Медбикелік күтімнің ерекшеліктері: 1 Барлық клиникалық көріністер кезінде, көбіне 3 күннен аспайтын уақытта төсектік тәртіптің сақталуын қадағалау.
2.Диарея мен құсу кезінде науқасқа максималды қолайлылықты «тырысқақтық» төсекте шығатын және енетін сұйықтықты есепке ала отырып қамтамасыз ету. (әр 2 сағат сайын)
3.Пероральді немесе назогастральді зонд арқылы сұйықтықты беруді қамтамасыз ету. Алдын ала тұзды ертінділерді және глюкозаны дайындап қою керек. (Стандарт - 14)
4.Айқын сусызданумен жатқан науқасқа көктамырға хлосоль, квартасоль немесе трисоль ертінділерін ағызып құюды қамтамасыз ету, (алғашқы 2 л) 100-200 мл минутына, кейін жылдамдығы ақырындап азайтылады. Құймас бұрын ертінділерді 38-40о дейін жылытылады.
5. Науқастың денесін және аяқ-қолдарын грелкамен жылыту. (Стандарт -15)
6.Науқастың медбикенің қатысуымен дәрілерді қабылдауын қадағалау.
7.Реконвалесценция кезеңінде науқастың құрамында калий тұздары бар тағамды (өрік, томат, картоп) жүрек жұмысын және тамыр қабырғасын күшейту үшін қабылдауын қамтамасыз ету.
8. Күнделікті медбикелік тексерулер, науқастың пациенттің мәселелерін анықтау және тәуелсіз медбикелік араласулар арқылы оларды шешу.
Стандарт - 1 «Гемокультураға қанды алу және себу техникасы» Мақсаты: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау және оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау. Түсініксіз қызбаның себебін нақтылау.
Көрсеткіші:5 күннен артық қызбасы бар белгісіз диагнозды пациент; іш сүзегі, паратиф А және В, сальмонеллез, лептоспироз және т.б. науқастар.
Алу шарттары: антибиотикпен емдеуге дейінгі аурудың алғашқы күндері; пациент антибактериалды препараттарды қабылдаған жағдайда атын, мөлшерін, қабылдау ұзақтығын көрсету керек.
Жабдықтар: қорек ортасы бар стерильді флакондар (Раппорт ортасы және т.б.), 20мл стерильді шприц инесімен, лоток, мақталы шариктер мен пинцет, 70% спирт, спиртовка, сіріңке, жгут, жастықша, сүлгі, дез.ертіндісі бар ыдыс, резеңке қолғаптар, маска, халат, жолдама бланкі.