Жаңаны ашу. Жаңаны ашуға және мәселелі жағдаяттан шығу үшін мұғалім балаларға алдымен өз тұжырымдарын айтуды ұсынады. Кейбір оқушы ондықты ондықтың астына, жүздікті келесі торкөзге жазып қояйық деп ұсынуы мүмкін. Кейінірек оқушылар ұсынылған жүздік разрядынан аттап өту арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмімен танысады. Топтағы әр оқушы тізбек бойынша алгоритмнің бір пунктін түсіндіреді.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқушылар оқулықтан №4 тапсырманың алдыңғы екі бағанын орындайды, өрнектерді баған түрінде жазады және екі таңбалы санды бір таңбалы санға разряд арқылы өтумен жазбаша көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес жазып есептейді. Көбейтуді бөлумен, бөлуді көбейтумен тексереді.
Өздік жұмыс Оқушылар оқулықтағы №4 тапсырманың қалған екі бағанын орындайды, өрнектерді баған түрінде жазады және екі таңбалы санды бір таңбалы санға разряд арқылы өтумен жазбаша көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес жазып есептейді.
Жаңаны қолдану. Оқушылар оқулықтан №6 тапсырманы орындайды, есепті жұптасып орындайды.
Әр жұп өзіне жұмыс түрін таңдайды.Жұппен жұмыс түрін қолдану кезінде «материал элементтерін бөлу», бір оқушы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, ал екінші оқушы– бақылайды. «Амал бойынша» деген жұппен жұмыс түрін қолдану барысында бірінші оқушы түсіндіреді, екінші оқушы жазады, бірінші оқушы келісетінін не келіспейтінін айтады.