Ќысќа мерзімді жоспар


Тапсырма 5. Жұмбақтар туралы



бет5/6
Дата14.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#49905
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәтінді есептер шығару КМЖ (1)

Тапсырма 5. Жұмбақтар туралы. Сөреде 26 математикалық әртүрлі ойын-жұмбақтар тұрған. Олардың 4-еуін Гриша мен Саша ойнады. Игорь Гришаға да, Сашаға да қатысты емес 7 ойынды және Гриша ойнаған 2 ойынды ойнап көруге тырысты. Гриша барлығы 11 математикалық ойын-жұмбақтарды ойнады. Саша неше ойын ойнады?
С деңгейі
Тапсырма 6. Спорт сыныбы. Сыныпта 35 бала бар. Олардың 24-і футбол, 18-і волейбол, 12-сі баскетбол ойнайды. 10 оқушы бір уақытта футбол мен волейбол, 8 - футбол мен баскетбол, ал 5 - волейбол мен баскетбол ойнайды. Неше оқушы футболды да, волейболды да, баскетболды да ойнайды?
Тапсырма 7. Баршаға арналған спорт. Сыныпта 38 оқушы бар. Олардың 16-сы баскетбол, 17-сі хоккей, 18-і футбол ойнайды. 4 бала- баскетбол мен хоккейді, баскетбол мен футболды - 3, футбол мен хоккейді – 5 бала бір уақытта қатар ойнайды. 3 бала ешқандай спорт түрімен шұғылданбайды. Неше бала бір уақытта 3 спорт түрімен де айналысады? Неше бала тек бір спорт түрімен ғана шұғылданады?
Тапсырма 8. Турист. Қалаға 22 турист келді. Кешкі демалыс кезінде 9 турист драма театрына барғысы келді, 12 турист демалыс паркіне барып дем алғысы келді, ал олардың ішінде 5 турист драма театрына да, демалыс паркіне де барғысы келді. Қалғандары стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді. Неше турист стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді? Есепті Эйлер – Венн дөңгелектерін пайдаланып шығарыңыздар.


Бағалау критерийі:

  • Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығарады

Дескриптор: оқушы
Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен мәтіндік есептерді сипаттайды
- Эйлер-Венн диаграммасын пайдаланып санды өрнекті, теңдеуді құрастырады;
- Санды өрнекті, теңдеуді шешеді
- Есептің жауабын жазады.




Кері байланыс: Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру үшін .
Бағдаршамның белгілерін көтеру арқылы оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет