Созылмалы тасымалдаушылар СЭҚБ тіркеуге алынады, су,
тағам, балалар мекемелеріне, яғни эпидемиологиялық қауіп
төндіруі мүмкін жұмыстан босатылады.
Берілу механизміне бағытталған шаралар.Іш сүзегін алдын
алуда ең маңызды санитарлық -гигиеналық шаралар болып
табылады:
1. Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету, су көздерінің
санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін қадағалау, су
құбырлары мен су тарату жүйесінің санитарлық-техникалық
жағдайын қадағалау.
2. Қалдық суларды су қоймасына жіберер алдында тазарту,
залалсыздау.
3. Тұрғылықты жерді уақтылы тазарту, қалдықтарды
уақтылы
шығару, жою, әжетханаларды тазарту.
4. Тағам өнімдерін өңдеу, дайындау, тасымалдау, сақтау, тарату,
қолдану барысында санитарлық қадағалау.
5. Көпшілік тамақтандыру орындары және балалар мекемелерінде
эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуын қадағалау.
6. Жеке бас гигиенасын сақтау.
7. Санитарлық - ағарту жұмыстарын жүргізу.
Қабылдағыш организмге бағытталған шаралардың негізі-активті
иммунизациялау. Ошақта науқаспен қатынаста болған адамдар 21
күн медициналық бақылауға алынады, күнделікті дене қызуын
өлшеу, сыртқы терісін бөртпелерге қарсы тексеру,
бактериологиялық, серологиялық әдістермен тексеру, бактериофаг
беру қажет. Карантин - 21 күн.
Достарыңызбен бөлісу: