Іш сүзегінің Қазақстандағы 2010-2016 жылдар аралығындағы эпидемиологиялық жағдайы және іш сүзегіне жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата16.01.2023
өлшемі1,1 Mb.
#61389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Ділдашова Меруерт 313-топ курстық жұмыс.

Іш сүзегі кезіндегі метиоризм 
Іш сүзегінің маңызды диагностикалық белгілеріне бөртпе жатады. 
Бөртпе мономорфты болады: морфологиялық сипаты - розеола 
(көлемі 2 мм дейін майда дақ). Бөртпенің денеге шығу мерзімі іш 
сүзегі кезінде заңдылықты түрде бактериемия кезеңіне сәйкес 


келеді: аурудың 8-10 күндерінде пайда болады. Бөртпенің 
орналасатын жері - қарынның алдыңғы қабырғасы, кеуде. 
Розеолалардың саны 1-5-10. Бөртпеге тағы да бір тән сипаттамасы 
бар - ол үстемелі феномен: бөртпе денеге біртіндеп шығады. Бұрын 
пайда болған розеолалар жойылып жаңа бөртпелер пайда болады. 
Бөртпені анықтау дәрігердің тәжірибесіне байланысты. Бұл 
бөрпелерді табу үшін аурудың күнін анықтау қажет, тері 
жабындыларын күн сайын тексеріп тұру тиісті. Пайда болған 
розеолалар 1-5күн аралығында із қалдырмай жойылып кетеді. Іш 
сүзегі кезінде тыныс алу мүшелерінің бұзылуы, соңғы жылдары 
сирек кездесіп отыр. Іш сүзегінің типтікжәне атиптікағымы 
ажыратылған. Типтік түрі циклді өтеді. Ал атипті түрі жеке 
мүшелер мен жүйелердің бұзылу нышандарының басымдығымен 
өтетіні белгілі. Аурудың абортивті түрі дамығында ауру типті 
басталып, бірақ көріністері қысқа мерзімді болады, айығу кезеңі тез 
қалыптасады. Аурудың амбулаторлы түрі аурудың жеңіл түріне 
ұқсас болады. Аурудың көмескі түрінде клиникалық белгілер аздап 
біленеді, оған науқастарда көңіл аудармауы мүмкін. 
Бактериотасымалдаушылық кезінде клиникалық көріністер мүлдем 
пайда болмайды. Транзиторлы бактериотасымалдаушылық кезінде 
қоздырғыш кейдесоқ түрде бөлінеді, жедел 
бактериотасымалдаушылық кезінде - қоздырғыш З айға дейін, 
созылмалы бактериотасымалдаушылық кезінде - 6 айға дейін 
бөлінеді. Өте сирек жағдайда қоздырғыш ұзақ уақыт бөлінуі 
мүмкін. Реконвалесценция кезеңі қызбаның жойылуымен және 
мүшелердің барлық қызметтерінің біртіндеп тұрақтануымен 
сипатталған. Кейбір науқастарда ұзақ уақыт бойы әлсіздік, 
шаршағандықтың жоғарылауы сақталмақ. Науқастардың 3-10% 
аурудың қайталануы - рецидиві дамуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет