Интеллигенциясы: тарихи



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата22.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
часть духовных ценностей чисто для собственного потребления, ценностей, не 
имеющих широкой общественной практической полезности» [100, 343-344 б.]. 
Интеллигенцияның тарихын соңғы жылдары зерттеп жүрген ғалымдардың 
бірі  –  З.О.  Дүкенбаева.  Зерттеуші:  «Зиялылар  –  уақыт  таразысынан  ӛткен 
адамдар.  Есімдері  ел  жадында  сақталмаған,  шығармалары  ұмыт  болғандарды 
зиялы  деп  атауға  болмайды.  Ел  үмітін  ақтамаған  оқығандар  әр  кезде  де  аз 
болмаса керек. Сондықтан бүгінгі күні тарихи әдебиетте аттары аталып жүрген 
зиялылар ұлттық интеллигенцияның тарих елегінен абыроймен ӛткен санаулы 
ғана  ӛкілдері  екендігін  атап  кӛрсету  лазым.  Тарихымызда  зиялы  деп  есімін 
мақтан  тұтарлық  тұлғалардың  табылып  жатуы  заңдылық.  Біздің  түсінігімізше 
шын  зиялы  Абайдың  «Ӛлді  деуге  бола  ма,  ойлаңдаршы,  ӛлмейтұғын  артында 
сӛз қалдырған» деген жоғары талабына сәйкес келуі қажет»,- деп пайымдайды 
[101,  22  б.].  Зерттеу  барысында  ұлттық  интеллигенцияның  ӛзіндік  даму  жолы 
мен  кезеңдерінің,  құрамындағы  ӛзгерістердің,  сан  мен  сапа  жағынан  ӛсу 
заңдылықтары  қалыптасқандығы  жӛнінде  айта  келіп,  интеллигенцияны 
орынсыз  жіктей  бермеу  керек  екендігін  айта  келіп,  қазақтың  ұлттық 
интеллигенциясы бес құрамды бӛліктен тұрады: 1) Зиялылар; 2) Шығармашыл 
интеллигенция; 3) Мемлекеттік қызметкерлер; 4) Мұғалімдер; 5) Мамандар», - 
деп ой қорытады [101, 22 б.].  
Ғалымдар  М.Х.  Асылбеков  пен  А.И.  Құдайбергенованың  2005-ші  жылы 
жарық  кӛрген  «Қазақстан  халқының  әлеметтік  –  демографиялық  жағдайы» 
(1939-1959  жж.)  аталатын  еңбегінің  бір  бӛлімі  интеллигенция  тобының 
құрамындағы  ӛзгерістер  мен  даму  ерекшеліктеріне  арналған.  Осы  еңбекте 
интеллигенцияға  жаңа  анықтама  береді.  Онда  «Интеллигенция  –  қоғамдық 
ӛмірдің  барлық  салаларында  қызмет  ететін,  қоғамның  әлеуметтік-таптық 
құрамының бӛлігі  ретінде біртұтас, ішкі  бӛліктерімен  тұтасып жатқан  күрделі 
әлеуметтік  топ.  Интеллигенцияның  топ  ретінде  қалыптасуының  ӛзіне  тән  екі 
белгісі бар: еңбектің мазмұны бойынша, мамандықтың еңбек ету әдісі ретінде, 
ой  еңбегінің  бір  түріне  жатқызылуына  және  топтың  әлеуметтік  қызметінің 
мәніне  байланысты»,-  деп  жазылған.  Интеллигенцияның  дамуының 
демографиялық әлеуметтік жағы қарастырылғандықтан, еңбекте авторлар санақ 
материалдарында  интеллигенция  ӛкілдерін  ой  еңбегімен  айналысатын  топ 
ретінде санағандығын айтады [102, 118-119 б. ]. 
Қазақстан  ғылыми  интеллигенциясының  тарихнамасы,  әдіснамасы 
мәселесін зерттеуші ғалым Г.М. Какенова «Интеллигенция кәсіби түрде жоғары 
білікті  интеллектуалды  еңбекпен  шұғылданатын  ерекше  әлеуметтік  топ  және 

 
33 
қоғамда  сыни-жасампаздық  рӛл  атқарып,  сонымен  қатар  рухани-
интеллектуалдық  ӛндіріс  пен  әлеуметтік  ұйымдар  мен  басқару  функцияларын 
атқарады»,-деп баға береді [103, 50 б.]. 
Қазір 
қоғамтануда 
интеллигенция 
анықтамасына 
байланысты 
интеллигенция  арасында  қоғамдық-саяси  процестерді  зерттеудің  теориялық 
негізіне,  атап  айтқанда  адамдар  еңбегіндегі  ой  еңбегімен  айналысу  қызметін 
зерттеуге қызығушылық туындап отыр. Бұл қоғамдық ӛмірдегі байланыстылық, 
индивидтің қазіргі қоғамдық қатынастарға сай бейімделуін, барлық әлеуметтік 
топтардың  ынтымақтастығын  тудырады,  адамдардың  арнайы  идеологиялық 
қатынастарын  жасауға,  сананы  ұйымдастырып,  тәрбиелеуге  ықпал  етеді. 
Сондықтан  интеллигенция  дегеніміз  әлеуметтік  топтардың  ішіндегі  арнайы 
идеологиялық  байланыстылығы  қалыптасқан  адамдар  тобы.  Интеллигенция 
қоғамның «орта топ» ӛкілдерімен бірге бірлесіп еңбек етіп отырған аралық топ 
емес,  қазіргі  қоғам  үшін  ӛте  қажет  ерекше,  бір  жағынан  қоғамдағы  болып 
жатқан  ӛзгерістерге  тӛзімділікпен  қарайтын  бӛлігі.  Адамзат  құндылығы  мен 
адамгершілік  ӛлшеміне  деген  артықшылықтың  берілуі,  утопиялық  идеялардан 
туындап отырған жоқ, уақыт талабы - солай. 
В.А.  Макаренконың  жалпы  редакциялық  басшылығымен  2000  жылы 
жарық кӛрген «Краткий словарь современных понятий и терминов» сӛздігінде 
интеллигенция  сӛзінің  екі  мағынасы  берілген:  1)  ой  еңбегімен  айналысатын 
қызметкерлер, жоғары  білім деңгейі,  ғылыми дәрежесі  мен  атағы  бар  адамдар 
(дәрігерлер,  журналистер,  әдебиетшілер,  мұғалімдер,  инженерлер,  заңгерлер, 
ғалымдар,  ӛнер  қайраткерлері  және  т.б.);  2)  рухани-имандылық,  мәдени, 
азаматтық белгілерімен айқындалып, елге құрметі, тарих пен мәдениетке, оның 
әлеуметтік-экономикалық 
жағдайымен 
ерекшеленіп, 
ағартушылық, 
филантроптық  қызметке,  негізінен  әдебиетке  бейім  адамдардың  жиынтығын 
айтады  [104,  204  б.].  Жалпы  отандық  және  шетелдік  әдеби  деректерде 
интеллигенцияның  қоғамдағы  орны,  рӛлі,  атқаратын  қызметін  қарастыруда 
тӛмендегі бағыттар айқындалған: 
-  этикалық  (П.Д.  Боборыкин,  Н.А.  Бердяев,  С.Л.  Франк,  П.И.  Милюков,                                      
А.П.  Чехов,  А.С.  Панарин,  И.В.  Кондаков  т.б.)  жағын  қарастырғандар 
интеллигенцияны  қоғамның  рухани-имандылық  элитасы  деп  есептеп,  оның 
тағдыры 
үшін 
жауапты, 
дүниетанымдық 
ұстанымдары 
Шындық, 
Қайырымдылық,  Махаббат  және  Сұлулық  идеалдарына  сүйеніп,  жоғарғы 
мақсаты  адам  болмысы  мен  қоғам  дамуының  абсолютті  құндылығы  ретінде 
жеке тұлғаның рухани және имандылық дамуы болып саналады [105]; 
-  мәдениеттанушық;  (Ерасов  Б.С:,  Самченко  В.И.  ж.б.)  интеллигенция 
қоғамда  мәдени  дәстүрлер  мен  нормалардың  жаршысы  және  сақтаушысы 
қызметін  атқару  керек,  рухани  құндылықтарды  жасап,  таратып,  оны  басқа 
ұрпақты  тәрбиелеу  барысында  ағарту  мен  білім  беру,  мәдени-кӛпшілік 
комплекс  пен  бұқаралық  ақпараттық  жүйелер  арқылы  беріп  отыру  керек  деп 
саралайды [106]; 
-  әлеуметтік-саяси;  бағытты  жақтаушылар  интеллигенция  қоғамның 
«сыни  ойлаушы»  бӛлігі  [107];  яғни,  қоғамның  «естественный  критик 

 
34 
несовершенства  общества»  жетілмеуінің,  оның  әлеуметтік,  саяси,  имандылық 
негізінің,  қоғамдық  білімнің  нағыз  сыншысы  санап  [44,  11  б.],  үкіметке  ӛзін 
оппозиция  ретінде  қойып  жеке  тұлғаның  құқықтары  мен  бостандықтарын 
сақтауға  ұмтылады  (А.И.  Солженицын,  И.  Эренбург,  Р.  Пайпс)  [108].  Бұл 
бағытты ұстанушылар интеллигенция руханилықтан гӛрі, қоғамның әлеуметтік-
саяси жағынан қайта құру түріндегі саяси мақсатқа жетуге ұмтылып [109], оны 
әртүрлі  қоғамдық  қозғалыстармен  кӛрсетеді  (халықшылдық,  декабризм, 
диссиденттік) деп кӛрсетеді; 
-идеологиялық;  интеллигенцияға  байланысты  бұл  бағытты  ұстанушылар                      
К.  Мангейм  мен  А.  Грамши  еңбектерінде  кӛрсетілген  [110].  Неміс 
әлеуметтанушы  және  философы  Карл  Мангейм  ӛзінің  «Идеология  және 
утопия»  деп  аталатын  еңбегінде  интеллигенция  таптардың  үстінде  тұрған, 
болашақтың жалған идеалы, жалған сана мен утопия түріндегі идеологиясына 
қарсы  тұра  алатын  адамдардың  ӛкілдері  деп  ескертеді.  Ал  Антонио  Грамши 
Италия  коммунистік  партиясының  негізін  қалаушы  және  теоретигі, 
интеллигенцияның  басты  қоғамдық  атқаратын  қызметі  идеологиялық  қызмет 
деп кӛрсете отырып, идеологияны жасау және тарату – ерекше әлеуметтік топ 
ретіндегі интеллигенцияның ӛмірінің мәні екендігін пайымдайды; 
-  әлеуметтік-кәсіби;  бұл  кӛзқарас  Кеңес  ӛкіметі  кезеңінде  ой  еңбегімен 
кәсіби түрде айналысушы адамдардың ерекше әлеуметтік тобы деген түсініктің 
пайда  болуымен  байланысты  дамыды  (В.В.  Воровский,  С.Я.  Вольфсон,  Н.А: 
Аитов, П.П. Амелин т.б.) [111]; 
-    ұлттық-азаматтық;  интеллигенцияның  атқаратын  маңызды  қызметі  – 
Қазақстан  азаматтардың  тіртұтастығы  мен  ұлттық  сана-сезімінің,  ұлттық 
идеясының  қалыптасуына  ықпал  ету,  ұлттық  мәдениетті  сақтап,  дамытуға  ат 
салысып,  ұлттың  рухани  жанашыры  болу  [112]  (Х.М.  Әбжанов).  Қазақ 
интеллигенциясы  ғана  «халықтың  ұлттық  санасының»  жаршысы  ретінде 
әлеуметтік-әділ қоғам құруға ұмтылады; 
-дүниетанымдық-аксиологиялық; 
Бұл 
кӛзқарасты 
жақтаушылар 
интеллигенцияны 
қоғам 
мүшелерінің 
нақтылы 
идеалдары 
мен 
құндылықтарының  қалыптасуына  ықпал  етіп,  түрлі  дүниетанымдық  және 
ӛмірлік  маңызы  бар  мәселелерді  пайымдап  шешумен  айналысатын  адамдар 
қауымын  айтады  (адам  ӛмір  сүруінің  мәні  және  мақсаты,  әлемдегі  адамның 
орны  т.б.).  Мысалы  Л.И.  Новикова  мен  И.Н.  Сиземская  «интеллигенцияға 
ӛзінің әлеуметтік талпынысы мен кӛңіл күйін философиялық негізде ойлаудың 
философиялық бағыттылығы тән» деп айқындайды [109].  
-  коммуникациялық;  интеллигенция  -  әлеуметтік-саяси  шиеленістерді 
шешуде  қоғамның  оппозициялық  топтары  арасында  «коммуникатор»  делдал 
рӛлін атқарады деп есептейді [113]. Алайда С.Н. Полтарактың пікірі бойынша, 
интеллигенция қоғамның қарсылық кӛрсетуші жағына ықпал ете алмайды деген 
оппозициялық  пікірдің  бар  екендігін,  әлеуметтік-саяси  қақтығыстарды 
ұйымдастырушыларға  ықпал  етіп,  кӛмектесе  алатындай  ӛзінің  жеке  беделінен 
басқа түгі жоқ екендігін ескертеді. Оның саяси билік үшін әкеліп отырған табыс 

 
35 
кӛзі.  Меншігі,  басқа  күштерден  қорғайтындай  әскері  жоқ,  қоршаған  әлемді 
ӛзгертуге ықпал ететіндей интеллектінен басқа түгі жоқ ; [114]. 
-саяси-құқықтық  (Б.А.  Кистяковский):  интеллигенция  қоғамның  рухани 
элитасы  ретінде  қоғамдық  тәртіпті  сақтауға  ықпал  етуі  керек,  жеке  тұлғаның 
бостандығы  мен  мүдделерін  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  қорғауы 
қажет [115]. 
- әлеуметтік-мәдени бағыт гуманитарлық білімнің әдіснамасы саласында 
пайда  болып,  әлеуметтік  және  мәдениеттануды  талдаудың  біртұтастығына 
негізделіп,  бірлескен  әлеуметтік  және  мәдени  құбылыстарды  қарастырады. 
Ресей ғалымы  А.С. Ахиезер интеллигенцияның шекараларын анықтап, ерекше 
әлеуметтік  мәдени  топ  ретінде  білімі,  мәдениеті,  имандылық  деңгейі  жоғары, 
белгілі бір идеялық бағыты бар екендігін айқындайды [113]. 
Интеллигенция  феноменін  анықтауда  жоғарыда  кӛрсетілген  бағыттардың 
әр-алуан  екендігін  байқасақ  та,  интеллигенция  бұрынғыдай  жоғары 
мәдениетімен,  руханилығымен,  білімімен,  кӛзқарасының  әртүрлілігімен, 
тәрбиелігімен,  толеранттығымен,  сыни  ойымен  ерекшеленіп,  Қайырымдылық, 
Махаббат,  Әдемілік,  Гуманизмнің  жоғары  рухани  құндылықтарына 
ұмтылысымен ерекшеленеді.  
Қазақстандық  әлеуметтанушы-ғалым  М.  Садырова  «Интеллигенцияның 
қоғамның 
әлеуметтік 
құрылымындағы 
рӛлі 
мен 
орны 
ӛзгерді. 
Интеллигенцияның  ішкі  құрылымы  күрделенді.  Әсіресе,  ғылым  негізгі 
ӛндірістік  күшке  айналған  сайын,  материалдық  ӛндірісте  оның  еңбегінің 
мазмұны  күрделеніп,  сан  қырлы  болу  үстінде.  Интеллигенцияның  сипаты 
қазіргі  қоғамның  әлеуметтік-мәдени,  экономикалық  және  саяси  түрлеріне 
байланысты болып табылады»,-деп ой толықтырады [116, 45 б.]. 
Біздің  пікірімізше,  интеллигенция  табиғатына  әлеуметтік  түрде 
интеллигенттілік  тән.  Интеллигенцияның  күшімен  қоғамдық  сана  мен 
қоғамдық  тұрмыста  дәуірлер  арасындағы  ӛзара  байланыс  ұғымы  ұлттық  сана 
үздіксіздігі  сипатымен  түсіндіріледі.  Бұл  -  қоғамдық  дамудың  әр  сатысында 
ұлттық  сана  мен  идея  жаңа  сипат  алып  даму  үстінде  болады  деген  ұғым  мен 
сенім. 
Интеллигенция таптан  тыс  тарихи құбылыс, яғни шын мәнінде халықтың 
бӛлігі  және  келешекте  ӛзіне  тән  орыны  бар,  ол  адамзаттың  ӛзімен  шамалас, 
оның  құрамында  болуға  тиісті  тарихи  құбылыс  болып  саналатындығы 
айқындалады. 
Интеллигенцияның  әлеуметтік  табиғатын  талдай  келе  нақты  тарихи 
кезеңде  ғылыми-тарихи дүниетанымды,  кӛзқарасты  жасаушы,  жақтаушы  және 
таратушы  ретіндегі  орынын  анықтағанымызбен,  дүниетаным  барлық 
әлеуметтік жікке тән болғанымен, оны жүзеге асыруға олардың кӛпшілігі толық 
кӛлемде  қатыспайды.  Тек  қана  интеллигенция  нақты  тарихи  мүдде  мен 
құндылықтар  негізінде  тарихи-мәдени  жағдайға  сай  күнделікті,  үйреншікті 
кӛзқарас пен дүниетанымды жасайды, тудырады.  
Демек, интеллигенция ұғымын анықтауда басты методологиялық ұстаным 
оның дүниетанымдық, руханилық негізі мен кӛзқарасы болып табылады.  

 
36 
1.2 Ӛндірістік-техникалық интеллигенция: тарихи-теориялық пайым  
Қазір  отандық  интеллигенция  тарихын  зерттеудің  ӛзіндік  бағыт-
бағдарлары  мен  әдістері  қалыптасқан.  Сол  интеллигенция  тобының  ішінде 
ӛндірістік–техникалық  интеллигенцияның  әлеуметтік  феномен  ретіндегі 
бейнесін қалыптастыруды зерттеудің ӛзіндік ерекшелігі бар.  
Ӛндірістік–техникалық  интеллигенция  құрамына  жоғары  және  орта 
арнаулы білімі бар қызметкерлермен қатар орта арнаулы білімі жоқ практиктер 
де кіреді. Кеңестік кезеңде дипломды мамандардың сонымен қатар еңбекшілер 
қатарынан  шыққан  маман-практиктердің  де  саны  артты.  Әсіресе,  жұмысшы 
табы  қатарынан  шыққан  маман-практиктердің  жұмысшы  табымен  арадағы 
байланысындағы  әлеуметтік  құндылығы  жоғары  болды.  Олар  техникалық 
интеллигенция  қатарын  толықтырудағы  негізгі  тұтқаға  айналады.  Маман-
практиктер таңдаулы жұмысшы табы қатарынан шығып, ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияның жұмысы барысында негізгі тірекке айналды.  
Ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  тарихнамасын  қалыптастыруда           
А.Е. Бейлиннің монографиясының алар орны ерекше [117]. Оның ХХ ғ. 30-шы 
жылдарында  жарық  кӛрген  еңбектерінде  алғашқы  бесжылдық  жылдарындағы 
ӛнеркәсіптегі  инженер-техникалық  кадрлардың  саны,  құрамы  жӛнінде  бағалы 
статистикалық мәліметтер берілген. 
1930-шы жылдары ӛнеркәсіптегі инженер-техникалық кадрлардың құрамы 
мен  оларды  дайындау  жӛнінде  басқа  да  еңбектер  жарық  кӛрді.  Олардың 
қатарында     В.А. Шмелев [118], А.И. Иванов, Л.В. Швейцер т.б. авторлардың 
статистикалық деректерге бай материалдары бар [119]. Осы жылдары кеңестік 
зерттеушілер  инженер-техникалық  кадрларды  зерттеуге  байланысты  сүбелі 
үлес  қосты.  Авторлар  ӛз  еңбектерінде  сол  кезеңдегі  статистикалық 
мәліметтерді  қолдана  отырып,  техникалық  интеллигенция  мамандарының 
қалыптасуындағы  маңызын  айқындайды.  Бірақ  олардың  барлығында  біз 
қарастырып отырған мәселеге «объективті баға» берілді деп санауға болмайды. 
Мысалы А.И. Иванов пен В.Л. Швейцер кеңестік техникалық интеллигенцияны 
зерттеушілер  «Ескі  техникалық  интеллигенция  ӛкілдері  Кеңес  ӛкіметі  жағына 
жақындаған  сайын,  олардың  мамандануы  тӛмен  болды»,  -  деген  жаңсақ  пікір 
айтты [119, 14-15 б.]. Соғысқа дейінгі кезеңде жоғарыда кӛрсетілген және тағы 
басқа  да  еңбектер  теориялық,  практикалық  жағынан  алғанда  фундаментальды 
мазмұнда  болмады.  Күнделікті  кадр  саясатын  айқындай  отырып,  мәселені 
ашып  кӛрсетуде  еліміздің  партиялық-мемлекеттік  билігінің  саяси-әлеуметтік 
мазмұнына  сәйкес  қатаң  идеологиялық  кӛзқарасымен  ерекшеленді.  Бұл 
еңбектердің  құндылығы  сонда,  инженер-техникалық  кадрлардың  саны, 
әлеуметтік  құрамы,  оларды  дайындау  түрлері  жайлы  бай  фактілік 
материалдарды  жинады.  1930-шы  жылдардың  бірінші  жартысында  жарық 
кӛрген  монографиялық  зеттеулерде  техникалық  кадрлардың  құрамы  мен  саны 
мәселелері  кешенді  түрде  зерттеліп,  онда  мамандарға  деген  сұранысты  қалай 
қанағаттандыру керек деген мәселе пайымдалған. 
ХХ-шы ғасырдың 40-50-ші жылдары ӛндірістік-техникалық интеллигенция 
тарихын  зерттеуде  айтарлықтай  ӛзгерістер  болған  жоқ.  Хрущевтік  жылымық 

 
37 
отандық  тарихнамаға  біраз  ықпал  жасады.  Зерттеушілер  дәстүрлі  маркстік-
лениндік методологиядан асып кете алмаса да, Сталиннің жеке басқа табынуын 
ресми  түрде  сынай  бастады.  Осыдан  кейін  ғана  интеллигенцияның  қалыптасу 
жолдарын  нақты  зерттеуге  жете  кӛңіл  бӛліне  бастады.  С.А.  Федюкиннің 
монографиясында  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  қалыптасуы, 
социалистік модернизацияға интеллигенцияны тарту әдістері зерттелді [120]. 
Ӛндірістік-теникалық  интеллигенцияның  қалыптасу  тарихының  зерттелу 
мәселелері  Л.М.  Зак,  М.Е  Главацкий  т.б.  монографияларында,  мақалаларында 
диссертацияларында  жан-жақты  зерделенген  [121,  119-128,  148-156,136-178 
бб.].  
Тарихнамалық  зерттеулердің  қатарында  ленинградтық  авторлардың 
«Советская  интеллигенция»  (История  формаривания  и  роста  1917  –1965  гг.) 
еңбегін 
ерекше 
айтуға 
болады 
[122]. 
Бұл 
еңбектерде 
кеңестік 
интеллигенцияның  негізгі  топтарының  тарихы  қарастырылғанымен,  бірақ 
интеллигенцияның  негізгі  топтарының  қалыптасуы,  әлеуметтік  рӛлі,  даму 
бағыттары қысқаша түрде баяндалады.  
«Советская 
интеллигенция» 
анықтамалық 
сӛздігінде 
ӛндірістік-  
техникалық  интеллигенцияның  ірі  кәсіби  тобы  ретінде  материалдық  ӛндіріс 
саласында немесе ӛнеркәсіпте, құрылыста, ауыл және орман шаруашылығында, 
кӛлік  қатынасы  саласында  еңбек  ететін,  арнайы  даярлығы  бар  адамдарды 
айтады.  Оның  құрамына  инженер-техникалық  қызметкерлермен  қатар  ауыл-
шаруашылығы  мамандары  (агрономдар,  зоотехниктер,  мал  дәрігерлермен), 
материалдық  ӛндіріс  саласында  еңбек  ететін  экономистер  де  кіреді  деп 
анықтама берілген [123, 128-129 б.].  
Интеллигенцияның  дамуы  мәселелері  жӛніндегі  кӛлемді  басылымдардың 
бірі  -  1979  жылы  маусым  айындағы  Новосибирскіде  ӛткізілген  «Советская 
интеллигенция и ее роль в строительстве коммунизма» тақырыбында ӛткізілген 
бірінші  Бүкілодақтық  конференция  материалдарының  13  томдық  жинағының 
жарық кӛруі болып есептеледі [124].  
Конференцияға 
қатысқан 
әлеуметтанушылар, 
философтар 
мен 
тарихшылар:  Ц.А.  Степанян,  В.С.  Семенов,  М.Н.  Руткевич,  А.П.  Окладников,  
В.Л. Соскин, В.С. Волков, М.Е. Главацкий, В.Г. Ермаков т.б. ӛздерінің зерттеу 
мақалаларында  интеллигенцияға  байланысты  жаңа  ғылыми  кӛзқарастарын 
білдірді.  Конференция  алғаш  рет  кеңестік  кезеңде  ӛткізілгендіктен, 
интеллигенцияға анықтама беруде маркстік-лениндік концепцияны қорғап, оған 
«таптық қоғамның ерекше әлеуметтік тобы»,- деген баға берілді. Зерттеушілер 
интеллигенцияның  ой  еңбегімен  айналысуы  -  оның  негізгі  әлеуметтік  белгісі 
екендігін  атап  ӛтіп,  олардың  жұмысшы  табына  деген  кеңестік  қоғамдағы 
кӛзқарасы жӛнінде де ой бӛліседі.  
Конференцияда интеллигенцияға байланысты ұстанған мемлекеттік саясат 
ашып  кӛрсетілді.  Біз  Ц.А.Степанян  секілді  авторлардың  интеллигенцияның 
әлеуметтік-саяси рӛлін дәріптеуге айрықша кӛңіл бӛліп, маман – практиктердің 
рӛліне байланысты айтқан біржақты ой-пікірлерін қолдаймыз [125, 3-30 б.]. 

 
38 
Конференцияда  интеллигенцияға  байланысты  күмән  тудыратын  пікірлер 
де айтылды. Атап айтқанда, И.Г. Никольский: «Кеңестік интеллигенция ӛзінің 
құрамына  ерекше  топ,  «колхозшы  интеллигенттерді»  ӛндірісшілердің  жаңа 
тобы  «жұмысшы  интеллигенттерді»  ендіріп  отыр,  бұл  топтар  «колхозшы 
шаруалар  мен  жұмысшы  табының  бір  бӛлігін  құрайды»,  -  деп  ой  түйіндейді 
[126, 6 б.]. Ӛз кезеңі үшін бұл пікір дұрыс болмады, себебі бір жағынан кеңестік 
интеллигенция  ӛз  құрамына  «жұмысшы  интеллигенттерді»  және  «колхозшы 
интеллигенттерді»  енгізуі,  екінші  жағынан  жұмысшы  табы  мен  колхозшы- 
шаруалардың құрамына ерекше әлеуметтік топ ретінде кіре алмайтын еді. Осы 
кезеңде  топтар  мен  әлеуметтік  топтардың  арасында  ӛзара  жақындасу  процесі 
болғанымен, ішіне еніп кетуі әлі бола қойған жоқ еді. Интеллигенция тарихын 
зерттеуші  ғалым  С.Н.  Соскиннің  еңбегінде  «атқаратын  еңбегіне,  кәсіби 
даярлығына қарай ауыл шаруашылық интеллигенциясының құрамында үш топ 
бар дейді: 1) дипломды мамандар; 2) мамандар қызметінде отырған практиктер; 
3) маман емес қызметкерлер [127, 66-72 б.]. 
Зерттеуші  В.И.  Астахова  интеллигенцияның  мәні  мен  қалыптасуы  жайлы 
философиялық  тұжырымдар  жасағанымен,  социалистік  интеллигенцияны 
дайындаудың  қайнар  кӛзі  ескі  интеллигенция  мен  жоғары  оқу  орындарында 
дайындалып  жатқан  мамандарды  жоғарылатушылық  деп  сәйкессіздікке  орын 
береді  [128,  17-18  б.].  Біздің  пікірімізше,  интеллигенцияны  қалыптастырудың 
әлеуметтік-таптық қайнар кӛзі мен маман кадрлар қатарын толықтыру дегенді 
шатыстыруға  болмайды.  Социалистік  интеллигенцияны  қалыптастырудың 
әлеуметтік-таптық  қайнар  кӛздерін  жұмысшы  табы,  еңбекші  шаруалар,  ескі, 
буржуазиялық интеллигенция, аз кӛлемдегі басқа әлеуметтік топтар құрайды. 
М.П.  Ким:  «Кеңестер  Одағында  интеллигенцияның  қалыптасу  үдерісі  екі 
бағыт  бойынша  жүрді:  ескі  интеллигенцияны  тәрбиелеу  және  жұмысшы  табы 
мен  шаруалардан  жаңа  интеллигенцияны  қалыптастыру».-  деп  атап  кӛрсетеді. 
Соңғы кӛзқарасын қайтадан ой елегінен ӛткізген дұрыс сияқты. Себебі жоғары 
оқу  орындары  мен  техникумдарда  жұмысшы  табы  мен  шаруалармен  қатар 
қоғамдағы басқа да әлеуметтік топ ӛкілдері де оқығаны белгілі [129, 20 б.].  
Ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  қалыптасу  тарихын  зерттеуде 
зерттеушілер  А.К.  Григорьянц,  Ф.Н.  Заузалков,  В.С.  Волков,  М.Е.  Главацкий 
т.б. үлкен үлес қосты [130]. Бұл еңбектер бірін-бірі қайталамайды, дегенмен де 
инженер-техникалық  мамандарды  дайындау,  олардың  құрамы,  саны, 
материалдық ӛндіріс саласындағы қызметі, ӛндіріс орындарындағы техникалық 
интеллигенцияны дайындау жӛніндегі мазмұны ұқсас келеді. 
Қазақстанда  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияны  қалыптастыру 
жергілікті  органдардың  басты  міндеттері  болып  қойған  жоқ,  сонымен  бірге 
дамыған  ӛнеркәсіп  орталықтарынан  шеткері  болғандықтан,  олардың  санының 
аз болуы, мамандарға деген сұраныстан да туындады. Сондықтан Қазақстанда 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияны 
қалыптастырудың 
жалпы 
заңдылықтары,  ӛзіне  тән  белгілері  пайда  бола  бастады.  Мәселен,  кәсіби 
маманданған  мамандарды  басқа  аймақтардан  шақыру,  жергілікті  жерлерде 
жедел  қарқынмен  мамандар  дайындауға    кӛңіл  бӛлу,  жоғарылатушылық 

 
39 
арқылы  маманданған  жұмысшыларды  инженер-техникалық  интеллигенция 
қатарына тарту т.б. жұмыс түрлері қарқынды түрде жүре бастады.  
Социалистік  қоғамда  жұмысшы  табы  мен  ӛндірістік  техникалық 
интеллигенция  арасында  айырмашылық  жоқ  деген  қате  пікір  болған  еді.  Ой 
еңбегі  мен  дене  еңбегінің  арасында  әлі  де  болса  сақталып  отырған 
айырмашылықты  байқауға  болады.  Кеңестер  Одағында,  тағы  да  басқа 
социалистік мемлекеттерде ӛндіріс құрал–жабдықтарына деген жеке меншіктің 
жойылуына байланысты техникалық интеллигенция жұмысшы табынан  немесе 
саяси мақсаттарына байланысты айырмашылығы ғана емес, негізінен қоғамдық 
еңбек  бӛлінісі,  еңбектегі  қызметі,  мамандануындағы  басты  айырмашылықты 
аңғаруға болады. Социалистік ӛндірістік–техникалық интеллигенцияны «біздің 
жұмысшы табымыздың ғылыми жағынан қаруланған тобы», - деп пікір айтқан 
зерттеушілердің пікірін қайтадан ой-елегінен ӛткізген жӛн сияқты [131].  
Ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  құрамында  ӛзгеріс  болып, 
кәсіби  жағынан  мамандануы  артып,  ӛндірістің  жаңа  салаларының  дамуына 
байланысты оның жаңа топтары пайда болды.  
Қазақстан 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясының 
қалыптасуы                     
С.Б.  Бәйішев  монографиялық  зерттеу  еңбегінде  кең  орын  алған  [132,  4-5  б.].  
С.Б. Бәйішев 1950-ші жылдары жарық кӛрген зерттеу еңбегінде: «Қазақстанда 
социалистік  индустриализацияның  негізгі  міндеттерінің  бірі  қазақ  жұмысшы 
табы мен жеке қазақ кеңестік техникалық интеллигенциясы қалыптасты»,- деп 
қорытындылайды  [132,  27-28  б.].  Әсіресе  ұлттық  мамандарды  дайындау 
мәселесіне терең кӛңіл бӛлінген.  
О.М. Малыбаевтың зерттеу еңбегінде кең кӛлемдегі фактілік материалдар 
негізінде  ауыр  индустрияның  басты  салаларының  бірі  –  кӛмір  ӛнеркәсібіндегі 
ӛндірістік техникалық интеллигенция мамандары жайлы мәліметтер бар [133]. 
Республикада  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  қалыптасуының 
кейбір  мәселелері  басқа  да  тарихшы  және  экономист  ғалымдардың 
зерттеулерінде кездеседі [134]. Еңбектер мен мақалаларда біз зерттеп отырған 
мәселе жӛнінде маңызды фактілік материалдар мол. 
Ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  мамандарының  соғысқа  дейінгі 
бесжылдықтарда  қалыптастуы  жайлы  басқа  диссертациялық  еңбектерде  ашып 
кӛрсетілген. 
А.И. 
Куртовтың 
диссертациясында 
индустрияландыру 
жылдарында республикадағы ӛнеркәсіп орындары үшін қажет жаңа ӛндірістік-
техникалық  мамандармен  қамтамасыз  ету  қарастырылған  [135].  Орта 
техникалық оқу орындарының тарихы, техникалық мамандар жӛніндегі құнды 
материалдар Р.Б. Сүлейменов еңбектерінде кең орын алған [136].  
1960-шы  жылдардың  басында  қоғамтанушы-ғалымдар  кемелденген 
социализм  кезеңіне  жетіп,  ұлттық  интеллигенцияның  сан  және  сапа  жағынан 
ӛсу деңгейі одан әрі жүріп жатыр деген болжам жасады. Бұл ой еңбегі мен дене 
еңбегі  арасындағы  елеулі  айырмашылықты  жояды  деген  пікір  білдіреді.  Дене 
еңбегімен  қабысу  және  оқу  процесі  нәтижесінде  қызметкердің  жаңа  түрі  – 
жұмысшы–интеллигент  пайда  болатындығын,  олар  техниканы  қайта  құрып, 
шығармашылық  жағынан  әр  беретін  ӛндіріс  жаңашылдары  деген  ой  айтады. 

 
40 
Бұл  жерде  біз  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияға  қатысты  кӛзқарасты 
байқаймыз.  Еңбек  кеңестік  кезеңде  ресми  методология  тұрғысында 
жазылғандықтан, тек табыстар ғана кӛрсетілген [137, 170 б.]. 
Ӛндірістік-техникалық 
мамандарды 
даярлауға 
арналған 
О.А. 
Байқоңыровтың еңбегінде республика ӛнеркәсібі үшін мамандар даярлау Қазан 
тӛңкерісінен  кейін  түбірінен  ӛзгерді.  Алғашында  инженер-техникалық 
мамандар  республикадан  тысқары  жерлерде  даярланса,  1960-шы  жылдардың 
басында 144 орта арнаулы оқу орындарында, сонымен қатар 46 техникумдарда 
республика  ӛнеркәсібі  үшін  техниктер  даярлау  жүзеге  асып  отырғандығын 
саралайды. [138, 154-157 б.]. 
Ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  феноменін  зерттеуде  ӛзіндік  орны 
бар зерттеушілердің бірі – Е.Х. Мұхамеджанов. Ол кандидаттық диссертациясы 
мен 
кӛптеген 
мақалаларында 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция 
мамандарын  қалыптастыру,  дайындау  жӛнінде  жазады.  Еңбек  партия  тарихы 
тұрғысында 
жазылып, 
оның 
ӛндірістік-техникалық 
мамандарды 
қалыптастырудағы  басшылық  рӛліне  арналса  да,  зерттеудің  құндылығы 
жоғары,  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  тарихына  тікелей  қатысты 
жазылған [139]. 
Инженер-техникалық 
кадрларды 
дайындауда 
басқа 
бауырлас 
республикалардың  кӛрсетіп  отырған  кӛмегі  жайлы  жаза  отырып,  олардың  ӛз 
республикамыздағы оқу орындарын ашуға да ықпал еткендігін кӛрсетеді [140].  
Республикамызда  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  мамандарын 
даярлау,  тәрбиелеу,  рӛлін  арттырудағы  Коммунистік  партияның  басшылық 
қызметіне  байланысты  тарихшылар  мен  әлеуметтанушы  ғалымдардың  осы 
тақырып 
тӛңірегінде 
арналған 
1970–1980-ші 
жылдары 
бірнеше 
диссертациялары  қорғалды.  Олардың  қатарында  Н.И.  Джагфаров,  Т.Қасенов,  
А.  Абдакимов,  Л.Я.  Гуревич,  М.  Байтуров,  С.В.  Рыбакова  О.В.  Харченко.,      
Т.К. Назханов т.б бар [141]. 
Н.И.  Джагфаров  социалистік  интеллигенцияны  қалыптастыруда  оның  ең 
кӛлемді,  маңызды  топтарының  бірі  -  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция 
ерекше орын алатындығына тоқталады. «Интеллигенцияның бұл категориядағы 
кадрлары  материалдық  игіліктерді  ӛндірумен  байланысты,  қоғамның 
материалдық  ӛндірісімен  шұғылданады.  Экономиканың  одан  әрі  дамуы, 
алдыңғы  қатарлы  ғылым  мен  техниканың  жетістіктерінің  ӛндіріске  енгізілуі, 
еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, еңбекшілердің материалдық және мәдени 
тұрмыс  халін  жақсарту,  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  санын 
арттырып,  дайындауды  кӛбейтумен  байланысты»,  -  деп  сараптайды[141,  3  б.]. 
Ғылыми-техникалық  революцияның  ықпалымен  жыл  ӛткен  сайын  инженерлік 
еңбектің мазмұнында үлкен ӛзгерістер жүріп, оның ӛндірістік мәнге ие болып, 
коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасауда маңызды орын алып 
отырғандығына  тоқталады  [141,  7  б].  Еңбек  сол  кезеңдегі  ресми  методология 
тұрғысында  жазылғанымен,  оның  мол  мұрағат  құжаттарын  пайдаланып, 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  феноменін  қалыптастыруда  алар  орны 
бӛлек. 

 
41 
Зерттеуші Т. Қасенов социалистік халық шаруашылығын қалпына келтіру 
кезеңінде  мамандар  әсіресе  алдыңғы  қатарлы  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция мәселесіне мән беріп отырғандығына кӛңіл бӛледі [141, 16 б.].  
Ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция 
тарихын 
зерттеуші 
ғалым                
А.  Абдакимов  «оның  құрамына  инженерлік-техникалық  интеллигенцияны, 
агрозооветеринарларды және техниканың дамуымен, ӛндіріс технологиясының 
жетілдірілуіне  байланысты  қызметі  қажет  ғылыми  кадрлардың  бір  бӛлігін» 
жатқызады [141, 27 б.]. 
Л.Я.  Гуревич  ӛзінің  кандидаттық  диссертациясында  инженерлік-
техникалық интеллигенция – саны жағынан кӛп, әрі дамып отырған әлеуметтік 
топ  екендігін  айта  келіп,  Кеңестер  Одағында  саны,  әлеуметтік  құрылымдағы 
үлестік  салмағы  жӛнінен  оның  жұмысшы  табынан  кейін  екінші  орын  алып 
отырғандығын жоғары қарқынмен артуымен ғана ерекшеленбей, тағы да басқа 
сапалық  факторларға  байланысты  екендігін  зерделейді  [141,  1-2  б.]. 
Инженерлік-техникалық  қызметкерлер  жұмысшы  табы  және  колхозшылармен 
бірге  коммунизмнің  материалдық-техникалық  базасын  тікелей  жасаушылар 
деген пікір білдіреді. Инженер-техникалық қызметкерлер еңбек жағдайы және 
психологиясы  бойынша,  интеллигенцияның  басқа  топтарына  қарағанда 
жұмысшы  табына  жақын,  күнделікті  оған  қолайлы  саяси,  идеологиялық  және 
моральдық  ықпал  етіп  отырғандығын,  жұмысшылардың  мәдени-техникалық 
және  идеялық-саяси  деңгейінің  артуына  да  әсер  етіп,  еңбек  ұжымдарында 
ұйымдастырушылар,  тәрбиелеушілер  ретінде  ықпал  жасап  отырғандығын 
жазады.  Еңбек  маркстік-лениндік  методология  негізде  жазылғандықтан, 
партияның басшылық рӛліне ерекше мән берілген.  
Ғылыми 
және 
практикалық 
мәні 
бар 
еңбектердің 
қатарына                                
М.  Байтұровтың  диссертациясын  жатқызуға  болады.  Еңбек  ӛндірістік-
техникалық интеллигенция тарихына тікелей қатысты болмаса да, жоғарғы оқу 
орындарында  ауыл  шаруашылығы  үшін  дайындалған  селоның  ӛндірістік-
техникалық интеллигенциясы жӛнінде біраз мәлімет береді [141, 18-19 б.]. 
Зерттеуші  О.В.  Рыбакова  ӛзінің  диссертациялық  жұмысында  ғылыми-
техникалық 
прогресстің 
қарқыны, 
барлық 
халық 
шаруашылығын 
интенсификациялау, 
оның 
тиімділігін 
арттыру, 
ӛндірістің 
сапалық 
кӛрсеткіштері  инженерлер  мен  техниктердің  еңбегіне  байланысты  деп 
кӛрсетеді.  Инженер-техникалық  қызметкерлер  –  интеллигенцияның  еліміздің 
халық  шаруашылығында  еңбек  ететін  интеллигенцияның  ең  үлкен  тобы, 
сондықтан 
оның 
құрамындағы 
ӛзгерістерді 
кӛрсету, 
кеңестік 
интеллигенцияның  маңызды  отрядтарының  бірі  ретінде  оның  даму 
тенденцияларын  зерттеудің  ғылыми  және  практикалық  маңыздылығын 
кӛрсетеді  [141,  2-3  б.].  Инженерлік-техникалық  интеллигенция  кеңестік 
интеллигенцияның маңызды отрядтарының бірі ретінде, негізінен материалдық 
ӛндіріс 
саласында 
жұмыс 
істейтіндігін, 
онда 
ғылыми-техникалық 
революцияның  қызып  жатқандығын  тілге  тиек  етеді.  Диссертацияда  инженер-
техникалық  интеллигенцияның  социалистік  интеллигенцияның  құрылымында 
ӛз  алдына  бӛлек  топ  болып  ерекшеленуінің  негізгі  себептері:  материалдық 

 
42 
ӛндіріс  салаларының  технико-технологиялық  процестерін  жетілдірумен, 
материалдық  ӛндірістің  одан  әрі  дамуы  социализмнің  ғылыми-техникалық 
революцияның  мүмкіндіктерімен  қабысуы  бұл  салаға  ой  еңбегімен 
айналысатын жаңа қызметкерлерді қажет ететіндігінде деп кӛрсеткен. 
Зерттеуші  О.В.  Рыбакова:  «Инженерлік-техникалық  интеллигенция  – 
материалдық ӛндіріс саласында күрделі шығармашылық еңбекпен айналысатын 
ой еңбегі қызметкерлерінің ерекше әлеуметтік-кәсіби тобы ретінде, ғылым мен 
ӛндірісті байланыстырушы, ғылым мен ӛндірістің жетістіктерін жүзеге асырып, 
оған  техникалық-экономикалық  жағынан  басшылық  жасау,  жаңа  техника  мен 
технологияны  зерттеп,  дайындаушы,  ӛндірісті  басқару  мен  ұйымдастырушы, 
еңбекшілерді тәрбиелеуші қызметін атқарады», - деп баға береді [141, 8-9 б.].  
Еңбекте инженер-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік рӛлінің артуы 
ӛндірісті  күштердің  үздіксіз  прогресіне,  қоғамда  ғылымның  ӛндіргіш  күшке 
айналуы,  қоғамдық  ӛмірдің  барлық  салаларын  басқаруды  жетілдіру, 
еңбекшілердің  мәдени  тұрмыс  жағдайының  жақсаруына  байланыстылығы 
кӛрсетілген. 
Инженер-техникалық  интеллигенцияның  әлеуметтік  рӛлі  деп,  оның 
нақтылы  әлеуметтік  құрылыс  жағдайында  шешуге  тиісті  айқындалған 
міндеттердің  жиынтығын  алады.  О.В.  Рыбакова  инженер-техникалық 
интеллигенцияның әлеуметтік белсенділігінің негізгі дұрыс белгілерін былайша  
анықтайды:  «Оның  техникалық  шығармашылыққа,  ӛндірісті  басқаруға 
қатысуы,  техниканы,  экономиканы,  еңбекті  ұйымдастыруды  жетілдіруі, 
жұмысшыларға  рационализаторлық,  ӛнертапқыштық  қызметтеріне  кӛмек 
кӛрсету,  олардың  мәдени-тұрмыс  деңгейлерінің  артуына  ықпал  жасау, 
еңбекшілерді  тәрбиелеу.  Социализм  жағдайында  инженерлік-техникалық 
интеллигенцияның  негізгі  әлеуметтік  функциялары:  ғылыми-техникалық, 
басқару, тәрбиелік және ағарту-мәдени» [141, 16-17 б.]. 
Инженерлік-техникалық  интеллигенция  тарихын  зерттеумен  айналысқан 
ғалымдардың  бірі  –  С.В.  Харченко.  Еңбек  партия  тарихына,  Коммунистік 
партияның инженер-техникалық интеллигенция қызметкерлерінің еңбекшілерді 
идеялық-саяси  тәрбиелеудегі  рӛлін  арттырудағы  қызметіне  (1971-1980  жж.) 
арналғандықтан,  біз  қарастырып  отырған  мәселе  зерттеудің  негізгі  объектісі 
болмағандықтан тек жанама түрде баяндалады [141]. Автордың диссертациясы 
ӛз  кезеңі  үшін  дұрыс  бағытта  жазылғанымен,  қазіргі  ғылыми  зерттеу  талабы 
басқаша, жаңаша ойлауды, зерделеуді талап етеді. 
Т.К. Назхановтың зерттеу жұмысы қайта құру кезеңінде жазылғандықтан, 
одан жаңаша бағытты, кӛзқарасты аңғарамыз. Қоғамда инженерлік-техникалық 
интеллигенцияның 
атқаратын 
рӛліне 
байланысты 
үлкен 
міндеттер 
тұрғандығын, сондықтан оның негізгі міндеттеріне жаңа техниканы жасау мен 
оны ендіру, ӛндірісті басқарудың жаңа жүйелерін ойлап табу деп болжайды. Ол 
материалдық ӛндірісті кеңейтуде жұмысшы табымен бірлесе отырып, ғылыми-
техникалық 
революцияның 
жетістіктерін 
жүзеге 
асыруға 
тікелей 
қатысатындығын  саралайды.  Техникалық  прогрестің  жетістігі,  қоғамдық 
ӛндірістің  тиімділігінің  артуы  мен  интенсификациялануы,  еңбек  ӛнімділігінің 

 
43 
артуы,  ӛнеркәсіпте  ғылыми-техникалық  революцияның  жетістіктерінің 
пайдалануы,  инженер-техникалық  кадрлардың  белсенді  шығармашылық 
қызметіне  байланысты  екендігін  дәлелдейді.  Ғылыми-техникалық  прогрестің 
маңызын  анықтай  отырып,  оның  жетістіктерін  ӛндіріске  ендіру  ӛндірістің 
интенсификациялануының  индикаторы  болып  есептелетіндігін  айтады. 
Зерттеуші  Т.К.  Назханов  тұжырымының  ӛзіне  дейінгі  жазылған  еңбектерден 
айырмашылығы  инженер-техникалық  кадрларға  ғылым  мен  ӛндірісті 
байланыстырушы  маңызды  топ  деп  мән  беріп,  инженерлік  еңбектің  қоғамдық 
маңыздылығының  жоғарылығын  қорытындылайды  [141,  2-3  б.].  Автор  ӛзіне 
дейін  жазылған  ғылыми  еңбектерге  талдау  жасай  отырып,  инженерлік-
техникалық интеллигенцияның феноменін қалыптастыруға байланысты әртүрлі 
кӛзқарастардың  бар  екендігін  жоққа  шығармайды.  Диссертациясының 
«Инженерлік-техникалық  инетеллигенция  социалистік  қоғамның  әлеуметтік 
тобы» деп аталатын бірінші бӛлімінде инженер-техникалық интеллигенцияның 
әлеуметтік  құрылымындағы  ӛзгерістер,  оның  материалдық  ӛндірісті 
дамытудағы  орны,  инженерлік  қызметтің  мәні  мен  басты-басты  белгілерін  
қарастырады.  «Инженерлік-техникалық  интеллигенцияға  –  материалдық 
ӛндіріс  саласында  ӛндірістік  еңбекпен  кәсіби  айналысушы  қызметкерлердің 
әлеуметтік тобы» ретінде, «ӛндірісті ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз 
етуші,  жаңа  техника  мен  технологияны  жасаушы,  ғылым  мен  ӛндірісті 
байланыстырушы,  ӛнеркәсіп  ӛндірісін  басқарушы  және  ұйымдастырушы, 
еңбекшілерді тәрбиелеуші», - деген анықтама береді [141, 7-9 б.]. 
Қазақстандық 
зеттеушілер 
М.С. 
Аженов, 
А. 
Ишмухамедов,                                     
Ц Р. Розенберг, Ш.Ю. Тастанов. т.б монографиялық зерттеулерінде ӛндірістік–
техникалық интеллигенцияның феномені жайында бірталай ой-тұжырымдарын 
ұсынды  [142].  Мәселен,  М.С.  Аженов  интеллигенцияны  қоғамда  атқаратын 
қызметіне байланысты үш топқа бӛліп қарастырады.  
Қоғамдық  ӛмірде  материалдық  ӛндіріс  шешуші  рӛл  атқаратындықтан 
барлық инженер- техникалық қызметкерлерді агрономдар, зооветеринарларды, 
есеп-жоспарлау  мамандарын  «техникалық-экономикалық  интеллигенция» 
деген атауды қолдана отырып бірінші топқа жатқызады.  
Екінші топқа партия органдары, мемлекеттік аппарат, қоғамдық ұйымдар, 
әскери  күштердің  командалық  құрамын  «басқару  интеллигенциясы»  деп 
атайды.  
Үшінші  топқа  ғылым,  ағарту,  денсаулық  сақтау,  мәдениет,  ӛнер,  әдебиет, 
баспасӛз қызметкерлерін кіргізіп «ғылыми-мәдени интеллигенция» деп атайды. 
Интеллигенцияның  барлық  топтарын  бірінен-бірін  жоғары  қоюға  болмайды. 
Барлығы да бірдей маңызды рӛл атқарады деп топшылайды [142, 118-119 б.].  
Интеллигенцияның  әрбір  кӛлемді  топтарының  ӛзіндік  жеке  әлеуметтік 
құрылымы немесе кәсіби отрядтары бар. Олардың ішкі әлеуметтік кӛрсеткіші, 
сапалық  құрамы,  мамандануы,  білім  деңгейі,  атқаратын  қызмет  дәрежесі, 
жалақысы,  саяси  сауаттылығы,  қоғамдық  және  еңбек  белсенділігі  біркелкі 
еместігін  айтады.  Топтар  арасындағы  әрбір  бӛлімнің  әлеуметтік-кәсіби 
мамандануы  айырмашылықтары  жайлы  ой  қозғайды.  Егер  де  кімнің  жоғары 

 
44 
білімі болса, орта арнаулы маманға қарағанда мамандануы да жоғары болады. 
Кейде  жауапты  лауазымды  қызмет  орындарына  маманданған  қызмекерлердің 
орналасуында  сәйкессіздіктерге  орын  беріліп  жатады.  Егер  ол  заводтың  бас 
инженері  болса,  ӛз  қызметіне  лайықты,  кәсіпорынның  инженерлерінің 
арасында  беделі  бар  адам  тағайындалуы  керек.  Атқарып  отырған  қызметіне 
жалақысы  сәйкес  келуі  керек.  Жауапты  қызмет  атқарып  отырған  мамандар 
ӛздерінің  ұйымдастырушылық  қабілеттерін  кӛрсетіп,  жоғары  қоғамдық-саяси 
белсенділігін байқату қажеттігін пайымдайды. 
Интеллигенцияның  әрбір  кәсіби  топтарында  атап  айтқанда,  жоғары,  орта 
арнаулы,  тӛменгі  білім  деңгейіндегі  мамандар  аралығында  нақтылы  жік  бар 
екендігін  анықтайды,  егер оны орналастыру  барысында  келеңсіздіктерге орын 
берілсе,  кәсіпорын  мен  мекеменің  қызметіне  кері  әсер  ететіндігі  сарапталған. 
Мысалы  заводтың  инженер-техникалық  қызметкерлері  тек  инженерлерден 
тұрмайды. Инженерлер санына техниктердің саны сәйкес келуі қажеттігіне мән 
береді.  
Инженер-техникалық  интеллигенция  ең  алдымен  материалдық  ӛндіріс 
саласында алатын орнымен ерекшеленетіндігіне ерекше кӛңіл бӛлген.  
Ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  теориясы  мен  концепциясын 
қалыптастыруда  Ц.Р.  Розенберг  еңбектерінің  алатын  орны  ӛзгеше.  Тарихта 
белгілі  1960-шы  жылдары  ғылыми-техникалық  прогрестің  дамуы  ӛндірістің 
дамуына  ықпал  етті.  Ӛндірістік  күштердің  дамуындағы  түпкілікті  сапалық 
ӛзгерістердің болуы, ӛндірісте қызмет атқарып жатқан қызметкерлерге тікелей 
байланысты.  Себебі  олардың  ӛндірістегі  рӛлі  мен  еңбегінің  мәні  мен 
мазмұнының ӛзгеруінде ілгерілеушілік байқалуда. Ц.Р. Розенберг: «машиналық 
ӛндірістің  пайда  болуы,  ӛндірістің  жаңа  қызметкерлер  тобы  –  инженер-
техникалық  мамандардың  ӛмірде  қажеттігін  туғызды»,  -  деп  атап  кӛрсетеді 
[143,  22-23  б.].  Инженер-техникалық  қызметкерлер  категориясының  пайда 
болуына  ХVІІІ-ші  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХІХ  ғасырдың  басындағы 
ӛнеркәсіп тӛңкерісі әсер етсе, олардың құрамындағы сапалық, сандық кӛлемді 
ӛзгерістердің  тууы  ғылыми-техникалық  революцияға  байланысты  деп  ой 
қорытады.  Зерттеуші  Ц.Р.  Розенберг  «ӛндірістік-техникалық  интеллигенция» 
терминінен  гӛрі  «ӛндірістік  интеллигенция»  деген  термин  орынды  дейді.  Ол 
ӛндірістік  интеллигенцияны  үш  топқа  бӛледі:  1)  ӛндірістік  басқарушы  топ;  2) 
инженерлік-техникалық топ; 3) ӛндірістік-гуманитарлық топ. Біздің ойымызша 
Ц.Р. Розенбергтің жіктеуінде агрозоовет мамандарға мән берілмеген [144, 64-65 
б.]. 
Ғылыми-техникалық  революцияның  жалпы  қорытындысы  қоғамдық 
ӛндірістегі 
ой 
еңбегі 
рӛлінің 
артуында. 
Жұмысшының 
еңбегі 
интеллектуалданып,  инженерлік  еңбекті  қолдану  ауқымы  артты,  ӛнеркәсіп-
ӛндірістік  қызметкерлер  қатарына  мамандардың  жаңа  категориясы  –  ғылыми 
қызметкерлер  кірді.  Академик  С.Г.  Струмилин  «Материалдық  игіліктерді 
жасаудың  қайнар  кӛзінде  бұрын  жұмысшы  мен  инженер  тұрса,  енді  үшінші 
фигура – ғалым келді» деп атап кӛрсетеді [145, 43 б.]. 

 
45 
1960-шы  жылдары  жаңа  кәсіпорындардың,  заводтардың,  фабрикалардың, 
кен  орындарының,  электростанциялардың  салынуы  ӛндірістің  дамуымен, 
екінші  жағынан  ӛндірістің  механизациялануы  мен  автоматизациялануы,  жаңа 
ӛндірістік  объектілердің  технизациялануы  инженерлік-техникалық  еңбекті 
қажет  етті.  Ӛндіріс  күрделене  түсіп,  оның  «ғылымилануы»,  техникалық 
прогрестің  жедел  қарқынмен  дамуына  әсер  етті.  Инженерлердің  рӛлі  ғылыми 
лабораториялар  мен  институттардағы  жабдықтарды  техникалық  жағынан 
қамтамасыз  етумен  ғана  анықталып  қойған  жоқ,  олар  институттардың 
теориялық  фундаментальды  зерттеулерін  жүзеге  асыруда,  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына  қатысып,  проектілеу,  жобалау,  конструкторлық-технологиялық 
институттарда  жобалауларын  зерттеулерде,  жоғары  оқу  орындарының 
лабораторияларында, 
заводтардың 
орталық 
лабораторияларында, 
эксперименталды  цехтары  мен  кәсіпорындардың  техникалық  қызметтерінде  
қолданды.  Ц.Р.  Розенберг:  «ғылыми-техникалық  революция  барысында 
инженерлік-техникалық  қызметкерлердің  еңбегіне  –  күрделі  техникалық 
жүйелер  мен  қондырғыларды  қамтамасыз  етудің  жаңа  қосымша  ауқымы 
қосылды»,- деп ой қорытады [144, 25-26 б.].  
Интеллигенция  тарихын  зерттеуші  ғалымдардың  бірі  –  И.  Евдокимов 
қоғамның  әлеуметтік  құрылымындағы  ӛзгерістер  интеллигенцияның  дамуына, 
қалыптасуына ықпал еткендігін айта келіп, ұлттық кадрлардың ішінде ғылыми 
қызметкерлердің, инженерлердің, техниктердің, агрономдардың, мұғалімдердің 
және дәрігерлердің санының артып отырғандығына тоқталады [146, 164-165 б.]. 
Партияның  рӛліне  терең  мән  беріліп,  жетістіктердің  барлығы  Коммунистік 
партияның  арқасында  жүзеге  асты  деген  пікір  айтылды.  Жоғары  маманданған 
ғылыми-техникалық  интеллигенцияның  қатарының  толығуы,  оның  қызметі 
маңызды  ғылыми-техникалық,  мәдени,  идеологиялық,  әлеуметтік  мәселерді 
шешуге  бағытталғандығын,  бұл  ой  еңбегі  мен  дене  еңбегінің  бірлесіп 
қалыптасуына  қолайлы  жағдай  тудырып  отыр  деген  кӛзқарасын  білдіреді. 
Сӛйтіп,  жұмысшы  табы,  колхозшылар  мен  интеллигенцияның  одағы,  ғылым 
мен  ӛндіріс  арасындағы  одақты  нығайтуға  ықпал  ететіндігін  саралайды. 
Ғылыми-техникалық революция кезеңінде интеллигенттер жұмысшы табы мен 
шаруалармен бірге ӛндірістік еңбекке тікелей қоян-қолтық араласады деп, бұл 
жерде инженерлік-техникалық қызметкерлер, ғалымдар, конструкторлар жайлы 
сӛз қозғайды. 
Ой  еңбегінің  үлестік  салмағының  артуы  екі  түрлі  жолмен  жүзеге 
асатындығын  сараптап,  біріншіден,  ӛндірістік  қызметкерлер  құрамында 
инженер-техникалық  қызметкерлердің  үлесінің  артып  отырғандығын,  екінші 
жағынан,  жұмысшыдан  ой  еңбегімен  атқарылатын  амалдардың  артып 
отырғандығына  байланысты  одан  жоғары  күрделі  мамандандықты  игеруін 
талап  ететіндігін  саралайды.  Сӛйтіп,  бірте-бірте  инженердің  еңбегі  мен 
жұмысшы арасындағы айырмашылықтар жойылды деген қорытынды жасайды. 
Ғылыми-техникалық революция ой еңбегімен айналысатын кӛптеген салаларда 
техниканы кеңінен қолдануға итермеледі. Зерттеуші И. Евдокимов: «әлеуметтік 
топтардың  –  жұмысшы  табы,  колхозшы  шаруалар,  интеллигенцияның  ішінде 

 
46 
қазіргі  қоғамда  коммунистік  құрылыстың  тапсыз  әлеуметтік  құрылымының 
элементтері қалыптасуда», - деп болжайды [146, 172 б.]. Ӛз кезеңі үшін дұрыс 
кӛзқарас болып есептелгенмен, тек қиял, ал оған жетудегі негізгі объект болып 
есептелетін  адам  құндылығына  мән  берілмегендігін  аңғарамыз.  Автордың  бұл 
пікірін қазіргі уақыт ӛлшемімен алсақ, қайтадан ой елегінен ӛткізген дұрыс деп 
есептейміз. 
Интеллигенцияның  қоғамда  алатын  орнын  зерттеген  ғалымдардың  бірі  –        
А.  Ишмухамедов.  Ол  «кемелденген  социализм  қоғамында  социалистік 
жұмысшы  табы  мен  ғылыми-техникалық  интеллигенцияның  алдыңғы  сатыға 
кӛтерілуі  Қазақстан  мен  Орта  Азия  республикалары  үшін  ерекше  маңыз  алып 
отырғандығын, 
себебі 
жұмысшы 
табы 
мен 
ғылыми-техникалық 
интеллигенцияның негізгі күштері 8 миллионға дейін жетіп отыр»,- деген ойын 
қорытады  [147,  4  б.].  Еңбекте  автор  социализмнің  дамуында  жұмысшының 
жетекші  рӛліне  мән  беріп,  оның  интернационалдық  жағынан  кӛпұлтты  болып 
отырғандығын  саралайды.  Әлеуметтік  құрылымды  жүріп  отырған  таптық 
қайшылықтарды,  интеллигенцияның  ғылыми-техникалық  революциядағы 
прогрессивтік  рӛлін  байқамайды.  Тек  коммунистік  партияның  арқасында  
социализм  жағдайында  ұлт  мәселесі  дұрыс  шешіліп  отырғандығын  айтады. 
«Жұмысшы  табы  ғылыми–техникалық  интелиигенциямен  бірге  қоғамдық 
ӛндірістің дамуында, коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасауда  
және ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде алдыңғы қатарлы рӛл атқарып 
отыр» деп пайымдай келе, жұмысшы табы мен оның республикалық отрядтары 
ғылыми-техникалық 
интеллигенциямен 
бірге 
ӛндірістік 
күштердің 
дамуындағы,  қоғамдық  еңбек  бӛлінісі  мен  әлеуметтік  қатынастардың  жаңа 
тенденецияларының анықтаушысы деп баға береді [147, 39 б.]. 
И. 
Ишмұхамедов 
ғылыми-техникалық 
интеллигенция, 
Қазақстан 
интеллигенциясының  құрамдас  бӛлігі  ретінде  басқа  категориядағыларға 
қарағанда,  ӛздерінің  еңбек  ететін  саласына  қатысты  екендігін  айта  келіп, 
қоғамдық  қызметтермен  қатар,  зерттеумен  байланысты,  ӛндірістің  жаңа 
техникасын,  технологиясын  жасау,  еңбекті  ғылыми  жолмен  ұйымдастыру, 
әлеуметтік 
даму,  ӛндірістік 
және 
ғылыми 
зерттеу 
ұжымдарының 
интеграциялануы  мен  жақындасуы,  маманданған  кадрлар  дайындаумен 
байланысты олардың шешуге тиісті міндеттерінің ауқымы ӛсіп  отырғандығын 
айтады [147, 152 б.]. 
В.К.  Гривенная  зерттеулерінде  «ауыл  шаруашылық  интеллигенциясын 
саналы ӛзіндік, ішкі дифференцияланған, колхоз-совхоз ӛндірісіне кәсіптелген 
еңбекпен айналысатын адамдардың үнемі дамитын әлеуметтік топтары ретінде, 
әлеуметтік  маңызын анықтау үшін біраз әрекеттер бар. Ол ауыл шаруашылық 
интеллигенциясына  дипломдалған  мамандар  мен  практиктерді  жатқызады, 
дәлірек  айтсақ:  агрономдар,  зоотехниктер,  инженерлер  мен  техниктер,  мал 
дәрігерлері,  экономистер  мен  плановиктер,  совхоз  бен  колхоздарда  жұмыс 
істейтін  мамандандырылған  есеп  қызметкерлері,  сонымен  қатар  шаруашылық 
пен оның ӛндірістік бӛлімдерінің барлық басшылары», - деп есептейді [148, 11 
б.]. 

 
47 
Н.К. 
Капесовтың 
монографиясында 
ауыл 
шаруашылық 
интеллигенциясының  ішкі  топтары  кӛрсетіліп:  «біріншісі  –  бұл  ауыл 
шаруашылық  кәсіпорындарының  басшылары,  бас  мамандар,  бӛлімше 
басшылары.  Екінші  топ  –  бұл  экономистер,  агрономдар,  зоотехниктер,  мал 
дәрігерлері,  бӛлімшелерде,  цехтарда  фермалар  мен  басқару  аппараттарында 
еңбек ететін инженерлер. Үшінші топ – бұлар негізінен атқарушы жұмыстарды 
жүзеге асыратын техниктер, бухгалтерлер», -деп жіктелген [149, 7 б.]. 
Зерттеуші  В.И.  Гноевых  ауыл  шаруашылық  интеллигенциясының 
әлеуметтік  шекарасы  мен  мәнін  басқаша  кӛрсетеді.  Ол  ауыл  шаруашылық 
интеллигенциясын  «ауыл  жағдайында  кәсіби  іспен  айналысатын  ой  еңбегі 
мамандарынан  тұратын  жоғары  және  орта  арнаулы  білімді  талап  ететін 
қызметкерлер,  сапалық  анықталған,  іштей  дифференцияланған,  кеңестік 
социалистік интеллигенцияның әлеуметтік тобы ретінде» кӛреді [150, 18 б.] 
Ш.Ю.  Тастанов  социалистік  интеллигенцияны  әлеуметтік  жағынан 
мамандануына байланысты бірнеше негізгі топтарға бӛледі [151]. 
Ӛндірістік  интеллигенция  материалдық  ӛндіріс  саласында  еңбек  ететін 
инженер-техникалық 
қызметкерлер, 
ауыл 
шаруашылығы 
мамандары 
(агрономдар,  зоотехниктер,  мал  дәрігерлері  және  экономистерге)  бӛлінеді  деп 
атап кӛрсетеді. 
Х.М.  Әбжановтың  «Сельская  интеллигенция  Казахстана  в  условиях 
совершенствования  социализма»  аталатын  монографиясында  да  село 
интеллигенциясы құрамын оның атқаратын функциясының мазмұны және мәні, 
қоғамдық  ӛмірдегі  рӛлі  мен  орны,  материалдық  және  рухани  ӛндірісті 
ұйымдастыруына  байланысты  тӛрт  ірі  әлеуметтік-кәсіби  топтарға  бӛледі  [152, 
76 б.]. 
Соның  ішінде  ең  алдымен  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  колхоз-
созхоз  ӛндірісінің,  транспорт  кәсіпорындары,  байланыс,  дайындау  және 
материалдық-техникалық  жабдықтау,  құрылыс  ұйымдары  басшылары  мен 
мамандарынан  тұратындығын  айқындайды.  Село  экономикасын  кӛтеру, 
ауылшаруашылығы ӛнімдерін ӛндіру, капиталдық құрылыс және материалдық 
ӛндіріс  саласының  басқа  да  мәселелері  осы  сала  қызметкерлерінің  қызметінің 
негізгі мазмұнын анықтайтындығын саралайды. 
1980-ші  жылдардың  соңында  С.С.  Әубәкіров  «Кеңес  халқының  құрамдас 
бӛлігі  –  техникалық  интеллигенция  елуінші  жылдары  ғылыми-техникалық 
прогрестің  интенсивті  дамуына  белсенді  ат  салысты,  мұның  ӛзі  техника  мен 
ӛндіріс  дамуын  күрт  ӛсіріп,  ӛндіргіш  күштер  мен  әлеуметтік-экономикалық 
процестердің 
одан 
әрі 
ӛрлеуін 
жылдамдатты. 
Ғылыми-техникалық 
революцияны  дамытуда  инженерлер  мен  техниктердің  еңбегінің  мәні  аса  зор 
екендігін  айта  келіп,  инженер-техникалық  интеллигенция  ғылыми-техникалық 
прогресті тездетуші ғана болып қойған жоқ, сол прогрестің тегеурінді әсерімен 
ӛздері де ӛзгерді» деген ойын ортаға салады [17, 20-21 б.]. 
Аңғарып  отырғанымыздай,  1970-1980  жылдары  кеңес  қоғамының 
әлеуметтік-таптық  құрылымы  жайлы  кӛптеген  зерттеулер  жарық  кӛрді.  1970-
1980-ші  жылдар  тарихнамасы  жайлы  не  айтуға  болады?  Әлеуметтік  құрылым, 

 
48 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияға 
байланысты 
жарық 
кӛрген 
зерттеулерде идеологиялық бағыттылық пен ресми методология, қатаң бақылау 
бір  жағынан,  екінші  жағынан  нақты  ақиқатты  білмеу,  болып  жатқан 
құбылыстарды  түсінбеу  зерттеушілерге  жан-жақты  талдау  жасауға  мүмкіндік 
бермеді. Бұл үшін бар кінәні тарихнамаға артуға болмайды.  
ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдары  зерттеу  жүргізген  әлеуметтанушы 
ғалымдардың  бірі  -  М.С.  Садырова  интеллигенцияның  ӛзіне  тән 
ерекшеліктерінің пайда болғандығын саралай келе, мынадай ой-тұжырымдарын 
білдіреді: «Еліміздің нарықтық қатынасқа ӛтуінде: 
1.  Интеллигенция  аз  ғана  аралық  топтан  саны  жағынан  кӛп  қомақты, 
халқымыздың тӛрттен бір бӛлігін құрайтын әлеуметтік топқа айналып отыр. 
2. Интеллигенцияның кӛпшілікке айналуының әлеуметтік салдарлары: 
а)  Ғалымдар,  дәрігерлер,  мұғалімдер,  инженерлер  сияқты  интеллигенттер 
мамандығының дәрежесі тӛмендеді. 
б) интеллигенция  мен  жұмысшылардың  еңбек  ақысының айырмашылығы 
азайды. 
в)  жоғары  оқу  орындары  мен  техникумдарда  конкурс  азайып, 
интеллигенцияның сапасы тӛмендеді. 
3.  Интеллигенцияның  құрамы  ӛзгерді»,  -  дей  келіп,  М.С.  Садырова 
интеллигенцияны тӛмендегідей топтарға бӛледі: 
«а)  гуманитарлық,  б)  техникалық,  в)  басқару,  г)  ӛндірістік.  1990-шы 
жылдары  басқару  интеллигенциясы,  техникалық  және  гуманитарлық 
интеллигенцияның  арақатынасында  мәселе  туындады.  Шешуші  рӛлді 
техникалық  және  гуманитарлық  интеллигенция  алып  отыр.  Техникалық 
интеллигенция  медициналық  интеллигенциямен  бірге  барлық  интеллигенция 
санының  тең  жартысын  құрайды.  Бұл  интеллигенцияның  жағдайын  ӛзгертіп  - 
ӛзіндік  арнайы  ерекшеліктері  бар  жеке  әлеуметтік  топқа  айналдырды»,  -  деп 
жаңа ой-пікірлерін ұсынды [116 б.]. 
Ғалымдар  1990-шы  жылдардың  соңында  жарық  кӛрген  «Социальная 
стратификация  в  республике  Казахстан»  атты  еңбегінде  М.С  Аженов.,                         
Д. Бейсенбаевтар: «Ғылыми-техникалық революциямен байланысты, «жоғарғы 
технологияның»  енгізілуімен  интеллигенцияның  рӛлі  бірден  артып  отыр. 
Ӛндірісте шешуші рӛлді капиталға деген меншік емес, адамның ойы атқаруда», 
- деп пайымдайды [153, 50-51 б.]. 
Интеллигенцияға  байланысты  жаңа  ой-тұжырымдарын  кӛрсетеді: 
«Кеңестік  интеллигенция  тоталитарлық  жүйеге  халық  бұқарасының  арасында 
ӛз  саясатын  жүргізу,  идеологиясын  насихаттау,  режимді  бекіту  үшін  қажет 
болды.  Кеңестік  интеллигенция  билікке  қатынасы,  меншігі,  білімі  мен 
мамандануы,  беделі  т.б  байланысты  бір  текті  болмады.  Кеңестік 
интеллигенцияның жоғарғы бӛлігін орталықтағы партия және кеңес басшылары 
құрады.  Бұлар  КСРО-ның  СОКП  мен  одақтас  республикалардың  ӛкімет 
басшылары,  облыстық,  аудандық  хатшылары,  жауапты  қызметкерлері,  атқару 

 
49 
комитетінің 
қызметкерлері, 
кәсіподақ 
басшылары 
болды. 
Бұл 
әлеуметтанушылардың айтуы бойынша кеңестік бюрократия ӛнімдері болды.  
Бюрократиядан кейінгі ерекше артықшылығы бар топты және еңбек ақысы 
жоғары  белгілі  бір  жеңілдіктері  мен  наградалары  бар  интеллигенция  тобын 
құрады.  Олар  ӛнеркәсіп,  колхоз,  совхоз  басшылары,  ірі  ғалымдар,  халық 
артистері, белгілі жазушылар мен журналистер, суретшілер т.б. Бұлардың саны 
шектеулі  және  ӛздерінің  кәсіби  істерімен  айналысқанымен  бұл  топ  негізінен 
бюрократияның бұйрықтарын орындады.  
Әр  түрлі  наградаларға  қызыққан  (батырлар,  лауреаттар,  екпінділер), 
дәрежелік  жағдайларына  (депутаттар)  артықшылықтарға  (саяжай,  тегін 
санаторийлер  мен  демалыс  орындары,  дербес  зейнетақыларға)  риза 
интеллигенция ӛкілдері еркі болсын болмасын, кеңестік тоталитарлық жүйенің 
негізгі тірегі ретінде қызмет атқарды.  
Ал  үшінші  топқа  интеллигенцияның  барлық  қалған  топ  ӛкілдері  жатты, 
олар  үшін  еңбекақы  негізгі  күнкӛріс  кӛзіне  айналды  (ауылшаруашылық 
интеллигенциясын  қоспағанда).  Бұлар  білім,  ғылым,  денсаулық  сақтау 
қызметкерлері,  инженер-техникалық  қызметкерлер,  офицерлер  т.б.  Олардың 
халықтың  басқа  бӛлігінен  айырмашылығы  жоғары  білім  деңгейі  мен 
мәдениеттілігінде.  Бірақ  еңбекақы  мӛлшері,  тұрмыстық  жағдайы  мен  үй 
мәселесі  жалпы  алғанда  экономикалық  жағдайы бойынша  бұл  топ  ӛкілдерінің 
басқа  топ  ӛкілдерімен  салыстырғанда  саяси  дәрежесіне  қарағанда  жұмысшы 
табы,  тіптем  шаруалардың  кейбір  бӛлігінен  тӛменгі  деңгейде  тұрды»,  -  деп 
қорытындылайды [153, 48-50 б.]. 
Кеңестер  Одағы  құлағаннан  кейін,  зерттеушілер  бұрынғы  ресми 
методологиядан  басқа  жаңа  бағытты  таңдады.  Тарихи  шындықты  ашуға 
тырысты. Осы кезеңде жаңа пайымдаулар, кӛзқарастар пайда болды. Солардың 
қатарында  К.М.  Тӛлеубаева,  М.  Іліповтар  да  бар.  К.М.  Тӛлеубаева  ауыл 
шаруашылығындағы  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  жайлы  зерттеу 
жүргізіп,  «соғыстан  кейінгі жылдары  Қазақстан  ауыл  шаруашылығында  еңбек 
еткен  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  топтары  білім  деңгейі  мен  кәсіби 
шеберлігін  шыңдай  отырып,  аграрлық  экономиканы  нығайтуға  әрқайсысы 
тиесілі үлесін қосты», - деп есептейді [154, 20 б.].  
М.  Іліпов  ауыл  шаруашылығы  интеллигенцисының  тарихын  зерттеген 
ғалымдардан  айырмашылығы  сонда,  ол  мәселені  кешенді  түрде  зерттеп, 
әлеуметтік  дамуына  ерекше  кӛңіл  бӛлген.  Осы  зерттеу  жұмысының  авторы 
«республика ӛнеркәсібінің негізгі саласы болып саналатын қоғамдық ӛндірісте 
еңбек  ететін  инженер-техник  қызметкерлер»,  -  деп  айқындайды.  Ғылыми-
техникалық үдерістің жетістерінің жүзеге асуы да оларға байланысты екендігін 
айқындайды [155, 11 б.]. 
Ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  құрамына  ауыл  шаруашылығында 
еңбек  ететін  инженер-техникалық  мамандар  да  жататындықтан,  осы  тӛңіректе 
зерттеулер  жүргізген  ғалымдардың  орны  ерекше.  Себебі  олар  ғылым 
идеологиядан босаған кезде, ӛз ой-тұжырымдарын ашық кӛрсете білді. 

 
50 
Қазақстан 
интеллигенциясының 
(1917-1941 
жж.) 
әлеуметтік-
демографиялық  мазмұнын  қарастырған  ғалым  Н.Н.  Южакова  кандидаттық 
диссертациясында  «Фабрика-завод  қызметкерлерін  инженер-техникалық 
қызметкерлер  деп  атағанымыз  дұрыс  емес,  себебі  олардың  кӛп  жағдайда 
мамандану  деңгейі тӛмен.  Бұл категорияны мемлекеттік  сектордағы  ӛнеркәсіп 
орындарының  жұмысшылары  мен  олардың  аз  бӛлігін  мастерлер,  есепшілер, 
техниктер  құрайды.  «Инженер-техникалық  инеллигенцияны»  «техникалық 
персонал»  деп  қолданған  жӛн  деп,  бұлар  инженерлік,  заң,  ауылшаруашылық 
интеллигенциясы  және  техниктер.  Бұл  екі  топ  инженерлік-техникалық 
интеллигенцияның тұтас санын береді»,- деп байыптайды [156, 47 б.]. 
Инженерлік-техникалық 
интеллигенция 
тарихын 
зерттеп 
жүрген 
ғалымдардың бірі Б. Омарова «инженер қызметінің ерекшелігі, біріншіден, бұл 
қызмет  практикалық  болып  табылады;  екіншіден,  ол  техникалық  міндеттерді 
шешумен  тікелей  байланысты.  Үшіншіден,  ғылыми  білімді  талап  етеді. 
Инженерлік  ӛнер  арқылы  ғылым  қоғамның  ӛндіргіш  күшіне  айналады.  ... 
Инженерлер  алдындағы  міндеттер  қоғамдағы  күрделі  процестердің  салдары. 
Бұл  міндеттерді  шешуде  инженерлердің  сапасы  мен  қабілеттілігінің,  қоғамда 
мұндай  адамдардың  болуы  маңызды  рӛл  атқарады.  Әр  елде  бірдей  міндеттер 
әртүрлі жылдамдықпен және әртүрлі сапалық кӛрсеткіштермен орындалатынын 
осымен  түсіндіруге  болады.  Демек,  инженерлік  процесс  –  творчестволық 
процесс»,- деген пікірін ұсынады [157, 3-4 б.]. 
Соңғы  жылдары  жарық  кӛрген  еңбектерінің  бірінде  Г.Назарбаева  мен          
Х.М.  Әбжанов  «ауылшаруашылығы  интеллигенциясы»  деп  кеңес  қоғамында 
мемлекеттік  және  колхоз  секторынан  құралған  аграрлық  экономикада 
күрделілігі  және  мазмұны  әрқилы  ой  еңбегімен  айналысқан  мамандар  тобын 
айтамыз  деп  түсіндіре  келе,  ғылыми  әдебиеттерде  бұларды  «ӛндірістік-
техникалық», 
«ауылшаруашылығының 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясы» деп те атай береді», - деп саралайды [94, 169 б.]. 
Қазіргі  Қазақстан  интеллигенциясын  әртүрлі  салаға  бӛліп  қарастыруға 
болады  (кӛркемӛнер,  гуманитарлық,  жаратылыстану,  ғылыми,  техникалық, 
медициналық,  педагогикалық,  әскери,  діни-рухани,  әкімшілік-басқару  т.б.). 
«Ғылыми-техникалық  интеллигенция»  ұғымы  кеңестік  билік  кезеңінде  пайда 
болып,  арнайы  жоғары  оқу  орындарында  оқып,  практикалық  жұмыс  кезінде 
біліммен қаруланған адамдар ғылыми-техникалық идеялар жасап, оны техника 
мен  технологияда  жүзеге  асырып,  жаңа  ғылыми  және  техникалық  білімді 
қоғамдық  ӛмірдің  әртүрлі  саласында  ендіруге  ыкпал  ете  алады  деп  анықтама 
берілген.  Осы  уақытқа  дейін  ғылыми-техникалық  және  ӛндірістік–техникалық 
интеллигенцияға анықтама беруде оның әлеуметтік-кәсіби жағына мән беріліп, 
рухани-имандылық, мәдени аспектілері қарастырылмаған. 
Ғылыми-техникалық интеллигенцияның қатарына ғалымдар мен инженер-
техник  қызметкерлерді  жатқызады.  Инженер-техникалық  қызметкерлердің 
үлестік  салмағы  ғалымдарға  қарағанда  жоғары  болып,  1985  жылы 
инженерлерге қарағанда ғалымдардың саны 21 есе аз болған [158, 38-39 б.]. 

 
51 
Ғылыми-техникалық 
үдерістің 
дамуы, 
әсіресе, 
Қазақстан 
Республикасының  дамуының  шешуші  кезеңінде  қоғамдық  ӛмірдің  жан-жақты 
жаңаруы сатысында маманданған ой еңбегіне деген сұраныс, қажеттілік артуда. 
Ӛнеркәсіп ғылымилануда, ал ғылым индустриялануда. Осы тұрғыда ӛндірістік -
техникалық  интеллигенцияның  қазіргі  Қазақстанның  әлеуметтік  процесінде 
алар орны ӛзгеше. 
Олай  болса  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  деп,  -  дене  еңбегімен 
жұмыс  істейтіндерге  қарағанда  негізгі  айырмашылығы  «басымен  басымырақ 
ойлайтындығымен»,  яғни  ой  еңбегімен  айналыса  отырып,  ӛндірісте 
материалдық  ӛнім  ӛндіруге  тікелей  қатысатын,  жиынтық  ішіндегі 
қызметкерлерді  айтамыз.  Ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  құрамына 
ӛнеркәсіп  орындары  мен  оның  құрылымдарының  басшылары  (шаруашылық 
жетекшілері,  әкімшілік–техникалық  кадрлар),  жобалау,  технологиялық, 
конструкторлық,  ӛнеркәсіп  орындарының,  лабораториялық  зерттеу  бӛлімінің, 
жоспарлау  бӛлімінің,  еңбекті  ұйымдастыру,  экономикалық,  қаржылық, 
ӛнеркәсіптік есеп пен статистика бӛлімі, ауыл шаруашылығының зооинженер, 
экономист, инженер-техникалық мамандары кіреді деп пайымдаймыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
52 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет