деп, ақын бүкіл түркі халықтарының тұтастығын, бірлігін
аңсап, отаршылық бұғауынан құтылу жолын іздейді.
Сөйтіп, шайыр меңіреу күйдегі халқына жаны ашып, оны
жігерлендіру жолында және мәдениет, өнер-білім өріне
жетелеуге күш жұмсады. Ұлт тағдырынан жеке басының
күйігінен артық санап, барлық күш-қайратын, ақыл-ойын
жұмсап, халқын қалай да іргелі елдер қатарына қосуды арман
етті. Шайыр енді бірқатар өлеңдерінде басынан кешкен
жайттарды әңгіме етіп, өзінің өмір туралы толғаныстарын
ортаға салады. Оның «Мәшһүрдің қырық алты жасында
сөйлеген сөзі», «Жылым – қой», «Тауық жылы мен үш жаста»,
«Мәшһүр атты қалай алғандығы туралы», «Мәшһүр Жүсіптің
алпыс сегіз жасында сөйлеген сөзі», «Мәшһүр Жүсіптің жетпіс
үш жасында сөйлеген сөзі» атты туындылары – өмірнамалық
шығармалары еді десек те болғандай. Бұдан бүкіл ғұмырын,
халқының бақыты үшін сарп еткен саналы адамның жан
азабын, көңіл сырын сезінесіз. Өмір жайлы, жалпы тіршілік
атаулы туралы ой-түйіндерінен оның даналығы, көрегендігі
байқалады. Мәселен, «Мәшһүр Жүсіптің алпыс сегіз жасында
сөйлеген сөзі» өлеңіндегі:
Достарыңызбен бөлісу: