Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары


Іш сүзегі және парасүзек А және В кезіндегі медбикелік үрдіс



бет2/21
Дата10.12.2023
өлшемі263,8 Kb.
#135727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер

Іш сүзегі және парасүзек А және В кезіндегі медбикелік үрдіс.
Іш сүзегі және парасүзек А және В – бұл эндотоксині арқылы патогенді әсер ететін сальмонеллалармен шақырылатын жедел жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы – salmonella typhi, аэробты, спора түзбейді, талшықтары арқылы жақсы қозғалатын грам-теріс таяқша.
Salmonella typhi-дің ерекшеліктері:
-нейротропты әсер етеді;
-ыдырағанда эндотоксин бөледі;
-3 антигені бар:
О – тек науқастарда кездеседі;
V- тек жазылғандарда кездеседі;
Н – ауырып болғандарда және екпе алғандарда кездеседі.
Эпидемиологиясы.
Инфекция көзі – ауру адам және бактерия тасымалдаушы.
Берілу механизмі – фекальді-оральді.
Берілу жолдары – су (негізгі), тағамдық, тұрмыстық-қатынастық.
Берілу факторлары – су, тағам, тұрмыстық заттар, шыбындар.
Патогенезі. Аурудың дамуы келесі кезеңдермен өтеді:

  • қоздырғыштың ауыз қуысынан, асқазанның қышқылды барьерімен өтіп, ащы ішектің пейер бляшкаларына және сопитарлы фолликуларына еніп көбеюі (бірінші көбею)

  • қанға өтіп, бактеремия токсинемия шақырады

  • паренхиматозды диссеминация (сүзектифозды граниулемалар түзілуі)

  • қоздырғыштың сыртқы ортаға шығуы (нәжіспен, зәрмен, қақырықпен, термен т.б.)

  • өт жолдары арқылы қоздырғыштың ащы ішекке қайталап келуі

  • Аллергиялық реакциялар

  • иммунитет қалыптасуы мен аурудың соңы

  • сауығу

Клиникасы. Инкубациялық кезең – 2апта.
Продромальді кезең 4-5 күн (әлсіздік, температура 37оС – тан 40оС дейін).
Біртіндеп басталады, дене температурасының көтерілуімен, жалпы әлсіздікпен, бас аурумен басталады.
Өршу кезеңінде:
-Тұрақты қызба. Біртіндеп температура көтеріліп, аптаның соңында 39оС-40оС жетіп, 2-3 күн сақталады.
-Розеола бөртпесі. Аурудың 8-10-күні кеуде және іште розеола бөртпесі пайда болады, көп емес, 4-5 күн сақталады, кейде (ауыр жағдайда) – бөртпе петехиальді болады. Жаңадан шыққан бөртпелер барлық қызба кезеңінде байқалады.
-Естің бұзылуы.
-Естудің төмендеуі.
-Құсу.
Асқынулары
1.спецификалық

    • ішектен қан кету (0,5-8,9%)

    • ішек перфорациясы (1,0-8,0%)

    • инфекциялы-токсикалық шок (0,5-0,7%)

2.спецификалық емес

    • пневмония

    • паротит

    • холецистит

    • отит т.б. қабынулар

Диагностикасы:
1.Қанды гемокультураға алу; (Стандарт - 1)
2.Нәжіс, құсық, өтті бактериологиялық зерттеуге алу; (Стандарт - 2)
3 Қанды серологияға алу; (Стандарт – 3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет