441, 25 б.].  
Тәуелсіз  қазақстан  тарихы  кезеңіндегі  зерттеушілердің  жаңа  легі  жаңа 
деректік біліммен толығып, кең кӛлемдегі, жан-жақты мәліметтермен толығып, 
теориялық-концептуальдық жағынан берік тұжырымдар қалыптасу үстінде. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет