Ішкі аурулар пропедевтикасында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру, оның мақсаты, даму кезеңдері, мейірбикенің науқасты тексерудегі рөлі. Гиппократ мектебі – клиникалық медицинаның негізін қалаушысы


Бүйрек пен зәр шығару жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Пальпация, перкуссия, аускультацияның диагностикалық маңызы



бет20/38
Дата08.10.2024
өлшемі1,54 Mb.
#147201
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Байланысты:
емтихан жауаптары

Бүйрек пен зәр шығару жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Пальпация, перкуссия, аускультацияның диагностикалық маңызы.

Буйрек пальпациясын ауру адамның жатқан және тұрған күйінде жүргізу керек.

Стандарт «Бүйрекке пальпация жүргізу техникасы»

Бүйрек пальпациясы екі қолмен жүргізіледі (бимануальды.)
1.Науқасты беліне дейін шешіндіріп, оған ыңғайлы жағдай (тұрғызып,жатқызып) жасау.
2.Сол қолдың алақанын бел аймағына ХІІ-қабырғадан төмен орналастыру. Оң қолымыздың бүгілген саусақтарын іш пердесіне қабырға доғасының астына перпендикулярлы, кіндік тұсынан 1см төмен, іштің тік бұлшық еттерінен сырқа орналастырамыз.
3.Теріні төмен қарай жылжытып,тер қыртысын жасаймыз.
4.Науқасқа терең демалуын өтініп, демалу кезеңінде шығарғанда оң қолды іштің ішкі жағына енгізіп, ал сол қолмен артынан басып тұрамыз. Науқасқа терең дем алуын өтінеміз.Дем алу кезінде,бүйрек төмен түскенде, саусақтың сырғанақ қимылымен оның алдыңғы бетін сипалаймыз.

Стандарт «Бүйрекке перкуссия жүргізу техникасы »

1.Науқасқа тұрып тұруын өтінеміз.
2.Сол қол алақанын науқастың бел аймағына яғни бүйрек проекциясының аймағына қоямыз
3.Оң қолдың қырымен,сол қолдың сыртқы беткейіне қысқы,баяу қаққылаймыз.
Егер қаққылау кезінде ауырсыну анықталса, оң симптом ретінде қаралады (Пастернацкий әдісі).

Стандарт «Буындарға пальпация жүргізу техникасы »

1.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасаймыз-буындардың жоғарғы ұштары вертикальды қалыпты тексеріледі,омыртқа жотасы-вертикальды қалыпта немесе ішпен жатып тексеріледі,ал төменгі жақ буындары тұрғызып,отырғызып немесе жатқызып тексеріледі.
2.Буын үстіндегі терілерді жайлап сипап,сеземіз.
Буын пальпациясы кезінде мына өзгерулер анықталынады :
• Қараудан кейін пайда болған буындардын сыртқы түрін (мысалы , контурының тегістелуін,ісіну, тұрақты дефигурациясы және деформациясы),
• Жараланған буын терісінің гипертермиясын , кейде оның көрінбейтін ісінуі
• Буын қабының ауырсынуын
• Ірі буындар арасындағы еркін сұйықтықты (мысалы ,тізе )
• Тығыздалуын-кальцинаттар ,инфильтраттар ,үлкен артериялар жолындағы түйіндерді ,тофустар .
• Омыртқаларды және омыртка өсінділерін сипап ауырсыну сезімін бағалау.
• Сегізкөз-мықын байланымы аймағын тексергенде оң алақанды бірнеше минут аралығында мықын сүйегіне басып тұрады. Қабыну процесстерінде сегізкөз -мықын аймағында ауырсыну белгісі пайда болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет