Қышқылдық-негіздік титрлеу. H2C2O4


Сабақ беру және үйрету әдістері



бет2/4
Дата13.04.2023
өлшемі38,74 Kb.
#82096
1   2   3   4
Сабақ беру және үйрету әдістері:

Тақырып бойынша тапсырма
1. Берілген сұрақтар бойынша жауап дайындау;
2. Оқытушының нұсқауы бойынша есепетер шығару
Қашықтықтан оқытуда(ҚО): зертханалық сабақтарда dis.kaznmu.kz (Moodle) және/немесе Google Classroom платформаларында жүргізу қарастырылған(студенттерге жеке тапсырмалар, презентациялар және с.с.), видеоконференциялар Zoom, Hangouts және т.б. платформаларында жүргізіледі, видеотәжірибелерді көру және талқылау.


Қышқылдық –негіздік титрлеу әдісі
1 жұмыс. Қымыздық қышқылының H2C2O4∙2H2O стандартты ерітіндісін дайындау.
Жұмыстың мәні: Өлшеуіш колбада қымыздық қышқылының өлшендiсiнiң нақты массасынан эквивалентінің молярлық концентрациясы 0,1 моль/л стандартты ерітіндісін дайындау және дайындалған ерітіндінің титрін, эквивалентінің молярлық концентрациясын есептеу.
Реакция теңдеуі: H2C2O4 + 2KOH = K2C2O4 + 2H2O
Теңдеуден қышқылдың эквиваленттік факторы және эквиваленттің молярлық массасы:
Тапсырма: Көлемі 100 мл эквивалентінің молярлық концентрациясы 0,1 моль/л қымыздық қышқылы ерітіндісін дайындау.
Өлшендiнiң нақты массасын есептеу:

Есептелген өлшендiнiң аналитикалық таразыда нақты массасын өлшеу:
Бос бюкстің массасы __________________________
Өлшенді салынған бюкстің массасы _____________
Өлшендінің массасы __________________________ апрак.
Қымыздық қышқылының Т және СЭмәндерін есептеу

К - түзету коэффициенті.
Жұмысты орындау: Өлшеу колбасының көлеміне байланысты бірінші стандарттық заттың есептелген массасын оқытушыға тексерту керек. Бос бюксті және алуға қажетті стандарттық зат өлшендiсiнiң нақты массасын техникалық таразыда содан соң аналитикалық таразыда өлшейді. Аналитикалық таразыда өлшеу нәтижесін лабораториялық журналға жазады. Өлшеп алынған нақты өлшендi массасын құйғыш арқылы өлшеуіш колбаға аударады да, бюксті бірнеше рет айдалған сумен шайқап өлшеуіш колбасына құяды. Құйғышты да сумен дұрыстап жуады. Өлшеуіш колбасы көлемінің 2/3 деңгейіне дейін су құйып, қосылыс толық ерігенше шайқап араластырады. Содан соң өлшеуіш колбаның белгісіне дейін айдалған су қосып араластырады.
Көңіл аудару Өлшеуіш колбаға судың соңғы көлемдерін белгіге дейін жеткізу үшін тамшуырмен тамшылатып қосады. Даярланған ерітіндінің Т мен Сэ есептейді.
Ескерту Сода (Na2CO3) мен қымыздық қышқылын (H2C2O4∙2H2O) салқын айдалған суда, ал бураны (Na2В4О7∙10H2O) ыстық суда ерітеді. Ыстық ерітіндіні бөлме температурасына дейін салқындатып, содан соң өлшеуіш колбадағы ерітіндіні сумен белгісіне дейін жеткізеді.

2 жұмыс.Калий гидроксиді ерітіндісінің титрін және эквивалентінің молярлық концентрациясын стандартты қымыздық қышқылы ерітіндісімен анықтау.


Жұмыстың мәні: Калий гидроксиді ерітіндісімен бірінші стандарт ерітіндісі қымыздық қышқылын титрлеу арқылы сілті ерітіндісінің титрін және эквивалентінің молярлық концентрациясын анықтайды.
Реакция теңдеуі: H2C2O4 + 2KOH = K2C2O4 + 2H2O
Титрлеу реті:Колбада − қымыздық қышқылы ерітіндісі
Бюреткада − калий гидроксиді ерітіндісі
Индикатор − фенолфталеин
Титрлеу нәтижесінде алынған мәліметтер кестеге жазылады.



V (H2C2O4), мл

V (KOH), мл

Индикатор

1
2
3
Орт.







1-2 тамшы фенолфталеин,


түссізден күлгін түске өзгереді

Алынған нәтиже бойынша есептеулер:

I тәсіл:


II тәсіл:

Жұмысты орындау:
1. Даярланған стандартты қымыздық қышқылы ерітіндісінен тамшуырмен 10,00 мл-ден титрлеу колбасына аликвот өлшеп алады. Ерітіндіні өлшеуден бұрын таза тамшуырды алдымен айдалған сумен, содан соң қымыздық қышқылы ерітіндісімен шайып алады.
2. Бюреткаға даярланған калий гидроксиді KOH ерітіндісін құйғыш арқылы құйып, ауасын шығарып, ерітінді деңгейін «нольге» әкеледі. Бюретка KOH ерітіндісімен шайылған болу керек.
3. Титрлеу колбасындағы ерітіндіге 1-2 тамшы индикатор қосып, араластыра отырып бюреткадан сілті ерітіндісімен эквиваленттік нүктеге дейін баяу титрлейді.
4. Индикатордың түсі KOH ерітіндісінің бір тамшысынан өзгеруі тиіс. Титрлеуге жұмсалған титранттың көлемін бюреткадан үтірден кейін екі санға дейінгі дәлдікпен таблицаға жазып алады.
5. Титрлеудің үш нәтижесінің айырымы бір-бірінен 0,1 мл-ден аспауы қажет. Айырым одан көп болса, онда титрлеуді қайталайды. Үш титрлеу нәтижесінің орташа көлемін есептейді
6. Екі тәсілмен калий гидроксидінің титрін және эквивалентінің молярлық концентрациясын есептегенде олардың мәні бір-біріне тең болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет