Ќысќаша µмірбаяны



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата07.03.2023
өлшемі393,22 Kb.
#72321
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

 
 
 
,
Балалар жалқау болмай оқы сабақ
35


 
 
 
 
.
Ашылмас оқымасаң көз бен қабақ
 
 

,
Айрылса оқу оқып білгенінен
 
 
 
, «
!» – [5]
Біз оны деп айтамыз Арамтамақ
деп жастарды ерінбей еңбек етуге, оқу оқып, білім алуға, 
сөйтіп ілгері ұмтылуға үгіттесе, енді бірде салақтық пен 
жалқаулықты сынға алады:
 
 
 

 
,
Кедей болар кері кеткен ұйқысы мол
 
 
 
 
 
.
Сайрап келіп тұрады үш қара жол
 
 
 
 
,
Кедейліктің бір үлкен жерік асы
 
 
 
 
 
. [6]
Жаман қатын бар үйден үзбейді қол
Шайыр кедейліктің түп тамыры еріншектікте деген 
қорытынды жасайды. Немесе:
 
 
 
 
,
Парқы бар жақсының да жақсыменен
 
 
 
 
.
Балгер бірдей бола ма бақсыменен
 
 
 
 
 
,
Артымда ненің барын мен білем бе
 
 

 
,- [7]
Жамандық қанша болса тапшы менен
деп адамгершілікті мадақтап, оған жат қылықтарға жирене 
қарайды.
Мәшһүр Жүсіп өзінің алдында өмір сүрген қазақ 
ағартушылары Шоқан, Ыбырай, Абай секілді демократияшыл 
идеялардың рухын терең сезініп, прогреске ұмтылудың жолын 
ұсынды. Ол әлеуметтік прогреске жетуде еңбек шешуші роль 
атқарады деп білді. Сондықтан еңбек тақырыбына арнайы 
тоқталып, халқын адал да пайдалы еңбек етуге шақырады [8].
М.Ж. Көпеев реалист ақын ретінде өзі өмір сүрген дәуірдің 
ғана бейнесін суреттеп қана қойған жоқ, сонымен бірге 
лирикалық қаһарман образын сомдай білді. Оның 
шығармашылығының өн бойынан туған ел-жұртының адал 
перзенті, халқына еңбек етуден еш жалықпаған ойшыл 
ақынның азаматтық тұлғасы әрі сөз өнерінің қадір-қасиетін 
жете сезінген нұрлы бейнесі айқын көрініп отырады.
Мәшһүр оқу мен ғылым үйрену қажеттігі туралы 
тұжырымдарын өлеңде ғана өрнектеп қойған жоқ, қара сөзбен 
де жазып қалдырды. «Ғылым – адам жанына түндіктен түскен 
Күн мен Ай сәулесі іспетті нұр құятындығын» айта келіп, ойын 
былай қорытындылайды: «Әркім өз жанын тірілтуді керек 
қылса, ғұмырын ғылым-білімге сарып қылсын. Ғылым-білімге 
ғұмырын сарып қылған пенденің жаны тіріліп, сыйлы болады. 
36


Ғылым-білімге ғұмырын сарп қылмаған пенденің жаны өлік 
жан есепті. Өзі өліп жатқан өлікті кім керек қылады».
Ғұлама ғалым тек жазу-сызумен ғана айналысып қана 
қоймай, балаларға дін сабағын үйретіп, дұрыс тәлім-тәрбие 
берумен де айналысқан. «Ғылым-білім» деп аталатын еңбегінде 
ол: «Ақымақтың тізгіні – құлағы. Ғақылдың тізгіні – көңілі. 
Қатықтай қатып, сүттей ұйып жүре береді. Ғақылды не 
нәрсені естісе, естуіне қанағат қылмай, ғақылына салып, 
көңілінің дауалауына тоқтайды», -деп жас ұрпақты рухани 
өсуге шақырады [9].
Мерзімді баспасөз бетінде жарияланған бір мақаласында 
да жазушы сол кездің жаңа бағыттағы оқу үлгісі – «жадитті» 
қуаттайды. Осы үлгіде жазылған кітаптардың кеңінен 
таралуына белсене кіріседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.
2. Сонда, 51 б.
3. Сонда, 58 б.
4. Сонда, 73 б.
5. Сонда, 125 б.
6. Сонда, 142 б.
7. Сонда, 145 б.
8. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – А.: 
Мектеп, 1976. – 267 б.
9. Бөжеев М. Мәшһүр-Жүсіп мұралары хақында. // Жалын. – 
1974. – №3, 127–129 б.
4-дәріс тақырыбы
МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП АУҚЫМЫ, 
ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ
Мақсаты: Ақынның саяси-әлеуметтік, азаматтық 
тақырыптағы мысал өлеңдерінің, сюжеттік туындыларының 
мазмұнын, идеясын танып, тағылымдық жүйесін түсіндіру
Міндеттері:
– жазбагердің өмірнамалық туындыларының әдеби-тарихи 
маңызын ашып көрсету;
– мысал өлеңдерінің діни танымдық мәні мен тәлім-
тәрбиелік маңызын айқындау.
37


Жоспар:
1. »Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзі», 
«Мәшһүр Жүсіптің алпыс сегіз жасында сөйлеген сөзі», 
«Мәшһүр Жүсіптің жетпіс үш жасында сөйлеген сөзі» т.б. 
шығармаларындағы ғұмырнамалық деректер
2. »Шайтанның саудасы», «Жарты нан», «Тырна мен 
қасқыр» т.б. мысал өлеңдеріндегі ғибрат, насихат.
Дәріс мазмұны:
1. »Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзі», 
«Мәшһүр Жүсіптің алпыс сегіз жасында сөйлеген сөзі», 
«Мәшһүр Жүсіптің жетпіс үш жасында сөйлеген сөзі» т.б. 
шығармаларындағы ғұмырнамалық деректер.
Шынында да, М.Ж. Көпеев халқына саяси-әлеуметтік 
бостандықты талап еткен ХХ ғасырдың басындағы алғашқы 
қайраткерлер қатарына жатады. Ол өз шығармалары арқылы 
патша өкіметінің саясатына қарсы наразылық білдірушілердің 
бірі болды. Қылышынан қан тамған патша өкіметінің 
жендеттерінен қаймықпай, қазақ халқының қоғамдық және 
мәдени мүдделеріне сай қажеттіліктерді батыл баяндайды. 
Жазушының негізгі еңбектерінде сол кездегі қазақ елінің 
тұрмыс жайы, патша әкімдерінің қалың бұқараға көрсеткен 
зорлық-зомбылығы, халықтың жер-суынан айрылып, ығыса 
көшуі, 17 октябрьдегі манифест, тағы басқалары сөз болады.
Сонымен қатар, ол қазақ даласының өз еркімен орыс 
патшасының бодандығына өтуін орны толмас қате деп 
есептеді. Және би-болыс, ауылнай сияқты елдің атқамінер 
тобын сынай отырып, осы кесел-кемшіліктердің түп негізін 
қазақ қоғамындағы патша үкіметі орнатқан тәртіптен іздейді.
Түптеп келгенде, Мәшһүр Жүсіптің қайраткерлер, ірі 
ақын-жазушы ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен де осы 
қоғамдық даму мен оның қайшылықтары, ұлт аймақтарын-
дағы езгінің күшеюі, сол кезеңдегі қазақ халқының тағдыры 
т.б. жөніндегі ой түйіндері еді десек те болғандай.
Мәшһүрдің халық пен заман жайында терең толғаған, 
мәнді де маңызды ой қорытқан туындыларының қатарына 
«Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзі», «Ақ қағаз, 
қалам, сия ...», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді» және т.б. 
өлеңдерін жатқызуға болады.
М.Ж. Көпеевтің азаматтық әуендегі шығармаларында 
«Қазақ», «алаш» деген сөздер жиі қолданылады. Ел-жұрты үшін 
38


неге болса да даяр, жаны жаралы, көңілі қаяу патриот-
ақынның олай деуі заңды да. Себебі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет