Ќысќаша µмірбаяны



Pdf көрінісі
бет29/29
Дата07.03.2023
өлшемі393,22 Kb.
#72321
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
 
 
 
 
 
,
Арқаның ақ қайыңынан ерімді тоздап келдім
 
 
 
 
 
 
.
Бұ мола кім болды деп қозғап келдім
« – 
 
 
 
 
 
» – 
,
Бір бата кім болса да қылайын
деп
 
 
 
 
. [1]
Жалғызы мен Бөртенің Боздақ келдім
Сонда Ақбала болып қайтарған жауабы:
 
 
 
,
Жалғанның сұмдығынан ақ боламын
 

 

.
Немді айтып өліп қалдым мақтанамын
 
 
 
 
,
Жалғызы сен Бөртенің Боздақ болсаң
 
 
 
. [2]
Жалғызы мен Қырғидың Ақбаламын
Осылайша аңсаған армандарына жете алмаған 
жастардың мұң-налысы, шер-шемені өлең өрнегіне айналған. 
Ақбаланың жауап сөздерінен сол кездегі сүйгеніне қосыла 
алмаған қазақ қыздарының тағдыр-талайы елестейді.
Өлең сөздің қадірін терең түсінетін фольклоршы 
қаламгерлердің сөз сайысының небір үлгісін сұрыптаған. 
«Шөже соқыр мен Балта ақын айтысы», «Ұлбике мен Күдері 
қожа», «Қыз бен жігіттің айтысы» және т.б. бұған толық дәлел.
Бұл айтыстар, М.Ж. Көпеевтің зейінділігі мен зерделілігі
сауаттылығы ақындардың өзіндік ерекшеліктерін, өлең 
жұптаудағы таланты мен тапқырлығын тапжылтпай тап 
басып таразылауымызға мол мүмкіндік береді. Әдебиет 
тарихы үшін мұндай сауатты, тыңғылықты жазылған 
деректердің мән-маңызы айрықша.
Мәшһүр Жүсіп айтыс өлеңдерін қағазға жазумен шектеліп 
қана қоймай, өзі де кезінде сөз сайысына түсуі, оның айтыс 
ақындары творчествосын, жалпы жанр табиғатын терең 
түсінетініне тағы да дәлел бола алады. «Дайыр молдамен 
88


айтысы», «Молдамен айтысы» өзінің қолжазбалар қорында 
сақтаулы.
Сонымен қатар, Мәшһүр айтыс жанрының жаңа түрі – 
жазба айтысқа да үлес қосты. «Ақан сері мен Мәшһүр 
Жүсіптің айтысы» – осындай еңбектің нәтижесі.
Фольклоршының мол мұрасынан халқымыздың тарихына 
байланысты шежірелерді де кездестіреміз. Оның «Қазақ түбі», 
«Қоқан хандарының тарихы», «Абылғазы хан сөйлеген 
шежіреден жазылған сөз», «Бұл қазақ қай уақытта үш жүз 
атанған», «Қыпшақ тарихы», «Шанышқылы Бердіқожа 
тарихы», «Қанжығалы тарихы», «Қаракесек тарихы» деген 
сықылды ру, тайпалардың шығу тарихын сөз еткен 
туындылары өте құнды дүниелер. Және ол өз шежірелерінде 
тек аты ғана таратып қоймай, сол рудың батыр-биіне, ақын-
жырауына қатысты аңыз-әңгіме, өлең-жырларды да қоса 
берген. Жинаушының осы қасиеті жақсы аңғарған академик 
жазушы С.Мұқанов былай дейді: «Мәшһүр шежіресінің өзге 
шежірелерден өзгешелігі, ол әрбір аталарды баяндағанда, сол 
аталардың өз тұсында болған оқиғалар туралы ел аузында 
қалған ертегі-аңыздарды қоса айтады. Сондықтан Мәшһүр 
жазған шежіре оқуға өте қызықты [3].
Халық шежіресі әулет, рулар шежілерінен құралады десек, 
Мәшһүр жинаған ру-тайпалардың шығу-тегінен сыр серткен 
бұл шығармалар төл тарихымызды тану мен талдау үшін баға 
жетпес мұра екені талас тудырмайды. Әрі М.Ж. Көпеевті 
тағлымы мол тарихшы, білімдар этнограф ретінде тануымызға 
толық дәлел болады.
Ауыз әдебиетінің көлемді жанры – батырлар жырларының 
да хатқа түсуі – Мәшһүрдің еңбекқорлығының айғағы. «Ер 
Сайын», «Ер Көкше», «Көрұғлы», «Шора батыр» және т.б. 
жырлар нұсқалары соның арқасында бүгінге жетіп отыр.
Белгілі фольклоршы-ғалым Р.Бердібаев: «Ер Көкше» мен 
«Ер Сайын» жайында да осыны айтуымыз керек. Бұл екі жыр 
да (алғашқысында ертегілік, аңыздық сарын байқала тұрса да) 
эпикалық жинақтаудың нәтижесінде туған. Аракідік тарихтан 
аты белгілі адам есімдері кездесіп отыратынына қарамастан, 
бұлардың мүлде «қайта қорытылып» шыққандығын 
ұмытпауымыз шарт. Сонау елуінші жылдардың бас кезінде 
кейбір белсенділер қазақ эпосын мақсұқтау науқанына тым 
беріліп кетіп, жырдағы Ер Сайынды атышулы Алтын Орда 
ханы Батидың тұлғасы негізінде жасалған бейне деп 
дәлелдемек болғаны да, белгілі. Бұл тарихи қайраткерлер мен 
эпос қаһармандарының арасындағы орасан алшақтықтарды 
89


түсінбеудің салдары болатын. Сондай-ақ «Ер сайында» 
жаулаушы деп «қараламақшы болғандар да ауыз әдебиетін 
типтендіру, көркемдік тәсіл ерекшеліктерін мүлде ескермеген 
еді», – десе, мұның Мәшһүр Жүсіп қағазға түсірген жыр 
нұсқаларына да толық қатысы бар. Шынында, кеңес өкіметі 
үстемдік құрған заманда М.Ж.Көпеевтің ел аузынан жинаған 
әдеби нұсқаларына да таптық идеология тұрғысына қарап, 
«әдеби мұраның таптық мәнін жете ескермеген кездері де жоқ 
емес» деуге тура келді. Сол себепті ол жинаған фольклор 
үлгілерінің небір інжу-маржандары елеусіз-ескерусіз жабулы 
күйі қалды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы ҰҒА Орталық кітапханасының 
қолжазбалар қоры. 1173-папка.
2. Сонда.
3. Сейітжанов З. М.Ж. Көпеев // Қазақ фольклористикасының 
тарихы. – А., 1988. – 353-358 б.б.
4. Жүсіпов Н.Қ. Мәшһүр-Жүсіп және фольклор. – Павлодар, 
1999. – 93 б.
5. Сүтжанов С.Н. Мәшһүр мұрасы. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 
2001. – 104 б.
90


МАЗМҰНЫ
Алғы сөз ..............................................................................3
1-дәріс тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 
шығармашылық ғұмырнамасы .......................................5
2-дәріс тақырыбы: Жазбагер шығармашылығының 
зерттелуі мен жариялануы ............................................15
3-дәріс тақырыбы. Ақын творчествосындағы қоғамдық 
жағдай көрінісі .............................................................24
4-дәріс тақырыбы. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының 
тақырып ауқымы, жанрлық сипаты .............................37
5-дәріс тақырыбы. М:Ж.Көпеевтің көлемді, эпикалық 
шығармаларының негізгі идеясы .................................45
6-дәріс тақырыбы: Қаламгер туындыларының көркемдік 
ерекшеліктері ................................................................51
7-дәріс тақырыбы: М.Ж.Көпеев шығармашылығының 
шығыс-түркі әдебиетімен үндестігі ...............................59
8-дәріс тақырыбы: Мәшһүр-Жүсіптің ауыз әдебиеті 
үлгілерін жинаудағы қызметі ........................................72
9-дәріс тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинап, 
қағазға түсірген аңыз-әңгіме, тарихи жырлар ..............80
91


С.Н. Сүтжанов
Мәшһүртану курсы
Дәрістер жинағы
Басу а ќол ќойылды 
ѓ
06.04.2006.
Гарнитура KZ Bookman Old Style.
Форматы 29,7
×
42 ½. Офсеттiк ќа азы.
ѓ
Кµлемi 4,2 шартты б.т. Таралымы 300 дана.
Тапсырыс № 0106.
Павлодар мемлекеттiк педагогикалыќ институтыныњ
редакциялыќ-баспа бµлiмi
140000, Павлодар ќ., Мир кµшесi, 60
E-mail: rio@ppi.kz
92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет