ҚЫСҚаша дәрістер мазмұНЫ


Аралық бақылауға арналған сұрақтар



бет3/5
Дата10.04.2023
өлшемі41,01 Kb.
#81010
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР МАЗМҰНЫ

Аралық бақылауға арналған сұрақтар
1. Басқару психологиясының пәні?
2. Басқарудың мәні неде?
3. Басқару қызметтері қандай?
4. Басқару үрдісініңің құрылымы?
5. Басқару объектісін бөлу мәселесі неде?
6. Басқарудың табысты болуын не қамтамасыз етеді?


Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1 тапсырма. Микротоптарда сұрақты талқылаңыз: манипуляциясыз басқару болуы мүмкін бе? Өз талқылауыңыздың нәтижелерін келтіріңіз.
2 тапсырма. Басқару үрдісін оның құрылымы мен қызметтері тұрғысынан өзіңізге таныс деңгейде (сіз жұмыс істеген немесе жұмыс істейтін мектеп, ЖОО, кәсіпорын) талдаңыз.

1.2. Басқару психологиясының тарихы және теориялық негіздері

...
Негізгі түсініктер: еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі, әкімшіліктік мектеп, «адами қарым-қатынастар» мектебі, «басқару ғылымы», жүйелік бағдар, «Хотторн эффектісі»

Ғылыми зерттеу саласы ретінде басқару психологиясы әлеуметтік психология мен еңбек психологиясының тоғысуының нәтижесінде ХІХ ғ. қалыптасты. Жеке дара ғылым ретінде басқарудың жалпы теорияларының дамуымен сәйкес ХХ ғасырда дами бастады.
ХХ ғ. бірінші жартысында басқарушылық әрекеттің төрт бірдей мектебі қалыптасты [Розанова, 2008].

  1. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі

  2. Әкімшіліктік мектеп

  3. «Адами қатынастар» мектебі

  4. «Басқару ғылымы»

1911 жылы американдық инженер, кәсіпкер Ф. Тейлордың «Ғылыми басқарудың қағидалары» атты кітабы жарық көрді. Ол өз кезегінде еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебінің (тейлоризм деп ғалым атымен аталып кетті) негізін қалады. Ф. Тейлор интенсификация есебінен еңбек өнімділігін арттыру жүйесін құру міндетін қойды. Ол кейбір өндіріс орындарында еңбек үдерісінің ерекшеліктерін сипаттап, еңбек өнімділігі төмендігінің басты себебі ретінде қызметкелерді стимулдау жүйесінің жетілдірілмегендігі екенін көрсетті. Соған сай, ол қозғаушы факторлар – материалды стимулдар жүйесін жасап шығарды. Олардың негізгісі ретінде Тейлор марапаттауды санады. Оның есептеуінше, марапаттау принципіне кез-келген басшы үйренуі керек. «Қандай да бір жұмыс аяқтала салысымен жасалған марапат, жақсы әсер қалдырып, жұмыстың тиімділігін арттырады.
Жұмысшының басшылық тарапынан үнемі марапаттауды күтуін қолдап тұру үшін Тейлор еңбек төлемақысының «прогрессивті» жүйесін ұсынды. Дегенмен, ол марапат түсінігінде тек қаржылай мадақтау түрін ғана қарастырмады. Ол, жол беру де марапат түріне жатады, сондықтан басшыларға кейбір жағдайларда жұмысшыларына жол беріп тұруы керек деп кеңес береді. Сонымен қатар, ол моншаларды, оқу залдарын, асханаларды, кешкі оқу курстарын және балабақшаларды марапаттар ретінде есептеді. Тейлор егер қажетті жабдықтамаларды енгізіп, жұмысшыны қызықтырса, онда ол керек жұмысты 3-4 есе көбірек етіп берілген уақытта істей алатынын дәлелдеген. Ол кей жағдайларда стимулдаудың әмбебап әдістерін ұсынған. Мысалы, ол көп әйел адамдар жұмыс істейтін фабрикада үлкен шеберхана-бөлмесіне мысықты қоныстандырады, кейін бұл мысық жұмысшы-әйелдердің сүйіктісіне айналған. Үзіліс кезінде әйелдер мысықпен ойнап, бұл олардың көңіл-күйлерін көтеріп, нәтижесінде үзілістен кейін олар белсендірек жұмыс істейтін болған.
Ф. Тейлордың ізбасары инженер Ф. Гилберт болды. Ол еңбек әрекетін зерттеп, жүйелеп, жеңілдетуге әрекет еткен. Осылайша, ол кірпіш салу тәсілдерін оңайлатқан: арнайы жабдықтар енгізу арқылы еңбек әрекеті кезіндегі қимыл-қозғалысты азайтқан. Нәтижесінде еңбек өнімділігі 3 есеге артқан. Гилберт сонымен қатар, еңбек үдерісі кезіндегі тұлғалық айнымалыларды анықтап, оларды, яғни еңбекке қанағаттануды, көп ақша табуға деген қызығушылық, әдеттер, темперамент, өмір салты т.б. мәселелерді есепке алу керек екенін айтқан.
Жұмыс мазмұнына көп мән берілді. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебінде басқарудың функцияларынан жоспарлауды, ал атқарушы функциядан бақылауды бөлу мәселесі қарастырылды.
Әкімшіліктік мектеп немесе классикалық менеджмент мектебінің негізін француз инженері Анри Файоль қалады. Бұл бағыттың шарықтау кезеңі 1920-1950 жж. сәйкес келеді. Файоль алып металл өндіруші компанияның басшысы болып қызмет еткен. Ол бірінші болып, адами факторларды басқару заңдылықтарын есепке алу принциптерінің бірізді жүйесін жасап шығарып, оны жоғарғы басқарушы буынның қызметіне бейімдеді.
«Басқару» ұғымына Файоль алты функцияны: өндірушілік (техникалық), коммерциялық, қаржылық, қорғаныс (тұлғаны және жеке меншікті қорғау), есептік, әкімшіліктік функцияны атап көрсетті. Ол аталған функциялардың мәні мен мазмұнын зерттеп, олардың әртүрлі деңгейдегі басшылардағы арақатынасын, басқаруға қажетті білімдер мен қасиеттер жүйесінің жиынтығын анықтады. Бұл сипаттарды алты топқа: физикалық сипаттар, ақыл-ой қабілеттері, адамгершілік қасиеттер, ортақ даму, арнайы білімдер және тәжірибе сынды сипаттарға бөліп қарастырды. «Менеджмент негіздері» кітабында ол басқарудың 14 принципін ұсынды. Олар: еңбек бөлінісі, билік, тәртіп, басшылық бірлігі, әрекеттердің бірлігі, жеке қызығушылықтардың ортақ қызығушылықтарға бағынуы, марапаттау, орталықтандыру, бағыну иерархиясы, тәртіп, әділеттілік, мекемедегі ұжым тұрақтылығы, ынталылық, мекеменің бірлескен рухының болуы (ұжымның бірігуі) болып саналады. Бұл принциптерде ұжым басшылық мақсаттары мен бастамаларын қолдауы тиіс болып табылатын, қатаң орталықтандырылған иерархиялық ұйымдастырудың идеологиясы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет