Амплитудалық модуляция Тасымалдаушы толқынның амплитудасының аудио сигналдың орын ауыстыруына қатысты өзгеруін амплитудалық модуляция деп атайды. Амплитудалық модуляция кезінде жиілік өзгермейді.
Жиіліктік модуляция Тасымалдаушы толқынның жиілігі аудио сигналдың орын ауыстыруына қатысты өзгеруін жиіліктік модуляция деп атайды. Жиіліктік модуляция кезінде амплитуда тұрақты болады.
Радиобайланыстың дамуының ең маңызды кезеңі 1906 жылы америкалық инженер Д. Форесттің үш электродты шамды – триодты ойлап табуымен байланысты. Триод негізінде 1913 жылы өшпейтін электрлік тербелістердің шамды генераторы жасалынды. Соның нәтижесінде электромагниттік толқын арқылы енді музыканы, сөзді, яғни дыбысты қашықтықта тарату жүзеге асырылды. Оны радиотелефондық байланыс деп атады.
Радиотолқындардың қолданылуы. Кез келген электромагниттік сәулелер сияқты радиотолқындар да өздері түскен беттен кері шағыла алады. Радиобайланыс үшін радиотолқындарды пайдаланады. Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оның тұрған орнын дәл анықтау радиолокация деп аталады. Радиолокация арқылы нысанның қозғалу жылдамдығын және одан бақылаушыға дейінгі арақашықтықты табуға болады. Радиолокациялық қондырғы – радиолокатор немесе радар – хабарлаушы және қабылдаушы бөліктерден тұрады. Радиолокаторлар ұшақтар мен кемелердің орнын анықтау, ауа райы қызметіне т.с.с. пайдаланылады.
Радиобайланыс принципі төмендегі схема бойынша жүзеге асырылады.
Тербелмелі контурдың индуктивтілігі L=1,6мГн, электр сыйымдылығы С=0,04мкФ,ал конденсатордағы ең үлкен кернеу Um=200В.Контурды идеал деп есептеп,ондағы ток күшінің максимал мәнін анықтаңдар.