Интеллигенциясы: тарихи



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата22.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


ҚАЗАҚСТАН 
ӚНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ 
ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНА  ҚАТЫСТЫ  ҰСТАНҒАН  МЕМЛЕКЕТТІК 
САЯСАТ ТАРИХНАМАСЫ 
 
2.1 
1917-1953 
жж. 
Қазақстан 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясына қатысты ұстанған мемлекеттік саясат тарихнамасы 
1917 жылғы қазан тӛңкерісінен кейін жарық кӛрген еңбектер кӛп жағдайда 
ғылыми  жағына  қарағанда  публицистикалық  мазмұнда  жазылғандығымен 
ерекшеленді.  Олардың  кӛпшілігінде  деректерге  деген  сыни  кӛзқарастың 
болмауы, әдіснаманың әлсіздігі аңғарылды. Интеллигенцияға қатысты саясатты 
саралауда әртүрлі саяси-идеялық қайшылықты білдіретін пікірлер де байқалды. 
В.А.  Быстрянский  алғашқылардың  бірі  болып  В.И.  Лениннің 
кӛзқарастарына  талдау  жасап,  оның  коммунистік  партия  мен  коммунистердің 
практикалық  қызметіне  қойған  талаптарын  айқындады.  Ол  кӛсемнің  беделіне 
арқа  сүйей  отырып,  қоғамның  рухани  ӛмірін  дамыту  үшін  социалистік 
құрылысқа  интеллигенцияны  тарту  қажет  екендігін  дәлелдеді.  Кеңес  үкіметі 
кезеңінде интеллигенцияны басқарудың әдістерін кӛрсетуге тырысты [159]. 
А.  Богданов  керісінше,  коммунистік  партияға  интеллигенцияның  қажеті 
жоқ,  жаңа  қоғам  құру  үшін  жұмысшы  табының  ӛз  ішінен  шығармашылық 
қабілеттілігін кӛрсететіндер шығады деп есептеді [160]. 
1920-шы  жылдардың  басында  М.П.  Керженцев  интеллигенцияның 
шығармашылық потенциалын жаңа пролетарлық мәдениетті құруда пайдалану 
қажет  деген  пікірге  келсе  [161],  В.С.  Рожицын  де  осы  кӛзқарасты  қолдай 
отырып,  оларды  нақты  және  жаратылыстану  ғылымы  саласында  пайдалану 
керектігін жақтайды [162]. 
1920-шы  жылдары  «евразиялық»  кӛзқарас  ұстанған  интеллигенция 
ӛкілдері  большевиктердің  оларға  ұстанып  отырған  саясатына,  мемлекеттік 
басшылық  әдістеріне  ризашылық  білдірмесе  де,  Ресейдегі  қазан  тӛңкерісінің 
заңдылығын  мойындап,  қоғам  дамуының  түбегейлі  бетбұрыс  кезеңінде  орыс 
мәдениеті мен тарихының сабақтастығына мән беру керектігін ескертті [163.]. 
Интеллигенцияға  қатысты  ұстанған  мемлекеттік  саясат  тарихнамасында 
эмиграцияда  жүрген    интеллигенция  ӛкілдерінің  бірі  –  М.  Шоқай 
шығармаларында  «большевиктік  сценарий»  бойынша  Қазақстанды  дамыту 
факторы мүмкін емес екендігі айқындалды. М. Шоқай отанынан жырақта жүрсе 
де,  елде  болып  жатқан  жаңалықтардан  хабардар  болып,  «Туркестан  под 
властью советов» деп аталатын еңбегінде қазақ пролетариатының санының ӛте 
аз  екендігін  ескерте  отырып,  ӛнеркәсіп  пролетариатының  басым  бӛлігі 
Қазақстанның  Ембі,  Қарсақпай,  Риддер  орындарында,  жаңа  құрылысы 
басталған  Түркістан-Сібір  темір  жолында  шоғырланғанын  жазады.  Риддер 
заводының  бұрын  1918  жылға  дейін  Уркварттың  ағылшын  компаниясына 
қарағандығын,  қазір  шетелдік  техникамен  қайта  жабдықталғандығына 
тоқталады.  Оның  қазақтардың  тығыз  орналасқан  орталығында  орналасып, 
ерекше  ӛнеркәсіптік  құндылығы  бар  болса  да,  Кеңестер  Одағының  орталық 
органына бағынышты екендігін ашық айтады [164, 370-372 б.].  

 
53 
Т.  Рысқұлов  қазан  тӛңкерісінен  кейін  алғашқылардың  бірі  болып  қазақ 
қоғамы  тарихындағы  ұлттық  интеллигенцияның  рӛлі,  қазан  тӛңкеріне  дейінгі 
интеллигенцияны  социалистік  құрылысқа  тарту  мәселесі жӛнінде  пікір  айтқан 
зиялылардың бірі болды. «В связи с разгромом Дутова и начавшейся гибелью 
войск  Колчака  под  напором  Красной  Армии  алашординцы  начинают 
переходить  по  частям  на  сторону  Советкой  власти.  Первой  переходит  Орская 
группа Алаш-Орды во главе с Байтурсыновым, а потом сдаються остальные ее 
части)» деп атап кӛрсетеді [165 ].  
Қазақ зиялыларының ұлы тұлғаларының бірі – М. Дулатов 1920-шы жылғы 
7 қарашада «Кедей сӛзі» газетінде жарық кӛрген «Октябрь тӛңкерісінің үшінші 
жылы»  деп  аталатын  мақаласында  «Кіндік  ӛкіметтің  1919  жылғы  4  апрельде 
жарлық  шығарып,  «Қазақ  халқын,  зияларын  һәм  Алашорда  мүшелерін, 
большевиктерге  қарсы  оқ  атып,  қылыш  суырса  да,  ӛткен  саяси  қылмыстары 
үшін  қудаламаймыз,  ғафу  еттік»  дегені  қазақ  халқының  патшашыл  таптармен 
жолдас болмайтынына кӛзі жеткендігі еді», - деп ойын сабақтайды [166, 14 б.]. 
Мәселе  мемлекеттің  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияға  қатысты 
экономикалық, әлеуметтік саясатының объекті ретінде ғана қарастырылды.  
Біз  зерттеп  отырған  мәселеге  байланысты  ХХ-шы  ғасырдың  бірінші 
ширегінде  теориялық  және  тарихи  зерттеу  еңбектер  кӛп  жазылды  деп  айта 
алмаймыз.  Мақала авторлары  күнделікті  тіршіліктің  зәру  мәселелерін  кӛтеріп, 
еңбектер  тек  практикалық  және  саяси  мәнде  ғана  жазылды.  Бірақ 
публицистикалық тұрғыда жазылған еңбектер болғандығына қарамастан, кейде 
терең философиялық, теориялық жағынан пайымдалған мақалалар да кездеседі. 
Кеңестік  кезеңдегі  Қазақстан  ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясына 
қатысты  ұстанған  мемлекеттік  саясат  тарихнамасының  дамуының  алғашқы 
кезеңінде қазіргі ғылыми талаптарға сәйкес келетін еңбек жазылған жоқ. Кәсіби 
тарихшылар  жетіспеді.  Тек  мемлекет,  партия  қайраткерлерінің  баспасӛз 
беттерінде жарық кӛрген мақалаларында фактілер берілді. 
1920-шы жылдары зерттеушілер пролетариат диктатурасы жеңіске жеткен 
мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – тез арада кеңестік интеллигенцияны 
құру  деп  санап,  соның  ішінде  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияны 
қалыптастыру  алдыңғы  қатарда  тұрған  міндеттердің  бірі  деп  есептеді.  Әрі 
интеллигенцияны жұмысшылар мен шаруалар қатарынан алмаса, арнайы білімі 
бар  буржуазиялық  мамандарға  сенімсіздік  танытумен  бірдей  болатындығы  
айтылды. 
Қазан  тӛңкерісінен  кейінгі  алғашқы  онжылдықтардағы  әдебиетте  жаңа 
қоғамды  құру  барысында  үкіметтің  интеллигенциямен  диалогқа  барып, 
олармен  ынтымақтасуына  идеолологиялық  жағынан  ықпал  етіп,  олардың 
қызметіне 
бақылау 
жасаудың 
жүйесі 
айтылды. 
Осындай 
әдіспен 
интеллигенцияның  санын  арттыру  жұмыстары  елді  қайта  құруда  кӛптеген 
нәтижелер бергендігі айқындалды.  
1920-шы жылдары жазылған арнайы тарихи зерттеу еңбектері аз болса да, 
бізге  деректік  мәліметті  кеңес  үкіметі  тарапынан  шыққан  қаулылар  береді. 
Мысалы,  1919  жылы  22  желтоқсанда  Семей  облыстық  ревкомы  мәдени 

 
54 
құрылыс қызметкерлерін тіркеуге алу жӛнінде арнайы қаулы қабылдады. Онда 
белгілі  қызмет  атқаратын  және  атқармайтын  барлық  оқушылар,  тәрбиешілер, 
білім  саласының  қызметкерлері,  артистер,  суретшілер,  музыканттар,  мен 
әншілерді облревкомның халыққа білім беру бӛліміне келіп, тіркеуден ӛтулері 
қажеттігі  айтылды.  Қаулыдан  барлық  мәдениет  саласының  қызметкерлерін 
кеңес  үкіметі  қызметіне  қарай  тарту  керектігі  жӛніндегі  іс-шаралар  негізін 
аңғарамыз [167, 32-33 б.].  
Интеллигенттердің  Кеңес  ӛкіметі  жағына  шығуына  большевиктердің 
ӛздері мүдделі болғанын қазақ ревкомының 1920-шы жылғы 27-ші қаңтардағы 
хабарламасынан  кӛруге  болады:  Онда  «Кеңес  ӛкіметінің  құрылысы  мен 
қалыптасуы үшін Қазақ ӛлкесінде интеллигенттердің мӛлшері кӛп болуы қажет. 
Сондықтан  әскери  ревком  барлық  интеллигенттер  күшін  жұмысқа  тартуды 
қажет  деп  санайды»,  -  деп  жазылған  және  Кирревком  тӛрағасы  Пестковский 
мен хатшысы Зимулиннің қолы қойылған хабарландыру таратады. Онда Кеңес 
үкіметі құрылысын нығайтып, оны халық бұқарасының санасына ендіру үшін, 
интеллигенттердің  үлкен  күші  қажеттігі  кӛрсетіліп,  ӛлкенің  барлық 
интеллигент  күштерін  орталықтарда  жұмыс  істеуге  жұмылдыру  керектігі 
айтылған.  Егер  келіспеген  жағдайда  күштеу  әрекетін  қолдану  қажеттігі 
ұсынылады  [167,  33-34  б.].  Құжаттардан  интеллигенттерді  кеңес  қызметіне 
тарту  арқылы  халықтың  санасына  Кеңестік  ӛкіметтің  артықшылығы  неде 
екендігін  ұғындыру  жӛніндегі  жұмыс  шараларын  байқауға  болады.  Үкімет 
комсомол,  кәсіподақ,  партия  ұйымдары,  ӛндірістік  ұжымдардың  қоғамдық 
пікірлері  арқылы  интеллигенцияға  идеологиялық  ықпал  етіп,  бақылау 
жасаудың  жүйесін  құрды.  Сӛйтіп,  оны  баспасӛз,  арнайы  қызмет  салалары 
арқылы жүзеге асырды.  
1921 жылғы 6-қазанда РСФСР Совнарком тӛрағасы В.И. Лениннен Қырғыз 
республикасы  Орталық  Атқару  Комитеті,  Қырғызпромбюро  Сібіревкомы, 
Сібірпромбюро  мен  Риддер,  Екібастұз  және  Зыряновск  кеніштерінің 
басқарушыларына  №28  жеделхат  жолданады.  Онда  тӛртінші,  бесінші  шара 
ретінде  Риддер  кеніштерінің  басқарушысы  етіп  Дрейманды  тағайындайды. 
Ӛкімет  басшылығы  оған  техникалық  басшы  болуға  сенім  артқандығын  осы 
құжаттар растайды [168, 55-56 б.].  
Үкіметтің  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияға  қатысты  ұстанған 
саясатына  байланысты  алғашқы  кезеңдерінде  зерттелген  әдебиетті  бірнеше 
бағытта  қарастыруға  болады.  Интеллигенцияны  кеңестік  құрылысқа  тарту 
тарихшылардың назарынан да тыс қалмады. Осы уақытқа дейін біз қарастырып 
отырған мәселені әр қырынан зерттеген еңбектер жеткілікті болып табылады.  
Сол кезеңде болған оқиғаларды кӛзімен кӛрген куәгерлердің айтқандарын 
ізін суытпай жазу - біз зерттеп отырған мәселені тереңірек зерттеудегі алғашқы 
қадам  болды.  1920-1930-шы  жылдары  жарық  кӛрген  еңбектерде  инженер-
техникалық  қызметкердің  тӛңірегіндегі  психологиялық  кӛңіл-күй,  моральдық-
психологиялық  атмосфераны  қайтадан  қалыпқа  келтіру  қиындық  туғызып 
отырғандығы  да  кӛрініс  тапты.  Бұл  еңбектердің  кӛпшілігін  «тарихи  зерттеу» 
еңбектері  деп  атауға  болмайды.  Себебі  олар  уақыт,  кезең  талабына  сәйкес 

 
55 
бағытталды.  Бұл  еңбектердің  деректік  базасы  да  толық  емес,  фрагментальды 
түрде ғана  тереңнен  зерттелмеген  еңбектер.  Партияның ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияға ұстанған саясатын бірнеше бағытта қарастыруға болады.  
Ең  алдымен  партияның  сара  жолын  насихаттауға,  жаңа  қоғамдық 
құрылысты жасаудағы интеллигенцияның рӛлі мен орнына арналған еңбектерді 
атап ӛту керек. 
Осы ретте, мемлекет қайраткері А.В. Луначарскийдің еңбегінің алар орны 
ерекше.  Ол  ескі  мамандарды  кеңес  үкіметі  қызметіне  тартуда  партияның 
ықпалы  зор  болды  деген  кӛзқарасын  білдіреді  [169].  А.В.  Луначарскийдің 
еңбегінің  құндылығы  сонда,  оқиғаны  кӛзімен  кӛріп,  1920-шы  жылдардағы 
мамандарға  кеңес  ӛкіметі  жағына  ӛтініш  білдіру  фактілерін  ортаға  салуымен 
ерекшеленеді.  
Коммунистердің  инженерлер  мен  техниктерді  қайта  тәрбиелеп,  оларды 
пайдалану  В.Л.  Ледер,  И.  Сурков,  В.  Толстопятов  еңбектерінде  айқындалған. 
Еңбектерде  иллюстрациялық  материалдарға  мән  берілгенімен,  партияның 
техникалық кадрлар арасындағы жұмыс түрлері ішінара кӛрсетілген [170].  
1920-шы  жылдардың  соңында  ғылым  мен  техниканың  жаңа  мамандарын 
тез арада даярлауға кӛңіл бӛлінуі партия тарихына арналған еңбектерде кӛрініс 
тауып,  құрамы  жӛнінен  интеллигенцияның  жұмысшы-шаруалар  қатарынан 
даярлауға  мән  беру  керек  деген  кӛзқарасты  Б.  Рысс,  В.А.  Шмелевтың 
еңбектерінен  аңғарамыз  [171].  Еңбекте  ӛнеркәсіптің  әр  саласы  үшін  қажетті 
мамандардың  санын  анықтап,  не  үшін  керектігін  дәлелдеген.  Әсіресе  жоғары 
және орта арнаулы оқу орындарының жүйесін кеңейтудегі партияның атқарып 
отырған қызметі айқындалған.  
Оны  кеңестік  кезеңдегі  ӛтілген  съездер  мен  конференцияларының 
шешімдерінен, партия қарарлары, қаулыларынан-ақ байқауға болады. РКП ( б )- 
ның ІХ съезіндегі қарарларында (1920-ж. 29 наурыз-5 сәуір )«а) берік жігерлілік 
әкім-директорлар  мамандарды,  техниктерді,  инженерлерді  жұмысқа  тартуда 
қабілеттілік, берік жігерлілік, шыдамдылық кӛрсеткен маман жұмысшылардан 
қойылады;  оның  жанында  жәрдемші  ретінде  техник  инженері  болады;  б) 
кәсіпорынның  іс  жүзіндегі  басшысы  ретінде  қажетті  мағлұматы  бар  маман-
инженер  болады,  оның  жанында  праволары  мол  және  істің  барлық  егжей-
тегжейіне 
тӛселуге 
міндеттенген 
маман-жұмысшылардан 
комиссар 
қойылады»,-  деп  жазылған  [172,  163  б.].  Қаулыдан  аңғарып  отырғанымыздай, 
партияның  жұмысшыларға  зор  сенім  артып,  оларды  жетекші  күшке 
айналдырып, онан кейінгі орынды инженерге берген.  
1922  жылы  6  қазанда  ӛткен  РКП(б)  он  екінші  съезінің  қарарларында 
«партия  мен  кәсіподақтар  заводтар  мен  фабрикаларды  қызыл  директорлардың 
тиісті кадрларымен қамтамасыз етуді ӛзіне кезек күттірмейтін міндет етіп қоя 
отырып,  шаруашылық  басшылықтың  барлық  сатыларындағы  ӛнеркәсіпті 
басқару органдарында жұмысшы – шаруашылық қызметкерлерінің кадрларын, 
әсіресе коммунистерді кӛбейту ісіне аса ерекше кӛңіл аударуға тиіс» деп атап 
кӛрсетілді [173, 453 б.]. Маманданған инженер-техникалық кадрлар жеткіліксіз 
болғандығына  қарамастан,  ескі  мамандарды  кеңестік  құрылысқа  тартуға  да 

 
56 
жете  мән  берілуі  қажет  еді.  Буржазиялық  инженер-техникалық  мамандарды 
пайдалану,  бір  жағынан  күш  кӛрсету  «большевиктік  сценарий»  бойынша 
жүзеге  асырылды.  1922  жылы  31  қазанда  Орынборда  ӛткен  РКП(б)  Қазақ 
облыстық  комитетінің  пленумында  Қызыл  керуеннің  жұмысы  туралы 
баяндаманы  талқылап,  қарар  қабылданды.  Онда  қызыл  керуеннің 
баяндамасында кӛрсетілген Алашорданың қарекетіне ерекше назар аударылсын 
және  орталықта  да  жергілікті  жерлерде  де  белсенді  алашордашыларға  қарсы 
тікелей  күрес  жүргізу,  сол  сияқты  қазақ  интеллигенциясы  арасындағы,  ең 
алдымен  жастар  арасындағы  жұмысты  күшейту  жӛнінде  пәрменді  шаралар 
қолданылсын  деген  қарар  қабылданды.  Қазақ  интеллигенциясын  партияның 
міндеттерімен,  мақсаттарымен  және  совет  құрылысының  негізгі  ережелерімен 
таныстыру тұрғысында жұмыс жасалды. Ӛкімет тарапынан интеллигенцияның 
арасына  жік  салып,  алашордашыларға  қарсы  айдап  салу  әрекеті  ашық  кӛрініс 
тауып  отырғандығын  аңғарамыз.  1923  жылғы  11-15  қазанда  Орынборда  ӛткен 
РКП(б)  Қазақ  облыстық  Комитетінің  кеңейтілген  пленумында  ә)  Қазақ  ұсақ 
буржуазиялық интеллигенцияның аз ғана тобы іс жүзінде әлеуметтік тұрғыдан 
берік  элементтердің  мүдделерін  білдіреді,  кедейлердің  таптық  сана-сезімінің 
және  қазақ  халқының  әлеуметтік  қайшылықтарының  ӛсуін  тежеп,  халықтың 
бірлігін  уағыздайды  және  қоғамдық  ӛмірдің  құбылыстарын  ұлтшылдық 
тұрғыдан  түсінуін  кӛлденең  тартады.  Кезінде  Алаш  партиясы  осы  негізде 
құрылған  болатын,  ол  ұйымдық  тұрғыдан  ыдырап  кетсе  де,  коммунизмге 
дұшпан  идеялық  ағым  ретінде  сақталған  және  жас  ұрпақты  ұлтшылдық  пен 
шовинизм  рухында  тәрбиелеуге  тырысады.  Сӛйтіп  ұлтшылдық  қазақ 
кедейлеріне  коммунистік  ықпалдың  ӛсуіне  ӛте  күшті  кедергі  болып  отыр  деп 
атап кӛрсетілді [174, 89-90 б.]. ВКП(б) Қазақ ӛлкелік комитетінің 1926 жылы 30 
сәуір  мен  3  мамыр  аралығында  ӛткен  пленумында  бұқаралық  ұйымдардың 
жұмыстарын  жандандыру  арқылы  кәсіподақтардың  қазақ  ӛлкелік  советі 
фракциясының  есебін  тыңдап,  ӛлкелік  комитеттің  пленумы  фракцияның 
қызметін  мақұлдады  және  бірқатар  жетістіктерді  (одақтар  санының  артуын, 
қазақтар санының кӛбеюін, облыстық құрылысты, ұлттық жағдайларды реттеп, 
шешуді)  атап  кӛрсетіп,  таяудағы  кезеңге  мынадай  міндеттер  белгілейді:1) 
ӛркендеп 
келе 
жатқан 
ӛнеркәсіптегі 
жұмысшылар 
құрамының 
тұрақтамаушылығына  қарсы  күресу,  тұрақты,  орныққан  кадрлар  жасауды 
кӛздеу;  2)  кәсіпорындардағы  жұмысты  күшейту,  ӛнеркәсіпті  аудандарды 
білімді  партия  қызметкерлерімен  қамтамасыз  ету;  3)  Ӛнеркәсіпті  ӛркендету 
негізінде  қазақтандыру  және  бұл  шараны  ұзақ  уақыт  түсіндіру;...6)  Кәсіподақ 
аппаратын  одан  әрі  қазақтандыру,  әсіресе  тӛменгі  буындарда  қазақ 
қызметкерлері  кадрларын  кӛбейту.  Қызметкерлерді  тӛменнен  жоғарылатып 
отыру  және  олардың  теориялық  дәрежесі  мен  практикалық  білімін  кӛтеру. 
Аппараттарда қызметкерлерді дұрыс орналастырып, дұрыс пайдалану, олардың 
аппаратқа кәсіподақ демократиясы тәртібімен ӛтуін қамтамасыз ету [174, 280-
281 б.].  
Үкімет шығарған қаулыларда жұмысшы табының рӛлін арттыруға кӛбірек 
мән  беріліп,  инженер-техникалық  мамандар  жайлы  кӛп  айтылмайды. 

 
57 
Мамандардың құндылығы, адам факторына кӛңіл бӛлінбеді. Тек мемлекет пен 
ӛкіметтің қаулы, қарарларын орындауға нұсқаулар кӛптеп берілді.  
1920-шы  жылдардың  соңында  тарихнаманың  дамуына  саяси  факторлар 
қатты  әсерін  тигізді.  Ескі  мамандарға  сенімсіздікпен  қарап,  оларды  тап  жауы 
ретінде  қарастырған  еңбектер  де  жарық  кӛре  бастады.  Олардың  қатарына                        
Г.  Шклавский,  С.А.  Хейнман  еңбектерін  жатқызуға  болады.  Олар  ескі 
мамандарға  «зиянкестік  әрекет  танытып  отыр»,-  деген  айып  тағып,  оның 
әлеуметтік себептерін анықтап, онымен күресудің жолын ашуға тырысты [175]. 
Сол кездегі фактілік материалдардың әралуандығы елдегі болып жатқан жағдай 
мен  интеллигенцияға  баға  беруде  елдегі  болып  жатқан  оқиғаларды  әсірелеп 
кӛрсетуге ықпал етті.  
Республикалық  баспасӛз  беттерінде  1926  жылғы  мәлімет  бойынша  29 
әртүрлі  басылымдарда,  оның  ішінде  12  қазақ,  16  орыс,  1  ұйғыр  тілдеріндегі 
басылымдарда  қазан  тӛңкерісіне  дейінгі  ескі  интеллигенцияға  деген  кӛзқарас, 
халық шаруашылығы үшін білікті жаңа мамандар даярлау мәселесі талқыланды 
[100, 168 б.].  
Осы  жылдары  ұлттық  интеллигенцияның  рӛлі  мәселесі  ӛткір  талданды. 
Пікірталастың  басталуына  Москвада  оқитын  қазақ  жастарының  ашық  хаты 
себеп болды [176]. Хат авторлары кӛрнекті қазақ коммунистеріне үндеу тастай 
отырып,  «Ескі  қазақ  интеллигенциясының  революциядағы  рӛлі  қандай 
болды?», 
«Қазақстандағы 
жаңа 
интеллигенцияның 
қалыптасуының 
ерекшеліктері  мен  қиындығы  неде?,  «Кеңес  үкіметі  жағдайында  қазақ  ұлттық 
мәдениеті қалай болады, ол одан әрі дамиды ма?, «Бұл мәдениет - пролетарлық 
мәдениет бола ала ма?», - деген осы сұрақтарға дұрыс баға беруді сұрады. Бұл 
сұрақтарға Т. Рысқұлов «Жастар хатына жауап» [177], «Ауыл, интеллигенция, 
Компартия  және  мәдениет  жайлы»  жазылған  мақалаларында  дәлелді  жауап 
берді  [177,  266-272  б.].  Интеллигенция  мәселесіне  келгенде,  бұрынғы 
мамандарға  салыстырмалы  түрде  қарап,  оларды  қайта  тәрбиелеп,  пайдалану 
керек,  бұл  ұлттық  интеллигенцияны  кеңестендіруге  болады  деген  ӛзіндік 
кӛзқарасын білдіреді. 
Біз  қарастырып  отырған  мәселенің  екінші  кезеңі  1930-шы  жылдар  мен 
1950-ші  жылдардың  ортасына  дейінгі аралықты  қамтиды. Бұл  кезеңнің ӛзіндік 
ерекшелігі  сонда  тарихнамалық  үдерістің  субъектілерінің  шектеулі  болуы, 
зерттеу  міндеттерінің  аясының  тарылуына  әкелді.  Еңбектерде  буржуазиялық 
мамандарға  ұстанған  мемлекеттік  саясатта  «Қазан  тӛңкерісі  жетістіктеріне» 
қарсы  шығатындарға  ашық  күрес  жүргізуге  шақырып,  пролетариат  табы 
алдыңғы  қатарлы  тапқа  айналу  керек  деген  міндетті  қоя  отырып,  ескі 
интеллигенцияны  «бейбіт  жолмен»  жаулап  алуға  кӛңіл  бӛле  бастады.  Осы 
кезеңде мамандардың саяси жағынан жіктелу мәселесіне де мән берілді [178].  
Мемлекет  қайраткері  Н.  Тӛреқұлов  Түркістан  Республикасы  Орталық 
Атқару Комитетінің Х съезінде жасаған есепті баяндамасында Кеңес мемлекеті 
жергілікті  еңбеккерлерден  кадрлар  даярлауға  баса  назар  аударып 
отырғандығын  атап  кӛрсетеді.  Әскери  құрылыс,  мәдени-ағарту,  әлеуметтік 
қамсыздандыру,  кәсіби  білім  беру  салалары  бойынша  мемлекетке  жергілікті 

 
58 
еңбеккерлерден  кадрлар  керек,  олар  жергілікті  халық  бұқарасын  кеңестік 
құрылысқа  қызмет  етуге  тарту  қажеттігіне  назар  аударды.  Осы  жергілікті 
мәдени күштерді реттемейінше, жергілікті халықтан тұратын еңбекші бұқараны  
кең  кӛлемде  кеңестік  құрылысқа  қызметке  тарта  алмаймыз.  Қырғыз  (қазақ) 
бӛлімі  теміржолшылардан  бастап  және  әскерилермен  аяқтай  отырып,  барлық 
жас мәдени күштерді жұмысқа тарту және жұмылдыру жолдары арқылы үлкен 
істер атқарғандығын нығыздай түседі [179, 72-73 б.]. 
И.В.  Сталин  1930-шы  жылдардың  соңынан  бастап  революцияға  дейінгі 
интеллигенцияны  Кеңес  ӛкіметіне  деген  қатынасына  байланысты  үш  топқа 
бӛлу  керек  деген  концепцияны  ұсынады:  ғылым  мен  техника  мамандарының 
элитасы  болып  отырған  жоғарыдағылар  қайта  құру  кезеңінде  социализм  құру 
істеріне жау пиғыл танытып, оларды пайдалану қатаң мәжбүрліктен болды, ол 
мамандарды  қайта  тәрбиелеу  керек  деген  сӛздің  болуы  мүмкін  емес,  орта 
топтағылар аңысын аңдау керек деген позициясын ұстанды, олармен ұзақ күрес 
жүргізуге  тура  келді,  саны  жағынан  кӛп  әрі  ой  еңбегімен  айналысатын  аз 
маманданған  қызметкерлер  тобы  жұмысшы  табы  мен  оның  партиясын  қолдай 
отырып,  бірденінен  ӛтті  [180,  36  б.].  И.В.  Сталиннің  бұл  концепциясы  партия 
тарихын  зерттеумен  айналысып  жүрген  тарихшылардың  ескі  кадрларға  деген 
кӛзқарастарын,  пайымдауларын  білдіруде  қиындықтар  тудырды.  Оны 
Вольфсон,  Лепешинский,  М.А.  Процько.  т.б.  еңбектерінен  байқауға  болады 
[181].  Осы  кезеңнен  бастап,  1920-шы  жылғы  тарихнамада  барлық 
интеллигенция  халықтан  бӛлінген  контрреволюциялық  жоғарыдағылар,  саяси 
жағынан  пролетариатқа  жақын  революциялық  тӛмендегілер  деп  те  саралана 
бастады. Әкімшілдік-әміршілдік жүйе күш алып отырған кезеңде, тарихта «ескі 
инженер» мен «бүлдіруші» сӛздері синонимге айналды.  
Буржуазиялық  мамандарды  пайдалану  және  қорқытып,  жаныштау 
большевиктердің  интеллигенцияға  ұстанған  саясатының  негізгі  құралына 
айналды.  
Ескі  мамандардың  басым  бӛлігі  халық  шаруашылығының  әртүрлі 
салаларында  адал  қызмет  атқарды.  Шын  мәніне  келгенде,  мәселе  басқаша 
екендігі кейін айқындалды. 1928-ші жылдың басында Донбаста шахталарды су 
алу, жарылыс, газбен улану, қопарылу, машиналардың қирауы сияқты оқиғалар 
орын  алғандығы  рас.  Алайда  бұл  ең  алдымен  қарапайым  шаруашылыққа 
салғырттықпен  қарауына,  жұмысшылар  мен  жоғарылатылғандардың  белгілі 
топтарының тәжірибесіздігіне байланысты болды. Шахтада жұмыс іздеп келген 
кейбір  кездейсоқ  адамдардың  еңбек  еткендіктерімен  қатар,  саналы  түрде 
зиянкестік жасағандар ілуде бір кездесті. «Шахта ісінен» кейін ескі мектептен 
шыққан техникалық мамандар мен ғалымдар шет елдерге қашуына тура келді. 
Соның  нәтижесінде  интеллигенция  деген  сӛзді  қолданудың  ӛзі  қиындыққа 
айналды.  Ескі  интеллигенцияның  саяси  ойлауының  тәуелсіздігі,  ӛзіндік 
ерекшелігі, сыни рухы, адамгершілік принциптері тоталитарлық саяси жүйенің 
қалыптасу  процесімен,  қоғамның  рухани  ӛмірінің  монополизациялануымен 
сәйкес  келмеді.  «Шахта  ісіне»  байланысты  халықтан  шыққан  осы  заманғы 
ғылым  мен  техниканың  дәрежесінде  тұрған  жаңа  советтік  техникалық 

 
59 
интеллигенция  жасау  міндеті  күн  тәртібіне  бұрынғыдан  да  қатты  қойылды. 
Қысқа  мерзім  ішінде  ӛзіміздің  техникалық  интеллигенциямызды  жасап  алу 
күрделі міндеті қойылды.  
«Шахта  ісіне»  байланысты  М.  Шоқай  да  ӛзінде  бар  материалдарды 
жинақтай  отырып,  Орта  Азиядағы  Су  Басқармасы  жӛнінде  мәліметтерді 
ұсынады. Атақты Қара-Құм құмдарын кӛгалдандыруға, Каспий теңізінің Гасан 
кӛлі  шығанағын  тұщы  сумен  қамтамасыз  етудің  құрылысы  жобаларына  3 
миллиард  600  миллион  сом  жобаланғандығын  айтады.  Соның  жанына  егілген 
бидай  мен  мақтаның  судың  тапшы  болуы  салдарынан  кеуіп  қалғандығын  да 
ескертеді. Бұл жобалар кеңестік билеушілердің жеке басын байыту үшін қажет 
болды  деп  топшылайды.  Олар  Түркістанды  кӛгалдандыру  үшін  жұмыс  істеді, 
оған  дәлел  ретінде  бір  ғана  цифрді  атайды,  8  миллион  сом  жұмсай  отырып, 
большевиктік  инженерлер  бар-жоғы  20  гектар  жерді  ғана  кӛгалдандырды. 
Қаншама миллион сом желге ұшты деп ашынады.  
Орта  Азияның  Су  Басқармасы  басшылығында  (Рыкунов,  Прохоров,  Мор 
сияқты) 
ескі 
партия 
қайраткерлері 
болғандығын 
ескертеді. 
Су 
шаруашылығында  бірде-бір  жеке  меншік  иесі,  шет  елдік  болмаса  да  «Шахта 
ісін» немен түсіндіргісі келеді деп ашынады [164, 387-388 б.].  
Интеллигенцияға  байланысты  сталиндік  концепцияның  қалыптасуы 
ғалымдардың  ескі  интеллигенцияның  әртүрлі  топтарына  деген  қатынасын 
зерттеуге  ғана  емес,  идеологиялық  күрес  жүргізуіне  итермеледі  [182]. 
Мамандардың  арасындағы  үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізуде  олардың 
еңбектерін  материалдық  жағынан  ынталандырумен  ұштастыра  отырып,  кеңес 
ӛкіметі  1930-шы  жылдардың  ортасына  дейін  күштеу  шараларын  қолданып, 
оларды  жұмысшы  табының  бақылап,  ескі  интеллигенцияның  басым  бӛлігінің 
жаңа құрылысты мойындауына қол жеткізді. 
Ескі  интеллигенцияны  кеңес  ӛкіметі  жағына  тарту,  саяси  жіктелуі 
мәселерін зерттеу 1930-1950-ші жылдардың арасында жарық кӛрген мақалалар 
мен монографияларда қарастырылды [183].  
1930-шы  жылдардың  басында  инженер-техникалық  мамандарға  деген 
мемлекет  тарапынан  кӛрсетілген  қамқорлықты  1932  жылғы  30-қаңтар  мен  4-
ақпан  аралығында  ӛткен  ВКП(б)-ның  он  жетінші  конференциясы  қабылдаған 
қарарлардан  аңғаруға  болады:  «инженер-техник  персоналға  ескі  мектептен 
шықса  да,  жаңа  буыннан  шықса  да  барынша  қамқорлық  жасап,  кӛңіл  бӛліп, 
техниктер  мен  инженерлерге  тапсырылған  жұмыстың  жауапты  басшылары 
деген  лайықты  орын  беру  керек,  жаңа  ӛндірістерді  жолға  қою  ісіндегі, 
материалдарды  үнемдеу  жӛнінде  және  ӛнімнің  сапасын  жақсарту  жӛнінде 
тиімді шараларды іздеп тауып, жүзеге асыру ісіндегі, ӛндірісті ұйымдастыруды 
жақсарту  ісіндегі,  т.с.  жӛніндегі  олардың  бастамаларын  кӛтермелей  отыру 
керек» [184, 30 б.].  
1930-шы жылдардың ортасында Сталин «кадрлар бәрін шешеді», «бастысы 
осында»,  «оларсыз  екі  аяғымыздан  ақсаймыз»,  «жұмысшы  табының  ӛз 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясы  болуы  керек»  деген  жаңа  ұрандарды 
ұсынды.  Социалистік  ӛнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығының  қауырт  ӛсуі, 

 
60 
техниканы  меңгерудің  қажеттігі,  басшылықты  қайта  құру,  шаруашылық  және 
мәдени  құрылыстың  басшылығына  жұмысшылар  мен  колхозшылардың  жаңа 
тобын  тарту  –  кадрларды  даярлау  мен  жаңа  қадрларды,  әсіресе  ,  жергілікті 
халық ӛкілдерінен жоғарылату міндетін ерекше шұғыл алға қояды (1939 жылғы 
наурыз айында ӛткен партияның ХVІІІ съезінде жасаған есепті баяндамасында: 
И.В.  Сталин  «...у  нас  сложилась  многочисленная  новая,  советская, 
интеллигенция,  вышедшая  из  рядов  рабочего  класса,  крестьянства,  советских 
служащих, плоть от плоти и кровь от крови нашего народа...» деп атап кӛрсетіп, 
«жаңа,  халықтық,  социалистік  интеллигенция»  біздің  еліміздегі  мәдени 
революцияның  ең  маңызды  қорытындыларының  бірі  екендігін  жариялады» 
[180,  314  б.].  Инженер-техникалық  қызметкерлерге  1931  жылғы  23  маусымда 
ӛткен    шаруашылық  қызметкерлерінің  кеңесіндегі  И.В.  Сталиннің  айтқан  сӛзі 
үлкен ой салды. Онда социалистік құрылыстың жаңа кезеңі мен жолдарын атап 
кӛрсетіп  қана  қоймай,  инженерлік-техникалық  интеллигенция  үшін  маңызды 
болып  саналатын  инженерлік  жұмыстың  да  жаңа  жолдарын  кӛрсетеді.  Бұл 
ұстанымдар  барлық  қара  және  түсті  металлургияда,  машина  жасаудың  алып 
құрылыстарының  жүргізілуімен  маңызды.  Кең  кӛлемдегі  даму  мәселелері 
шешілуімен  қатар,  үлкен  қаражат  құйылды.  Бұл  тек  мәселені  шешіп, 
жоспарлап,  орындап,  құрылысты  іске  қосып  қою  ғана  емес,  ең  қиыны  істі 
тереңнен білуді талап етеді. Осы қиын да күрделі міндеттерді шешудегі басты 
жауапкершілік  инженерге  жүктеледі.  Осындай  міндетттерді  шешу  үшін 
инженерлерге  жобалаушы,  кеңесші  болып  қана  қоймай,  құрылыста  маңызды 
жоспарлау мәселелерін шешуде басшылық рӛл атқаруы қажет. Инженерлердің 
бір  бӛлігі  жұмысшы  бұқарасына  дұрыс  кӛзқарасы  болмаса,  екінші  жағынан 
жұмысшылар  тарапынан  инженерлерге  сенімсіздік  байқалды.  Сондықтан 
партия жұмысшыларды алдыңғы қатарлы инженерлерге қарай бағыттады.  
Қазақстанда  ХХ  ғасырдың  20-30  жж.  ғылыми  кадрлардың  жетіспеуіне 
байланысты,  кӛлемді  ғылыми  зерттеулер  аз  болды.  Тек  баспасӛз,  насихат 
материалдарында  мамандар  даярлау,  халыққа  білім  беру,  мектептерді 
жергіліктендіру  жӛнінде  брошюралар,  мақалалар,  шағын  кітапшалар  түрінде 
ғана  жарияланды.  Авторлардың  кӛршілігі  идеология,  мәдениет  саласының 
қызметкерлері  болғандықтан,  ғылыми  тұрғыда  жазылған  тарихи  еңбектер 
жазбаса да, сол кезеңдегі мәдениет, ғылым, ағарту істері жӛнінде талдау жасап, 
мәдени артта қалушылықты ӛлкеде жою жолдары, соған байланысты істелетін 
жұмыс шаралары жайлы жазды. 
Солардың  қатарында  1930-шы  жылдары  жарық  кӛрген  Г.  Береза  еңбегін 
айтуға  болады.  Халық  шаруашылығын  қайта  қалыпқа  келтіру  кезеңінде  кадр 
мәселесі  ең  күрделі  міндетке  айналып  отырғандығын  айта  келіп,  Қазақстанда 
бұл  мәселенің  тіптен  сын  кӛтермейтіндігін  ескертеді.  Оны  шешудің  нақты 
жолдарын  кӛрсете  отырып,  пролетариат  қатарынан  шыққан  жаңа  мамандарды 
даярлауға,  әсіресе,  жергілікті  халықтан  шыққан  маманданған  жұмысшыны 
инженерге  дейін  кӛтеру  керек деген ұсыныс  айтады  [185, 5-7 б.].  Г.  Береза  ӛз 
еңбегінің «Кадрлар үшін күрес – таптық күрес» деп аталатын бӛлімінде кадрлар 
мәселесінің шешілуі социалистік құрылыстың жетістігіне байланысты екендігін 

 
61 
атап  кӛрсетеді.  Социалистік  құрылыс  үшін  жаңа  мамандарды  дайындауда 
партия  мен  пролетариаттың  күресінің  таптық  мәні  айқындалады.  Тап 
жауларымыз  қандай  да  болмасын  жол  мен  кадр  мәселесін  шешуге  кедергі 
келтіруде.  Буржуазиялық  мамандар  біздің  мамандарға  деген  сұранысымызды 
кӛре  тұрып,  оған  кедергі  келтіруде.  Сол  арқылы  социалистік  құрылыстың 
екпінін тежеп, кадрлармен жаңартуды тӛмендеткісі келеді. 
Буржуазиялық  мамандармен  бірге  партияның  оңшыл  уклонындағылар 
кадрлар  үшін  күрестің  таптық  мәнін,  қажеттігін  түсінбей  отырғандығын 
айтады.  Қазақстан  қызметкерлерінің  арасында  кадрлар  мәселесі  тӛңірегінде 
скептикалық  ойлайтын  ерекше  «теорияның»  пайда  болғандығын,  теорияның 
негізі – Қазақстанда білімді адамдар аз, сондықтан жоғары оқу орындары мен 
техникумдар мен басқа оқу орындарына резервтерді қайдан аламыз. Сондықтан 
олардың  санын  да  арттырмау  керек,  оқу  орындарын  да  қазақтандыруға  күш 
салмау керек деп отырғандығын айтады. «Уайымшылдардың» екінші теориясы 
партияның оңшылдар тобы мен орыс шовинистерінен тұратындығын айта келе, 
Қазақстанда  қазақ  пролетариатының  аздығына  және  кедейлер  мен 
батрақтардың  шала  сауаттығына  байланысты  таптық  жағынан  сәйкес  келетін 
арнайы  оқу  орындары  мен  курстарды  толықтыра  алмаймыз.  Мұнан  шығатын 
қорытынды:  оқу  орындарын  қазақтандырмау,  пролетариаттандырмау  керек, 
керісінше,  интеллигенттердің  басым  бӛлігін,  олардың  балалары  мен,  ауқатты 
адамдардың  балаларын  алсақ,  маманданған  мамандардың  ӛнімін  тез  берер  еді 
деген пікірді қолдайтындықтан, бұл теорияның ӛміршең емес екендігін айтады 
[185,  8-11  б.].  Г.  Березаның  кӛп  ойларымен  келісуге  болмайды,  кадрлар  үшін 
күрес қандай таптық күреске айналуы мүмкін. Кадр мәселесін шешуде еңбекте 
таптық,  саяси  мән  берілгендігін  аңғарамыз.  Автор  кәсіби  тарихшы  маман 
болмағандықтан,  елдегі  жалпы  жағдайға  тоқтала  отырып,  келеңсіз 
құбылыстарға  мән  беріп,  интеллигенция  арасында  ӛзара  келіспеушілік  кӛңіл 
күйдің  таралуын  әсірелей  түседі.  Г.  Березаның  еңбегі  ғылымның  маркстік-
лениндік-сталиндік 
идеология 
ықпалы 
дәуірлеп 
тұрған 
кезеңде 
жазылғандықтан, тарихнамада ӛз кезеңі үшін дұрыс әдебиет деп саналды.  
БКП(б) Ӛлкелік Комитетінің бірінші хатьшысы Ф.И. Голощекин, мемлекет 
басшыларының  бірі  -  І.  Құрамысовтар  1920-шы  жылдары  сталиншілдіктің 
сойылын  соғып,  жергілікті  халықтың  шынайы  революцияны  кӛрмегендігін  ӛз 
мақалалары  мен  сӛйлеген  сӛздерінде  ашып  кӛрсете  бастады  [186].  Бұл  қате 
пікірлер V,VІ ӛлкелік партия конференцияларының, ВКП (б) Қазақстан ӛлкелік 
комитетінің  1920-шы  жылдардың  екінші  жартысында  болған  бірқатар 
пленумдарының  шешімдерінен  орын  алды.  Социалистік  қайта  құру 
жылдарында  ұлттық  саясаттың  маңызды  мәселелерінің  бірі  –  жергіліктендіру 
болды.  Қазақстан  ӛлкелік  комитетінің  1929  жылғы  23  қыркүйектегі  V 
Пленумында  жасаған  баяндамасында  Ф.И.  Голощекин:  «Ұлт  мәселесінде, 
партияның  саясатында  пролетариат  табының  идеологиясына  қарсы  екі  негізгі 
уклон  бар:  ұлыдержавалық  шовинизм  және  жергілікті  ұлтшылдық»,-  деп  атап 
кӛрсетеді.  Жергіліктендірудің  мәні  социалистік  құрылысқа  артта  қалған 
ұлттарды  тартуда,  сондықтан  бұл  мәселе  тез,  жылдам  түрде  шешілу  қажеттігі 

 
62 
айтылды.  Социалистік  құрылыс  халық  бұқарасы  үшін  емес,  бұл  халық 
бұқарасының  ӛз  ішіндегі  құрылысы  болып  саналады.  Жергіліктендіру  –
қазақтандыру  емес,  бұл  «национализациялау».  Социалистік  құрылысқа 
идеологиясы маркстік болмаса да, ұлтшылдықпен уланғандарды ӛз жағымызға 
тартпасақ  қате  болған  болар  еді.  Біз  олардың  білімін  артта  қалған  ұлттардың 
мәдени  және  шарушылық  деңгейін  кӛтеру  үшін  пайдаланып,  олардың  ӛзін 
қайта  тәрбиелеуіміз  керек.  Жергіліктендіруді  кадрларсыз  шешуге  -
болмайтындығы  жайлы  айта  келіп,  сол  кезеңдегі  ӛлке  басшысы                      
Ф.И.  Голощекин  оны  шешу  үшін  үлкен  күш  жұмсау  қажеттігін  еске  салады. 
Партия ішіндегі уклоншылдармен күресу қажеттігін кӛрсетеді [187, 215-234 б.]. 
Партия арасынан жік туғызып, жау іздеу Ф.И. Голощекинге тән қасиет еді. Ол 
дәстүрлі  қазақ  қоғамының  құрылымын  тез  арада  бұза  отырып, 
модернизациялық саясат жүргізуде асыра сілтеушілікке орын берді.  
Қазақтың  кӛрнекті  және  саяси  қайраткерлері  Ораз  Жандосов  пен  Смағұл 
Сәдуақасұлы  мақалалары  мен  сӛйлеген  сӛздерінде  ескі  интеллигенцияға 
байланысты  кӛзқарастарын  білдіреді  [188].  1929  жылы  23  қыркүйекте  БКП(б) 
Қазақӛлкелік  комитетінің  V  пленумының  «Партияның  партияда  жоқ  ұлттық 
интеллигенциясына  қатынасы»  қаулысының  жобасын  әзірлеп,  Қазақстанда  да 
таптық  күрестің  шиеленісіп  отырғандығын  атап  кӛрсетеді.  «Партия  ставит 
своей  задачей  привлечение  к  советской  работе  беспартийной  национальной 
интеллигенции,  поскольку  она  проявляет  лояльное  отношение  к  советской 
власти.  Партия  стремится  перевоспитать  определенные  слои  национальной 
интеллигенции....Особенно  остро  чувтвуется  потребность  в  такого  рода 
политике  в  период  индустриализации  и  социалистической  реконструкции, 
когда  самые  потребности  в  научных,  технических,  педагогических  и  иных 
кадрах возрастают в огромной степени» деп айқындайды [188, 139-140 б.]. Ораз 
Жандосов  партия,  мемлекет  қайраткері  болғандықтан,  мұндай  саясаттың  сол 
кезеңдегі  партия  қатарында  жоқ  ұлттық  интеллигенцияның  кеңес  ӛкіметіне 
кӛзқарасы  дұрыс,  тәрбиелеуге  келетін  бӛлігіне  ғана  қатысты  екендігін 
ескертеді.  Ұлттық  интеллигенцияның  кеңес  ӛкіметіне  қарсы  бӛлігі  ӛзінің  іс-
әрекеті, идеологиясы жӛнінен кәдімгі контрреволюциядан айырмашылығы жоқ, 
бүлікке барып, қастандықтар ұйымдастырып жатқандықтан, ешқандай ымыраға 
келіп, келісімге жол бермейді дейді.  
Осының  негізінде  1929  жылы  23  қыркүйекте  БКП(б)  Қазақӛлкелік 
комитеті V пленумының қаулы шығарғандығын: 
...3.  «Обратить  особое  внимание  на  специалистов  из  казахов,  безусловно 
привлекая  их  к  работе,  если  они  в  этой  своей  работе  не  проявляют  явного 
уклонения  от  партийного  и  советского  руководства.  К  ним  должна  быть 
применена  в  полной  мере  та  политика,  которая  применяется  партией  в 
отношении  специалистов  вообще.  Борьба  со  спецеедством  в  отношении 
специалистов  из  казахов  является  объязательной  для  партии.»  деп  кӛрсетеді 
[188141 б.].  
Кӛрнекті  ұлт  қайраткері  Смағұл  Сәдуақасұлы  «Немізге  мақтанамыз, 
немізге ӛкінеміз?» деген тақырыпта жазған мақаласында «Тӛңкерістің алғашқы 

 
63 
күнінде  қазақ  халқының  саяси  комиссиясының  басындағы  ескі  оқығандар  еді. 
Ескі  оқығандар  учредительный  собраниеге  сайланды;  ескі  оқығандар  земство 
болды,  ескі  басшы  болып  алаштың  туын  кӛтерісті.  Ескілер  қазақты  жеткізем 
деді,  ескілер  елдің  тағдырын  білді.  Ол  күндегі  жастар  ескілерге  анық  сенді. 
Осылар  сорлы  болған  жұрттың  кӛсегесін  кӛгертті,  осылар  бізді  адам  қылды 
деді.  
Сӛйткен  ескі  оқығандар  бес  жылдың  ішінде  ӛзінен-ӛзі  жоқ  болды.  Осы 
күнде  қазақта  оқығаннан  кім  қалды?  Қайда  кетті?  Кешегі  дауылдай  кӛпірген 
сӛздер  қайда?  Жалындай  серпілген  қайрат  қайда?  Бәрі  де  жоғалды,  бәрі  де 
жойылды»  дейді.  Ескі  оқығандарды  бір  кезде  сары  түйме  таққан  Николайдың 
қорқақ  шенеунегі  еді.  Бұл  күнде  совет  үкіметінің  ӛсекші,  күңкілші  әбес  тілі 
болды. Сонымен ескі оқығандар ӛлмей мақұрым болды»,- деп ескі зиялыларға 
деген  кӛзқарасын  білдіреді  [189,  259-260  б.].  С.  Сәдуақасұлы  ештемеден 
қаймықпай Ф.И. Голощекинмен ашық оппозицияға шығып ӛз ойын айта білді. 
Алайда  С.  Садуақасұлы  мен  оның  жақтастарын  ұлтшылдықпен,  жікшілдікпен 
айыптады. 
1930-шы 
жылдардан  бастап  ауылшаруашлылығын  ұжымдастыру, 
индустрияландыру жүргізіліп, оппозиция талқандалғаннан кейін, тотолитаризм 
күшейіп, ортақ ой, пікір пайда болды. Тарихнамада «барлығы партияның сара 
жолымен»,  «Сталиннің  арқасында»,-  деген  кӛзқарасты  білдіруі  қажет  болды. 
Сондай  авторлардың  бірі  -  А.  Серебровский.  Ол  ӛз  мақаласында  кейде 
инженерлердің  берген  тапсырмалары  дер  кезінде  орындалмай,  ол  үшін  қатаң 
бұйрықтар беріп, қатаң талап қоюға қорықты, себебі ол үшін оларды зиянкестер 
санағандығы  жӛніндегі  мәліметтерге  тоқталып,  Риддер,  Качкар,  Степняк 
кеніштерінде  тау-кен  инженерлерін  жергілікті  соттардың  негізсіз  жауапқа 
тартқандығы,  тек  Орталық  Атқару  Комитетінің  араласуымен  инженерлер 
ақталып,  ӛз  орындарына  қайтарылғанын  жазады.  Сонымен  бірге  ӛндірісті 
барынша  жақсы  ұйымдастырып,  тәртіпті  қалпына  келтіріп,  жұмысты 
жақсартуға  тырысқан  инженерлерді  жергілікті  ұйымдардың  қатысуымен 
кінәлаған  жағдайлар  да  байқалғандығы  жайлы  жазды  [190,  189,  14  б.]. 
Техникалық  интеллигенциядан  ӛз  жұмысшы  табына  деген  адалдықты  талап 
етті.  Техникалық  интеллигенция  құрылысты  белсенді  түрде  басқаруы  үшін, 
оның  білімін  дамытуға  жағдай  туғызу  қажет  болды.  Мемлекет  тарапынан 
техникалық интеллигенцияға кӛңіл бӛлінді. Ӛкімет жаңа қоғамды дамыту үшін, 
әрі  интеллигенцияның  тиімді  жұмыс  істеуі  үшін  оның  қатарын  толықтыру 
жолдарын  ұсынды.  Қазақстан  тарихнамасында  біз  қарастырып  отырған 
мәселенің 
теориялық 
аспектілерін 
шешуге 
байланысты, 
алғашқы 
онжылдықтарда  ғылыми  жағынан  зерттелген  еңбектер  ӛте  аз  болғандықтан, 
орталықтағы  зерттеу  мекемелерінің  тарихшылары  еңбектеріне  жүгінуге  тура 
келді. 
Сонымен  бірге  1930-шы  жылдары  «Большевик  Казахстана»  журналы 
беттерінде  жарық  кӛрген  Р.  Левин  [191].,  Г.  Яндульский  [192],  Ф.  Работалов 
[193]  мақалаларында  да  Қазақстанда  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция 
мамандарына қатысты ұстанған мемлекеттік саясат жайлы кӛп мәлімет береді. 

 
64 
Осы  жылдары  билік  басындағы  Коммунистік  партияның  кеңестік 
интеллигенциясын  дамыту  концепциясы  пайда  болып,  социалистік  экономика 
мен мәдениеттің негізін қалау үшін оған саяси жағынан берілген интеллигенция 
жоқ  болғандықтан  да  буржуазиялық  мамандардың  еңбегін  және  білімін 
пайдалануға тура келді деген түсінік қалыптасты. 
Р.  Левиннің  мақаласында  алғашқы  бесжылдықтағы  социалистік  жарыста 
табысқа  жету  үшін  негізгі  жұмыс  күшіне  айналып  отырған  мамандарға  деген 
қажеттіліктің туындап отырғандығын, бірақ Қарағандыда инженер-техникалық 
мамандармен  тек  үштен  бір  бӛлігі  ғана  қамтылып  отырғандығын,  олардың 
күшін  барынша  пайдалану,  белсенділігін  арттыру  үшін  шаруашылық  және 
қоғамдық  ұйымдардың  дұрыс  жағдай  жасамай  отырғандығын  сынайды  [191].   
Г. 
Яндульский 
жаңа 
техниканы 
игеруге, 
ӛнертапқыштық 
және 
рационализаторлық  істерді  дамытуда  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция 
еңбегін  барынша  пайдалану  үшін  мемлекет  тарапынан  оларға  материалдық 
жағдай жасалып, асханалар ұйымдастыру, үйлеріне тамақтарын жеткізіп, дұрыс 
коммуналдық  жағдай  (үймен,  отынмен,  жарықпен  қамтамасыз  ету)  туғызу 
керектігін  ашық  айтады.  Дұрыс  қарым-қатынас  пен  достық  жағдайында 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  мен  жұмысшы  табы  арасында  зор 
табыстарға  жетуге  болатынын  айқындайды.  Автор  еңбегінде  ӛндірістік-
техникалық интеллигенцияның әлеуметтік мәселелерін кӛрсетеді [192]. 
Ал,  Ф.  Работалов  «По-новому  работать,  по-новому  руководить»  деп 
аталатын  мақаласында  Қазақстан  ӛнеркәсібі  мен  ауыл  шаруашылығы  үшін 
ӛндірістік-техникалық интеллигенция орны  ерекше  маңызды  екендігін, ӛлкеде 
индустрияландыруды  қарқынды  дамыту  үшін  инженер-техникалық  күштердің 
жаңа  толқыны  қажет  екендігін,  бірақ  оны  толық  қанағаттандыра  алмай 
отырғандығын, сондықтан да мамандарды даярлауға тез арада дұрыс кӛңіл бӛлу 
қажет екендігін терең талдайды. Ӛкімет жұмысшылар мен шаруалар қатарынан 
жаппай  мамандар  даярлауды  ұйымдастырғандығы  жайлы  мәліметтерді 
ұсынады [193, 41 б.]. 
Біз И.В. Сталиннің КСРО-да жұмысшы табын жетекші тап ретінде санап, 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияны  оған  қызмет  ететін,  мүддесін 
қолдайтын  топ  ретінде  санаған  кӛзқарасын  және  оларға  ұстанған  солақай 
саясатты тӛмендегі мәліметтерден аңғаруымызға болады.  
И.В.  Сталин  1931  жылғы  23  маусымда  ӛткен  шаруашылық 
қызметкерлерінің кеңесінде сӛйлеген сӛзінде: « ... за последнее время условия 
развития промышленности изменились в корне, создавалась новая обстановка, 
требуящаю  новых  приемов  руководства,  а  некоторые  наши  хозяйственники 
вместо  того,  чтобы  изменить  приемы  работы,  все  продолжают  работать  по-
старому. Дело, стало быть, в том, что новые условия развития промышленности 
требуют  работы  по-новому,  а  некоторые  наши  хозяйствнники  не  понимают 
этого и не видят того, что нужно руководить теперь по-новому...» деп себебін 
ашып кӛрсете отырып, біздің ӛнеркәсібімізді дамытудың жаңа шараларын алты 
салада  топшылайды  [179,  364  б.].  Сол  шаралардың  бірі  ретінде,  жұмысшы 
табының ӛндірістік-техникалық интеллигенциясы мәселесін деп атап кӛрсетеді. 

 
65 
Сондай-ақ: «нам нужно создать, кроме того новую базу цветной металлургии в 
Казахстане,  в  Туркестане.  Нам  нужно  развить,  наконец,  широчайшее 
железнодорожное  строительство.  Это  диктуется  интересами  СССР  в  целом  – 
интересами окраинных республик так же. Как интересами центра.  
Но  из  этого  следует,  что  мы  не  можем  уже  обходиться  тем  минимумом 
инженерно-технических  и  командных  сил  промышленности,  которым  мы 
обходились  ранше»,-  деп  пайымдай  келе,  инженер-техникалық  күштерді 
қалыптастырудың  ескі  ошақтары  жеткілікті  болмағандықтан,  сондықтан 
Оралда, Сібірде, Орта Азияда жаңа ошақтардың біртұтас жүйесін құрудың ӛте 
қажеттігіне  басты  кӛңіл  бӛледі.  Егер  біз  КСРО-ғы  социалистік 
индустриализациялау бағдарламасын жүзеге асырамыз десек, бізге екі есе ғана 
емес,  бес  есе  артық  инженер-техниктер  мен  ӛнеркәсіптің  басшы  күштері 
керектігін ескертеді [179, 373 б.]. 
«Но нам нужны не всякие командные и инженерно-технические силы. Нам 
нужны  такие  командные  и  инженерно-технические  силы,  которые  способны 
понять политику и готовы  осуществить ее на совесть. А что это значить? Это 
значит, что наша страна вступила в такую фазу развития, когда рабочий класс 
должен 
создать 
себе 
собственную 
производственно-техническую 
интеллигенцию,  способная  отстаивать  его  интересы  в  производстве,  как 
интересы  господствующего  класса»  деп  түйіндейді  [179,  374-375  б.].  Бесінші 
шараларының  бірі  ретінде  И.В.  Сталин  «Признаки  поворота  среди  старой 
производственно-технической  интеллигенции»,-  деп  саралай  келе,  ескі 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  маманданған  тобы  осыдан  екі  жыл 
бұрын  бүлік  жасауға  жақын  тұрса,  кӛпшілігі  бейтарап  жағдайда  болды. 
Неғұрлым  маманданған  техникалық  интеллигенцияны  кеңестік  қызметке 
барынша  тарту  керектігін  де  басты  шаралардың  бірі  деп  ескертеді.  [179,  375-
378 б.]. 
1939  жылғы  партияның  ХҮІІІ  съезінде  жасаған  есепті  баяндамасында            
И.В.  Сталин  «Ескі  интеллигенцияның  қалғандары  жаңа,  кеңестік,  халықтық 
интеллигенциямен  біте  қайнасып  кетті.  Соның  нәтижесінде  халықпен  тығыз 
байланысты  және  бұқараға  қызмет  етуге  дайын,  оған  сенетін,  адал  жаңа, 
кеңестік интеллигенция құрылды» деп баға береді. Интеллигенцияны жіктеліп, 
жаңа  интеллигенция  қалыптасты  деп  пайымдайды.  Тоталитарлық  билік 
басындағы  И.В.  Сталин  интеллигенцияның  алдында  тұрған  міндеттерді 
кӛрсетуге  тырысады.  Оған  жасаған  репрессиялық  шаралары  жайлы  аузын  да 
ашпайды [194, 32-33 б.].  
1920-1930-шы  жылдардың  тарихнамасында  «сталиндік  жоспарды»  жүзеге 
асыру деп аталатын кӛзқарас соғыстан кейінгі уақытта да байқалды. 
Зерттеуші  Н.  Киікбаевтың  1950-ші  жылдардың  басында  кандидаттық 
диссертациясының  негізінде  әзірлеген  еңбегінде  Қазақстанда  бірінші 
бесжылдық жылдарындағы ӛнеркәсіптің дамуын зерттеуге арнап, сол кезеңдегі 
ресми  методологиядан  аса  алмады.  Еңбекте  қазақ  халқынан  маманданған 
жұмысшылар  мен  мамандарды  даярлау  тап  жауларының  қарсылығына 
ұшырады дей келіп, республикамыздың жоспарлау органдарында жұмыс істеп 

 
66 
отырған  кейбір  ескі  мамандар  біздің  мамандарға  деген  сұранысымызды  аз 
кӛрсетіп,  социалистік  құрылыс  үшін  жаңа  мамандар  даярлауды  шектеп  отыр 
деп  айыптады.  Ескі  мамандар  маманданған  кадрларды  даярлауды  қиындату 
үшін,  әртүрлі  котрреволюциялық  «теориялар»  таратты  деп  кӛрсетеді  [195,  58 
б.].  
Х.З.  Ақназаров  философия  ғылымдарының  кандидаты  атағын  алу  үшін 
әзірлеген  «Формирование  социалистической  интеллигенции»  деп  аталатын 
диссертациялық  еңбегінде  «буржуазиялық  интеллигенцияны  социалистік 
құрылысқа тартып қана қоймай, идеологиялық жағынан қайта тәрбиелеу керек 
деген  ұсыныс  жасай  отырып,  Қазақстан  буржуазиялық  интеллигенциясының 
басым  кӛпшілігі  Қазан  Социалистік  революциясын  жауыздықпен  қарсы  алды. 
Тек  буржуазиялық  интеллигенциясының  азғантай  бӛлігі  ғана  дұрыс  қарсы 
алды.  Буржуазиялық  интеллигенцияның  үш  әлеуметтік  тобы  құрылды 
дәйектейді. 
Бірінші  топ  -  буржуазиялық  интеллигенцияның  жоғарғы  тобы.  Ол 
буржузияның 
таптық 
күресіне 
мүдделі 
болды. 
Буржуазиялық 
интеллигенцияның  бұл  тобы  жас  Кеңестер  республикасына  ашық  соғыс 
жариялады. 
Екінші  топ  -  орта  интеллигенция,  ӛзінің  таптық  негізі  ұсақбуржуазиялық 
болғандықтан,  саяси  жағынан  қобалжыды.  Буржуазиялық  интеллигенцияның 
контрреволюциялық  басшылары  социалистік  революцияның  алғашқы  күндері 
Кеңес мемлекетімен күресте орта интеллигенцияны жұмылдыра білді. 
Үшінші  топ  -  қатардағы  интеллигенция,  ӛзінің  экономикалық  жағдайы 
және    саяси  жағынан  буржуазиядан  кӛрі  жұмысшы  табына  жақын  болды. 
Социалистік  революцияның  алғашқы  күндері  қатардағы  интеллигенция 
халықпен 
бірлесті, 
Кеңес 
мемлекетін 
қолдады. 
Алайда. 
Олар 
контрреволюциялық үгітке еліктеп, қобалжу танытып, саботажға барып, Кеңес 
мемлекетіне қарсы стачкаларға да қатысты. 
Буржуазиялық  интеллигенцияны  социалистік  құрылысқа  пайдалану 
жұмысшы диктатурасы кезеңіндегі таптық күрестің бірі болды», - деп есептейді 
[2,  7-8  б.].  Әрине  жұмыс  ертеректе  жазылғандықтан,  ескі  интеллигенцияның 
барлығын  буржазиялық  интеллигенция  деп  атайды.  Ескі  мектептен  шыққан 
интеллигенция ӛзінің болашағы халықпен бірге, интеллигенция мен халықтың 
шығармашылық  еңбегі,  ғылым  мен  еңбектің  одағы  ғана  ғажайыптарды 
туғызады.  Бұл  Қазақ  АКСРО-ғы  буржуазиялық  интеллигенцияның  жіктелуіне 
ықпал жасады деген пайымдаулар жасайды.  
Буржуазиялық  интеллигенция  Кеңестер  мемлекетінің  жағына  толығынан 
ӛту  үшін  үш  кезеңді  басынан  ӛткізді:  1)  азамат  соғысы  мен  шетел  әскери 
интервенциясы; 2) қалыптасу кезеңі; 3) халық шаруашылығын қалыпқа келтіру 
кезеңі,  социализмнің  толық  жеңісімен  аяқталды.  Коммунистік  партияның 
күресі,  жұмысшы  табының  буржуазиялық  интеллигенцияға  ұстанған  жұмсақ 
саясаты  интеллигенцияның  басым  бӛлігінің  кеңес  халқына  қызмет  етуін 
қамтамасыз  етті.  Интеллигенцияның  барлық  кадрлары  халықшаруашылық 
міндеттерін шешу кезеңінде ескі мектептен шыққан мамандар еді. Коммунистік 

 
67 
партия 
шаруашылық 
және 
мәдени 
жұмыстардың 
барлығына 
осы 
интеллигенцияны  жұмылдыруда  үлкен  істер  атқарды  деп  саралайды  автор. 
Бірінші 
бесжылдықтың 
қорытындысы 
бойынша, 
буржуазиялық 
интеллигенцияның  басым  бӛлігі  Кеңестер  мемлекеті  жағына  ӛтті. 
Социализмнің  жеңісімен  буржуазиялық  интеллигенция  кеңестік,  социалистік 
интеллигенцияға айналды деген қорытындыға келеді [2, 8-9 б.]. Ғылыми еңбек 
кеңестік  кезеңде  орындалғандықтан,  автордың  кӛп  ой-пікірлерімен  келісуге 
болмайды. 
Алайда, 
еңбектің 
біз 
қарастырып 
отырған 
мәселенің 
тарихнамасында алар орны зор.  
1940-1950-ші  жылдардың  басында  да  қарастырылып  отырған  мәселеге 
байланысты  арнайы  зерттеулер,  статистикалық  мәліметтер  берілген  жинақтар 
да  ӛте  аз  болғандықтан,  деректік  база  әлсіз  болды.  Әрі  1930-шы  жылдары 
қалыптасқан  «ұлы  Сталин»,  «Сталиннің  данышпандығы»  т.б.  сӛз  тіркестері 
қолданылды.  Алайда  нақты  тарихи  жағдайға  байланысты  тарихнамадан  жаңа 
концепцияны күту мүмкін емес еді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет