Іс әрекетті зерттеу жазбалары



бет2/5
Дата30.04.2022
өлшемі450,61 Kb.
#32884
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
РЕФЛЕКЦИЯ ЖАКСИЛИКОВА

Зерттеу сұрағы:

Оқушының ағылшын тілі сабағында жазылым дағдысын қалай дамытуға болады?



Тақырып:

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың жазылым дағдыларын жақсарту жолдары



Мақсаты:

  • Оқушының сабақ үстінде жазылым дағдысын дамыту.

  • Ағылшын тілі сабағында жазылым бойынша тапсырмаларды қай деңгейде орындай алатынын анықтау


Міндеті:

  • Жазылым бойынша тапсырмаларды орындау туралы үрдісті зерттеу.

  • Сабақ барысында оқушыға бақылау жүргізу.

  • Жеке жұмыс арқылы жазылым бойынша тапсырмалар ұйымдастыру.


Күтілетін нәтиже:

Жеке жұмыс барысында жазылым дағдысына арналған тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы оқушының сабаққа деген құлшынысы артады.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде тәжірибеге өзгеріс енгізу  2 б сыныбында іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуден басталды. Іс-әрекеттегі зерттеу- тәжірибені жетілдіру, терең түсіну мақсатында немесе қабылданған шешім туралы хабарлау үшін сыныптағы жұмысты, тәжірибені  жүйелі зерттеу. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында  төмендегідей жоспар құрылды.

1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.

3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.

4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.

5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.

Іс-әрекеттегі зерттеу  жұмысын бастау – бастауыш 2 сыныптардың мүмкіндіктерін, деңгейін анықтау үшін тиімді әдіс.

Зерттеу жүргізудің 1 қадамы зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу. Бұл үшін  ауызша сабақтар  орыс әдебиеті, ағылшын тілі , қазақ тілі пәндеріне сабаққа қатысып, жеке оқушылардың мүмкіндіктері бақыланды.

2 қадам зерттеуді әзірлеу, дерек жинау   үшін пән иелерімен, оқушылармен  сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамалар қорытындылары талданып, тақырып таңдауға негіз болды. Сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеудің тақырыбы: «Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың жазылым дағдыларын жақсарту жолдары». Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістердің барлығы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға алып келеді. Бұл дегеніміз біз тәрбиелеген оқушылар өзіне қажетті білімді ала білуге, оны өмірде қолдана алуға және өмір бойы өз білімін жетілдіруге дайын болуы керек. Біздің қазіргі таңдағы білім беру үрдісі біржақты болып отыр. Сабақта білім беру мұғалімнен оқушыға қарай жүруде. Оқушылар дайын ақпаратты ғана қабылдауда. Сондықтан да оқушыларды өз бетімен білім алуға және оны өмірде қолдана алуға дағдыландыруымыз керек. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтарда оқушылар өз білімдері мен ұстанымдары туралы ойланады, бір-бірін оқытады, топпен бірігіп жұмыстанады, белгілі бір тақырыпты оқу үстінде қөзқарастарын өзгертеді, өз болжамдарына сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Сол арқылы өз түсініктерін тереңдетіп, кеңейтеді. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушыға тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша оқушы өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында сезініп, қабылдайды. Оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыратын әдіс тәсілдер көп болғанымен оның ішінен тиімдісін таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде оқушылардың жазылым дағдысын қолдануда қиналатындығы тәжірибеде мәлім. Мәселен 2-сынып оқушыларының оқу мақсаттарына жету кезіндегі яғни формативті және жиынтық бағалау нәтижелері, сыншы дос ретінде бір-біріміздің сабақтарымызға қатысу арқылы берілген кері байланыс пен сабақ барысында жүргізген зерттеудің нәтижесінде көрінді. Оқушылар сөйлемдерді дұрыс құрастырып, оларды бір-бірімен байланыстыра алу дағдысы өмірде пайдалану үшін де, академиялық жетістіктерге жету үшін ең қажетті дағды болмақ.

Оқу-үйрету әдістерінің ішіндегі жазу — үйренушілердің және мамандардың баяндауы бойынша академиялық және мансаптағы жетістікке жету жолындағы ең қажетті дағды. Қазіргі таңдағы екінші тілде академиялық жазылымды үйрету туралы әдебиеттерде жазылымның қоғамдық аспектісіне назар аударылады (Spack). Алайда үйренушілер осы тақырыпта білімге ие болғанымен, жазу үдерісінде сол білімдерін қолдануда қиындыққа тап болады.

Аталмыш зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында ағылшын тілінен 2-сынып оқушысы Жұмабай Жандарбекті адым. Зерттеу жұмысты бастауға себеп болған проблемаларды нақты анықтау үшін тілді меңгерудегі С-деңгейдегі оқушының жұмыстары негіз болды, әсіресе жазудан қиналатын С-деңгейдегі оқушылар басты назарда болды. Алдымен мен жазылым дағдысы бойынша сабақта бірізді абзац жазуды үйреткенде оқушылардың дұрыс сөйлем құрудан қиналатындықтарын анықтадым. Сонымен қатар Джон Пек және Мартин Койльдің «Оқушының жазу нұсқаулығы» атты кітабында оқушыларға бағалау кезінде ұпай жоғалтуға итермелейтін қарапайым қателерден қалай арылуға болатындығын айтады, онда оқушыларға жазылым дағдысын дамытуды үйрену үшін алдымен «дұрыс» сөйлем құрып үйрену керектігі айтылады. . Осыны негізге ала отырып, мен жазуды үйретудің алғашқы қадамын ағылшын тілінде дұрыс сөйлем құрудан бастадық.

Жазылымды үйретудегі тағы бір мәселе грамматика болып табылады. Ағылшын тілінде сөйлеуде сөздер қалай бір-бірімен байланысатындығы және жазылым тілдің құрылымы ретінде танылатыны туралы айтады. Құрылым мен ережелер грамматика деп аталады. Сонымен қатар онда жазуды алдымен сөйлем құрылымынынан бастауды және біртіндеп күрделі сөйлемдерге т. б. көшуді ұсынады. Грамматиканы білетін ағылшын тілін екінші шет тіл ретінде үйренушілерді бақылай келе, оларға жазуда сенімділік беретінін және сөйлемдерді дұрыс құруда аса маңызды екендігі туралы атап көрсетіледі .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет