Ќысќаша µмірбаяны



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата07.03.2023
өлшемі393,22 Kb.
#72321
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
 
 
 
, –
Табылар іздегенге бір қызыл гүл
деп түйіндейді. Яғни халық үшін еңбек еткен, алға ұмтылған 
адам мұратқа жетеді дегенді меңзейді. Болашақтан зор үміт 
күткен ақынның өлеңінде осындай оптимистік сарын бар [7].
Сонымен қатар, романтикалық лирикасында ол қаршыға 
арқылы патша өкіметі ұлықтарының, өлексе жеп тойынған 
жыртқыштардың типін суретттесе, оған қарама-қарсы ұзақ 
түнде атар таңды, қызыл гүлді аңсаған жақсылық жыршысы 
бұлбұлдың бейнесін жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.
2. Сонда, 40 б.
41


3. Сонда, 49 б.
4. Сонда, 56 б.
5. Сонда, 71 б.
6. Сонда, 88 б.
7. Бес ғасыр жырлайды. ІІ том. – А.: Жазушы, 1984. – 254, 336, 
352-бб.
2. »Шайтанның саудасы», «Жарты нан», «Тырна 
мен қасқыр» т.б. мысал өлеңдеріндегі ғибрат, насихат
Мәселен, «Шайтанның саудасы»деген шығармасы соның 
дәлелі.
Жалпы, қазақ поэзиясында мысал жанрының өзіндік даму 
жолдары мен өзгешеліктері бар десек, М.Ж.Көпеев те 
әдебиеттің осы саласының көркеюіне едәуір үлес қосқан 
қаламгер. Оның ақындық творчествосында мысал 
шығармалар да баршылық. Өзінің ойын ишарамен, әрі 
көпшілікке түсінікті жеңіл жеткізуге қолайлы бұл жанрдың 
мүмкіндіктерін ақын ұтымды пайдаланған.
Бұл – ақынның сол кездегі қазақ қауымының жөнсіз әдет-
ғұрыптарын, өрескел қылықтарын, дін иелері мен ұлықтардың 
надандығын, парақорлығы мен әділетсіздігін, зұлымдығы мен 
мейірімсіздігін әшкерелеген көрнекті де көлемді туындысы. 
Ақын ел тағдырына қатысты көптеген ойын ащы сөзбен 
ашына айтады.
Шығарманың мазмұны мынадай: он қашыр, бес есекке 
жүк тиеп базарға шыққан шайтанға кездескен Ғайсаның: «не 
саудамен келесің» деген сұрағына шайтан: «есектерге 
артқаным жала мен өтірік, күншілдік. Озбырлық, мекерлік, 
тәкаппарлық, бұларды байлар, алыпсатарлар, молдалар 
кедейлерге күн көрсетпей жүрген ұлықтар талап әкетеді», [1] – 
деп жауап береді. Әрине, бұл сөздерге Ғайса сенбейді. Бірақ 
шайтанның сөзі шындыққа айналып, тиеп әкелген өсек-
жалалары мен өтіріктерін тез сатып, оңай олжаға батады.
Ал, шайтанның қашырларға артқан жүгі басқаша екен. 
Оны «тамиғ» деп атайды, яғни дәм ету, тілемсектік деген сөз. 
Бір қашарға артқан жүгін шайтан қайыршылар мен сопы-
бірадарларға оңай өткізсе де, қалған тоғыз қашырдағы жүкті 
ешкім алмай дағдарып тұрған кезінде оларға да алушылар 
табылады:
 
 
 
 
 
,
Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті
 
 
 
.
Тоғызы өтпей біраз тентіретті
42




 
 
,
Қожа молда ишандар елді жеген
 
 
 
 
. [2]
Дағдарып тұрған шақта солар жетті
Сонымен, бұл «мүліктерін» өмірі бейнеттеніп мал тауып 
көрмеген ақсақал, қажы, қожа-молдаларға өткізеді.
Ақырында, Ғайса жеңіледі, шайтанның айтқаны дұрысқа 
шығады, адалдықтың, діннің тұтқасы саналатын молдалардың 
барлығы алдымен өтірікті, ұрлықты, алдауды, күншілдікті, 
зұлымдықты сатып алушы болды. Поэманың ақырында 
Мәшһүр Жүсіп мұның бәріне қорытынды жасап: «Заман азды, 
дін бұзылды, адамдардың ішінде адал, әділ жан қалмады, 
шетінен өтірік, ұрлық, зұлымдыққа үйір болып кетті» деп, 
уайымдайды. «Осыларды айтушы дүниеде жалғыз мен ғана, ең 
ақыры өзімнің қатын-балам да азған-адамдардың қатарына 
жазылып кетті», – дейді.
Жазбагер қызғылықты оқиғаны шығармаға арқау етіп, 
одан өзіндік ой-тұжырым жасайды. Мұнда ар мен жан 
тазалығы, әділдік идеясы ерекше сипатқа ие. Жалпы, бұл – 
сюжеті қызық, әрі қоғам кеселдерін әшкерелеген өткір де зілді 
мысқылға толы көркем шығарма.
Ал, «Жарты нан хикаясында» абайсызда айдаһарға душар 
болып, енді содан құтылудың жолын іздеген адамның айла-
қарекеті баяндалады. Суреткер ақын өмірдегі келеңсіз 
көріністерді жалаң тізіп, сырттай жамандаудан аулақ. Ол өз 
ойларын құр баяндап та айта салмай, шынайы образдар 
арқылы ұтымды, әсерлі етіп жеткізуге тырысады.
Мәселен, өлеңде сандықтан шыққан айдаһардың соншама 
алып, үрейлі болуы, өзіне жақсылық жасаған адамды жұтпақ 
болып төнуі бірден оқырманды баурап алады. Өмірде өзге 
түгіл өзіне қолғабыс еткен адамға да опа бермей, қайта оған 
қастық қылуға даяр тұратын адамдар бары еске түседі. Ақын 
белгілі оқиға желісін мысалға ала отырып, өзіндік ой-тұжырым 
жасайды.
М.Ж. Көпеевтің осы жанрға қадам тартып, халыққа 
танымал мотивтерді алуында үлкен мән бар. Мысал жанры 
қазақ халқына да ежелден етене жақын әрі таныс дүние 
болғандықтан ғибрат айтып, дұрыстыққа, жақсылыққа 
шақырудың ең бір оңтайлы амалы. Мұнда әрбір мысалдың 
соңғы шумақтары алдыңғы айтылғаннан шығатын ой-түйіні, 
ақыл-насихат болып бітеді де, қазақтың жалпақ тілімен 
жеткізіледі. Айталық, «Тырна мен қасқыр» деген мысалда 
сүйекке қақалып, өлгелі тұрған жерінен қасқырды құтқарған 
43


тырнаға алғыс айтудың орнына тап беріп, оны жеп қоюға 
даяр болғанын суреттей келіп:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет