Ішкі аурулар пропедевтикасында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру, оның мақсаты, даму кезеңдері, мейірбикенің науқасты тексерудегі рөлі. Гиппократ мектебі – клиникалық медицинаның негізін қалаушысы


Қан түзу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Пальпация диагностикалық маңызы



бет24/38
Дата08.10.2024
өлшемі1,54 Mb.
#147201
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
емтихан жауаптары

Қан түзу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Пальпация диагностикалық маңызы.

Лимфа түйіндері пальпациясы
• Көлемі
• Қозғалғыштығы
• Ауырсыңғыштық
Тығыздығы
• Бір-бірлеп немесе топтап, жүйелі түрдегі өзгерістерін бағалау.
Лимфатүйіндеріне пальпация
Бүгілген 3-4 саусақ ұштарымен тері асты лимфа түйіндер орналастын аймақтарын мына реттілікте сипап тексеру:

1. Шүйде аймағы – басын сәл шалқайтып –екі қол саусақтарымен симметриялық аймақта сипап тексеру;


2. Құлақ аймағы – екі қол саусақтарымен симметриялық аймақта сипап тексеру;
3. Төменгі жақ сүйегі асты аймағы – екі қол саусақтарымен симметриялық аймақта сипап тексеру;
4. Иек асты аймағы –бір немесе екі саусақ ұштарымен сипап тексеру;
5. Мойын артқы аймағы –төс – бұғана емізіктік бұлшықетінің артқы аяқшасының сыртқы қыры бойымен екі қол саусақтарымен симметриялық аймақта сипап тексеру;
6. Мойын алды аймағы –төс – бұғана емізіктік бұлшықетінің алдыңғы аяқшасының ішкі қыры бойымен екі қол саусақтарымен симметриялық аймақта сипап тексеру;
7. Бұғана үсті шұңқыры – екі қол саусақтарымен симметриялық аймақта сипап тексеру;
8. Бұғана асты шұңқыры – екі қол саусақтарымен симметриялық аймақта сипап тексеру;
9. Қолтық аймағы –1- науқасқа екі қолын иық буынында жазып көтеруді өтіну, қолтығы ашық; 2 –дәрігер қол ұштарына сүлгі орап қолтық аймағына қойып, науқасқа қолын сәл түсіруді сұрайды; 3- қолтықтың үш бөлігін –алды, ортаңғы, артқы – толық сипап тексеру;
10. Шап аймағы -1- науқасқа шалқасынан жатуды өтіну; 2 – ұршық буыны әкету кейпінде, ал тізе буыны әкелу кейпінде; 3- шап аймағын сипау –екі жақты кезектеп тексеру;
11. Тізе буын аймағы – 1-науқасқа етпетінен жатуды және тізе буынын сәл бүгуді өтіну; 2 – бүгілген буын аймағын сипау –екі жақты кезектеп тексеру;
12. Алынған мәліметтерді бағалау.
Көк бауыр пальпациясы
Ұлғайған жағдайда – оның орналасуы, пішіні, тығыздығы, тегістігі, ауырсынуы бағаланады.

1. Науқас кейпі–оң қырына жатуды және сол аяғын ұршық пен тізе буындарында бүгіп, ішіне алу, ал қолдарын жастануын өтіну (бала жатысы);


2. Дәрігер науқастың оң жанында бетпе-бет орналасады; қолдары жылы
3. Пальпация жасау:
• Қолдарды орналастыру – дәрігер сол қолын науқас кеудесінің сол бүйір бөлігінде басып орналастырып оның қимылын шектетеді.
• Алақан бүгілген 4 саусағымен қабырға доғасы астына орналасады, бұл жағдайда ортаңғы саусақ Х қабырғасының жалғасы ретінде болу керек.
• Тері қатпарын жасау – оң қолмен теріні төмен қарай, қатпар түзілгенше ығыстырады.
• Қолды құрсақ ішіне енгізу – тынысты шығару кезінде, оң қолды сол жақ қабырға доғасы астына бағыттап, терең енгізеді.
• Науқастан терең дем алуды сұрап – осы кезде көкбауыр үлкейген болса, көкеттің қозғалысымен төмен түседі, ал оң қол жоғары көтеріліп саусақтар жазылып төменгі қырына жанасады – төменгі қыры туралы мәлімет алуға мүмкіншілік туады
-қалыптыда пальпацияда анықталмайды;
-дерттік жағдайда – орналасуы, пішіні, тығыздығы, тегістігі, ауырсынуы өзгереді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет