сарғаюы дамуы мүмкін - Филлипович симптомы. Ол бауыр
зақымдалғанда каротиннің алмасуы пайда болуының әсерінен
дамиды.
Ағзаның улануы дамыған кезде жүрек-қантамыр жүйенің
зақымдануы міндетті түрде қалыптасады. Іш сүзегіне аса тән
бұзылыстарға салыстырмалы брадикардия, пульстың дикротиясы,
гипотония, миокардиодистрофия, миокардит жатады. Негізігі
патологиялық процесс ас қорыту жүйесінде дамиды. Науқастарда
фулигинозды (сүзектік) тіл симптомы пайда болады. Тіл ісініп,
қалың қоңыр түсті жабындымен жамылып, тістердің іздерімен
сипатталады. Аурудың келесі маңызды нышаны - ол метеоризм -
іштің кебуі. Науқастарда ішектің пареҙі дамығаннан соң дәреті
тоқтап қалуы мүмкін, кейде диарея дамуы мүмкін. Нәжістің сипаты
ащы иісті бұршақ тәрізді сорпаға ұқсайды. Оң жақ илео-цекальды
аймақта іштің аурусезімі, шырылдауы, анықталады, салыстырмалы
перкуссия жүргізгенде оң жақ мықын аймағында перкуторлы
дыбыс тұйықталады (Падалка симптомы). Гепатомегалия және
спленомегалия дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: