Ќысќаша µмірбаяны



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата07.03.2023
өлшемі393,22 Kb.
#72321
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
 

 
,
Ер қартайды мал тайды


!
Екеуледі әй ханым
 

 
,
Қатын шайпау ұл тентек


!
Төртеуледі әй ханым
 

 
,
Ат арыды тон тозды
 
 
,
Жұрт билеген жақсыдан
 
 
 
.
Жұртқа қайтқан ит озды

 
!
Алтаулады әй ханым
 

 
,
Етік тозды ұлтан жоқ
 
 
 
.
Қадір білер сұлтан жоқ
 


!
Сегіз болды әй ханым
 

 
,
Ғариптік қатты жан тәтті
 
 


!
Тап он болды әй ханым
77


...Жүрерінде: «Көңілге алғаныңыз бар ма, қалағаныңыз бар 
ма» дегенде, Байдалы:
– Ой, ханым-ай, саған мен тамыр болғалы, қолқа сала 
келді дейсің бе, ханның тері сіңген, тебінгісі тигенін берсең де 
болады, – депті. Ханның қамқа тонын кигізіп, ханның өзі мініп 
жүретұғын жұртқа танымал атын мінгізіп қайтарған екен. 
Байдалы бидің сонда айтқаны:
 
 
,
Өлі аруақты тірілттің
 
 
,
Тірі аруақты күлгіздің
 
,
Жодалының жұрнағы
 
 
,
Асыл ханның ұрпағы
 
.
Екендігін білгіздің
 
 
 
,
Ханнан қалған қамқа тон
 
 
.
Иініме жауып кигіздің
 
 
,
Жазығы хайуан жануар
 
 
,
Сауырсында қалы бар
 
 
,
Ханнан басқа мінбеген
 
. [1]
Керторға мінгіздің
Мәшһүр жинаған мұралардың ішінде шешендік сөздің 
бірнеше түрін табуға болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін 
мысалдар келтірейік:

 

 
,
Оу Шоң биім Шоң биім
 
 
.
Тұғырға қонған сұңқарсың
 
 
,
Суытып мінген тұлпарсың
 
 
,
Судан шыққан сүйріксің
 
 
.
Топтан озған жүйріксің
 
 
,
Би Батпадай бақыттысың
 
,
Сүлеймендей тахыттысың
-
 
,
Дін мұсылман қазаққа
 
 
 
,
Жұрттан озған даңқың бар
 
 
,
Бәйтеректей бүрлі өткен
 
 
 ... – [2]
Пайғамбардай нұрлы өткен
деп, жинаушы шешендік арнаудың бірнешеуін берсе, енді 
бірде шешендік толғаудың біразын «мінсіз сөз» деп 
топтастырған.
 
 
 
 
,
Алыс пенен жуықты жортқан біледі
 
 
 
 
,
Ащы менен тұщыны татқан біледі
 
 
 
Тірліктің қадірін өліп көрде
 
.
жатқан біледі
 
,
Денсаулықтың қадірін
78


 
 
 
.
Ауырып төсек тартқан біледі
 
 
,
Жан тыныштықтың қадірін
 
 
 
.
Толғатып бала тапқан біледі
 
 
,
Сеңсең тонның қадірін
 
 
 
.
Сексенге толған қарт біледі
 
 
,
Сары аттаның қадірін
 
 
 
.
Ел қыдырған сарт біледі
 
 
,
Төс айылдың батқанын
 

 
.
Иесі білмейді ат біледі
 
 
,
Ер жігіттің қадірін
 

 
.
Ағайын білмейді жат біледі
 

Кімнің жақсы жаманын
 
 
. [3]
Жаратушы хақ біледі
Осынау шешендік толғауда өмір жайлы толғақты да 
толымды тұжырымдар, философиялық ой-пікірлер жатқан 
жоқ па?! Бұл да Мәшһүрдің талғам деңгейін, өмірден көрген 
түйгені молдығын дәлелдесе керек. Фольклоршы, сондай-ақ, 
шешендік дауға қатысты айтылған қанатты сөздердің неше 
алуанын жинаған.
М.Ж.Көпеев қағаз бетіне түсіріп, келер ұрпаққа мирас 
қылып қалдырған мол мұраның ішіндегі тарихи аңыз-
әңгімелер – ауыз тұщырлық дүниелер. Олардың көпшілігі – 
Абылай хан мен оның жорықтас батырлары туралы аңыз-
әңгімелер. Бұл туындылардың халқымыздың тарихын танып 
білуіміз үшін де, әдебиет үшін де маңызы өте зор екенін 
дәлелдеудің қажеті шамалы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы ҰҒА Орталық кітапханасының 
қолжазбалар қоры. 1173-папка.
2. Боздағым. Қазақтың жоқтау жырлары. – А., 1990.
3. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990.– 32-б.
4. Сүтжанов С.Н. Мәшһүр мұрасы. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 
2001. – 104 б.
5. Жүсіпов Н. М.Ж. Көпейұлының фольклорлық еңбегі. – 
Павлодар: НПФ «ЭКО», 1999. – 126 б.
9-дәріс тақырыбы
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ЖИНАП, ҚАҒАЗҒА ТҮСІРГЕН 
АҢЫЗ-ӘҢГІМЕ, ТАРИХИ ЖЫРЛАР
79


Мақсаты: Мәшһүр Жүсіп жинаған әдеби мұраның 
өзгешелігін баяндай келіп, қағазға түскен ауыз әдебиеті 
нұсқаларының маңызын ашып көрсету.
Міндеттері:
– Қолжазба қорындағы аңыз-әңгіме, тарихи жырлардың 
жазылу өзгешелігін анықтау;
– Мәшһүр жинаған айтыс, шежіре жанрларының түрлері 
мен ерекшеліктерін бажайлау.
Жоспар:
1. Фольклоршының қағазға түсірген әдеби мұралардың 
жанрлық ерекшеліктері
2. Мәшһүр жинаған фольклорлық нұсқалардың бірі – 
айтыс, шежірелер.
Дәріс мазмұны:
1. Фольклоршының қағазға түсірген әдеби мұралардың 
жанрлық ерекшеліктері
Мәшһүр-Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым 
көпшілігі – аңыз бен әңгімелер. Мұндағы аңыздар: жер-су 
аттарына («Ой түндік белеңде деген қай жерде» т.б.); әулиелер 
(«Шайқы Бұрқы әулие», «Талмас ата әулие», «Болған ана мен 
Белең ата» т.б.); тарихи адамдар («Асан қайғы» т.б.); пайғам-
барлар («Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқа», «Сүлеймен 
пайғамбар мен байғыз», «Нұх пайғамбар мен бір кемпір») т.б. 
болып келеді.
Мәшһүр Жүсіп жинаған әдеби мұралардың бір ерекшелі-
гі – ескі сөздердің табиғи қалпы бұзылмай, бұлжымай жетуі.
Жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күрестің 
басшылары – Абылай хан мен оның үзеңгілес батырлары 
туралы халық аузындағы әңгіме-аңыздар тілдік 
ерекшеліктерімен, қызғылықты оқиғалармен тартымды. 
Мәселен, «Олжабай батырдың» сөз саптасы былай: «Үйден 
шыққалы ұйқы деген неменің қайда кеткенін де білмейді, 
кірпігін қағып, көзін ілген жоқ екен. Түлкі жортпас тумадан, 
ит-құс кезбес қолаттан өтіп, – осы жерде жанды қара жүре 
қаймас-ау дерлік бейтарап жатқан бетбақ далаға шыққан соң, 
бір жерге түсіп, астындағы аунасын деп ер-тоқымын алып, 
құла биенің ноқтасын сыпырып алып, үш жануарды аяғының 
барғанынша оттай берсін деп қоя беріпті. Өзі шалқасынан 
80


түсіп, ұйықтап қата қалыпты. Шырт ұйқыда жатқанында 
жүрегі суылдап, құлағы шуылдап, өне бойы суынып, біреу 
буындырғандай буынып, ет пен терісінің арасы жыбырлап 
тұла бойы шымырлап бара жатқанын сезіп, көзін ашса, сары 
шұбар жылан біресе қойнына кіріп, біресе мойнына оралып 
қойны-қоншын аралап жүргенін көріп, аузын ашып қозғалмай 
жата береді. Аузына кірсе басын қыршып тастайын деп 
ойлайды. Жылан аузына кірмей тамағының астынан жерге 
сырғып түсіп кетті. Басын көтеріп алса, басында бір ақ 
шалмалы қожа отыр екен.
– Үстінде тіккен үйім жоқ, алдымда айдап жүрген қойым 
жоқ. Айдалада ұйықтап жатқан кісінің жасында қақиып, 
қатқанының басын алайын деп отырмысың? – дейді.
– Жоқ, шырағым, мен қожа емеспін. Мен өзіңнің 
бақталайың, қайып-піріңмін. Сені дию-перілер алып кетеміз 
деп он бес жыл аңдып еді. Мен күзетші болып алдырмап едім. 
Сенің сынамақ үшін сары шұбар жылан болып тұла бойыңда 
кездім. Кеудең дәнемеден шімірікпейтін батырдың өзі, 
көкшолақтың көзі екенсің. Аяқ жағың кішкене тітіркенейін 
деді. Артыңнан сен ұстайтын бала туа қоймас. Ешкімнің 
аруағын керек қылма. Жауға шапсаң өз аруағыңды көтеріп, 
«Олжабайлап» шаба бер. Сары шұбар жылан болып, оқ бойы 
алдыңда ұшып отырамын. Өзің түгіл «Олжабай, Олжабай» деп 
атыңды айтқанның алдынан жау беттеп тұра алмай, қаша 
берер деп ғайып болды дейді» [1].
Бұл секілді аңыздардан халықтың қадір тұтқан 
батырларына деген ықылас-пейілі, ерлік істерін аңызға 
айналдыруға қиял қанаттылығы байқалады. Әрине, кейде 
тарихи шындықтың көркем шығармадағы бейнелеумен үйлесе 
бермейтіні де бар. Қанша дегенмен, батырлар образы фольк-
лорлық бейнеге айналып, тым әсірелей суреттеліп, дәріптелген.
Әсіресе, жоңғар шапқыншылығы кезінде халықты азаттық 
күреске бастаған аты аңызға айналған «қазақтан шыққан 
батырлар» деп, Қара керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, 
Шақшақұлы Жәнібек, Шаншарұлы Қазыбек, Уақ Сары-Баян, 
Тарақты Байғазы, Сырым, Бәсентиін Малайсары, Көкжарлы 
Көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа батыр, он сан орда 
жүзге ұран болған Олжабай батыр, оның жиені Жасыбай, 
алтай Жиенәлі батыр, Мамай Жәдігерден шыққан Жауғаш, 
Биғаш, Балта керей Тұрсынбай батыр аталады. Мәшһүрдің 
айтуынша, олар – Абылай заманында жоңғар шонжарларын 
қазақ даласынан ығыстырып, «қара қазан, сары баланың» 
қамы үшін жауға қарсы жан аямай күрескен ерлер. Сол 
81


батырлардың бастарын қосып, бүкіл қазақты қалмақ 
шапқыншылығына қарсы талай жорықтарға бастаған 
әскербасы Абылай ханға қатысты аңыз-әңгімелердің біразы 
Мәшһүр Жүсіптің қолжазбалар қорында жинақталған. Атап 
айтқанда, «Абылай мен қалдан», «Абылай туралы», «Абылай 
ханның бір жорығы», «Абылайдың алғаш көзге түсуі», т.б. Бұл 
туындыларда Абылайдың тапқырлығы, әділдігі, көрегендігі 
дәріптеледі. Мысалы, «Абылай мен Қалдан» атты әңгімеде 
Абылай бір бір жаугершілікте қолға түсіп, қалмақ ханы мұны 
сынайды. Өзінің ақылдылығымен, жүректілігімен қиын 
сындарға төтеп бере білген Абылайға Қалдан-Церен дән риза 
болады. Төпеш сұлуды Абылайға қосып, қолды болған 
адамдарымен қоса, оны еліне қайтарады.
Мұндай аңыз-әңгімелердің өзінде де жазбагер халық ауыз 
мұраларының мән-маңызын жоймаған, қаз-қалпында қағазға 
түсіруге тырысқан.
Енді бір топ аңыз-әңгімелер – Асан қайғының қазақтың ен 
даласын желмаясымен шарлай жүріп айтқан шешендік 
толғаныс-толғаулары. Мәселен, оның Шу, Сайрам, Сыр, 
Қаратау, Есіл, Нұра, Ертіс Баянауыл, т.б. көптеген жер-
суларды табиғат өзгешеліктеріне байланыстыра айтқан сөздері 
қаз-қалпында дерлік, қағазға түскен.
Бұл тектес аңыз-әңгімелердің құндылығы – тарихи кезең 
мен тарихи тұлғалар туралы мәліметтер беруінде, өткен кезең 
шындығын нақты-бейнелі түрде көз алдымызға біршама 
елестете алуында. Сонымен бірге халық тарихы мен әдебиет 
тарихын тірілтуге қажетті әдеби-ғылыми пайымдаулар мен 
байыптаулар жасауға белгілі бір деңгейде мүмкіндіктер 
беруінде.
Қорыта айтқанда, М.Ж. Көпеев халқымыздың ауыз 
әдебиеті нұсқаларын мүмкіндігінше шашпай-төкпей жинауға 
тырысқан. Ол шығын тұрмыс-салт жырларынан бастап, 
көлемді эпикалық туындаларға дейін қағазға тізген.
Өйткені, ол халықтың жан-күйін, түрлі аңыз-ертектерін 
жетік білетін құйма құлақ ақын-жырлаушылардың сарқыны 
бар кезде жинап үлгерген. Мәшһүрдің жинаушы ретіндегі 
еңбегінің құндылығы да осында. Мысал ретінде, оның 
«Желкілдек» ертегісін алайық. Мұнда қарасөздің шұбалаң 
қылығынан қашып, ырғақтылығын молайту, сөйтіп 
интонацияға ден қою басымырақ. Сондықтан бұл нұсқа дәл 
жыр да емес, бастан-аяқ қарасөзге де құрылмаған. Онда 
ырғақты, екпінді, әсерлі сөздерге бейімдеп айту бар. Оқиғаны 
дәл осындай түрде баяндап берушілік ескі жырларда кездесе 
82


бермейді. «Желкілдектің» тілі жөніндегі бұл ерекшелігін мына 
бір үзіндіден көруге болады: «Нарманбеттің екі қызы болған, 
бірінің аты – Күнекей, бірінің аты – Тінікей болған. Екі қыз 
ұйықтағанда түс көрген, таңертең жеңгесіне келеді. Бір 
шапанды жамылады, екеуі бір жеңінен басын шығарады, 
жеңге дейді: «бір түс көрдік, от жағалай іс көрдік, екі де қара 
тең көрдік, сорғалап аққан қан көрдік, жоры жеңге».
Енді бір үзіндіде: «Жылама әкем дейді, оң батаңды бер 
дейді, дүлділіңді бер дейді, семсеріңді бер дейді. Жауға мен 
барайын, бір келгенін бір қырайын, екі келгенін екі қырайын, 
біріне бірін қосайын». Әкесі айтты балаға: «сенің алар жауың 
жоқ. Бойың сенің өскен жоқ, бұғанағың әлі қатқан жоқ, 
балаққа жүнің жеткен жоқ», – дейді.
Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіру қиын емес. Бұдан 
байқалатыны – фольклоршының қағаз бетіне түсірген ауыз 
әдебиеті нұсқаларының халықтық қасиеті кіршіксіз сақталып, 
көркемдік бояу жағынан ажарланып, құлпыра түскен, 
байсалды сөз зергерінің қолынан өткендігі. Бір мысал, 1929 
жылы Ташкентте Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 
құрастыруымен «Түлкі, қасқыр, түйе, арыстан» ертегісі жеке 
кітап болып басылып шықты. Бұл ертегінің басқа да 
нұсқалары бар. Мәшһүр Жүсіп жинап жариялаған нұсқа сөз 
нақышымен ерекше көзге түседі, әсіресе, күлкі қудың барлық 
аярлығы сөзінен көрінеді: «Үш дос (қасқыр, арыстан, түлкі) 
оңаша кеңесіп, түйенің көзін жоюға ұйғарысады. Бірақ, 
әлімжеттік қылып, барып бас салудан ұялып, түйемен 
тілдесуге түлкіні жібереді.
...Түлкі түйенің қасына келіп, солқ-солқ етіп жылай берді.
Сонда түйе маңқиып:
– Түлкішегім, неге жылайсыз? – деп сұрайды.
– Жыламай қайтейін: мына өзге үшеуіміз бір төбе, сен бір 
төбе едің. Көрнектіміз де, көріктіміз де сен едің. Қараңды 
көріп, ішпей мас, жемей тоқ боп жүруші едік, сенен 
айырылып қалсақ, құтымыз қашады-ау, қарынымыз ашады-
ау, деп жылаймын, – дегенде, түйе шошып кетіп:
– Түлкішегім, әлде жаман түс көрдің бе? – депті.
– Тәйірі, түсті айтып тұрғанын! Қылышын сүйретіп қыс 
келеді, түйенің шудасынан қар жауады, оңды-терісі боран 
соғады, шөп қар астында қалады. Мынау үшеуіміз інге кірсек 
те жан сақтаймыз. Сенің құрықтай мойының бар, сырықтай 
сирағың бар, өркешің анау-мынау қораға да сияр емес. Осы 
байғұс жел өтпейтін жабуға сүйеніп, асты құрғақ, жылы 
қорада жатып, жан сақтап жүрген мал еді; үскірік аязда босқа 
83


өліп қалады-ау деп, ішім елжіреп сені қимай жылап тұрмын 
ғой, – дегенде, түйе түлкінің бұл сөзіне қатықтай қатып, сүттей 
ұйып:
– Маған бір ақыл тауып бер, – депті» [2].
Міне, мұндағы бейнелі сөздердің молдығы, ойнақы 
айтылуы – шығарманың қарымды қалам иесінің қолынан 
өткендігін әрі ауызекі сөздің тамаша үлгісі қалпын 
жоймағанын байқатады.
Осы орайда фольклоршы ғалым З.Сейітжанов: «18–19 
ғасырдағы ғалымдардың көпшілігі фольклорды этнография-
лық тұрғыдан қарап жинағаны секілді Мәшһүр Жүсіп те осы 
дәстүрді сақтаған. Тұрмыс-салт өлеңдерін жазып алғанда 
этнографиялық түсініктер беріп, кейбір өлең-жырлардың 
қандай жағдайда айтылғандығы жөнінде ескертпелер жасап 
отырған» – деген орынды пікір айтады. Мәселен, Мәшһүр 
«Беташар» жыры туралы: «Келін күйеудің үйіне келгенде, сәлем 
етіп отырады. Күйеудің туғандары, ағайындары – бәрі 
отырады. Онан соң бір кісі ағаштың басына бір асыл 
бұйымнан шүберек байлап алып тығылып отырып, келіннің 
басындағы бүркенген желегін көтеріп, бетін ашып былайша 
өлең айтады» [3], – деп қысқаша түсініктеме бере келіп, өлең 
жолдарын тізбектейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет