Тәжірибеден мысал
Сөйлемдерді абзацта бірізді етіп байланыстыруы үшін «Гамбургер» әдісі қолданылды. Яғни абзацтағы алғашқы сөйлем — тақырыптық сөйлем (Topic sentence), кейінгі сөйлемдер сол сөйлемдегі идеяны баяндайтын және түсіндіретін сөйлемдер, онда ғылыми фактілер және т. б. ақпараттар болады. Ал соңғы сөйлем — сол идеяны қорытындылаушы сөйлем. Абзацтың көлемі айтылған ойға және идеяға байланысты. Осы сөйлемдер бір-бірімен бірізді байланыстқанда ғана жақсы абзац шығады. Осы дағды әр сабақта қолданылып отырды
Келешекке жоспарым
Күтілетін нәтиже: Жеке жұмыс барысында жазылым дағдысына арналған тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы оқушының сабаққа деген құлшынысы артады.
Болашақта қандай әдіс –тәсілдер қолданамын:
Web-Quest
АBC
A short written exercises
Осы әдіс тәсілдермен болашақта әрі қарай осы зерттеу жұмысын жалғастырамын. Оқушыны сөйлеуге, ойын жинақтап айтуға, АКТ-н жұмыстар жасауға түрлі тапсырмалар беру арқылы іс-әрекеттер жасаса да, ілгері талпынысы байқалған жоқ. Сондықтан да осы оқушымен жұмысты ары қарай жалғастыру керек деп шештім.
Достарыңызбен бөлісу: |