Ќысќаша µмірбаяны



бет2/2
Дата02.02.2023
өлшемі158,5 Kb.
#64682
1   2
Байланысты:
ғылыми жоба

ҚОРЫТЫНДЫ.

Зерттеу жұмысын қорытындылай келгенде, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ірі қаламгер, әрі қайраткер ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен сол кездегі қоғамдық даму мен оның қайшылықтары еді.


Өткен ғасырдың аяғы мен үстіміздегі ғасырдың басындағы қазақ халқының патшалық отарлау саясатына қарсылық білдірген ұлттық ой-сана оянуының бастауында, ел мен жер, болашақ ұрпақ тағдырына жіті көз жібере алған ойшыл да күрескер, көкірек көзі ашық, оқыған қазақ зиялыларының қатарын М.Ж. Көпеев зор түлғасымен толықтырары сөзсіз.
Әрине, Мәшһүр өз халқының даналығынан, Батыс, Шығыс әдебиетінің озық ойлы адамдарынан үлгі алды. Өзінің мол тәжірибесіне, терең парасатына сүйеніп, мағыналы пікірлер түйіндеді, естігенінен, оқығанынан керектігін сұрыптай білді. Ол Ыбырай, Абай негізінен қалаған жазба реалистік дәстүрді ілгері дамытушылардың бірі болды. Мәшһүр Жүсіп терең мағыналы шығармаларында қоғамдық - әлеуметтік өмірдің сол өзі өмір срген дәуірін жан - жақты, түрлі қырынан бейнелей отырып, өзіне тән бояумен өрнектеген.
Төл туындыларында өз кезеңі үшін өзекті мәселелерді көтеруі, атап айтқанда, ел ішіндегі ұнамсыз қылықтарды сынап, би-болыстар мен патша әкімдерінің келеңсіздіктерін әшкерелеп, халықты оянуға, ұлттық мәдениетпен өнерді көтеруге шақыруы парасаттылығын, озық о-көзқарасын байқатады.
Ар, адамгершілікті ту қылып көтерген ақын ағартушылық идеясын жақтады. Ол оқу оқып, білім алу, өнерлі болу – адам жанын тазартады, биік мұраттарға бастайды деген. Және бұл идеяны дінмен байланыстыра уағыздады. Оның ұғымында – құдайды тану адамшылыққа, әділдіке бастау ісіне көмегін тигізеді. Сондықтан оның дүниетанымында діни наным – сенім айрықша орын алды. Оның пәлсапалық ой-толғаныстарға толы шығармаларында адам мен қоғам өміріне, тіршілік-тынысына және өзекті мәселелерге қатысты түсініктемелер берілген. Иә, біз Мәшһүрді тек осы адамдармен ғана шектелді демес едік. Бұхар, Ташкент, Самархан, Түркістан баруы, Нұраны жайлап, Есілді қыстау етуі, Шудан әрлі – берлі өтіп Сырды кезуі, тіпті от - суы жоқ Бетпақ шөлін кезіп, сапар шегуінде нелер адамдармен, жақсы – жайсаңдармен жолдас болмады дерсің? Әттең, осылардың бәрі жайлы жазба дерек болса, табылса ғой!
«Жақсы – жаз, жаман адам – зымыстан қыс,
Жолдас тап, жолдас тап та жолға шыққын, - деуінде қаншама сыр жатыр.
Көп жағдайда біз Мәшһүрді тек ақын, тарихшы, шежіреші, философ деп қана шектеліп жүрміз. Жоқ, Мәшһүр жиһангез – саяхатшы, елдің этнографиялық хал – ахуалына, тұрмыс – тіршілігіне де баса назар аударған. Оның болжағыштығы, дәрігерлігі де басым болған. Қарғысы қара тасты қақ айырса, дұғасы апатқа дауа екен. Міне, осындай қасиеті мол Мәшһүр: «Бар еді жақсылармен жақындығым» - деп, жанына игі жақсыларды үйірілте білсе, «Жаманмен ежелден жоқ мақұлдығым», - деп бойын аулақ салды. Сол үшін де естіп – білген игі адамдарымыз жайлы аз сөз еттік.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жүсіпов Н.Қ. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы. Монография. Павлодар 2003 ж, 246 б.

  2. Сүтжанов С.Н. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің әдеби мұрасы. //филол. Ғыл, канд. Ғылым дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. А., 1994.

  3. Қасқабасав С.А. Қазақтың халық прозасы. А., Ғылым, 1984.

4. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І том.-А. Ғылым, 1990.
5. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. ІІ том.-А. Ғылым, 1992.
6. Шарапиев Т.Ш, Көпеев С.Ш. Ғұлама ғұмыры. – Павлодар: ЭКО, 2007. – 188 бет.
7. Сүтжанов С.Н. Мәшһүртану курсы. – Павлодар: ПМПИ, 2006. – 92 бет
8. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы / Құрастырған: С. Қалиев, К. Аюбай. – Алматы, «Сөздік – Словарь», 2008, - 448 бет
9. Г. Қ. Жүсіпова. Мәшһүртану белестері. Павлодар, «ЭКО» ҒӨФ, 2005 – 303 бет
10. Уәлихан Қалижан. «Мәшһүр Жүсіп» Зерттеу. – Алматы: «Атамұра» 1998 – 28 бет
11. Бес арыс: естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалары. Құрастырған: Д. Әшімханов. – Алматы: «Жалын», 1992 – 544 бет
12. М.Ж.Көпеев. екі томдық. 2 том – Алматы, «Ғалым» 1992 – 224 бет
13. Серік Негимов. Таным мен пайым. – Алматы: «Арыс», 2008 – 240 бет
14. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ шежіресі. Алматы: «Жалын» 1993 – 16 бет
15. Серік Негимов «Өнерпаздың өрнектері» Әдеби мақалалар. – Алматы «Ана тілі», 1996 – 22 бет
16. Дәулет Оспанов «Төрт таған» Алматы: «Қазығұрт» 2011 – 384 бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет