Ішкі аурулар пропедевтикасында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру, оның мақсаты, даму кезеңдері, мейірбикенің науқасты тексерудегі рөлі. Гиппократ мектебі – клиникалық медицинаның негізін қалаушысы


Эндокриндік жүйе зат алмасу аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Лабораториялық зерттеу әдістері



бет27/38
Дата08.10.2024
өлшемі1,54 Mb.
#147201
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Байланысты:
емтихан жауаптары

Эндокриндік жүйе зат алмасу аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Лабораториялық зерттеу әдістері.

Биохимиялық әдіс. Гликемия деңгейі аш қарынға анықталса (глюкозооксидазды және ортотолуидинді әдістер) қалыпты жағдайда 3,3 – 5,5 ммоль/л (60- 100мг/100мл), ал Хагерон – Иенсен бойынша 3,8 – 6,6 ммоль/л (70 – 120мг/100мл) болса, қантты диабет ауруын күмәнданбай – ақ қоюға болады. Қант мөлшері 8,88 ммоль/л (160мг/100мл) – ден жоғары болса – глюкозурия пайда болады. Сирек жағдайларда глюозурия гипергликемиясыз өтеді, оны бүйректің қантты өткізу шегінің төмендеуімен түсіндіреді және керісінше, гломерулосклерозбен асқынған қантты диабет ауруында жоғары деңгейдегі гипергликемия тұсында зәрде қант анықталмайды немесе ол өте аз мөлшерде кездеседі.

Қантты диабетті анықтау үшін, глюкозотолерантты сынақ (ГТС) жүргізіледі. Науқас 75г. мөлшердегі глюкозаны қабылдайды. Гликемия мөлшерін үш рет анықтайды: глюкозаны қабылдаудан бұрын, глюкоза қабылдаған соң 1 және 2 сағаттан кейін. Сау адамдардың қанындағы қант мөлшері 2 сағаттан соң әдеттегі қалпына келеді. Егер ГТС диабеттік сипат алса, онда 1 сағаттан соң гипергликемия дамып, 2 сағаттан соң сол деңгейде сақталады, не аздап азаяды, бірақ қалыпты жағдайдан жоғары болып қала береді. Ал диабет ауруы белгілері болмаса, гликемия деңгейі 2 сағаттан соң бастапқы қалпына келеді.


Кетоацидоз жағдайын анықтау үшін, қанда немесе зәрде кетон денелерін анықтайды. Егер организмдегі майлардың мөлшері сіңірілетін көмірсулардан артық болса, гиперкетонемия және гиперкетонурия байқалады. Көмірсулар жеткіліксіз енгізілсе, майлардың әдеттегі қалпы кезінде ацетон пайда болады. Сау адам тәулігіне 20 – 50 мг. кетон денелерін шығарады. Соңғы жылдары экспресс тест әдістері кеңінен қолданылады: әдейі диагностикалық қағаздары арқылы гликемия деңгейін (декстранол, декстростикс), глюкозурияны (глюкотест, лобстикс т.б.), гиперкетонурияны (кетостикс) анықтайды.


Гликолизданған гемоглобин. Белоктар, оның ішінде гемоглобин, глюкозасы бар ерітіндінің ішінде ұзақ тұрса, химиялық үдерістер нәтижесінде глюкозаның қалдықтарын өзіне қосып алады. Неғұрлым глюкоза ертіндісі жоғары болса және ұзақырақ тұрса, соғұрлым гемоглобин молекуласының көп мөлшері гликолизденеді. Гликолизденген гемоглобин (Gly-Hb) молекуласының өмір сүру уақыты аралығындағы глюкоза шоғырының орташа деңгейін көрсетеді. Қалыпты жағдайда (Gly-Hb) ол жалпы гемоглобиннің 4,6% құрайды, ал диабетпен ауыратын адамдарда бұл көрсеткіш 2 – 3 есе жоғарылайды.


Радиоиммундық зерттеу


Қанның құрамындағы гормондарды анықтайтын әр түрлі әдістер бар. Олардың ішінде радиоиммундық зерттеу әдістері соңғы жылдары кеңінен қолданылуда. Зерттейтін затымызға (антиген) алдын ала антиденелер дайындалады. Антигенді йод – 125 немесе йод – 131 мен таңбалап антигенге қосамыз. Осы қосындыға науқастың қанының сарысуын қосамыз, ол таңбаланған антигеннің орнына таласады. Анықталып отырған затымызда неғұрлым гормондар көп болса, соғұрлым антиген-антидене кешендерін бөлектеп алып, оның радиоактивтілігін өлшейді. Ол неғұрлым аз болса, антиген соғұрлым көп болады. Бұл әдіспен инсулиннің, тропты гормондардың, кортикостероидтардың мөлшерін өте дәл анықтаймыз.


Рентгенологиялық зерттеу


Рентгенография әдісін қолдана отырып бастың ішіндегі түрік ерін пішінінің өзгеруін (гипофиз өспелері), бастың, аяқ-қол сүйектерінің үлкеюін (акромегалия), түтікті сүйектер мен омыртқаның остеопорозын (гиперпаратиреоз, Иценко – Кушинг синдромы) байқаймыз. Компьютерлік томограмма мен ЯМР томография гипофизбен бүйрек үсті безінің өспелерін дәлірек анықтайды. Қажетті жағдайда бүйрек үсті бездерін пневмоперитонеум жасау арқылы зерттейді (оксигеносупрарентгенография).


Ультрадыбыстық зерттеу


Адам өміріне қатерсіз, техникалық жағдайынан оңай жүргізілетін ультрадыбыспен зерттеу әдісі кеңінен қолданылады. Әсіресе қалқанша безінің түйінді түрі мен қуысты үдерістерін анықтауды, бүйрек үсті бездерін зерттеуде кеңінен қолданылады. Ультрадыбыспен қадағалай отырып, қалақанша безінің биопсиясы өткізіледі, алынған материал кейін гистологиялық жолмен зерттеледі.


Радиоизотоптық зерттеу


Ішкі секреция бездерін зерттеуде радиоизотоптық әдістер кеңінен қолданылады. Мысалы, қалқанша безінің ауруларын анықтау үшін, радиоактивті йод-131 немесе пертехнитат (технеций-99 бен таңбаланған) қолданылады. Гамма камераның көмегімен жарық сезгіш қағазға гамма сәулелерін жазады, осылайша сканерлеу арқылы бездің мөлшерін, пішінін, зақымдану ошақтарын, не оның біркелкілігін анықтайды.


Радиоизотоптық сканерлеу бүйрек үсті бездерін зерттеуде қолданылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет