Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің
адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина
қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын
орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін
қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен
және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасына, тән
және жан тазалығын қарастырады.
Медициналық этиканың
құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа
ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды
(грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология
термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен
ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны
адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы
ретінде ауызға алған.
Этиканың маңызы тәжірибелік қызметтегі, ғы-лыми
жұмыстардағы адамдар арасындағы қатынас-тың
нормаларын суреттеуде қолданылады. «Кәсіп-тік этика»
түсінігі кең қолданылады. Сондықтан мамандық
көзқарасына
дәстүрлер, идеялар, тәжі-рибелер
жиынтығы болады. Дәрігерлік және мей-ірбикелік
этика туралы түсінік, ғылыми медици-налық зерттеулер
туралы этика планетамыздағы медициналық қызметтің
барлық тарихына кіретін принцптерді құрайды.
Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері. Субьективті тексеру әдістері. Сұрастыру. Сұрастырудың маңызы.
Науқас дәрігерге жүгінген кезде клиникалық тексеру әрқашан жалпы қабылдаған әдіс бойынша жүргізіледі,бұл патологиялық негізгі аспектілерін анықтауға мүмкіндік береді. Клиникалық тексеруге мыналар жатады:Науқаспен сұхбат,көрнекі тексеру,пальпация,аспаптық тексеру.
науқасты субъективті тексеру әдісі — науқасты клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Алдымен науқастың жалпы мәліметтерін сұрастырады (фамилия, аты, әкесінің аты, жасы). Науқастың мамандығын білу аурудың себебін анықтауға көмектесуі ықтимал. Науқасты сұрастыру: шағымдарынан, аурудың басталу тарихы, науқастың өмір тарихынан тұрады. Науқастың шағымдарын сұрастыру.
Ең басында негізгі немесе басты шағымдарды мұқиат сұрастырады. Мысалы, төс асты ауырсынуында оның локализациясын, интенсивтілігін, пайда болу уақытан және ауырсынудың әртүрлі жағдайларға қатысты пайда болуы (физикалық күштеме, жөтел, әртүрлі тағамдарды қабылдау т. с. с.). Ауырсыну немен басталатыны анықталады.
Науқастың негізгі шағымдарын, аурудың алғашқы белгілерін оқып білу, аурудың алғашқы белгілерін анықтауға көмектеседі. Физикалық күштемеден кейін пайда болатын жүрек аймағының ауырсынуына шағымданып, ауырсыну сол қолға беріледі, мұндай шағымдар стенокардияға тән. Тамақтанғаннан кейін 1-2 сағат ішінде немесе түнде, ашқарынға асқазан ауырсынуында он екі елі ішектің ойық жарасына күмәндануға болады.
Содан кейін жалпы шағымдарға көшеді. Мысалыға, өкпенің қабынуында науқас әлсіздікке, жоғарғы температураға, ауырсынуға, жөтелге сол сияқты шағымдарға шағымданады. Сонымен қатар барлық органдарға қатысты сұрақтарды қойып, шағымдарды терең анықтау қажет. Науқастың түнгі ұйқысын, асқа тәбетін сұрастырып, жүйке жүйесінің жағдайын анықтау керек.
науқасты тексеру әдістері — белгілі бір ауруды танып білу үшін, аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін және ағзадағы өзгерістерін анықттау үшін қолданылатын клиникалық зерттеу әдістері.
Аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін клиникалық зерттеу әдістері қолданылады. Олар науқасты сұрастырудан басталып, дене температурасын өлшеп және одан да күрделі зерттеулер, яғни микроскоппен қанның формалық элементтерін анықтап, ағзаның сұйықтықтарын химиялық зерттеулер, рентген сәулелерімен сәулелендіру және т. б.. жүргізіледі.
Сау адамдарда жағымсыз симптомдар болмайды. Ауырсыну, жүрек айну, құсу, дене температурасының көтерілуі, көк бауырдың ұлғаюы белгілі бір сырқаттың көрінісі немесе симптомы болып табылады. Бір симптом мысалы, дене температурасының көтерілуі ағзаның барлығында өзгеріс болып жатқанын, ал іш өту белгілі бір мүшенің қызметінің бұзылғанын, сонымен қатар үлкейген тығыз бауыр мүшенің құрылысының өзгерісін білдіреді. Ауырсынуды және жүрек айнуды сезіну субъективті симптомдарға жатады, олар науқастың ағзасының объективті өзгерістердің нәтижесі болып табылады.
Науқастың шағымдарын сұрастыру
Ең басында негізгі немесе басты шағымдарды мұқиат сұрастырады. Мысалы, төс асты ауырсынуында оның локализациясын, интенсивтілігін, пайда болу уақытан және ауырсынудың әртүрлі жағдайларға қатысты пайда болуы (физикалық күштеме, жөтел, әртүрлі тағамдарды қабылдау т. с. с.). Ауырсыну немен басталатыны анықталады.
Науқастың негізгі шағымдарын, аурудың алғашқы белгілерін оқып білу, аурудың алғашқы белгілерін анықтауға көмектеседі. Физикалық күштемеден кейін пайда болатын жүрек аймағының ауырсынуына шағымданып, ауырсыну сол қолға беріледі, мұндай шағымдар стенокардияға тән. Тамақтанғаннан кейін 1-2 сағат ішінде немесе түнде, ашқарынға асқазан ауырсынуында он екі елі ішектің ойық жарасына күмәндануға болады.
Содан кейін жалпы шағымдарға көшеді. Мысалыға, өкпенің қабынуында науқас әлсіздікке, жоғарғы температураға, ауырсынуға, жөтелге сол сияқты шағымдарға шағымданады. Сонымен қатар барлық органдарға қатысты сұрақтарды қойып, шағымдарды терең анықтау қажет. Науқастың түнгі ұйқысын, асқа тәбетін сұрастырып, жүйке жүйесінің жағдайын анықтау керек.
Сұрастырудың манызы: Сұрастырудың манызы өте үлкен болады.Себебі сұрастыру болжам диагноз қою үшін өте маңызды.Яғниқандай зерттеу әдісін қолдану керектігін көп жайдайда сұрастыру арқылы білеміз.