Алғашқы 1-2 күннің аяғында бөртпе элементтері бозарады және қанталаудың кері дамуының барлық сатыларынан өтеді, бөртпелер басылып, орнында дақ қалады, оның ұзақ уақытқа дейін сақталуы мүмкін. Тері зақымдануының бірден бір ерекшелігі бөртпенің толқын тәрізді шығып отыруы тән, яғни бұрынғы элементтер қатарында жаңалары пайда болады.
Буындық синдром 5 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Патологиялық процеске ірі буындар – тізе, тілерсек, табан, шынтақ, кәржілік, білезік ұшырайды. Буындар ісінеді, қызарады, қимылы шектеледі. Пайда болған өзгерістер тез арада із қалдырмайды.
Абдоминалды синдромда - іштің кенеттен нақты орны жоқ ұстама тәрізді ауруы байқалады. Ауыр жағдайларда құсады, қан араласқан болуы мүмкін, үлкен дәреті шырыш араласқан немесе қап-қара, қанды болады. Ішек инвагинациясы, перфорация, перитонитпен асқынуы мүмкін.
Геморрагиялық васкулиттің ауырлық дәрежесін және оның ақырын болжайтын бірден-бір негізгі белгілерінің бірі патологиялық процеске бүйректің ұшырауы болып табылады. Бүйрек синдромының жетілу дәрежесі әр түрлі, зәрде белоктың және эритроциттің пайда болуымен сипатталады.
Іштің ауруы: Іштің тұтас ауыруы, тамақ ішкеннен кейін күшейетін және іштің қанмен өтуі;
Биопсия:гранулоциттер зақымдалуы,гистологиялық өзгерістер,артериолар мен венулаларда гоанулиоциттердің инфилтрациясы болуы.
Диагностикасы, ажырату диагнозы. Геморрагиялық васкулит ол ұсақ қантамырларды (капиллярларды,венулаларды,артериолаларды) зақымдайтын IgA иммундыкомплекстік васкулит. Диагностикасы оның классикалық көріністеріне негізделеді: - симметриялы орналасатын сипағанда қолға білінетін пурпура; - буындық синдром (полиартралгия,өтпелі полиартрит), - абдоминальдік синдром ( іштің ауыруы,қанмен құсу,іштің қанмен өтуі), Лабораториялық мәліметтер (микрогематурия,протеинурия,ЭТЖ жоғарылауы,қанда IgA және ФВ Аг жоғары деңгейі,қанның тамыріші шашыранқы ұю синдромның белгілері болуы) Гем васкулитті анықтау үшін ең маңыздысы тері биопсиясын жасау. Биоптатты жана пайда болған геморрагиялық дақтардан алады.