|
|
бет | 18/21 | Дата | 10.12.2023 | өлшемі | 263,8 Kb. | | #135727 |
| Байланысты: Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістерСтандарт – 13
«Теріішілік аллергиялық сынаманы жасау ережесі»
Мақсаты: диагностикалық (туберкулез, бруцеллез, эхинококкоз) және т.б.
Жабдықтар: стерильді туберкулинді шприц 1мл, ине -1,5см, стерильді мақталы шарик, диагностикум (аллерген), лоток, резеңке қолғап, маска, милиметрлік сызғыш, 70% спирт, 30% хлорамин ертіндісі.
Орындау алгоритмі:
Науқасқа шараның мақсатын түсіндіру
Науқасты кушеткаға жатқызу
Қолыңызды жуып, кептіріңіз
Қолғап пен маска киіңіз
Диагностикумнің атын, жарамдылық мерзімін, мөлшерін мұқият оқып алыңыз
Ампуланың мойнын екі рет залалсыздандырып, ашыңыз
Пакетті ашып, шприцті жинаңыз
Ампуладан керекті дозаны 0,2-0,3мл алып, инені ауыстырып ауаны шығарасыз
Қақпағын кигізіңіз
Білектің ішкі бетін орта үшінші бөлігін екі рет спиртке малынған мақталы шарикпен бір бағытта үстінен астына сүртіңіз
Сол қолдың саусағымен иньекция орнын сырт жағынан ұстаңыз
Шприцті инесімен кесігін жоғары қаратып оң қолыңызға алып (сұқ саусақ иненің канюлясында, қалғаны цилиндрінде тұрады)
Инені тері бетіне параллель ұстаңыз (5о бұрышта), теріге иненің кесігін жоғары қаратып иненің ұшы теріден көрінетіндей тереңдікте саламыз
Оң қолды сол қолдың екінші және үшінші саусағымен цилиндрді, бірінші саусақпен поршеньді басып, 0,1мл диагностикумды енгіземіз
Дұрыс енгізгенде иньекция орнында папула («лимон қабығы» секілді тығыз түйіршек) түзіледі
Еккен орнынды мақталы шарикпен баспай инені аласыз
Қолданылған шприц пен инені, мақталы шарикті дез ертіндіге саласыз
Қолды жуып, кептіресіз
Науқасқа еккен орынға 48сағ ішінде су тигезбеу керек екенін түсіндіріңіз
Реакция нәтижесін 24 немесе 48 сағаттан соң пайда болған гиперемия мен ісікті көлденең және тігінен милиметрлі сызғышпен өлшеу арқылы оқиды
Реакция нәтижесі науқаснамаға немесе температура парағына жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|