233
6 ӚНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
ТОТАЛИТАРИЗМ ҚЫЛМЫСЫН ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ
Тарихнамада қарастырылып отырған мәселенің жаңа ғылыми түсінігінің
қалыптасуында қазіргі кезеңде біраз ілгерілеушілік байқалып отыр.
Тарихнамада
ӛндірістік-техникалық
интеллигенцияға
қатысты
тоталитаризм кезіндегі репрессиялық саясат тарихын зерттеуді біз бірнеше
кезеңге бӛліп қарастырамыз:
- бірінші 1928-1930-шы жылдардың басында. «Донбасстағы шахта ісіне»
байланысты буржуазиялық мамандарды қудалаушылық, айыптау кӛрініс тауып,
оның ықпалы Қазақстанға да әсер етті;
- екінші кезең 1937-1938 жылдар. Ӛндірістік-техникалық интеллигенция
ӛкілдерін халық жаулары ретінде айыпталып, саяси қуғын-сүргінге ұшырауы;
- үшінші кезең 1940-шы жылдардың ортасы мен 1950-ші жылдардың басы
буржуазиялық ұлтшылдықпен күрес;
- тӛртінші кезең 1960-1980–ші жылдардың ортасына дейін. Тоталитарлық
жүйенің қазақ ұлтшылдарын айыптауы. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен
байланысты болды.
1970 жылы кӛптомдық «КОКП тарихында» «шахта ісіне» байланысты
берген түсініктемесінде «бұрынғы шахта иелері мен ескі мамандардан
құрылған ірі контрреволюциялық ұйымның мүшелері кӛмір ӛндіруге іріткі
салып, КРСО-ғы индустриализациялауды бүлдіріп, қорғанысын әлсіретуге
тырысуда деп атап кӛрсетілді. Оларға шахта, заводтардың, электр
станцияларының құрылысын қасақана дұрыс жасамай, шахтерлердің
материалдық жағдайын тӛмендетуге тырысып отыр деген айып тағылды [446,
547-548 б.]. 1928 жылдың бас кезінде Донбасстың Шахта және басқа
аудандарында буржуазиялық мамандардың зиянкестік ірі ұйымы әшкереленді»,
- деп жазылды [447, 389-390 б.]. Сот процестері арқылы интеллигенцияны
қорқытып, үркіту арқылы, экономикалық саясаттағы кейбір келеңсіздіктер, іске
аспаған міндеттер үшін барлық жауапкершілік интеллигенцияға жүктелуі
интеллигенцияны идеялық жағынан тәрбиелеудің құралына айналды. Осы
кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында сот процестерінің барысы кеңінен
жарияланды. Л.Куманев «шахта ісі – алғашқы ашық сот спектаклі» деп бағалай
отырып, Донбасс елдің кочегаркасы, КСРО-ның жетекші пролетарлық
аудандарының бірі ретінде таңдалуы кездейсоқ емес екендігін, әрі
буржуазиялық мамандарды жай қорқыту ғана емес, сол кезеңде генсекке
ұнамай отырған кәсіподақ пен еңбекші бұқараның басында отырған
М.Томскийге қарсы ұйымдастырылған әрекет екендігін пайымдайды [444, 44
б.]. Бұл жӛнінде « барлығы кӛмір ӛнеркәсібінде жұмыс істейтін 53 инженерлер
мен техниктердің сотқа тартылып, шахталарда жаппай диверсиялар
ұйымдастырып, кӛмір ӛнеркәсібі мен транспорттың бұрынғы иелерімен
байланыста болып, тікелей зиянкестік пен кеңестік насихатқа қарсы және
шетелден ақауы бар қымбат құрал-жабдықтарды сатып алуға қатысты деп
айыпталғандығын» саралайды [444, 46 б.].
234
1930-шы жылдардың ортасында Кеңес ӛкіметі мен үкімет ескі
интеллигенцияны толығынан мойындатты. Жаңадан қалыптасқан кеңестік
интеллигенция жаңа кеңестік құрылыстың негізгі элементтерінің біріне
айналды. Репрессия жылдарында инженер-техникалық интеллигенцияға да
сенімсіздік кӛрсетіліп, олардың қатарынан жау іздестірілді. Л.Мирзоян ҚК(б) П
бірінші съезінде жасаған есепті баяндамасында: «Біздің ӛнеркәсіпте тек
бірыңғай жетістіктер болды деп ойласақ, дұрыс болмас еді. Біздің ӛнеркәсіп
жұмысында кӛптеген кемшіліктер мен кӛптеген артта қалушылық та бар.
Бәрінен бұрын, атап ӛтуіміз керек, біздің кәсіпорын, партия ұйымдарының
басшылары немқұрайдылық танытып, зиянкестік жұмыстарды дер кезінде
байқағанда, біздің ӛнеркәсіп саласындағы жетістіктеріміз бұрынғыдан кӛп
болар еді. Жапон-герман-троцкист агенттері Риддер, Шымкент, Ащысай,
Қарағанды, Балқаш кеніштерінде ӛздерінің зиянкестік әрекеттерімен аз зиян
келтіріп отырған жоқ. Кельмансон – Шымкентте, Вебер – Риддерде, Дрей –
Қарағандыда, Горский – Балқашта – біздің адамдарымыздың арасында, партия
ұйымдарының алдында ұзақ уақыт бойы біздің кәсіпорындарымызды бүлдіріп,
бұзып, зиянкестік келтірген.
Кәсіпорындардағы зиянкестік қалдықтарын аяғына дейін қазып, тез арада
шешу міндеттерін кӛрсете отырып, Л. Мирзоян шаруашылық кадрларының
партиялық-саяси деңгейін кӛтеруге мән беру керек» деп есептейді [448, 32-33
б.]. Барлық зиялылардың басына түскен ауыртпалық ӛндірістік-техникалық
интеллигенцияны да шарпыды. Қаншама жазықсыз инженерлеріміз мен
техниктеріміз репрессия құрбандығына айналды. Жоспар орындалмаса жау
саналды. Шолақ белсенділер кәсіпорын басшылары мен директорларын
большевиктік қырағылық кӛрсете алмай отыр деп айыптады. Мемлекет
қайраткері Мирзоян Л. баяндамаларында интеллигенцияға «зиянкестер» деген
айып тағады.
П. Анискиннің «Большевик Казахстана» журналында жазған мақаласында
да Балқаш комбинаты құрылысында командирлер мен инженер-техникалық
қызметкерлер арасында халық жаулары стахановтық қозғалысты бұзып,
жауапсыздық танытып отыр деп айыптады. Троцкистер бұрынғы Балқаш
горком хатшысы Назаренко, КП(б)К Қарағанды обком хатшысы Пинхасик,
Балқаш горком партиясы мен оның хатшылары Лаптев пен Юровскийлер
Балқаш құрылысындағы зиянкестік әрекеттерді жоюға большевиктік түрде
кіріспей отырғандығын сынады [449, 19-24 б.]. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары
Кеңестер Одағындағы кӛптеген халықтардың интеллигенциясының басым
бӛлігін тоталитаризм жойса, қазақ халқында қазан тӛңкерісіне дейін
қалыптасқан, классикалық интеллигенттілік пен интеллигенттік сана-сезімнің
жаршысы болып саналатын, интеллектуалдық элитаның барлығы дерлік
жойылды.
1940-1950-ші жылдары ғылым мен мәдениеттің идеологизациялануы
күшейе түсті. Шығармашылық атмосфераны буржуазиялық ықпалдан,
формализмнен, космополитизмнен тазарту мақсатында республикамыздың
235
кӛптеген ғалымдары қатаң сынға ұшырады. Сенімсіздік, түсініспеушілік
нәтижесінде ғалымдарға саяси айыптаулар тағылды.
Қ.И. Сәтбаев жайлы еңбек жазған жазушы Медеу Сәрсекеев 1950-ші
жылдары Қазақ ССР-і Ғылым Академиясының президенті Қ.И. Сәтбаевты да
«Ер Едіге» халықтық эпосын 1927 жылы Москва қаласында баспадан
шығартқаны үшін айыпталғандығын айтады. Мұнан басқа айтар айыптары да
болмағандығын саралайды [450, 366 б.].
Қ.И. Сәтбаевқа ӛз еркімен президент қызметінен босату жӛнінде арыз
жазуды талап етеді. Ондаған ғалымдардың тағдыры шешіліп, Ғылым
Академиясының жұмысына күмән келтіріп жатқан жағдайда, Қ.И. Сәтбаев
күреспей, бір топ адамдарды тағдыр тәлкегіне қалдырып, сырттап кете алмады.
1951 жылы 23 қарашада Қазақстан КП(б) ОК Бюросының мәжілісі болып,
Қ.И. Сәтбаевты қызметінен босатып, партиялық есеп карточкасына қатаң сӛгіс
берілгендігін жазу керектігі хабарланды. Сәтбаевқа үш пункт бойынша айып
тағылды: 1. партияға ӛткенде әлеуметтік шығу тегін жасырған; 2. 1945 жылдан
кейін, 1927 жылы Едіге жайлы фольклорлық басылымның алғы сӛзін жазып,
оған редакциялық басшылық жасап, қате шыққандығы айтылмаған; 3. Қазақ
ССР-нің Ғылым Академиясының кадрларында жат элементтер пайда болды
[450, 371 б.].
Қ.И. Сәтбаев 1954 жылы 10 мамырда Қазақстан КП(б)ОК-нің Бірінші
хатшысы Пономаренконың атына хат жолдап, онда Қазақстан КП(б)ОК-нің
Бюросында ӛзінен партиялық жазаны алып тастауын сұрады. Ол «Оглядываясь
на весь свой жизненный путь, особенно на последние 28 лет своей зрелой
жизни и деятельности в качестве инженера и геолога, которые протекали в
Джезказгане (15 лет)» и в Алма-Ате (13 лет), я могу со спокойной совестью
сказать что целиком и польностью были посвящены честному служению
интересам горячо любимой Родины....что некоторые ошибки и недостатки,
которые проистекали не по злой воле и исправлялись всегда в процессе
работы» [451, 415 б.]. Тоталитарлық билік интеллигенция ӛкілдерін
қудалағанда оны кезең кезеңімен жүзеге асырды. Мамандығы бойынша
инженер-геолог, Қаныш Сәтбаев Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті
қызметінен босағанда 200 ден астам ғалымдар саяси жағынан сенімсіз немесе
жақыны деген айыптаумен Ғылым академиясынан қуғындалған [452, 32 б.].
1987-1989 жылдары газет пен журнал беттерінде Сталиннің жеке басына
табыну мен сталиншілдікті айыптауға арналған мақалалар топтамалары,
жинақтар кӛптеп жарық кӛре бастады. Соның бірі - «Вождь. Хозяин.
Диктатор», - деп аталады. Онда Федор Раскольниковтың «Сталинге ашық
хаты» жарияланды. Сталиннің жіберген қателіктерін ашып кӛрсете отырып:
«Вы уничтожаете одно за другим важнейние завоевания Октября. Под видом
борьбы с «текучестью рабочей силы» вы отменили свободу труда, закабалили
советских рабочих и прикрепили их к фабрикам и заводам. Вы разрушили
хозяйственный организм страны, дезорганизовали промышленность и
транспорт, подорвали авторитет директора. Инженера и мастера, сопровождая
бесконечную чехарду смещений и назначений арестами и травлей инженеров,
236
директоров и рабочих, как «скрытых еще не разоблаченных вредителей» [453,
18 б.]. Ф. Раскольников 1939 жылдың 17 тамызында «ерте ме кеш пе бәрібір
кеңес халқы социализм мен революцияға сатқын, басты зиянкес, халықтың
нағыз жауы, аштық пен сот әрекетін ұйымдастырушы ретінде сізді айыпқа
тартады», - деп ашық кӛрсеткен еді [453, 22 б.].
1991 жылы академик А. Н. Яковлевтің редакциялық басшылығымен
«Реабилитация: Политические процессы 30-50-х годов» аталатын жеке басқа
табыну кезеңіндегі репрессия жайлы алғашқы жинақ жарық кӛрді.
Онда Коммунистік партия, КОКП ОК жанындағы Марксизм-Ленинизм
институты, КСРО Прокуратурасы, КСРО Мемлекетттік Қауіпсіздік Комитетінің
мұрағат құжаттары мен талдау материалдарының негізінде кӛптеген саяси
үдерістің жүргізілгендігі айқындалды.
Біріншіден, жинақта 1928 жылы «шахта ісі» деп аталған «ӛнеркәсіптегі
зиянкестерге» арналған бірінші ірі үдеріске байлайланысты Донбастың кӛмір
ӛнеркәсібінде жұмыс атқарып жатқан 50 кеңестік тау кен инженерлері мен
кеңесші ретіндегі үш неміс мамандарының сот алдында жауапқа тартылуы
сенімсіздік тудыратындығын жазады. Сот бес адамды ӛлім жазасына кесіп, осы
үдерістен кейін, екі мыңнан астам мамандарды тұтқындаумен аяқталғандығын
кӛрсетеді
Екіншіден, 1930-шы жылы «промпартия» деп аталатын сот процесі
бойынша ескі техникалық интеллигенцияның ӛкілдері «халық жауы» деп
жарияланғанын саралайды.
Үшіншіден, 1930-шы жылы ірі экономист-ғалымдар А.В. Чаянов, Н.Д.
Кондратьев және тағы басқаларға болмаған «контрреволюциялық еңбекші
шаруалар партиясын» құрды деген жалған айып тағылды.
Тӛртіншіден, жинақта 1933 жылы В.В. Ульрихтің тӛрағалық етуімен
«КСРО электро станцияларындағы зиянкестік істері» бойынша Москва, Челябі,
Златоустов, Баку және тағы басқа ірі электростанция мамандары
айыпталғандығы ашық жазылды [454, 8 б.].
1990-шы жылдардың басында Қазақстан интеллигенциясының соғыстан
кейінгі тарихнамасындағы «ақтаңдақтарды» ашып кӛрсетуде Л.Я. Гуревич
еңбектерінің алар орны
зор.
Л.Я. Гуревичтің ғылыми концепциясы соғыстан кейінгі саяси науқандарды
айқындап, тоталитарлық жүйе кезеңіндегі қатаң идеологиялық ұстанымдарды
ашуға арналған [455]. Еңбекте интеллигенция жаңа идеологиялық шабуылдың
басты нысанына айналды.
30-шы жылдары еліміздің ең таңдаулы интеллектуалдық күштерін
физикалық жағынан жою интеллигенцияның қалған бӛлігін ӛз ыңғайына
кӛндіруді аяқтаумен жалғасуы қажет болғанымен, соғыс ол мақсатқа жетуге
кедергі келтірді деп баға береді.
40-шы жылдардың екінші жартысы мен 50-ші жылдардың басындағы
«идеологиялық шабуыл» алдын-ала нақты ойластырылып, жоспарланған саяси
науқандар жүйесін құрды Л.Я. Гуревич олардың әрқайсысы нақты міндеттер
қойып, әрдайым оны жариялап отырған жоқ. Әдебиет пен ӛнерде қатаң
237
идеологиялық стандарттар қойып, халықтың ӛзіндік ұлттық санасына әсер етіп,
кеңестік интеллигенцияның халықаралық байланыстарына шек қойды. Шын
мәніне келгенде саяси компаниялар сталиндік жүйенің, ұлыдержавалық,
империялық эволюциясының аяқталғандығын кӛрсетті деп ой қорытады.
[455, 1-2 б.]. Сталин қайтыс болған соң тоталитарлық-деспоттық жүйе
тоталитарлық-бюрократиялыққа ұласты. Алайда интеллигенцияға ұстанған
мемлекеттік саясаттың мақсаты ӛзгерген жоқ. Оларды идеологиялық жағынан
ноқталап, кейде ғана еркіндік беріп отырды. Сыни ойлау қабілетінен айрылған
интеллигенция постиндустриалдық қоғамға аяқ баса алмағандығын айтады
[455, 145 б.].
Қазақстан тарихында тоталитарлық режимнің ұлттық интеллигенцияға
қарсы репрессиялық саясатын зерттеп, кезеңдерге бӛлуде тарихшылар әртүрлі
кӛзқарастар білдіруде. Солардың бірі зерттеуші Н.И. Мұстафаев соғысқа
дейінгі республикадағы репрессия тарихының бірінші кезеңі 1929-1930 жж.
қамтиды деген кӛзқарасын білдіреді. Осы жылдары ғылыми және
шығармашылық интеллигенцияның революцияға дейінгі кӛрнекті ӛкілдері:
А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Тынышбаев,
Е, Омаров, К Кемеңгеров, М. Күдерин т.б.айыпталғандығын кӛрсетеді. Әрине
олардың қатарында қазақтың тұңғыш инженері М. Тынышбаевпен қатар
қазақстандық экономист-ғалымдар С.П. Швецов, А.Н. Донич, Г.Ф. Прокопович,
М.Г. Сириустардың «кондратьевшілдікпен» айыпталғандығын кӛрсетеді.
Террордың екінші толқыны 1920-шы жылдың бірінші жартысында білім алған
ғылыми кадрларларды қамтып, 1937-1938 жылдарға дейін созылды деп
пайымдайды. Осы жылдары Т. Жүргенов, И. Қабылов, Ғ. Тоғжанов,
С. Меңдешев сынды жеке басқа табынушылық пен тоталитаризмге қарсы
идеялық күрескерлер болмаса да репрессия құрбанына айналғанын саралайды
[456, 56-57 б.].
Д.А. Қонаев естеліктерінде де жазықсыз тұтқындалып, халық жауы
атанып, жаппай репрессия құрбандығына айналған зиялылардың ӛз халқына
опасыздық жасауы мүмкін емес екендігін ашына жазады. Әрбір құрылыстың,
саяси жүйенің ӛз жаулары мен сатқындары болатындығы рас. Біздің ортамызда
да сондай адамдар болды деп есіне алады мемлекет қайраткері Д.А. Қонаев.
Белгілі құрылыс басшыларын жаппай қамау басталғанда, әсіресе инженер,
құрылыс басшысы, Қысқы сарайды алуға қатысқан Ивановтың қамауға
алынғанын естігенде халықтың кӛпшілігі үдеріп кетті. Ол жӛнінде 1955 жылы
ғана ҚазССР Министрлер Кеңесінің Тӛрағасы қызметін атқарып жүргенде
анықтап, 1938 жылы атылғандығы жӛнінде білгендігін еске алады [439, 30-31
б.]. 1937-1938 жылдардағы негізсіз репрессия нәтижесінде Иванов, Степанов,
Богатиков сынды Балқаш құрылысындағы инженер басшылардың құрбандыққа
айналғандығын қынжыла еске алады [439, 31 б.]. Қоғамдық қорғау, кешірім
сұрау жайлы әңгіме болуы мүмкін болмағандығын еске алады. Д.А. Қонаев
1994 жылы жарық кӛрген «От Сталина до Горбачева» деп аталатын тағы бір
ғұмырбаяндық естелігінде қандай құрылыстың, саяси жүйенің болмасын ӛз
жаулары, сатқындары болатындығын айта келіп ондайлардың ӛз араларында
238
болғандығын ескертеді. Қоңыратта саяси процестер болмаса да, чекистер
тұтқындауларды түнде жүргізіп, түн орталарында келіп, еш ың-шыңсыз
әкеткендігін саралайды [457, 34-35 б.]. Естеліктердің ӛзі тарихи факті болып
саналатындықтан, бір басшылықтың орнына басқасы келгенімен, біз
«зұлымдық империясын» құрған жоқ едік қой деген сӛздерінің жаны бар.
Қазақ ұлттық зиялыларының ішінде шоқтығы биікте тұратын
тұлғаларының бірі - Ә. Бӛкейханов. Мамандығы бойынша инженер-техник ХІХ
ғасырдың 80-ші жылдары Омбы қаласында техникалық училищеде білім алып,
кейін Санкт-Петербургтегі орман-техникалық институтын аяқтайды. ХХ
ғасырдың 20-шы жылдарының екінші жартысында қазақтарға берілетін жер
нормасына байланысты алаштық интеллигенция мен отаршыл күштер арасында
бітіспес күрес шырқау шегі ӛрбіді [458, 68 б.]. Бұл күреске белсенді түрде
қатысқандардың қатарында, Алаш қозғалысының белсенді мүшелері сол
тұстағы Жер Комиссариатының басшы қызметкерлері Мырзағазы Есболов, Тел
Жаманмұратов, Сәлімгерей Қаратлеуов сияқты қайраткерлер болса, Әлихан
Бӛкейханов та Қазақстандағы отырықшылыққа кӛшіру қазақ шаруаларына
тиесілі жер кӛлемін анықтау мақсатында КСРО Ғылым Академиясы жанынан
құрылған экспедицияны (тӛрағасы С.П. Щвецов) ұйымдастыру идеясының
авторы болумен қатар ӛзі де соның құрамына еніп, зерттеу жұмысына ат
салысты [456,454, 69 б.]. Ә. Бӛкейханов 1929 жылы мамыр айында ОГПУ
тергеушілеріне берген жауабында: «менің жер саясатына қатысты кӛзқарасым
мынаған саяды: жер үлесіне байланысты орыстар (қоныс аударушы) мен
қазақтарды теңгеруге болмайды, ӛйткені орыстар мәдениеттірек, сондықтан да
олар әрқашанда егіншілікте үстемділік кӛрсетіп, қазақтарды кіріптар етеді. Жер
мәселесінде менің «ұлтшылдығым» осы», - деп атап кӛрсетеді [458, 69 б.].
1996, 1998 жылдары Қазақстан территориясында 30-50-ші жылдары саяси
айыппен атылғандардың тізімі енген «Азалы кітап» шықты. 1998 жылы жарық
кӛрген «Азалы кітаптың» алғы сӛзінде академиктер М. Қ Қозыбаев,
М. Баймаханов, пен т.ғ.к. К. Алдажұмановтар «30-шы жылдары кінәсіз
миллиондаған адам ӛмірін жалмаған жаппай саяси репрессиялар халықтың
жадында сақталып, жазылмастай жара салды. Осы қылмыстардың кең кӛлемде
қанат жаюына тарихи бастау болған Кеңестер Одағындағы Қазан тӛңкерісі мен
азамат соғыстары» деп есептейді [459, 5 б.].
Сонымен қатар ғалымдар ӛздерінің пікірлерін білдіріп: «кеңес ӛкіметі
орнағаннан кейін, пролетариат диктатурасы мемлекеті ӛзінің саяси және тап
жауларын қудалай бастады. Тоталитарлық жүйенің бекуімен байланысты ұлт-
азаттық қозғалысқа, 1917 жылы революция кезінде Ресейдің шеткері
аймақтарында әрекет еткен саяси партияларға қатысқандарға қарсы саяси
қуғын-сүргін күшейе түсті. Әсіресе 1923 жылы Москвада ұлттық
республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен ӛткен
РКП (б) ОК кеңесінен кейін қуғын-сүргін қатаң мазмұнға ие болды
20-шы жылдардың соңында большевизммен альтернативті партия мен
қозғалыстар, атап айтқанда Қазақстанда «Алаш» қозғалысына қатысқандар
тұтқындалып, жауапқа тартылды. Республиканың басшы қызметкерлері де
239
ӛлкедегі кең кӛлемді әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүзеге
асыруда орталықтың жүргізіп отырған саясатына күмән келтіретіндіктерін
білдіргендігі үшін қудалауға ұшырады. Орталық жергілікті халықтар мен
олардың ұлттық ерекшеліктерімен есептеспеді [459, 6 б.].
Күштеу саясаты республикаға Ф.И. Голощекиннің БКП(б) Қазақ ӛлкелік
комитетінің бірінші хатшысы болып келуімен байланысты бұқараға жасаған
қысымы күшейе түсті. «Кіші Қазан тӛңкерісі» деп аталатын идеологиялық
науқан күштеп ұжымдастыру кезеңінде қазақ халқын қайғы-қасіретке
ұшыратты. Орталықтың
пікірімен
келіспейтін
қазақстандық
басшы
қызметкерлер ұлттық-жікшілдікпен айыпталып, 1937-1938 жылдары жаппай
қуғын-сүргінге ұшырады. «Әлеуметтік тапсырыс» мемлекеттің барлық қуғын-
сүргін, қарақшылық органдарын бар күшімен жұмыс істеуге мәжбүрледі.
Қазақстан территориясы концлагерлер аймағына айналды» деп талдау жасады
[459, 15 б.].
Академик К.Н. Нұрпейіс Қазақстандағы саяси репрессияны жан-жақты кең
кӛлемді түрде алты кезеңге бӛліп қарастырып, әр кезеңге анықтама
тӛмендегідей береді:
- бірінші кезең - 1917-1920 жж. Бұл кезеңде кеңес ӛкіметі орнағаннан кейін
азамат соғысы басталып, қоғамның «ақтар» мен «қызылдарға» бӛлініп, бірін
бірі қудалағанын;
- екінші кезең 20-шы жылдардың екінші жартысы. Бұл кезең жаппай
моралдық репрессиямен ерекшеленіп, ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында
қалыптасып, Кеңес ӛкіметі жағына ӛтіп, 1919 жылы алашорда қозғалысына
қатысып амнистияланған, қазақ демократиялық интеллигенция ӛкілдеріне
қарсы бағытталды. Осы кезеңде Қазақстанға Сталиннің тӛңірегіндегі және
оның кӛңіліне жақпаған жекелеген мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар жер
аударылды. Осы кезеңде Қазақстанға Троцкий, ғалым-аграрниктер Чаянов,
Кондратьев т.б. жер аударылды;
- үшінші кезең 20-жылдары 30-шы жылдардың басын қамтиды. Бұл
кезеңде алаш қозғалысына қатысқандарды жаппай тұтқындау, 1931 жылы
ауылшаруашылық ӛнімдерін күштеу жолымен жаппай даярлау дәстүрлі мал
шаруашылығын дамытуды тежеп, ұжымдастыру барысында заңсыздық пен
күштеумен ұласып, апатқа әкелді;
- тӛртінші – 1937 жылмен басталып, Кеңестер Одағының ұлы Отан
соғысының аяқталуымен сәйкес келеді. Репрессияның бұл жылдары
социалистік құрылыстың халық жауларымен және сатқындарымен арадағы
күреспен ерекшеленді; Қазақстан лагерлер аймағына айналды. Соғыс
қарсаңында және соғыс жылдары республикаға тұтастай халықтар
депортацияланды;
- бесінші 40-шы жылдардың ортасы 50-ші жылдардың басы. Соғыс
жылдары фашистік концлагерлердің тұтқындарына айналған кеңес солдаттары,
жау оккупациясында болған кеңес қалалары мен селоларының халқы да
қуғындала бастады. Ғылым, ӛнер, әдебиет, медицинадағы «буржуазиялық
ұлтшылдар» мен «тексіз космополиттерді» жаппай қудалау жүргізілді;
240
- алтыншы – 60-80-шы жылдар. Бұл кезең тоталитарлық жүйенің
дисседенттікпен
және
хрущевтік
жылымықпен
байланысты
«қазақ
ұлтшылдығымен» күресі кезеңі Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан
оқиғаларымен жалғасты [460, 125-126]. Академик К. Нұрпеис жыл сайынғы
ӛткізілетін Сәтбаев оқуларында 1951 жылдың күзінде Қазақстан КП(б) ОК-нің
VІІІ пленумында Қ.И. Сәтбаев «буржуазиялық ұлтшылдардың қамқоршысы»,
«большевиктік сынды бүркемелеуші» деп айыпталғандығын айтты [460, 92 б.].
Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерін ашық кӛрсетіп, талай жоғалған
тарихи, мәдени мұраларымыздың қайта оралуына үлес қосқан ғалымдардың
бірі – академик М.Қ. Қозыбаев. Ол біз қарастырып отырған мәселе тӛңірегінде
талай ғылыми пайымдауларын білдірді. 20-шы жылдардың соңы мен 30-шы
жылдардың басында Қазақстанға ВКП (б) ішкі троцкистік оппозициясына
қатысушылар мен басқа фракционерлердің жер аударылуымен байланысты
республикадағы ішкі саяси жағдай шиеленісе түсті деген пікірін білдіреді.
Нәтижесінде троцкистер мен оңшылдармен байланыстары бар деген айып
тағылып, қазақ қызметкерлерінің де репрессияға ұшырағандығын ең алдымен
1927-1928 жылдары Жер комисариатының наркомы Ж.Сұлтанбеков, Сырдария
губерниялық атқару комитетінің тӛрағасы Ы. Мұстамбаев т.б. шарпығандығын
кӛрсетеді [461, 13-14 б.].
20-шы жылдардың соңы мен 30-шы жылдардың басындағы Кеңестер
Одағындағының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыстардың кең
құлаш жаюына байланысты оған кінәлі және зиянкестерді, бүлікшіл
антикеңестік элементтер мен құпия ұйымдарға қатысушыларды іздей бастады.
Қазақстанда да ұлттық нұсқадағы жаулар іздеу басталды. Шахталар мен
кәсіпорындардағы кездейсоқ авариялар, колхоздар мен совхоздардағы мал
басының кемуі, ӛрттер мен басқа да стихиялы апаттар тап жауларының әрекеті,
олар халық жаулары деп танылып, қылмыстық іс қозғалғандығын жазады.
М.Қ. Қозыбаев 30-шы жылдардың ортасынан бастап, орталықтағы
«троцкистік-зиновьевшіл опппозициямен» және «оңшыл оппортунистермен»
арадағы күрес ұлттық республикаларда ұлт-азаттық қозғалыс ӛкілдеріне,
айыптарын ӛтегендерге, сонымен қатар партия-кеңес және шаруашылық
қызметкерлеріне қарсы репрессия түрінде жүргізілгендігін айтты [461, 14 б.].
Кейін репрессия халық бұқарасын қамтып, оған БКП (б) ОК-нің 1936 жылғы
желтоқсан 1937 жылғы ақпан-наурыз пленумдарының шешімдері серпіліс
бергендігін атап кӛрсетті.
20-шы жылдардың соңында қазақ зиялыларының «буржуазиялық
ұлтшылдар» деп, 1937-1938 репрессия құрбандары «ұлтшыл-фашист», «халық
жауы» деп айыпталып, соңында номенклатуралық интеллигенцияның біраз
бӛлігі сенім мен шындық жолында қызмет етсе де, жүйенің тұтқынына
айналғандығын ашып айтты [461, 15-20 б.].
М.Қ. Қозыбаев пен Л.Я. Гуревичтің пікірлері бір жерден шыға отырып, 40-
шы жылдардың екінші жартысы мен 50-ші жылдардың басындағы
интеллигенцияға қарсы «идеологиялық шабуыл» алдын-ала жоспарланған
саяси кампаниялардың ерекше жүйесін құрды деп есептейді [461, 25 б.]. Тыйым
241
салу саясаты жүйесі әсіресе кеңестік кезеңдегі зерттеулердің деректемелік
базасына шектеу қойды деп, М.Қ. Қозыбаев таптар мен тап күресінің маркстік-
лениндік интерпретациялануына арқа сүйенген қоғамдық ӛмірдің барлық
құбылыстарына таптық-әлеуметтік тұрғыға негізделген методология үстемдік
еткендігін саралайды.
Саяси репрессия құрбандарын ақтау ондаған жылдарға созылды. Бұл
бағыттағы белсенді жұмыс «хрущевтік жылымық» жылдары басталғанымен,
толық жүзеге аспай, тек 80-ші жылдардың соңында ғана қайта басталды.
Мәдениет тарихын зерттеуші ғалымдардың бірі А.Т. Қапаева «Культура и
политика» 2004 жылы жарық кӛрген монографиясында еліміздің әлеуметтік-
мәдени тарихының күрделі кезеңіндегі 1940-шы-1991 жж. партиялық
тоталитаризм, ұлттық мәдениетке коммунистік идеологияның үстемдігі
орнағандығын қарастырады. Нақты тарихи фактілер негізінде автор мәдениет,
ӛнер саласы мен ғылымның дамуы барысындағы партиялық қысым кӛрсету,
бақылаудың қатаң механизмін ашып кӛрсетеді. А.Т. Қапаева отандық
тарихнамада тұңғыш рет жаңа концептуальды-методологиялық негізде
Қазақстан мәдениетінің дамуының түйінді тенденцияларының дамуын кешенді
түрде зерттей отырып, келеңсіз құбылыстарды анықтайды. Әсіресе автор
методологиялық жағынан «мәдениет саясаты» кеңестік кезеңнің 50-60-шы
жылдарында оның орнына «әдебиет пен ӛнердегі партиялық саясат» деген
синонимнің пайдаланғанына ерекше мән береді. Кеңестік тарихшылар кӛбінесе
«мәдениет құрылысы» терминін қолданғанын айқындайды [462, 10 б.].
Демограф ғалымдар М.Х. Асылбеков пен В.В. Козина «Интеллигенция
қоғамның басқа әлеуметтік топтарына қарағанда еліміздің тарихи дамуында
талай қиындықтарды басынан кешірді деп кӛрсетеді. Социализмге ӛтудің
ӛтпелі кезеңі, Сталиннің жеке басына табынуы кезеңінде интеллигенцияның ең
таңдаулы ӛкілдері физикалық жағынан жойылды. 70-80-ші жылдардағы
келеңсіздіктер де инженер, дәрігер, мұғалімдер, ғалым мамандықтарының
беделін тӛмендетті деп қорытындылайды [378, 28].
А.Т. Қапаева кітабының «Государственная научная политика второй
половины 40-х-60-х гг.» деп аталатын бӛлімінде 40-50 жж. ғылым мен
мәдениетті идеологиялық жағынан ықпалын арттыру күшейгендігін ашып
кӛрсетеді [462, 274 б.]. А.Т. Қапаева шығармашылық ортаны буржуазиялық
ықпалдан,
формализм
мен
космополитизмнен
тазарту
мақсатында
республиканың кӛптеген ғалымдары қатаң сынға алынғандығын жазады.
Шығармашылық интеллигенция мен идеология қызметкерлерінің кеңесінде
ғалымдарға «саяси теріс кітап» «саяси қате сӛз сӛйлеу» деген тәрізді саяси
айыптар
тағылғандығына
зер
салады.
Бұдан
әрі
А.Т.
Қапаева
арандатушылардың құпия хабар таратуының кесірінен ғалымдарға сенімсіздік
кӛрсетіліп, үлкен жапа шеккендігіне әділ баға береді. Бұдан кейін автор
орталық газеттердің «агенттер, шпиондар, диверсанттар біздің елімізге
империалистерді жансыз қылып жіберуге тырысып отырғандықтан» оларды
назардан тыс қалдырмау керек деп ұрандатып отырғандығын айқындайды [462,
274 б.]. Қазақстан ОК КП(б) буржуазиялық-ұлтшылдықпен бұрмалануын Қазақ
242
КСР Ғылым Академиясы мен президент Қ.И. Сәтбаев БКП (Б) ОК шешімдері
мен
идеологиялық
мәселелер
бойынша
Сталиннің
бұйрықтарын
орындамауынан кӛрді [462, 275 б.].
Ғалым Д.А. Махаттың тарихнамада соңғы жылдары тәуелсіздік алғаннан
кейін шынайы бағасын ала бастаған Қазақстанның 20-30-шы жылдардағы
қоғамдық-саяси ӛміріндегі себептерін ашуға, талдауға және объективті саяси
баға беруге арналған еңбектерінде де Ф. Голощекин құйтыртқылықпен ойлап
шығарған қазақ қайраткерлерін оның ішінде әрине ӛндірістік-техникалық
интеллигенция ӛкілдерінің айыпталғандығының мәні мен шындығы жан-жақты
ашылған [463]. Д.А. Махат «1920 жылдардың екінші жартысынан И. Сталин
«Ленинизмді қорғау», «партияның бірлігі үшін», «фракцияға қарсы күрес»
деген ұрандарды жамылып шыққан кезде, оған партияның басым бӛлігі,
еңбекші бұқара қолдау жасады. Сталинге халықтың қолдау кӛрсетуіне
біріншіден, бастапқыда жалған ұрандардың астарында жатқан құйтыртқы
саясатты сезбеуі себеп болса, екіншіден, 1928 жылдарда «Шахта ісінен»
басталған қуғын-сүргін еріксіз тізе бүктіруге алып келді», - деп жазады [463,
140-141 б.].
Автор «Партия ішінде үлкен саяси толқу туғызған процесс «Шахта ісі» деп
аталған еді. Шахтадағы жарылысқа, қажет емес шетелдік құрал-жабдық алуға,
техника қауіпсіздігінің сақталмауына, еңбек заңының бұзылуына, жаңа шахта
құрылысының дұрыс басталмауына жауапты Донецк кӛмір бассейнінің
инженер-техниктері әдейі зиянкестік іс-әрекет жасады деп айыпталды», - деп
атап кӛрсетеді. Бұдан әрі Д.А. Махат «Шахталықтар» деген сӛз «зиянкестер»
деген сӛздің синонимі ретінде қолданылғанына назар аударады. Автор
ақиқатына келгенде, шаруашылық жұмыстарында жіберілген кемшіліктерге
біріншіден, машина, құрал-жабдықтардың ескі болуы, екіншіден,адамдардың
біліктілігінің тӛмендігі, үшіншіден, жоспардың мүмкіндіктен жоғары болуы,
тӛртіншіден, қуып жетіп, басып озу саясатының кесірі себеп болды деп орынды
атап кӛрсетеді [463, 141 б.].
Д.А. Махат Қазақстанда еңбек еткен экономист ғалымдар, ауыл
шаруашылығы
мамандары
да
ғылыми-теориялық
мақалаларында
шаруашылықтың тиімді түрін, экономиканы кӛтерудің жолдарын ұсынғанын
айтады. Агроном-ғалым М.Сириусты «Қазақстан жағдайында егіншілік тиімсіз,
сондықтан мал шаруашылығына баса назар аударылуы тиіс деген пікірлерді
айтқаны үшін, оны «Қазақстандағы ұлтшылдық пиғылды ғылыми жолмен
уағыздаушы, ұлтшылдардың агенті», - деп айыптағанын атап кӛрсетеді [463,
142 б.].
Ғалым Д.А. Махат кеңестік пиғылдағы Б. Семевскийдің «А.Н. Доничті
ғалым деп айтуға болмайды. Мен оны Қазақстандағы барлық буржуазиялық
идеологияны уағыздаушы дер едім... Қазақстанда капитализмге соқпай, бірден
социализмге ӛту мүмкін емес деушілер, олар ұлтшыл Байтұрсыновтың пікірін
уағыздаушылар, ондайлар біздің арамызда әлі де бар. Олар индустрияландыру,
ұжымдастыруға қарсы. Олар Мұстафа Шоқайдың «Түрксіб – бұл отарлау»,
«Түрксіб қазақ халқына арақ пен мерез әкелді», Қожановтың «Түйемен
243
социализмге жетпейсің», Байтұрсыновтың «Тәркілеу дегеніміз - жұт» деген
пікірін қолдаушылар, ұлтшылдар»,- деп айыптады деген мәліметтерін келтіреді
[463, 142 б.].
Е. Тимофеев, инженер Р.Ф. Прокопович, экономист Кондартьевтердің
концепцияларының ашық саяси арандатушылыққа ұшырап, оларды партия
басшылығы «буржуазиялық зиянкестер», «кондартьевшілдер», оңшылдардың
пікірін уағыздаушылар» деп айыптап, олардың ғылыми негізделіп жасалған
жоспарлары ашық қуғындауға ұшырағандығын талдайды [463, 130-138, 149 б.].
1970 жылдары ғалымдар, әрі инженер-геологтар қудалаудың жаңа сипатын
кӛрді. Ғалым Х.М. Әбжановтың пікірінше: «жекелеген тұлғалы ғалымдардың
еңбегі әділ бағаланбады. Академик Ш. Есеновтың Қазақ ССР Ғылым
академиясының президенті, академик Е. Бӛкетовтың Қарағанды мемлекеттік
университетінің ректоры қызметінен босатылуы әділдікті белден басудың нақ
ӛзі еді» [464, 68 б.]. 1989 жылы Евней Бӛкетовтың «Шесть писем другу» деп
аталатын еңбегі жарық кӛріп, А. Брагин «Человек нашего времени» деген
тақырыпта алғы сӛзін жазды. Онда ол «Е. Бӛкетовты қызметінен алғанда, оның
талантына қызғанышпен қарағандар жоғары лауазымды қызмет керек
болғандар оған қуанды. Е. Бӛкетов жарқын, жан-жақты талант иесі еді. Оның
ұзақ жылдардағы досы А.И. Перевертун ӛзіне 1951 жас аспирант металлург
Е.Бӛкетов
қазақ
кен
металлургиялық
институтының
спектарлы
лабораториясында орасан жағымды әсер қалдырғанын жазады. Ол ӛзінің
«химиялық анализ оның ішінде спектарлы әдісті терең білетіндігін кӛрсетті.
Оның ғылыми зерттеу жұмысына қабілеттілігі ешқандай талас тудырмайтын.
Арада 30 жыл ӛткеннен кейін де қудаланған, әбден талқыға түскен ол ӛз
лабораториясында табандылықпен терең ойлылықпен күлі жоғары кӛмір мен
суды сферасплавпен қолдана отырып, жасанды мұнай алу тәсілін жасап
шығарды. Қайтыс боларынан үш күн бұрын «Қарағандыжабдықтау»
басқармасының бастығына «Құдай үшін жоғары қысымдағы насосты ең
болмағанда біреуін пайдалана отырып, кӛмір бассейнінен болашақта бензин
ӛзенін ағызуға кӛмектес» деп сұрады. Балқаш тау-кен комбинатында мыс
кендерін кешенді ӛңдеудің технологиясын ӛндіріске енгізгені үшін КСРО
Мемлекеттік сыйлығын алды. Ол ӛзі жайлы академик болған кезінде де мен
ӛндіріс маманы, металлургпын деп мақтанышпен айтушы еді. Қазақстан мен
Оралдың түсті металлургия кәсіпорындары оны ӛздеріндей кӛріп, ӛте қажет
адам ретінде қарсы алатын. Ол кеңесші, рацинализатор, ӛнертапқыш. Жетпіске
жуық авторлық куәлік пен шетелдік патент иесі. Ол қайтыс болғаннан кейін,
Қарағанды химия металлургия институтына Москвадан ресми хат келіп,
фосфорды электрохимиялық жолмен қышқылдандырудың жаңа тәсілі үшін
оған авторлар аты «Бӛкетов пен Баешев тәсілі» деген атқа ие болғандығын
хабарлайды [465, 7-8 б.]. Ол коммунист, азамат, ақын, ғалым. Оның
кемшіліктері мен қателіктері болғанымен, ӛзіне ғана тән еді, бірақ оның үлкен
қайырымдылығы, қарапайымдылығы, ӛз туған мәдениеті үшін істегені болашақ
ұрпақ үшін үлгі.
244
Интеллигенция тарихын зерттеген ғалым В.А. Куманев. «30-е годы в
судьбах Отечественной интеллигенции» деп аталатын 1991 жыл жарық кӛрген
еңбегінде: «империалистердің жұмысшылар мен шаруалардың бірінші
мемлекетіне қауіпі тӛнуі мүмкін деген сталиндік насихат, бас хатшы мен оның
тӛңірегіндегілердің қатаң күштеу әрекетін ақтаудың басты факторларының бірі
болды. ЖЭС-ты жою, басқаша ойлағандарды қудалау, партиялық ӛмірдегі,
ӛндірістегі, мәдениеттегі, биліктегі әміршілдік тәсілдерді «социалистік
индустриализацияны» және «ауылды жаппай ұжымдастыруды» ақтау», - деп
түсіндіруге тырысты. Мемлекеттік-партиялық механизмнің бюрократиялық
«басшы кадрлары» пайда болды. В. А. Куманев партиялық және күштеу
аппаратына ие болған Сталиннің мақсаты - самодержавиеге жетуде кедергі
келтірген қаптаған адам топтарын аяусыз құрту болғандығын қарастырады
[444, 31-32 б.].
Тоталитарлық бюрократтық жүйе кезеңінде әділетсіздікті кӛрген
мамандығы бойынша инженер-геолог, кӛрнекті мемлекет, қоғам қайраткері,
КСРО Лениндік және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты,
Ұлттық
ғылым
академиясының
академигі,
геология-минерология
ғылымдарының докторы, профессор-педагог Шахмардан. Есенов болатын.
Шахмардан. Есенов жайлы «Біртуар Шахмардан», Абдолла Дәулетұлының
2007 жылы «Мәуелі әулет» деп аталатын еңбектері жарық кӛрді. «Біртуар
Шахмардан»деп аталатын жинақта ғалым Сәдуақас Құрманов «Шахмардан
Есенов қандай лауазымға, қандай атаққа, қандай дәрежеге ие болса да асып-
тасып, болдым-толдым демейтін, ӛз еңбегін ел-жұртының еңбегіне санайтын
ерекше жаратылған тұлға еді» баға береді.
Саяси қоғамдық «Ақиқат»журналының бас редакторының орынбасары
Мәжитов Марат мырза, ӛзінің «Халқым деп соққан жүрегім...» атты Шахмардан
Есеновпен болған арнайы сұхбатында: «...Шахмардан аға (Сіз Лениндік
сыйлықтың лауреатысыз. Кешегі бір аумалы-тӛкпелі кезде сол сыйлығыңыз
жӛнінде де алып-қашпа, ӛсек-аяңдар болды-ау деймін?)» деп сұрақ қойғаны
белгілі. Сонда Шахмардан тілшіге берген жауабында «...Маңғыстау ӛңірінде,
әсіресе, Бозашы тӛңірегіндегі мұнай, газды зерттеп, оған әрдайым экспедиция
ұйымдастырып, ӛзім де белсене араласқанымды ешкім жоққа шығара шығара
алмақ емес. Менің басқаруыммен Жетібай, Ӛзен мұнай орындары ашылды.
Бұлар кейін ашылған үлкен мұнай кӛздері еді. Мен бұл жолда білімімді де,
тәжірибемді де ортаға салдым. Мұнай барын, мол қорын нақтылы дәлелдедім.
Осы теңдесі жоқ мұнай - газ кӛздерін ашқанымыз үшін бес кісі Лениндік
сыйлықтың лауреаты атандық. Жетеу едік, Мәскеу екі қазақты сызып тастапты.
Менің жеке еңбегім болмаса, ӛзімді осы топтан ӛзім- ақ сызып тастар едім, оған
адамдық арым да құдіретім де жетер еді. Мен жалпы ӛзімді билеп-тӛстей
білетін кісімін. Ешуақытта біреудің айтқанына еріп, біреудің жетегінде жүріп
кӛрмеген адаммын. Ӛз ақылым ӛзіме тӛреші, Отан алдындағы қызметім шығар,
екі мәрте Ленин орденімен марапатталдым. Екі рет Социалистік Еңбек Еріне
ұсынылдым, бірақ неге екенін қайдам, Еңбек Ері болғаным жоқ..., Екі рет
Жоғарғы Кеңестің тӛрағалығына сайландым...» [466, 102-103 б.].
245
Қазақ ғылым әлемінің бір жарқын жұлдыздарының бірі, академик
Қозыбаев Манаш «Ел баласы – Сыр баласы Шахаң туралы сыр» атты
естелігінде «...Қазақтың ...әкеңнің баласы болма, елдің баласы бол» деп
айтарындай, ӛз замандастарына «Шах аға» аталған Шахмардан Есенов – міне
осыдай ұлт перзенті, ел баласы,. Осы арада толассыз жарға соғып, аласапыран
заманы дабылдатқан ХХ ғасыр ұлысы Әлихан Бӛкейхановтың ӛзін «Қыр
баласы» деп атауы ойына еріксіз оралады. Әлекең бастаған ұлы шоғыр Ахмет
Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев,
«Елім-ай» деп зарлап ӛмірден ӛтті. Қуыршақ Кеңес Қазақ республикасының
болмысына қарамай, даналықтарын танытып, «Құйрықты» жұлдыздай аспан
әлемін қақ жарып, таңдандырып олар кетті. Міне сол кезеңде «ат тұяғын тай
басып» «қыр балаларының орнына жас буынды бастап», «Сыр баласы» Шахаң
келді...» деп баға береді [466, 105-103 б.].
1973 жылы Әбунасыр Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына арналған
дүниежүзілік конференцияға Азия мен Африка және Европа елдерінен
ғалымдар келіп, бас баяндаманы Ш. Есенов жасайды. Онда сӛз кезегін алған
пакистандық Фаиз Ахмад Фаиз «...Ғажайып ӛлке Қазақстанда қазір
таңғаларлық Ғылым Академиясы, ғылыми-зерттеу институттары ӛсіп жетілді.
Әлемге әлі де бір әл-Фараби емес, оның бірнеше ойшыл ұрпақтарын
беретіндеріңізге
сенемін.
Соның
бір
мысалы,
Қазақстан
Ғылым
Академиясының қазіргі президенті, осы жиынды ұйымдастырып, тамаша
баяндама жасаған бауырымыз Шахмардан Есенов деп білемін» ағынан
жарылады [466, 124-126 б.]. Мұндай шамадан артық мадақтауға бой үйретпеген
Шахмардан Есеновке бұл тосын болғаны рас. Алайда халықаралық форумда
айтылып, қонақтардың бүкіл дүиежүзіне айтып жүреміз деп жариялауы түбінде
пайдасынан зияны кӛбірек болуға әкеліп соқты. Шахмардан Есенов ӛмір бойы
«Үлкен кісі» деп ұлағатты ұстазым деп мақтан тұтып жүрген ағасы
Д. Қонаевтың «Үлкен» жүрегі ретсіз шаншып, мен тұрғанда бұл батырдың
атағы мен абыройы қалайша ғалам орбитасына кӛтеріледі деген пендешілік ой,
сезім қысқа мерзімде бүкіл жан-дүниесін баурайлап алғандай күн кешсе керек.
...күншілдік, кӛре алмаушылық, кӛрсоқырлық деген қызыл кӛз пәлелерге
кеңінен жол беріліп, ӛкінішке орай сол жылдардың қасіретіне айналғаны рас
[466, 126 б.]. Халқының қамын ойлаған, мақтан етуге тұрарлық Шахмардан
Есеновті ешкімге керексіз етуге тырысқан пенделер не ұтты.
Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Садуақас
Құрманов Шахмардан Есенов жайлы жазған естеліктерінің бірінде «Шахаңның
жүні жығылып, кӛңілі жүдеп жүрген кезінде мәскеуде іссапарда жүріп, бір топ
астаналық жолдастарымен кездесуіне қатынастым. Жабырқаулау отырған
Шахаңа бір мәскеулік ғалым «...Шаха, сені қалай кінәласа, олай кіналасын,
саған не десе, о десін. Сендей қазақ болған жоқ, болса да ӛте сирек болды. Сен
ұлы болдың, ұлы болып қаласың...». Әркімнің тарихтағы орнын, оның ішінде
ұлылығын, тарих ӛзі сараптап шешетін болар. Бірақ сол мәскеулік ғалым
айтқандай, біздің кӛзқарасымызша да Шахаңдар ұлылардың қатарына жата
алатындай-ақ адам болған-ды [467, 55 б.]. Абдолла Дәулетұлы Шахмардан
246
Есенов жайлы «Қолда барда алтынның қадірі жоқ дегендей сол дәрежеде
жұмыс жасап келген, жасай беретін абзал азаматқа күншілдік пен кӛре
алмаушылық атанған ауруларға душар болған пенделер, бір жылдан кейін
министрлік қызметті де кӛп кӛргені белгілі. Оның үстіне Алматыда жүріп-
тұрудың ӛзіне, отбасы, бала-шағасы қасында болуды артық санаған сұрқиялар
Балқаштың бетпақ даласына қуғаны, есі дұрыс адамның ақыл ойына
сыймайтын пасықтық, пақырлық, бишаралықтың шегінен шығып, кешегі
министр, академия Президенті, Жоғары Кеңес тӛрағасы, дүние жүзіне танымал
ғұлама ғалымды шағын кен барлау тобына жетекші боласың деп Астанадан
айдап шығуы сол күндердің кӛсемдері аталған «азаматтардың» кісілік деген
қасиеттен жұрдай болғанын» ашына жазады [466, 138 б.]. Ғалым Т. А. Акишев
«Академик Ш. Есенов неге тіс жармады?» деп аталатын естелігінде
«Балхаштың Қаратас молибден-мыс кенішінде жүрген Шахаңа арнайы соғып
сәлемдескенін, бірнеше сағатқа созылған пікір алмасуларда Солтүстік
Балхаштың геологиялық, тектоникалық, металлогениялық ерекшеліктерін тілге
тиек етіп, бұл аймақтағы барлау әдістерін жаңаша ұйымдастыру қажеттігі
жайлы жан-жақты сұқбат болғанына тоқталады. Мен шаршап, шалдыққан,
уайым қайғыға кезіккен адамды емес баяғыдай жымиған күлкісі жайдары жүзі,
ақ жарқын жүрегі ашық ойы бар Шахмардан Есенұлын кӛріп, ол кісінің
қайраты мен қажырлы қайсарлығына тебіреніп отырып қуанған едім дейді»
[466, 140 б.]. Ӛмірінің соңғы жылдарында ӛзі бітірген бұрынғы Қазақ
политехникалық институтына қазіргі Қазақ Ұлттық техникалық университетіне
пайдалы қазбалардың кен кӛздерін іздестіру және барлау әдістері
кафедрасының меңгерушісі болып келіп, конкурстан ӛтіп, қызметке кіріскенде,
Есенов рұқсатсыз ел билігіндегі білгіштермен ақылдаспай, Алматыға
оралғанын, конкурсқа қатысу жӛніндегі құжаттатырының күшін жоюды талап
еткенімен, ректор бұл мәселенің ректорат құзырындағы іс екенін , оны ӛткізуде
ешқандай ретсіздік, заңсыздық жоқ екенін айтады. Алайда кафедра меңгерушісі
емес профессор ретінде қызметке алады. Ш. Есенов Қазақстанның халық
шаруашылығы үшін жоғары білімді техникалық интеллигенция кадрларын
дайындауға үлкен үлес қосады [466, 141-142 б.].
2000-шы
жылдардың
басында
алаш
қозғалысының
белсенді
қайраткерлерінің бірі, қазақ арасынан шыққан жоғары білімді инженер
Мұхамеджан Тынышбаев жайлы зерттеу жұмысын жүргізген ғалым
Г.С. Жүгенбаева «Бүкіл кеңестік индустрияландырудың алғашқы ұлы
жеңістерінің бірі – Түркістан-Сібір темір жолы іске қосылып, бүкіл халық
болып осы қуанышты тойлап жатқанда, оның басшысы, негізін cалушы
инженер М. Тынышбаев кенеттен тұтқынға алынды. Бұл 1930 жылдың тамыз
айының 3-ші жұлдызы болатын» деп атап кӛрсетеді [468, 9 б.]. Сонымен бірге
сол жылдың қыркүйек, қазан айларында Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов,
Ж. Ақбаев, Ж. Күдерин, Қ. Кемеңгеров және басқа қазақ зиялыларының
тұтқындалғандығын айтады. Олардың контрреволюциялық ұйым құрған деген
айыппен тұтқындалғанын айқындай келе, «социализм жеңістерін мойындай
қоймаған «халық жауларының» әрқайсысы ӛздерінің «қылмыстарына» сай
247
жазаға тартылды. 1932 жылдың 20-шы сәуірде №2370 іс бойынша РКСФСР
Қылмыс
Кодексінің
58/3
баптарының
тармақтарымен
айыпталған
М.Тынышбаев жазасын ӛтеу үшін, алғаш 1930 жылдан бастап, бес жыл
мерзімге концлагерьге қамауға жіберіледі. Кейіннен бұл жаза Ресейдің Орталық
Қаратопырақты аймағына (Воронеж қаласына) жер аударумен алмастырылды.
Мұндай жазаға сонымен бірге Х Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев,
Ж. Күдерин, Қ және т. б. қайраткерлер де кесіледі деген деректерді келтіреді
[468, 10 б.].
Зерттеуші Г.С. Жүгенбаева М. Тынышбаевтың жер аудару мерзімі 1935
жылдың
жазында
аяқталғанымен,
қуғын-сүргіннің
мұнымен
тоқтамайтындығын түсінген ол отбасын Қазақстанан тыс жерге Уфа қаласына
жібергендігін жазады. Ӛзі Ташкентке үлкен қызы Фатанадбанудың жанына
келгенімен, мұнда да Ішкі Істер Халық Комиссариатының қарамағынан
құтылмағандығын айтады. Сталиндік қуғын-сүргіннің жаппай сипат алған
екінші кезеңінде, яғни 1937-ші жылдың 21-ші қарашасында Ӛзбек ССР-і Ішкі
істер Халық Комиссариаты тұтқынға алады. Бұл жолы оған таңылған айып 1917
жылы Қоқан қаласындағы Түркістан автономиясын басқарғандығы болды.
Осындай «айыпты» арқалаған М. Тынышбаев 1938 жылы 20-шы сәуірде
атылды деген анықтаманы алға тартады [468, 10 б.]. Зерттеуші Кеңес Үкіметі
алашорда қайраткерлерінің ӛткенін ұмыта да, кешіре де алмады деп,
тоталитарлық жүйенің 1920-шы жылдардың ішіндегі жеңілістерінің бәрі
М. Тынышбаев тәрізді «тап жауларының», «қазақ еңбекшілерінің қас
дұшпандарының», тонын теріс айналдырған зиянкестердің – Алаш қозғалысына
қатысушы «буржуазиялық ұлтшылдардың» кінәсінен деп түсіндірілді деп
пайымдайды. [468, 10 б.]. Автор осындай біржақты идеологиялық кӛзқарас
ұлттық апатқа – саяси репрессияның қанды шеңгелінің Алаш қайраткерлерін
түгелдей үрім-бұтақтарымен, туған-туысқандарымен қоса құртып жіберуге
және қуғын-сүргінге ұшыратуға алып келді деп қорытындылайды
[468, 10 б.].
Репрессияға ұшыраған Қазақстан интеллигенциясының мұрасын зерттеу
қорының қолдауымен 2001 жылы «Арыс» баспасынан Федор Осадчийдің
«Великий творец добра и света (страницы судьбы инженера М. Тынышпаева)»,
- деп аталатын еңбегі жарық кӛреді [469]. Еңбекте инженер М. Тынышбаевтың
тағдыры жан-жақты сараланған. Федор Осадчий Мұхамеджан Тынышбаевтың
қызы Фатима жайлы мәлімет бере келіп, әкесі Воронежге жер аударылғанда екі
рет барғандығын, ұлы Ескендірдің де іздеп барғандығын жазады. Фатиманың
«1937 жылы чекистер «халық жауларының» балалары біздерден ата-
аналарынан бас тартуды талап етті, мұндай үрей мен қорқынышқа
шыдамағандар келісімдерін берді. Ал мен қадірлі де сүйікті әкеме әрқашан адал
болдым деп», - деп айтқан сұқбатын келтіреді [469, 97-98 б.].
Г.М. Какенова. 1930-шы жылдардағы тоталитарлық жүйе саясатын
халықтың ең таңдаулы ӛкілдерін жою саясаты деп айтқан заңды. Осы жылдары
Кеңес ӛкіметі интеллигенцияның шығармашылығына шектеу қойып,
физикалық жағынан жоюға дейін барды деп пайымдайды [103, 359 б.].
248
Осы мәселе туралы енді-бір тарихшы-ғалым Т. Омарбеков 1930-шы
жылдардағы ОГПУ құжаттарының мазмұнына қарай отырып, халық
арасындағы беделді мемлекет және қоғам қайраткерлері билік тарапынан осы
жылдары қуғын-сүргінге ұшырағанына айғақ бола алатындығын жазады.
Олардың ұлт-азаттық қозғалысында жетекші рӛл атқарып, кеңес ӛкіметін
орнатуға үлес қосқанын айтады. Осындай тұлғалар «ұлтшылдық» «түркішіл»
«исламдық»
бағыт
ұстанды
деп
айыпталып,
оларға
«шпиондар»
«контрреволюционерлер» деген атақ берілгендігін ашып кӛрсетеді [470, 119 б.].
Жас ғалымдардың бірі Г. Идрисова «ғылымдарға деген бұндай
әділетсіздіктің ең басты түрткісі тоталитарлық қоғамның ғылыми
шығармашылық интеллигенцияның қызметін ӛз ұстанымы бойынша дамытуға
деген мемлекетік бағдарынан туындап отыр», -деп баға береді [471, 80 б.].
Қорыта келгенде, ӛндірістік-техникалық интеллигенцияға қатысты
мемлекеттің ұстанған саясаты мен тоталитаризм қылмысын зерттеу тарихында
елеулі ілгері басушылық байқалды. Тарихшы ғалымдар кеңестік кезеңдегі
үстемдік етуші идеологияның әрбір кезеңдегі ӛзіндік ерекшеліктерін
айқындады.
249
Достарыңызбен бөлісу: |