Мақсаты:жасырынісінулерді анықтау, оның динамикасын және диуретиктердің тиімді қолданылуын анықтау.
Әзірле: сұйықтық және зәрге арналған өлшемді ыдыс, көлемі 3л., 0,5л., су балансын есепке алу журналы, қаламсап, температуралық парақ.
Іс-әрекет алгоритмі: 1.Пациентке сұйықтыққа және зәрге арналған өлшеулі ыдыс беріңіз.
2.Пациентке процедураның мақсаты және барысы жөнінде түсіндіріңіз. Пациент 3 литр көлемді банкаға тәулік бойы зәр жинауы қажет, сонымен қатар ішілген және енгзілген сұйықтықты есепке алып отыруы тиіс.
3.Пациентке су балансын есепке алу парғын толтыруды үйретіңіз.
4.Пациентке таңғы алтыда зәрді унитазға жіберу керектігін түсіндіріңіз.
5.Содан кейінгі зәрді 3 литрлік банкаға ертеңгі күннің таңғы сағат 6 уақытына дейін жинау керектігін түсіндіріңіз.
6.Өлшеулі ыдыстағы зәрдің көлемін анықтаңыз. Бұл тәуліктік диурез болып саналады.
7.Бөлінген зәрдің көлемін есепке алу парағына белгілеңіз.
8.Есеп парағына бөлінген және енген сұйықтықты белгілеңіз.
9.Таңғы сағат 6:00де есеп парағы медбикеге тапсырылады.
Стандарт – 12 Көз күтімі Мақсаты: пациенттің жеке гигиенасын сақтау, ауыр халдегі пациенттің көзіне күтім жасау, дәрілік заттарды тамызу.
Көрсеткіштері:пациенттің ауыр халі, көзде бөліністердің пайда болуы.
Әзірле: стерильді: дәкелі тампондар, лоток, пинцет, мензуркалар, 1:2000 фурациллин ерітіндісі, вазелин майы, қолғап, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, КБУ қорапшасы
Іс-әрекет алгоритмі: 1.Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп, келісімін алу.
2.Пациенттің көзін қарап бағалаңыз.
3.Пациентті Фаулер қалпына келтіріңіз.
4.Қолды жуып кептіріңіз.
5.Бірінші мензуркаға стерильді вазелин майын құйыңыз, екіншісіне фурациллин ерітіндісін құйыңыз.
6.Пинцеттің көмегімен дәкелі тампонды вазелин майына батырыңыз.
7.Тампонды оң қолға алып, бір қабақты сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүртіңіз- іріңді қабықшаларды жұмсату үшін.
8. Құрғақ тампонмен сол бағытта сүртіңіз - жұмсарған қабықшаларды жою мақсатында.
9.Дәкелі тампонды фурациллин ерітіндісіне малып, сол бағытта сүртіп шығыңыз.
10.Қабақты 4-5 қайтара әртүрлі тампонмен өңдеңіз.
11.Екінші көзді де осы әдіспен өңдеңіз.
12.Қолғапты шешіңіз.
13.Қолданылған тампондарды, қолғапты КБУ қорапшасына салыңыз.
14.Пинцетті, мензуркаларды дезинфекциалық ерітіндіге салыңыз.
15.Қолды жуып кептіріңіз.