Мақсаты: Оқушылардың тапсырмаларды өздігімен игеруге және бірін бірі оқытуға, ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.
Орындалуы: Әрбір топқа 1-ден 8 ге дейін нөмірленген тапсырмалар таратылады. Бастапқы топтағы оқушылар өз деңгейлеріне байланысты тапсырмаларды таңдайды. Ортақ мәселемен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып қайта топталады. Сарапшылар өздерінің тапсырмаларын жан-жақты талдап, идеяларын айтады, талқылайды.
Сарапшылар бастапқы топқа оралып әрқайсысы өз тапсырмасын бір біріне түсіндіреді.
Нәтижеде: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Топта өз жұмысы туралы талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту, уақытты үнемдеу
А деңгеі Тапсырма 1. Үй жануарлары. Менің барлық құрбыларымның үй жануарлары бар. Олардың алтауы мысық, ал бесеуі итті жақсы көреді және асырайды. Тек екі досымда мысық та, ит те бар. Менің неше құрбым бар екендігін тап?
Тапсырма 2. Кітапханалар.Сыныпта 30 оқушы бар.Олардың барлығы аудандық және мектептік кітапханалардың оқырмандары. 20 бала мектеп, ал 15-і аудандық кітапханадан кітап алады. Неше бала мектептік кітапхананың оқырманы болып табылмайды?
В деңгеі Тапсырма 3. Сүйікті мультфильмдер. 5-сынып оқушылары арасында сүйікті мультфильмдерге байланысты сауалнама жүргізілді. Ең танымал болып шыққан 3 мультфильм: " Аққұбақыз және жеті ергежейлі ", "Винни Пух" және "Микки Маус". Сыныпта 28 оқушы бар. " Аққұбақыз және жеті ергежейлі " мультфильмін 16 оқушы, олардың ішінде 3-уі "Микки Маус-ты" да атады, алтауы - "Винни Пух", ал біреуі болса 3 мультфильмді де жазды. "Микки Маус" Мультфильмін 9 бала атады, ішінде 5-еуі 2 мультфильм тандаған. Неше адам "Винни Пух" мультфильмін таңдаған?
Тапсырма 4. Хобби. 5 сыныптың 24 оқушысының ішінде 10 бала музыка мектебіне , 8 бала өнер мектебіне, 12 бала спорт мектебіне, музыка және өнер мектебіне-3, өнер және спорт мектебіне-2, музыка және спорт мектебіне - 2, барлық 3 мектепке 1 ғана бала барады. Қанша бала тек 1 мектепке ғана барады? Ешқайда бармайтын бала саны неше?