Ќысќа мерзімді жоспар



бет3/6
Дата14.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#49905
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәтінді есептер шығару КМЖ (1)

«Сәйкестендіру тесті» Берілген кестедегі сұрақтарға дұрыс жауабын сәйкестендіреді
Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, алдыңғы білімді тексерудің жылдам тәсілі.
Нәтиже: Өткен тақырыпты еске түсіреді

А жиыны мен В жиынының бірігуі

А∩В

А жиыны мен В жиынының қиылысуы

А=Ø

A жиыны В жиынының ішкі жиыны

АUB

А жиыны бос жиын

АCВ



АUВ



ВUС



АU(ВUС)




Бағалау критерийі:
-Қиылысатын және қиылыспайтын жиындарды анықтайды
-Берілген жиындардың қиылысуын және бірігуін табады

Дескриптор: оқушы
- Жиындардың қиылысуын табады;
- Жиындардың бірігуін табады;
- Ішкі жиынды табады;
- Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескінделген жиындарды табады;
- Бос жиынды табады;








Сабақтың ортасы

3. Жаңа материалды игеру - сабақ уақытының 50 % үлесі



Жаңа сабақ.
Натурал сандар жиыны бүтін сандар жиынының ішкі жиыны екенін, бүтін сандар жиыны рационал сандар жиынының ішкі жиыны екенін Эйлер-Венн диаграммасы арқылы кескіндеуді математика пәні сабақтарында оқып үйренеді. Бірақ осы тақырыпқа байланысты есептер тақырып өтілгеннен кейін, көбіне шығарыла бермейді. Мұндай диаграммаларды екі берілгеннің айырмашылығын және ұқсастығын, жеке және ортақ қасиеттерін, т.с.с. ажырату үшін ғана қолданатынымыз белгілі.
Эйлер-Венн диаграммасы – көпмүшеліктермен жұмыс істеуге арналған көрнекі құрал. Бұл диаграммада көпмүшеліктердің қиылысуының барлық мүмкін нұсқалары бейнеленеді. Егер оқушыларға осы диаграммалар арқылы шығарылатын есептерді көптеп ұсынсақ, олардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, ҰБТ, математикалық сайыстарда, математикалық олимпиадаларда кездесетін жиындарға қатысты есептеулерді оңай шешетініне көз жеткіземіз. Осындай есептердің біршамасының қысқаша шығарылу жолдарына тоқталайық.

  1. Шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын мектепте 100 оқушының арасында сауалнама жүргізілді. Оқушыларға «Қандай шетел тілдерін меңгерудесіңдер?» деген сұрақ қойылды. Нәтижесінде 48 оқушы ағылшын тілін, 26 оқушы француз тілін, 28 оқушы неміс тілін, ағылшын және неміс тілдерін 8 оқушы, ағылшын және француз тілдерін 8 оқушы, француз және неміс тілдерін 13 оқушы меңгеретіндіктері анықталды. 24 оқушы ағылшын да, неміс те, француз да тілдерін оқымайды. Сауалнамаға қатысқан неше оқушы бір мезгілде үш тілді де меңгеруде?

Шешуі:

Бір мезгілде үш тілді де меңгеретіндерді (х) деп белгілейік.
Есеп шартында 24 оқушы ешқандай тілді оқымайтындығы айтылған. Ендеше 100–24 =76, яғни 76 оқушы шет тілдерін меңгеруде. Қанша оқушы екі тілді меңгергенін есептейік:
А+Н=8-х,
А+Ф=8-х,
Ф+Н=13-х
Ендігі кезекті бір тілді ғана меңгерген оқушылар санын анықтаймыз:
А= 48-(8-х+8-х+х)=32+х
Ф=26-(8-х+13-х+х)=5+х
Н=28-(8-х+13-х+х)=7+х
Алынған есептеулерге қарап теңдеу құрамыз:
32+х+8-х+8-х+х+7+х+13-х+5+х=76. Осыдан х=3 екендігі шығады.

  1. Физика пәнінен олимпиадада оқушыларға үш тапсырма орындау керектігі ұсынылды: кинематикадан, оптикадан, термодинамикадан. Олимпиада қорытындысы төмендегідей: кинематика тапсырмасын 400 оқушы, термодинамика тапсырмасын 350 оқушы, оптика тапсырмасын 300 оқушы шығарған. 300 оқушы кинематика мен термодинамика тапсырмасын, 200 оқушы кинематика және оптика тапсырмасын, 150 оқушы термодинамика және оптика тапсырмасын шығарса, 100 оқушы барлық тапсырманы шығарған. Қанша оқушы екі тапсырманы да шешкен?

Шешуі:

Т+О+К = 100
Екі тапсырманы да шешкен оқушылардың санын анықтаймыз:
Т+О=150-100=50, К+Т=300-100=200, О+К=200-100=100
Осыдан 50+200+100=350. Жауабы: 350 оқушы



  1. Көшедегілерден «Қандай үй жануарын асырайсыңдар?» деген сауалнама алынды. Нәтижесінде 150 адамда мысық, 130 адамда ит, 50 адамда тотықұс асырайтындығы анықталды. 60 адамда мысық пен ит, 20 адамда мысық пен тотықұс, 30 адамда ит пен тотықұс өсіріледі. 70 адамда үй жануарлары жоқ. 10 адамда мысық та, ит те, тотықұс та бар. Барлығы қанша адам сауалнамаға қатысқан?


80+50+10+10+10+20+50=230
Үй жануарлары жоқ 70 адамның да сауалнамаға қатысқанын ескерсек, 230+70=300. Барлығы сауалнамаға 300 адам қатысқан.

4.Сыныпта 30 оқушы. Олардың 20-сы метромен, 15-і автобуспен, 23-і троллейбуспен, 10-ы метромен де троллейбуспен де, 12-сі метромен де автобуспен де, 9-ы троллейбуспен де автобуспен де қатынайды. Барлық көлікпен неше оқушы қатынайды?



Тасымалдың барлық түрімен х оқушы қатынайды делік.
метромен және троллейбуспен-(10-х) оқушы,
автобуспен және троллейбуспен-(9-х) оқушы,
метромен және автобуспен-(12-х) оқушы қатынайды.
Метромен қанша оқушы қатынайтынын анықтайық:
20-(12-х)-(10-х)-х=х-2.
Осыған ұқсас х-6-тек автобуспенжәне х+4- тек троллейбуспен қатынайтынын табамыз.
Барлығы 30 оқушы екенін ескеріп, теңдеу құрамыз:
х+(12−х)+(9−х)+(10−х)+(х+4)+(х−2)+(х−6)=30. Бұдан х = 3.



  1. Бірлестікте 150 мекеме бар. Олардың 80-і А өнімін, 60-ы В өнімін, 50-і С өнімін шығарады. А және В өнімдерін 20 мекеме, В және С өнімдерін 30 мекеме, А және С өнімдерін 10 мекеме өндіреді. Барлық мекеме бірігіп 5 өнім өндірді. Бірлестік мекемелері үш өнімнің қаншасын өндірмейді?




55+15+15+5+5+25+15=125
150-125=25
Яғни бірлестік мекемелері үш өнімнің 25-ін өндірмейді.



  1. Жоғары оқу орнындағы бір мамандыққа 120 талапкер тапсырды. Абитуриенттер математика, информатика және орыс тілдерінен емтихан тапсырды. Математикадан 60 талапкер, информатикадан 40 талапкер, математика мен информатикадан 30 талапкер, математика мен орыс тілінен 30 талапкер, информатика мен орыс тілінен 25 талапкер. 20 талапкер барлық пәннен тапсырды. 50 талапкер оқуға түсе алмай қалды. Орыс тілінен қанша талапкер емтихан тапсырған?


120-50=70 оқушы емтихан тапсырғаны белгілі болса, онда 10+20+5=35 оқушы орыс тілінен емтихан тапсырғандығы шығады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет