Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы. Географиялық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу үшін мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізу жүйесін құру керек. Ол үшін геоақпараттық жүйелер – автоматты жинақтау жүйелерін сақтау, өзгерту және географиялық ақпараттарды ЭЕМ және автоматиканың түрлнрінде беру мақсаты қойылады. Географиядағы ақпараттық жүйелер тарихы ЭЕМ – де өңделетін басқа ғылым салаларымен көбінде ұқсас болып келеді. Информатикада барлық жинақтау жүйелері мен ақпараттарды өңдеуді ақпараттық жүйелеу немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп айту келісілген.
ГАЖ – ды құрудың бірінші жұмыстары 60 – жылдардың ортасында Канада және Швецарияда басталған. Канадалық ГАЖ – дар Р. Тоалинсонның 1963 – 1971 жж. Библиграфиялық және қорша ортаның табиғи қорларын тиімді пайдалануға арналған, жасалған жұмыстарынан бастау алады. Ал Швецарияда О Саломонссон, Т Германсеннің 1976 жер кадастрына қажетті ГАЖ құру жұмыстарынан бастау алады. ГАЖ – ды құруға әр түрлі ұйымдар мен ғылыми ұйымдар қатысты. ГАЖ кешенді көп мақсат ақпараттық жүйе ретінде құрылды.
Канаданың CGIS ақпараттық жүйесі ең үлкен атаққа ие болады. 1976 жылы істелінген жұмыстың тәжірибесі Р Томлинсонның анықтама монографтясында қорытылып шықты.
70 – жылдардың басында ГАЖ – дың дамуы Жер жайлы ғылымның көптеген салаларында дами бастад. Сонымен 1976 жылы АҚШ – тың Геологиялық қызметінде жинақтайтын және картографиялық мәліметтерді өңдейтін 50 – ден аса автоматтандырылған жүйе пайда болды. Осы кезеңде бірінші ақпараттық жүйелер бұрынғы Кеңес Одағында да құрыла бастады.
1981 жылы ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде ГАЖ – дың және географиялық ақпараттарды өңдеудің анық тамасы дайын болды. Оларды математикалық үлгілеу және жүйелік талдау дайындады. 70 – жылдары қоршаған ортаның қорларын аймақты мақсатымен шешуге арналған ГАЖ – дар толық даму алды. О ақпараттық жүйелердің мақсаттары әр түрлі бірақ олардың арасында көбіне аймақтардың экологиялық – экономикалық даму жоспарларын жасауға шешім қабылдау басым болып табылады.
Дәріс 8