Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары



бет7/21
Дата10.12.2023
өлшемі263,8 Kb.
#135727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Асқынуы:
«Ішектік» асқынулар:
-ішекішілік қан кетулер;
-перфорация, прапроктит дамуы;
-ішек флегмонасы;
-перитонит;
-тоқ ішектің тыртықты стенозы
Ішектік емес асқынулар:
-бронхопневмония;
-пиелит және пиелонефрит;
-бауырдың пиелофлебитикалық абсцесс;
-ішек қабырғасының гангренасы;
-созылмалы артрит.
Диагностикасы. Клиникалық негізге эпидемиологиялық негізге арнайы зертханалық негіздерге негізделген.
Арнайы диагностикалық әдістер:

  1. бактериологиялық зерттеу (нәжістің, құсық массанының) (Стандарт - 2)

  2. серологиялық реакция (РНГА) (Стандарт - 3)

  3. аллергиялық сынама (Стандарт - 13)

Арнайы емес әдістер:

  1. капрограмма

  2. ректороманоскопия

Медбикелік күтімнің ерекшелігі:
1.Барлық клиникалық көріністер кезінде, көбіне 3 күннен аспайтын уақытта төсектік тәртіптің сақталуын қадағалау.
2.Диарея мен құсу кезеңінде шығарған сұйықтықты есепке алып, максималды қолайлылықты қамтамасыз ету. (әр 2-4 сағ сайын қадағалау)
3. Науқастың аурудың өршу кезеңінде диетаның сақталуын қамтамасыз ету. Певзнер бойынша №4 стол,жағдайы жақсарғанда ішек дисфункциясы азайғанда №2 столға, кейін жалпы №15 столға ауыстырады.
4.Науқастардың дәрілерді қабылдауын қамтамасыз ету (медбикенің қатысуымен).
5.Пероральді глюкоза-тұзды ертіндіні (цитроглюкосолан, глюкосолан, регидрон, оралит) енгізуді қамтамасыз ету. 1-1,5 қасық/сағ аздан ішке қабылдау 2-3 сағ ішінде және ары қарай сұйықтықты жоғалтуда емдеу үрдісінде беріледі. (2-4 сағ сайын қадағалау). Бала ішуден бас тартса, клизма түрінде сұйықтық беріледі.
6. Жиі нәжіс және тенезм кезінде 3 жасқа дейінгі балаларды горшокқа отырғызуға болмайды, себебі тік ішек шығып кетуі мүмкін. Тенезмді азайту үшін жылы ванналар немесе дәрілік шамдар қолданады.
7.Тері күтімі.
8. Күнделікті медбикелік тексерулер, науқастың пациенттің мәселелерін анықтау және тәуелсіз медбикелік араласулар арқылы оларды шешу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет