ГАЖ – кеңістікте үйлестірілген ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу,көрсету және тарату технологиясы. Геожүйелерді түгендеу,оңтайландыру және басқару мәселелерін шешу. Геоақпараттық индустрия. ГАЖ- ға жалпы түсінік. Геоақпараттық жүйе мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте күшті графикалық құрал болады. ГАЖ- ға берілген анықтамалар өте көп. Солардың ішінде ең көп таралғаны, біріншіден, «ГАЖ-
географиялық байланысқан ақпараттардың барлық түрін енгізіп, сақтайтын, жаңартатын, талдайтын, өңдейтін, шығарытын бағдарламалық- ақпараттық кешен».
Ал, екіншіден, ГАЖ техникадан құралған жүйе екенін көрсете, ондай анықтамалар төменле берілген: « ГАЖ - мәліметтерді енгізетін, сақтайтын және өңдейтін , шығаратын жеке тұлғалық және бағдарламалық жүйелердің жиынтығы». Бұл екі анықтама да өз тұрғысынан дұрыс. Әрине, бірінші анықтама дұрыс деуге болады. Себебі,жұмысты толық әрі дұрыс орын -
далғанда ғана бағдарламалардың, т.б. мамандықтардың тиімділігі жоғары болады.
Бұл жетістік қазіргі жүйедегі көптеген маңызды мәселелерді шешеді:
жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;
мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық зерзаттармен байланыстыру;
мәліметтердің карта,графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;
басқару мен шұғыл шешімдерде қолғабыс беру;
мәліметтердің түрлі ақпараттық көздерін біріктіру;
өзге техникалық ақпараттық жүйелермен қарым қатынас және т.б.;
ГАЖ жүргізу өткен ғасырдың 60- жылдарының соңында құрыла бастады. Олар Швеция, Канада,АҚШ –тың оқу орында жүргізіледі.
Сол кездердің өзінде автоматтық картографиялық мәліметтер банкісінің құру алдыңғы қатарда болған, бірақ графикалық тұрғыдан олар «банктік мәліметтер» құрамына сақталғандықтан және жаңа технологиялар пайда болғандықтан, тоқтап қалған болатын.
80- жылдардың соңында мәліметтер базасы графикалық беткеймен байланыстырылып, жаңа технологиялардың негізінде жүзеге аса бастады.
Осы кездерде «ГАЖ» терминіне қатысты бірқатар пікірталас туды.
Бірқатар ғалымдар оны ақпараттық жүйе деп атап, ол жинау, сақтау, өңдеу, бейнелеу мен кеңістік координаталық мәліметтердің таралуын көрсетеді деп санады. Ал кейбір ғалымдар ГАЖ-дің бағдарламалар құрылымына назар аударып, бұл терминмен бағдарламалық кешендерді
атаған болатын. Мысалы, Mapinfo және Wingis, т.б.
Көп ғалымдар ГАЖ-дың кеңістіктік, уақыттық компонентіне көңіл аударып, оны үш кезеңге бөлді: «орны», «уақытты», «тақырыбы». Бір қызығы – бұл терминнің құрамына «жер» (гео) сөзінің енуі, бірақ
ГАЖ-ды құрайтын графиктік ақпараттың көбі жерге арналмағандығы.
ГАЖ- дың негізгі түсінігінде де біршама шатастырулар бар: сандық және электрондық картада арнайы Ресейдің картографиялық заңында
(Гост +28441-90) сандық картаны жер бетінің сандық үлгісі дейді,ал
(Гост -50828-93) электрондық картада векторлық немесе расторлық карта деп атап, ал компьютерде арнайы бағдарлама мен технологиялар негізінде жасалады.Ал практикада бұл екі түсінік аралас жүреді.Географияда ГАЖ ақпараттық жүйе емес, ақпараттық жүйелердің географиялық жиынтығы.
Қарапайым түрде ГАЖ Мәліметтер базасы мен электрондық картаның
байланысы болып табылады. Оны мәліметтер базасының кеңейтілген концепциясы деп қарастыруға болады.Бұл мағынада ГАЖ, шығында,
өзінше жаңа деңгей мен интеграциялық әдіс және ақпараттардың құрылымдастырылуы. Бізді қрошаған әлемде ақпараттың үлкен бөлігі зерзаттарға жатады, онда олардың кеңістіктік орны үлкен рөл атқарады.
Сондықтан ГАЖ көптеген қолдануларды МББЖ-ның мүмкіндігін кеңейту
арқылы қарастырады.Мұндай ГАЖ –дар APC/INFO-да күшті серверлерде пайдаланушылардың Интернетте қарапайым жүйемен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге ГАЖ көптеген әр түрлі перифериялық жабдықтардан тұрады. Олар картаны санауда қолданылатын дигитайзерлер, лазерлік принтерлер,картаны басылымға жіберетін принтерлер, плоттерлер.
ГАЖ қолданбалы бағдарламалармен қамтамасыз етуге, мәліметтерді
енгізуге, өңдеуге, географиялық ақпараттарды бейнелеуге мүмкіндік береді. Қолданбалы бағдарламалармен қамтамасыз етудің маңызды компоненттері болып:
географиялық мәләметтерді негізу мен оларды біріктіріп жинастыру құралы;
мәліметтер базасы басқару жүесі;
сұарныс пен талап етудің және географиялық талдаудың бағдарламалық құрамы;