6. Бөжеев М. Қисса-хикаялар.//Жұлдыз. – 1972. – №2.
2. Діни қисса-дастандардың сюжеті мен мотиві
«Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы шығыстық дәстүр»
деген тақырыпта зерттеу жүргізген Е.Қ. Жүсіпов ақынның бұл
аталған дастан-қиссалары жөнінде былай дейді: Мәшһүр-
Жүсіптің 1889 жылы жазылған «Әдһам диуана мен Ибраһим»
дастанында да патша Ибраһимнің бір түнде Хақ үшін тақ пен
байлықты тәрк етіп, жаяу сапар шегуі бейнеленген. Патша
Ибраһим жапанда ұшырасқан құланның адамша сөйлеп:
«Құдайды ізде!» – сөзін естиді. Артынан түнде төбесінде жүрген
бейсауат адам да сол іспеттес ойды айтқан соң, ол бір түнде
ешкімге айтпастан, тақтан, бар байлықтан безіп, жаяу жолға
шығады. Жолда кездескен бір қойшысы оған аяушылық
білдіріп, ең болмаса түйеге мініп, азық салған қоржын алып
шықпағанын еске салғанда да, ол қайтпай: «Талақ қылып
дүниені безіп кеттім, // Құдайды іздеп тентіреп кезіп кет-
тім», – деп, Аллаға шексіз берілгендік ниетін танытады [2].
1894 жылы жазылған Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының «Жер
мен көк» қиссасында мынадай жолдар бар:
Достарыңызбен бөлісу: