анықталған цистерналардың (бункерлік үсті ашық вагондардың) қотарып құйып алынбағаны туралы акт жасау 543. Құю пункттерінде немесе жуу-булау станцияларында осы Қағидада белгіленген нормадан артық жүк қалдығы бар цистерналар (бункерлік үсті ашық вагондар) анықталған жағдайда, құю пунктінде немесе жуу-булау станциясында анықталған цистернаның (бункерлік үсті ашық вагонның) қотарып құйып алынбауы туралы осы Қағидаларға 44-қосымшаға сәйкес ГУ-7а нысанды акт жасалады. 544. Цистернаны (бункерлік үсті ашық вагонды) қотарып құйыпалмау туралы акті цистернаны (бункерлік үсті ашық вагонды) қотарып құйыпалмауға жол берген жүк алушыдан вагонның жүк қалдығынан тазартуда тұрған барлық уақытына вагондарды пайдалану үшін төлемді өндіріп алуға негіз болып табылады. 545. Құю пунктінде немесе жуу-булау станциясында анықталған цистернаны (бункерлік үсті ашық вагонды) қотарып құйып алмау туралы акт жүк қалдығы бар әрбір цистернаға (бункерлік үсті ашық вагонға) төрт данада жасалады. Үш данасы ол бойынша цистерна (бункерлік үсті ашық вагон) келген жөнелту жүк қағазымен бірге тасымалдаушыға жіберіледі. Төртіншісі - құю пунктінде немесе жуу-булау станциясында қалады және цистернадан (бункерлік үсті ашық вагоннан) алынған жүк қалдықтарын материалдық есепке алу үшін негіз болып табылады. Бұл ретте, актінің бірінші данасы вагондарды пайдалану үшін төлемді өндіріп алу жүргізілетін құжатқа қосып беріледі, екінші данасы цистернаны (бункерлік үсті ашық вагонды) қотарып құйып алмауға жол берген жүк алушыға беріледі, үшінші данасы құйып алу жүргізілген тасымалдаушының істерінде станцияда қалады. Құю пунктінде немесе жуу-булау станциясында анықталған цистернаны (бункерлік үсті ашық вагонды) қотарып құйып алмау туралы актіге станцияның қабылдаушы-тапсырушысы мен цистерналарды қарап-тексеруші қолдарын қояды. Құю пунктінде немесе жуу-булау станциясында анықталған цистернаны (бункерлік үсті ашық вагонды) қотарып құйып алмау туралы актінің сырт жағында цистерна (бункерлік үсті ашық вагон) тазартуда тұрған сағаттар саны көрсетіледі. Аталған мерзімге цистерналарды (бункерлік үсті ашық вагондарды) булауға және жууға кеткен уақыт есепке алынбай, жүк қалдықтарын жоюға жұмсалған уақыт қана қосылады. Бұл деректер құю пункті бастығының немесе бригадирдің қолдарымен құю пунктінің немесе жуу-булау станциясының мөрін немесе мөртабанын қою арқылы расталады. 30. Вагон-цистерналар мен бункерлік үсті ашық вагондарға