Өздік жұмыс Кітаптағы 2-тапсырмада оқушылар разрядтан аттап екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту және бөлудің барлық алгоритмдерін және екі, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін сақтай отырып өрнектің мәнін есептейді.
Оқушылар 3-тапсырманы күрделі теңдеуді шешу алгоритмдерін пайдалана отырып орындайды, есептеу барысында қажетті амалдарды қолданады.
Қиындықтарды шешу Оқытушы есептердің дұрыс-бұрыстығын тексереді.
– Кімде қандай қиындықтар туындады?
– Сендер қай жерде қате жібердіңдер?
– Жіберген қатенің себебі неде?
–Өздік жұмыс барысында кімдерде қателік кетті, сол оқушылар болашақ жұмыстарыңның мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау). –Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаттары қандай?
(Қатемен жұмыс). – Қатені түзету амалын қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
Оқытушы бағалау критерийімен дәптерге өздік жұмыс орындауды ұсынады.
Мен істей аламын:
Разрядтан екі аттап өту арқылы көбейту мен бөлудің алгоритмін түсіндіруді;
Разрядтан екі аттап өту арқылы көбейту мен бөлудің алгоритмін түсіндіруді