Асқорыту ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Қарау.Диагностикалық маңызы.
Ауру тарихы (anamnesis morbi)
Ауру тарихын сұрастырғанда аурудың қалай және қандай симптомдармен басталғандығын сұрастыру керек. Бұрын соңды дәрігерге қаралды ма, қандай тексеру тәсілдері жүргізілді, тағайындалды, емнің нәтижесі қандай . Аурудың ағымы жөнінде, өршуі жөнінде және амбулаторлық немесе стационарлық ем қабылданды ма соны сұрастыру керек. Аурудың уақытын , сипатын және жағдайының қашан нашарлағанын анықтау қажет.
Науқастың өмір тарихы (anamnesis vitae)
Асқазан , ішек жолдарының ауруында дұрыс тамақтанбау , ащы тағамдарды жиі тұтыну , ыстық тағамдарды, шылым мен ішімдікті тұтыну маңызды орын алады. Кәсібіне байланысты профессионалдық зиянкестерді анықтау қажет(жиі болатын стресс, өндірістегі токсикалық заттармен жанасу, мысалы металл шаңын жұту. Тұқым қуалаушылығында бейімдеушілігі бар адамдарда жиі стресстің болуы, шылым шегу, асқазан ойық жарасының дамуының жиі себептеріне жатады. Сондықтанда науқастың тұқымқкалаушылық ауруын мұқият сұрау керек.
Бірақ бұл генетикалық дефектінің көрініс беруіне қоршаған орталық жоғарыда көрсетілген факторлары себеп болады.Сонымен қатар кейбір дәрі дәрмектерді ұзақ мезгіл қабылдау ас қорыту жүйесінің көптеген ауруларына алып келеді. Атап айтатын болсақ, қабылдауға қарсы стероидтық емес препараттар, антибиотиктер және басқада дәрі-дәрмектер.
Ішті қарау
Ең алдымен құрсақ аймағын қарау керек. Эпигастральды,мезогастральды және гипогастральды іш аймағын анықтайды. Эпигастральды аймақты оң жақ қабырға асты аймақты, эпигастральды аймақтың өзін және сол қабырға астын анықтайды .
Мезогастральды аймақты оң және сол жақ фланкқа қарсы және кіндік аймағына бөледі.Гипогастральды аймақта оң және сол жақ мықын аймағына және қасаға үсті аймағына бөледі.
Науқасты қарау арқасымен жатқызып, жүргізіледі және міндетті түрде вертикалды қалыпқа келтіреді. Іштің формасын және оның биіктігін анықтайды. Дені сау адамдарда конститутциясына байланысты іштің формасы әр түрлі болады.Қалыпты жағдайда іші шығыңқы екі жақта симметриялық, кіндігі кіріңкі, қабырға доғалары сәл байқалады.Іштің кіріп кетуі, құрсақ бетінің тонусының жоғарылауымен, арықтаудан болады.Іш көлемінің үлкеюі 4 түрлі себептермен байланысты:
1) Семіздік кезіндегі тері асты май клетчаткасының шамадан тыс дамуы
2) Іштің үлкеюі (керілуі) –метеоризм
3) Құрсақ қуысында сұйықтықтың жиналуы (асцит)
4) Жүктілік