“Ішкі аурулар” кафедрасы “Ішкі аурулар” пәні


Түйінді периартерит (Куссмауль-Майер ауруы)



бет7/11
Дата16.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#140191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Түйінді периартерит (Куссмауль-Майер ауруы):

  •  Сегментті түрде ұсақ және орта калибрлі артерияларды зақымдайтын некроздаушы васкулит. Кейде панартерит деп те атауға болады, себебі тамыр қабырғасын түгелдей зақымдайды. Клиникалық көріністері ретінде қызба, жалпы әлсіздік, арықтау, тері зақымданулары, бұлшықет-буын синдромы, кардиоваскулярлық синдром, бүйрек зақымдануы, асқорыту зақымданулары, өкпенің зақымданулары, нерв жүйесінің зақымданулары, эндокриндік жүйе зақымдануларымен корінеді.

Түйінді периартериттің диагностикалық критерилері:

  • Аяқ қолдарда, денеде тармақтанған тамыр өрнектернің пайда болуы.
  • Иық белдемесі және бел аймағының бұлшықетінен тыс бұлшықеттердің тұтас ауырсынуын немесе тек аяқ бұлшықетінің ауырсынуы және әлсізденуі.
  • 4 кг-нан аса салмақ жоғалту: Аурудың басталуынан, тамақтануға байланыссыз салмақ жоғалту;
  • Мононеврит немесе полинейропатия: Осыған сәйкес неврологиялық көріністердің болуы;
  • Ұсақ және орта калибрлі артериялардың биопсиясы: Морфологиялық зерттеуде тамыр қабырғасының мононуклеарлық инфильтрациясы
  • Диастолалық қысым 90 мм.сб. жоғарылауы: Артериялық қысымның биіктеуі;
  • Қанда креатинин, мочевина деңгейінің жоғарылау: Мочевинаның 14.4 ммол/л ден жоғары, кратининнің 133 ммоль/л ден жоғары биіктеуі (дегидратациядан немесе несеп жолдары обструкциясынан болады)
  • Ангиографиялық өзгерістер: Висцеральдық артериялардың бойында аневризмалардың, окклюзияларының табылуы (егер бұл өзгерістер атеросклероздан, фибромускулярлық дисплазиядан т.б.аурулардан болмаса.

Түйінді периартериит емі

  • Негізгі дәрмектері глюкокортикоидтар мен цитостатиктер. Глюкокортикоидтардан негізгі қолданылатыны преднизолон (тәул.60-100мг) және метипред. Висцериттер және шеттік невриттер болғанда емге цитостатиктерді қосады. Бұл жағдайларды цитостатиктер үлкен дозада азатиоприн 2-3мг/кг, циклофосфан 1.5-2 мг/кг 1-2 көлемінде беріледі. Бұл кезде:
  • Плазмоферез жасалынады.
  • Гиперкоагуляциямен күресу мақсатымен гепаринді 5000 Б күніне 4 реттен 30-45 күн енгізеді және антиагреганттарды қолданады. Қажеттілігіне қарай осылармен бірге гипотензиялық дәрмектер, жүрек гликозиттері, холинолитиктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет