Ќысќаша µмірбаяны



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата07.03.2023
өлшемі393,22 Kb.
#72321
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
 

 

 
,
Бірлік қыл басыңды қос пайдаңды ойла

 

, – [1]
Қазағым қайран халқым бауырларым
деп ет-жүрегі елжіреп, туған халқының тағдыры мен болашағы 
туралы, «ойлай-ойлай басында ми қалмаған» Мәшһүрдің солай 
деуге хұқы бар. Шығыс пен Батыстың озық мәдениетінен 
тәлім-тәрбие алған Мәшһүр өз халқының арманы мен тілегін 
өзге жұрттардың мақсат-мұратынан бөлек қараған жоқ. Өз 
елінің өзге жұрттармен тең құқылы болуын қалаған Мәшһүр 
Жүсіп поэзиясындағы азаматтық үн, қуатты әуен осы бағытта 
айқын бой көрсетеді.
М.Ж. Көпеев шығармашылығындағы бұл сипатты өз 
дәуірінің идеологиясының ықпалынан шыға алмаған бірқатар 
ғалымдар мен әдебиет сыншылары басқаша түсіндірді. 
Ақынның демократтық, ағартушылық бағыттағы ой-пікірлері 
орысқа, Россияға қарсы көзқарас есебінде бағаланды. Іс 
жүзінде ақын жырларында Ресейге емес, патша әкімшілігінің 
озбырлығы мен ел билеу жүйесіндегі әділетсіздікке деген 
қарсылық идеясы кең жырланды. Ол алаш жұртының 
отаршылдық бұғауына шырмалған сорлылық халіне күйініп, 
ұлтжанды от сезімін өлең жолдарымен қызына өрнектейді:
 
 
 
,
Байланып қорыққандықтан жүрді тілім

 

 
.
Қазағым қайран жұртым есіл елім
 

 
 
,
Мұжық кеп қара шекпен крестьян
 
 
 
-
. [2]
Жеріңді қылмады ма тілім тілім
Қайраткер ақын қазақтарды отарлануға мойынсұнған 
құлдық сезімнен айығуға, оянуға, күресуге шақырады. 
Азаматтық, ұлтжандылық сезіммен суарылған жырларында 
Мәшһүр Жүсіп ежелгі түркі тайпалары қоныстанған 
мекендердің жат-жұрттың тепкісіне түскеніне, халқымыздың 
отарлық саясатқа жем болып, ұлттық қасиеттерін жоғалта, 
рухани азып-тозып ұсақтай бастағанына күйінеді:
 

 
 
,
Тауып ал тұман түспей тұстасыңды
 

 
 
.
Жолдас бол сынап алып қостасыңды
 
-
 
,
Баласы дін мұсылман ұрандасып
 
 

 
, – [3]
Қосып кісі санына қос басыңды
39


деп, ақын бүкіл түркі халықтарының тұтастығын, бірлігін 
аңсап, отаршылық бұғауынан құтылу жолын іздейді.
Сөйтіп, шайыр меңіреу күйдегі халқына жаны ашып, оны 
жігерлендіру жолында және мәдениет, өнер-білім өріне 
жетелеуге күш жұмсады. Ұлт тағдырынан жеке басының 
күйігінен артық санап, барлық күш-қайратын, ақыл-ойын 
жұмсап, халқын қалай да іргелі елдер қатарына қосуды арман 
етті. Шайыр енді бірқатар өлеңдерінде басынан кешкен 
жайттарды әңгіме етіп, өзінің өмір туралы толғаныстарын 
ортаға салады. Оның «Мәшһүрдің қырық алты жасында 
сөйлеген сөзі», «Жылым – қой», «Тауық жылы мен үш жаста», 
«Мәшһүр атты қалай алғандығы туралы», «Мәшһүр Жүсіптің 
алпыс сегіз жасында сөйлеген сөзі», «Мәшһүр Жүсіптің жетпіс 
үш жасында сөйлеген сөзі» атты туындылары – өмірнамалық 
шығармалары еді десек те болғандай. Бұдан бүкіл ғұмырын, 
халқының бақыты үшін сарп еткен саналы адамның жан 
азабын, көңіл сырын сезінесіз. Өмір жайлы, жалпы тіршілік 
атаулы туралы ой-түйіндерінен оның даналығы, көрегендігі 
байқалады. Мәселен, «Мәшһүр Жүсіптің алпыс сегіз жасында 
сөйлеген сөзі» өлеңіндегі:
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет