Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау Белсендіру. Жаңа тақырыпты жақсы меңгеру үшін мұғалім оқушыларға қосындыны санға көбейтуді ауызша түсіндіруді ұсынады:
(100+60+5) ⋅ 3 = 100 ⋅ 3 + 60 ⋅3 + 5 ⋅ 3 = 300 + 180 +15 = 495
Және қосындыны бөлуді:
(300 + 180 +15) : 3 = 300 : 3 +180 : 3 + 15 : 3 =100 + 60 + 5 = 165
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
Сабақтың ортасы
Жаңаны ашу. Жаңаны ашуға және мәселелі жағдаяттан шығу үшін мұғалім балаларға алдымен өз тұжырымдарын айтуды ұсынады. Кейінірек оқушылар оқулықта ұсынылған разрядтан екі аттап өту арқылы үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмімен танысады
Топ ішінде әр оқушы тізбек бойынша қалдықпен жазбаша бөлу алгоритмінің бір пунктін және тексеруді түсіндіреді.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқушылар оқулықтан №3 тапсырманы орындайды, өрнекті баған түрінде жазады, разрядтан аттап өту арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес есептейді. Бөлуді көбейтумен, көбейтуді бөлумен тексереді.
Өздік жұмыс Оқушылар оқулықтан №2 тапсырманы орындайды, өрнекті бағанмен жазады, разрядтан екі аттап өту арқылы үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес есептейді.
Жаңаны қолдану. Оқушылар оқулықтан №4 тапсырманы орындайды, есепті сұрақпен толықтырады, оны шығарады.
Әр топ өзіне жұппен жұмыс түрін таңдайды.Жұппен жұмыс түрін қолдану кезінде «материал элементтерін бөлу», бір оқушы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, ал екінші оқушы – бақылайды. «Амал бойынша» деген жұппен жұмыс түрін қолдану барысында бірінші оқушы түсіндіреді, екінші оқушы жазады, бірінші оқушы келісетінін не келіспейтінін айтады. Жұмыс істей отырып, «хор» атты жұппен жұмыс түрін қолданып,әр операциядан кейін өз амалдарын салыстырады, егер келіспеушілік болса, өз пікірін дәлелдейді, келісетінін немесе келіспейтінін айтады.
Оқулықтағы №7 тапсырма топпен орындалады, оқушылар кестені толтырады, амал компоненттерінің білім қатысына сүйеніп, әр оқушы бір амалдан орындайды. Бір компоненттің аясында аралық жағдайдағы амалдарда, разрядтан аттап өту арқылы және разрядтан аттамай екі/үш таңбалы сандарды ауызша немесе жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмі жайындағы біліміне сүйеніп, есептеуді орындайды.
Оқушыларға есептеген өрнектерді оқуды ұсынуға болады.