Ќысќаша µмірбаяны



Pdf көрінісі
бет12/29
Дата07.03.2023
өлшемі393,22 Kb.
#72321
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
 
 
 
 
,
Көрінбей жөнел шапшаң көзіме енді
 
 
 
 
.
Түсініп айтқан менің сөзіме енді
 
 
 
 
,
Ашығып неше күндей жүрген қасқыр
 
 
 
 
, – [3]
Ұялмас тап теруге өзіңе енді
деп түйіндеді.
Шайыр өз заманындағы озбырлыққа, әділетсіздікке, 
тұрпайылық пен білімсіздікке, надандыққа, жалқаулыққа 
қарсы шыққан күрескер. Оның мақсаты – қоғам өміріндегі 
зиянды, жексұрын қылықтарды әшкерелей отырып, халықты 
солардан жиренуге, адалдыққа, адамгершілікке, өнер-білімге, 
қайырымдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болды. Осы 
мақсатын іске асыруда әр алуан эстетикалық-адамгершілік 
қарым-қатынастарды тұспалдап, көкейге қонымды, түсінікті 
етіп жеткізу үшін ақын айтыс түріндегі мысалдарды шебер 
пайдаланған. Бұған мысал ретінде «Мәшһүр Жүсіптің 
тырнамен айтысы», «Мәшһүр Жүсіптің қарғамен айтысы» 
секілді туындыларын тілге тиек етсек те жеткілікті [4].
М.Ж. Көпеев мысалдарына тән бір ерекшелік – олардың 
сюжеттерінің дені сонау фольклордан бастау алып, әлем 
халықтары әдебиетіне кеңінен тараған ежелгі танымал 
мотивтерден тамыр алуы. Ортақ сюжетке жазыла беретін 
мысал жанрының типологиялық дәстүрін сақтай отырып, 
шайыр өзіндік ақындық қуатпен, стильдік ерекшелікпен 
көрінуге тырысқан. Мәселен, «Қасқыр мен тырна» жайындағы 
мысал И. Крылов пен А. Байтұрсыновта да бар. Бірақ 
А. Байтұрсынов ортақ сюжет желісін шығармасына арқау етіп 
қана қоймай, одан өзіндік пікір түйіп, оны ортаға салса, 
Мәшһүр тырна мен қасқыр арасындағы болған жайды 
жалпылама баяндап қана қойған. Яғни тұжырым жасауды 
оқушының еншісіне қалдырады. Бұны –ақынның өзіне тән 
стиль ерекшелігі десек те болады. «Аңқау адам туралы», 
«Сәйгелді, сона, бөгелек туралы», «Жыл он екі ай» секілді 
мысалдар бұл пікірімізді растай түседі [5].
Бір сөзбен айтқанда, мысалдарының қай-қайсысында 
болсын, Мәшһүрдің халық даналығын нысана ете отырып, 
қызықты сюжетті баяндай келіп, кейіпкерлердің образын 
сомдағанын, адамгершілік пен ізгілікті жоғары бағалайтынын 
айқын аңғарамыз [6].
44


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы ҰҒА Орталық кітапханасының 
қолжазбалар қоры. 1173-папка.
2. Сонда.
3. Сонда.
4. Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы. – А.: Жазушы, 
1971. – 112-б.
5. Мәшһүр-Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және 
бейнелілік. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 1999. – 384 б.
6. Сүтжанов С.Н. Мәшһүр мұрасы. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 
2001. – 104 б.
5-дәріс тақырыбы
М:Ж. КӨПЕЕВТІҢ КӨЛЕМДІ, 
ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫ
Мақсаты: Жазбагердің эпикалық туындыларының 
мазмұнын ашып, негізгі идеясын айту арқылы, оның 
гуманистік түсінігін таныту.
Міндеттері:
– »Гүлшат-Шеризат» дастанының тақырыптық-идеялық 
мазмұнын ашып көрсету;
– »Әдһам диуана мен Ибраһим», «Жер мен көк» қисса-
дастандарының сюжеті мен мотивін түсіндіру
Жоспар:
1. Ғашықтық дастанының тақырыбы мен идеясы
2. Діни қисса-дастандардың сюжеті мен мотиві
Дәріс мазмұны:
1. Ғашықтық дастанының тақырыбы мен идеясы
М.Ж. Көпеев өз тұсындағы ақындар секілді шығыс 
хикаяларымен сарындас шығармалар жазды. Сондай туынды-
лардың бірі – «Гүлшат – Шеризат». Қиссаның тілі мен 
композициялық құрылысына қарағанда, шығыстық сюжетті 
қайталамай, өзінше жаңғыртып, қазақша нұсқасын жасаған. 
Шығармада Бағдат, Шынмашын аттары аталып, оқиға сол 
жақта болып жатқанмен, Мәшһүр түпнұсқаны өзінше өңдеп, 
моральдық, әділдік, ғашықтық жайын сөз етеді. Қиссада 
жаманшылық өкілдері жазасын тартып, әділдік баянды 
45


болғаны түсіндіріледі. Дүниеге сатылып зұлымдық істегендер, 
кісі қанын жүктеген мансапқорлар әшкереленеді.
Қисса:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет