Қысқаша дәріс курсі


Мәліметтердің растрлық үлгілері кеңістіктік қарым- қатынастарды қалай ұсынады?



бет8/34
Дата03.11.2022
өлшемі460 Kb.
#47257
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Мәліметтердің растрлық үлгілері кеңістіктік қарым- қатынастарды қалай ұсынады?
Мәліметтердің растрлық үлгісі дұрыс тор сызық болғандықтан,
кеңістіктік қарым- қатынастар жасыраңқы болады.Сондықтан кеңістіктік қарым- қатынастарды ашық сақтау, векторлық ұлгі сияқты, керек емес.
Ескеретін жағдай, тор сызықтағы әр ұяшықта 8 көрші ұяшық болады:
4- еуі бұрыштарда және 4-еуі жан-жағынан.Ұяшықтар тор сызықта орналасуына байланысты идентификацияланады.Кез –келген ұяшықты көрші 8 ұяшықтардан табу қиынға соқпайды.Олүшін х және у мәндерінен бірліктерді алу немесе қосу арқылы табады. Байланыс түрдері ретінде көбіне тор сызықтың сол жақтағы немесе сол жақ төменгі бұрышы алынады.Бұл байлау нүктесі ұяшық мөлшерімен бірге мәліметтердің растрлық жиынында
кез-келген ұяшықтағы географиялық зерзаттардың орналасуын анықтауға және де координаталар жүйесін пайдалануда географиялық талдау үшін растрлық мәліметтер жиындары логикалық түрде зерзаттарға ұйымдастыру мүмкін.
Триангулияцияланған жүйесіз тармақтарының үлгісі. Бұл үлгі ТЖТ деп аталады.Ол жүйесіз бетті бейнелеу үшін қолданылады да, мәліметердің растрлық үлгісінің баламасы болып табылады.Сонымен бірге жергілікті жер мен жер бетінің басқа да типтерінің физикалық ерекшеліктерін бейнелеу және талдау үшін беттің үлгісін тиімді түрде генерализациялауға мүмкіндік береді.
ТЖТ үлгісі жер бетін бір –бірімен жалғасқан үшбұрыштар сериясы түрінде суреттейді,сондықтан «триангуляцияланған» деген анықтауыш қолданылады.Үшбұрыштар 3 нүкте көмегімен алынған,ол нүктелер әр жерде қалай болса,солай орналасқан,сондықтан жүйесіз деп аталады.Бұл жағы торды нүктелербіркелкі орналасқан растрлық үлгіге қарама-қайшы келеді.
ТЖТ үлгісі үшбұрыштың өзара топологиялық байланыстарын сақтау көмегімен үшбұрыштар жүйесін құрады.Түйіндер қабырғалар көмегімен өзіне жақын көршілермен ережеге сай байланысады.Шектес үшбұрыштарды анықтау үшін «солдан-оңнан» топологиясы қолданылады.
ТЖТ үлгісі әрқашан түйін болатын негізгі нүктелер деп аталатын нүктелер жиынынан ұшбұрыштар құрайды.Қосымша нүктелер ереженің жиынына сәйкес қосылады.
Үшбұрыштарда әрұашан ұш түзу жақ қабырғалары болады.Осы қасиет оның көрнісінің қарапайым етіп көрсетеді.Үшбұрыш ерекше идентификаторға ие,ол өзінің 3 нүктесі және 2 немесе 3 еөрші үшбұрыштары арқылы анықталады. Бірінші қабырға бірінші нүктеден екіншіге, екінші
екіншіден үшіншіге және үшінші үшіншіден біріншіге қарай анықталады.
Кеңістік мәліметтерді бірге қолдану. Жерді үлгілеудің векторлық, расторлық және ТЖТ мәліметтер үлгісі ең күшті құралдар болып табылады.Олардың әрқайсысы жер бетінде орналасуды анықтау үшін координаталар жүйесін қолданады.Барлық үлгілер координаталар басының ортақ нүктесі болатындай, жалпы картографиялық проекцияларды, координаталардың масштабы мен түзетуді таңдау әр үлгі, координатада тек бір орналасуды білдіретіндігіне кепілдік береді.Бұл картографиялық байлау деп аталады.Жердің белгілі бір аумағы үшін мәліметтердің оңтайлы үлгісін таңдаудағы ең маңызды әдіс осы.
Қазіргі геоақпататтық жүйелер өндірістік мақсатта қолданылатын географиялық зерттеулердің барлық бағыттары үшін қуатты құрал болып табылады.Ол қазіргі заманда геоақпараттық индустрия болып қалыптасыды. Көптеген елдердің экономикасының негізгі салалары әлемнің осы геоақпа -
раттық индустриясын құрайды. Бұған мысал ретінде Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Тайванның, Малазйяның т.б. елдердің экономикасын атап өтуге болады.Олар ЭЕМ-ге қажетті құралдар жасайды.Әлем бойынша геоақпарат -
тық индустрия саласы жылына 5 триллион доллар мөлшерінде өшығарады. Қазіргі уақытта ГАЖ курстарын оқыту - өркениетті елдердегі географияға маманданған жоғары оқу орындарының барлығына қойылытын талап.
Ал енді әлемдік ГАЖ құруға қажетті қолданбалы бағдарламалар жасаудағы жетекші орын алатын компанияларға тоқталайық.
Олар: ESRI, ER MAPPER, MapInfo,IDRISI және т.б.
ESRI серіктестігі адамдарға ГАЖ туралы көбірек мәліметтер беру мақсатында жаңа жоба- интернет сайтын (ESRI соm.) шығарды.Сайт мына бөлімдерді қамтиды: «ГАЖ дегеніміз не?», «Сіздің тапсырмаларыңыз үшін ГАЖ», « ГАЖ- бен жұмыс істеп көріңіз»,«Сіздің ГАЖ – ыңыз»үшін мәлімет-
тер, «ГАЖ білім», «ГАЖ дүкен», « Тенденциялар жаңалықтары», «Қосымша қорлар»,.Бұл сайт жаңадан үйренушілерге арналған on- line кітабы болып табылады.
Informix серіктестігі ESRI өнімдеріне қызығушылық танатып келеді.
Informix ESRI-мен бірігіп 2 жоба жасады -1999 жылдың маусымында ESRI
Italiy СУБД Informix негізінде GeoCare телефонын шығарды,ао 2000 жылдың сәуір айында GeoW@p, яғни ұялы телефон қолданушыларға Интернетте геоақпараттық жолды қамтамасыз ететін өнімді шығарды.
ГАЖ құрудың жалпы қағидаларында да, нақтылы жобаларын құру географиялық практика мен географиялық зерттеулердің қолайлы ортасын
құруға бағдарланады. Бұл жұмыстын мақсаты- ГАЖ идеологиясын және қосымшалармен бірге AreGis сияқты күрделі де көпжоспарлы пакетті түсіну,ал түсіну бір тәсілмен ғана, яғни өзінің ГАЖ- жобасын құру жолымен мүмкіндік болады.Ең қолайлы тәсіл –бұл полигонның нүктелері мен өзіне тән шыңдарын көлемді GPS жүйесіне байлау. Карта белгілі бір жоспарланған
жобаға интегралданғаннан кейін,онда бақылау нүктелерінің анағұрлым массиві қалыптасады, ал бұл Arcview-да жұмыстың негізгі аналитикалық әдістеріне үйренуге мүмкіндік береді.Олардың ішінде – көп компонентті сұраныстарда нүктелерді таңдау, аналитикалық тақырыптар құру, нүктелердің кеңістіктік орналасуына байланысты атрибуттарды иемдеу, легендаларда арнайы маркерлер мен маркер- диаграммаларды қолдану,тақырыптар мен кестелерді байланыстыру,болжау стратегиясын жұмыспен өтеу.
ER MAPPER геоақпараттық жүйесіне келсек.оның маңызы өте зор.
Өйткені оны жұмыстын қай саласында болса да қолдану тиімді.
ER MAPPER геоақпараттық жүйесі:

  • ғарыштық суреттер мен аэрофотосуреттерді қарауда;

  • үлкен бейнеленулермен жұмыс істеу үшін;

  • геофизиктерге сейсмикалық зерттеулерде қажетті;

  • төтенше жағдайлардың алдын алуда;

  • оның алгоритімінің ерекше концепциясы болуымен;

  • мұнай-газ индустриясын құру жұмыстарында;

  • жылдам ақпарат алуда;

  • мәліметтерді жоғары деңгейде алу жұмыстарына қолайлы.

Геоақпараттық жүйелердің қоғам өмірінің барлық салаларына белсенді араласуы артқан сайын геоинформатиканы ғылыми бағыт технология,оқу пәні ретінде теоретикалық- методологиялық қабылдау керектігі пайда болды.
Өзіміз көріп отырғандай, геоинформатика - өте кешенді, ерекше пән,оның географиялық ғылымдар жүйесінде одан ары қарай терең тероиясының, концепциясының әдістерінің географиялық негіздемесін жасау, өңдеу,зерттеу жұмыстарын талап етеді.
ГАЖ пәнінен
3 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет