Парахзат көп кешікпей қызды болады.
Алдағы болатын
пәле – жаладан құтқаратын осы деп түсінген әкесі, қызына
арнап, арнайы сарай салдырады.
Мәшһүр Жүсіп әңгіме желісін орманда қалған балаға
бұрады. Жазықсыз
қаза болған анасының қасында, иесіз
жерде жалғыз қалған баланы үштен беске келгенше арыстан
асырап, оны кейін адам қауымына қосады.
Қиссаның келесі эпизоды баланы керуен басы – Қожа
Сағиттың асырап алуынан басталады.
Сағит балаға асыраушысы арыстан болғандықтан
Шеризат деп ат қояды. Ол жасынан ғылымның неше түрін
үйреніп, білімді, ақылды жігіт болып өседі. Керуенге еріп, ел
аралап жолға шығады. Шешесін
өлтірген патшаның еліне
келеді.
Керуеннің Шын – Машынға келуіне орай сюжет желісі
өрістей түседі. Шеризат сарайда сайран салып жатқан сол
патшаның қызы – Гүлшат аруды көреді. Ақын Гүлшаттың сұлу
сымбатын былай суреттейді:
,
Гүлшат сынды каракөз
,
.
Қалам қасты нұрлы жүз
,
Ақ бетіне пар келмес
.
Сарт тоқыған әппақ боз
Достарыңызбен бөлісу: