Мазмұны:
Кіріспе
Инвестициялар туралы түсінік, олардың жіктелуі
Инвестициялар есебі
2.1 Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестициялар есебі.
2.2 Қаржылық инвестициялар есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне, 27 жыл уақыт болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес, дүние жүзі танитын тәуелсіз дәрежелі, экономикасы жоғары дамыған мемлекет екенімізді барша әлемге мойындаттық. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезегінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек» .
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Жаңа қоғам өзінің соңғы өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады.
Нарықтық экономикаға өткеннен кейін басым бағыттардың бірі –бизнесті дамыту болды. Осыған байланысты түрлі бағытта инвестициялар тартыла бастады. Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын. Жерінің қазба байлығы мол, экономикалық потенциалы аса жоғары деңгейде танылған Қазақ елінің кең байтақ аймақтарындағы табиғи шикізат ресурстарын игеру, оны өңдеу, өндіру мәселелері тәуелсіздік алған жылдардың басында негізгі сұрақтардың бірі болатын. Еліміздің басымды саяси-экономикалық механизмдерінің нәтижесінде республикаға шетелдік инвесторлардың келуі, одан кейін отандық инвесторлардың біртіндеп экомикаға жұмыс істеуінің нәтижесінде табиғи шикізат ресурстарын шығару, өңдеу, өндіру, сату процестері қалыпты жолға қойылып, елде инвестициялық салым айналысы жандана бастады.
Қандай да болмасын жаңадан құрылып, қалыптаса бастайтын экономикалық үрдістің түпкі мақсаты – материалдық өндіріс пен халықтың сұранысы мен ұсынысына жауап берерлік және бәсекелестік тұрғыдағы өнімдер өндіріп, қызметтер көрсету болып табылады. Сапалы дәрежеде өнімдер өндіріп, қызметтер көрсетіп, мұның өзін үлкен бәсекелестік жағдайға келтіру үшін әртүрлі көздерден қаржы жұмсалады және жұмсалған қаржыны тиімді басқару қажеттігі туындайды. Сондықтан, экономикалық жүйені тиімді басқару мен салынған қаржылық салымдардың тиімділігін анықтау және олар бойынша шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда шаруашылық жүргізуші ірі, орта немесе шағын бизнес субъектілеріндегі қаржылық инвестициялар есебін дұрыс ұйымдастыру және оны жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып саналады.
Дәл осы инвестициялар және олардың қозғалысы жайлы мәселелерді қарастыру мақсатында Қаржылық инвестициялар есебі тақырыбын таңдадым.
Инвестициялар туралы түсінік, олардың жіктелуі
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты ― түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.
Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құның арттыру және осыған орай оны меншіктеушілердің әл ауқатын көтеру) мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция деп ұғамыз.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) күн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлердің алдын ала айқындайды. Инвестициялар деп өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялык қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестициялық қызметтің мақсаты ― түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
• үлестік – жай және артықшылықты акциялар:
• борышқорлық – облигациялар, қазыналық вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.
Инвестиция көздері:
• жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі);
• амортизацияның қорлануы (накапливанмая амортизация);
• кредиттік ресурстар
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
Жұмсау мерзімі бойынша:
• қысқа мерзімді – бір жылға дейін емдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);
• ұзақ мерзімді – бір жылдан көп иемдену мерзімі;
• мерзімсіз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалау барысында бағалау сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар сомасы бір ана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған кезде оның кеміген сомасы залалға жатады.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзак мерзімді болып белінеді.
Нақты инвестициялар — ақшаны нақты материалдық және материалдық емес активтерге (негізгі капитал және айналым капиталына, зияткерлік меншікке) салу.
Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Зияткерлік инвестициялар — ол ғылыми мекемелердегі мамандарды даярлау, тәжірибелер, лицензиялар және «ноу-хау», бірлескен ғылыми әзірлемелермен алмасу (беру) тағы сол сияқтылар.
Қоржындық инвестициялар — ақшаны әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздарға, банк депозиттеріне, валютаға, асыл металдар мен тастарға) салу.
Тікелей (төте) инвестициялар — қаражат салу үшін инвестация нысанын таңдауға инвестордың тікелей өзінің қатысуы.
Жанама инвестициялар — қаражат салымына басқа тұлғалардың (инвестициялық фирмалар мен компаниялар, үлестік жарнаның инвестиция қорлары, басқа қаржы мекемелері) жанамаласуы арқылы салынатын инвестициялар.
Орташа мерзімді инвестициялар — капиталды бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге салу.
Жеке инвестициялар — қаржы салымдарын азаматтар мен жеке ұйымдардың (фирмалар, компаниялар) салуы.
Мемлекеттік инвестициялар — бюджеттік, бюджеттен тыс және қарыз қаражаттары есебінен орталық және жергілікті билік және басқару органдары, сонымен қатар біртүтас кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар өздерінің меншікті қаржы көздерін жұмылдыру жолымен салатын салымдар.
Аралас инвестициялар — мемлекеттің, аймақтардың, муниципалдық білім беру мекемелерінің, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың үлеспен қаржы салымдарын салуы.
Шетелдік инвестициялар — шетелдік мемлекеттік, жеке және заңды тұлғалардың салатын салымдары.
Бірлескен инвестициялар — аталған елдің және шетелдік мемлекеттердің субъектілері салатын салымдар.
Ішкі салымдар — елдің бір немесе басқа аумағы шекараларында орналасқан инвестициялау нысандарына қаражат салу.
Сыртқы инвестициялар — қаражатты шетелдегі инвестициялау нысандарына салу.
Жалпы инвестициялар — жаңа құрылысқа, еңбек құралдары мен заттарын сатып алуға, тауар-материалдық қорлардың және зияткерлік құндылықтардың өсіміне салынатын қаражаттың жалпы көлемі.
Таза инвестициялар — жалпы инвестициялардың амортизациялық аударымдарды алып тастағандағы барша сомасы.
Инвестициялар есебі
2.1 Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестициялар есебі.
Шаруашылық жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сай шаруашылық тараптарды серіктестігі, егер басқа (негізгі немесе бас) шаруашылық серіктестігінің, оның жарғылық капиталындағы үлесінің басымдылығына байланысты немесе олардың өзара келісіміне орай немесе өзгеше жолдармен, шешімдерді айқындауға мүмкіндігі болса, онда ол еншілес деп есептелінеді; тәуелді акционерлік қоғам, яғни бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар деп жасалған келісімдер нәтижесінде инвестицияланған объектіге қатысты қаржылық және өзге аспект деңгейін анықтау құқығына ие болған басқа заңды тұлғалардың ықпалына түсіп қалған серіктестерді айтамыз.
Инвестициялардың есебі 2000 «Инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 2120 «Еншілес серіктестерге салынған инвестициялар», 2140 «Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар», 2130 «Бірлесіп – бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар»,2180 «Басқа инвестициялар».2120-2180 шоттар активті және күрделі болып келеді. Талдамалы (аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі.
Инвестицияларға есеп жүргізілгенде төмендегідей әдістер қолданылады:
Үлестік қатысу әдісі - инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуі) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестестігінің таза кірісінде (шығынында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық – шаруашылық қызмет туралы есепке табысқа жатқызылады.
Үлестік қатысу әдісін қолданған кезде инвестициялардың баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза табысындағы инвестордың үлесін сараптағандағы өсуі (кемуі) табысқа жатқызады.
Еншілес ұйымдардың жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивидендтер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі, инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және меншікті капиталдың бөлімшесінде көрсетеді.
Инвестор өзінің еншілес ұйымдардың таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғыртуға, тек таза табыс үлесі, таза шығындар үлесіне тең болғанда ғана мүмкіндік алады.
Құн әдісі - инвестицияларды иелену мезетінде сатып алу құнымен көрсетілетін есеп әдісі. Инвестордың қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте, инвестиция табысы деп, тәуелді шаруашылық серіктестігінің, жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивидендтердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады. Инвестицияланған кәсіпорын өте қатаң, ұзақ мерзімді, шектеулі жағдайларда жұмыс істеп, инвесторға табыс бере алу қабілеті төмен болса, инвестицияға иеліктің құны сатып алу құнымен есептеледі. Мұндай шектеулерді тудыратын төмендегідей себептер: реттеуші органның бақылауында болса, кәсіпорын дивидендтері бөлу аспектісіне араласуы мүмкін; кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) шетелге аударуға шек қойылған немесе валюта бағасы жедел кеміп кететін елде жүргізілуі мүмкін.
Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігіне инвестициялар оларды болашақта сату мақсатында алғаннан басқа жағдайда үлестік қатысу әдісі бойынша біріктірілген қаржылық есепте есептеледі; тәуелді шаруашылық серіктестігі инвесторға қаражат беру қабілетін төмендететін қатаң ұзақ мерзімді жағдайда жұмыс істейді. Бұл жағдайда олар құн әдісімен есептелуі тиіс.
Бөлек қаржылық есеп-беруді жүргізуші инвестор, еншілес ұйымдарға біріктірілген қаржылық есеп – беруді жасаған кезде, тек өзінің инвестициясы туралы мәліметті ғана беруі керек. Біріктірілген қаржылық есеп-беруді жасамайтын инвестордың есебі, жеке қаржылық есеп беруден тұрғанымен, ол мынадай жайларды ескереді: үлестік қатысу әдісімен немесе құн әдісімен (тәуелді шаруашылық серіктестігі қатал ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында қызмет істесе немесе инвестициялар жақын болашақта сату мақсатында алынса); сатып алу құнымен немесе қайта бағалау құнымен немесе ұзақ мерзімді инвестицияларды есепке алудың қабылданған есеп саясатына сай сатып алу мен ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша есептеледі.
2.2 Қаржылық инвестициялар есебі. (ҚЕХС 32)
1100 “Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар”
1110 - Қысқа мерзімді берілген қарыздар
1120 - Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер
1130 - Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар
1140 - Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
1150 - Өзге қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
2000 “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар”
2010 - Ұзақ мерзімді берілген қарыздар
2020 - Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар
2030 - Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
2040 - Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі.
Бұл шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады. Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу қүнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық кұнын келесі негізде анықтайды:
жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;
инвестицияның түрі бойынша қоржындык жиынтығымен;
жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда — табыс ретінде танылады.
Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.
Енді біз баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтіріп көрейік.
Жоғарыда көрсетілген варианттың біріншісі бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның құнын анықтайтын болсақ, онда ағымдағы кезеңдегі құны сатып алу құнынан 65 мың теңгеге (1565 - 1630) теріс айырмасы болғанын көреміз, демек ол шығыс ретінде танылады.
Ал екінші вариант бойынша акцияның баланстық құны ең кіші баға ретінде сатып алынды (820 мын, теңге 825 мың теңгеден аз), ал облигацияның баланстық құны ең кіші баға ретінде ағымдағы (нарықтық) бағасынан алынды (740 мың теңге 810 мың теңгеден аз). Осы вариантта біріншісі 5 мың теңгеге оң айырмашылығын берген, яғни ол табыс ретінде танылды, ал екіншісі 70 мың теңге теріс айырмашылығын берген, яғни ол шығыс ретінде танылды. Нәтижесінде, екінші варианттың да, бірінші варианттың да айырмашылығы бірдей соманы (65 мыңтеңгені) берген.
Үшінші вариант бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестиция мынадай баланстық құны құрайды:
" А" компаниясы - 280,0 мың теңге сатып алу кұны бойынша;
"Б" компаниясы - 210,0 мыңтеңге ағымдағы құны бойынша;
"С" компаниясы - 150,0 мың теңге сатып алу құнымен ағымдағы
құны бірдей;
"Г" компаниясы - 165,0 мың теңге ағымдағы құны бойынша;
"К" компаниясы - 100,0 мың теңге сатып алу құны бойынша;
Бұр арада бұрындары жүргізілген кдйта бағалау сомасы инвестицияның табысы болып саналады.
Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ, онда: олар сатып алу және ағымдағы күнның ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:
-сатып алу құнымен;
қайта бағалау құны ескерілген құнмен;
сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады.Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция қысқа мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады.
Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы аудару кезінде шығарылып тасталынады.Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелсе, онда ол баланстық құн бойынша аударылады.Бұр арада бұрындары жүргізілген қайта бағалау сомасы инвестицияның табысы болып саналады.
Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ, онда: олар сатып алу жөне ағымдағы құнның ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы кұны бойынша (егер де олар бұрындары осы кұны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.Кәсіпорынның есептік саясатында қысқа мерзімді каржылық инвестицияны ағымдағы құны бойынша, ал ұзақ мерзімді инвестицияны сатып алу құны бойынша есептеуді қарастырған болатын.
Енді инвестициялардың ішінде акция инвестициясына келейік. 2040 "Акциялар" шотында кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың, банктердің және т.б.-дың акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді. Акция — акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз. Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін: 1150 — шоттың дебеті, 1050 "Ел ішіндегі валюталық шоттағы нақты ақша", 1050 "Шетелдегі валюталық шоттағы нақты ақша" шоттарының кредиті — шет мемлекеттердің банкілер мен компанияларының акцияларын алғанда; 1040 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша", 1010 "Кассадағы ұлтгық валюта түріндегі нақты ақша" — Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы акцияларды алғанда.
Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен шығарылса, онда акцияның баланстық құнына 7410 "Бағалы қағаздарды сатумен байланысты шығыстары" деген шоты дебеттеледі де, және 1150 "Акция" кредиттеледі, сосын ол 1210 шотының дебеті бойынша және 6210 шоттың кредиті бойынша керсетіледі.
Облигация инвестициясы. Облигация дегеніміз — ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация - жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.
Облигациялармен байланысты операциялардың есебі 1130 " Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар " және 2020 “Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар” шотында жүреді.
Депозитті сертификат - салушының депозитгі алуға құкығын куәландыратын ақшаларды депозитке өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік.
Депозиттер — бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер жөне шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді.
Бондар — мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бондарды сатып алу және сату қаражаттары суррогатгарының есебінде қолдана алады, ақша суррогаттарының ролін атқарады.
Қазыналық вексельдер — мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі; олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өзіндік құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген (номиналдық) бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең табыс алады.
Қазыналық ноталар — қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.
Опцион — опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы кағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.
Варрант — бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі — оның сатып алушысы.
Варрантты сатушы тұлға болып сол шартты қағаздарды шығаратын (эмиссияны жүзеге асыратын) жөне варрант сатып алушыларға қатысты (тиесілі) міндеттемелерді қабылдайтындар. Бағалы қағаздардың варрант бойынша алынған бағасы, сол варранттың атқаратын бағасы болып аталады. Варранттар кей жағдайда, бағалы қағаздың өзімен бірге ұсынылады және олардың құны бағалы қағаздың кұнымен бірдей болуы мүмкін. Бұл бағалы қағаздардың кұны варранттардан бөлінуі мүмкін, егер бағалы қағаздар нарығында (рыногында) өз бағамына ие болса және дербес қызмет ете алса.
Фьючерлік контракт — мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген кұндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды кағаздар. Фьючерлік контракт мәмілеге катысушыларға қор құндылықтарын жеткізумен ғана аяқталмауы мүмкін, бірақ ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бүл жағдайда фьючерлік контракт мәмілеге катысушылардың біріне контрактының құны мен биржалық бағаның арасындағы айырманы төлеуді қарастырады.
Қорытынды
Қорыта келсек,кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құның арттыру және осыған орай оны меншіктеушілердің әл ауқатын көтеру) мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция деп ұғамыз.
Инвестициялардың мақсаты- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет керсету; отандықтауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы ендірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетинггің әдістерін енгізу, жаңа жүмыс орындарын қүру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.
Қаржылық инвестициялардың есебіне келетін болсақ олар 1100 “Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар” және 2000 “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар” бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі.
Бұл шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу қүнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық кұнын келесі негізде анықтайды:
- жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;
- инвестицияның түрі бойынша қоржындык жиынтығымен;
- жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда — табыс ретінде танылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:
-сатып алу құнымен;
- қайта бағалау құны ескерілген құнмен;
- сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде жүргізіледі.
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы N 234 Заңы//Бухгалтер бюллетені-№7, 2007
Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп//Алматы, 2004
Бухгалтерский учет, М., 1998
Кеулімжаев Б. Бухгалтерлік есеп принциптері// Алматы – 2004
Кәсіпорындағы сауданы ұйымдастырудағы бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп және аудит // N 8, 2001
Назарова В. Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп// Алматы – 2005
Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп», Алматы – 2001.
Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»,
Алматы – 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |