Негізгі бөлім Іш сүзегінің этиологиясы Қоздырғышы - Salmonella typhi-iшек тұқымдастығына, сальмонелл
тегіне, серологиялық Д тобына қатысты. Морфологиялық жақтан
бір-бірінен ажыратылмайды, оның 0,5-0,8х1,5-3 мкм мөлшеріндегі
таяқша түрі бар. Бактерия барлық анилин бояуларымен боялады,
олар кәдімгі құнарлы ортада өседі. Іш сүзегінің бактериялары L-
формаларын құруы мүмкін, олар сезімталдық және типті
бактериофагтар бойынша бөлінген. Salmonella typhi - грам (-) аэроб.
Лимфотропты қасиетімен сипатталады. Қоздырғыш ыдырағанда
ендотоксин бөлінеді. Эндоксиннің әсері іш сүзегінің клиникалық
және лабораторлық белгілерін түсіндіреді. Олар: айқын
интоксикация, қызба, салыстырмалы брадикардия, ішектің парезі,
метеоризм, лейкопения. Құрамында O-, H-, Vi - антигендері бар. О-
антигеніне қарсы түзілген антиделер аурудың өршу кезеңіне
сәйкес, Н-антигеніне қарсы - аурудың айығу кезеңіне сәйкес, ал Vi-
антигеніне қарсы - бактериотасымалдаушылыққа сәйкес болып
табылады. Қазіргі уақытта латын әріптерімен белгіленген іш сүзегі
бактериясының 72 фаготиптері белгілі.
Өт қосылған коректі орталарда жақсы өседі. Сыртқы ортада сүзек-
парасүзек бактериялары біршама тұрақты. Сумен топырақта олар
бірнеше күннен, бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін. Бактерия
үшін жағымды орта -азық-түлік өнімдері (сүт, қаймақ, ірімшік, ет
фаршы), мұнда олар тек сақталып қоймай, сонбімен бірге көбейеді.
Микробтар қыздырғанда тез жойылады (60°С-30 мин, ал 100°С -
тіптен тез). Дезинфекциялаушы ертінділерге сезімтал.
Инфекция көзі ауру адам немесе ауырып жазылған бацилла бөліп
шығарушылар, кейде сау бацилла тасымалдаушылар. Инфекция су,
азық – түліктер арқылы соларға инфекция түскенде жұғады.
Тасымалдаушылар – шыбындар. Сондықтан іш сүзегі жаз, күз
айларында, әсіресе Орта Азия республикаларында, Қазақстанның
оңтүстік аймақтарында кездеседі.