Сабақтың басы
|
Жаңа топ құру
«Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері
Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады.
Жыл мезгілдері
4 жыл мезгілдерінің суреттері жасырын қойылады, Әр оқушы бір-бірден жасырын қағазды алады. Сурет бойынша топқа бөлінеді. Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Құрылымы күрделі теңдеуді шешу алгоритмі
1.Амалдарды орындалу ретімен қой.
2. Соңғы амалды қорша.
3. Соңғы амалдың компоненттерін ерекшеле.
4. Белгісіз компонентті анықта.
5. Оны ереже бойынша тап.
6. Теңдеуді ықшамда.
7. Теңдеудің түбірін тап.
8.Теңдеуді тексер
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
|
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
|