Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Гипофизде соматотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), аденокортикотроптық АҚТГ (адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ, лютропин, пролактин гормондары түзіледі. СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250см-ге, ал салмағы 150кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді.
СТГ- соматотроптық гармон шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250см-ге, ал салмағы 150кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді.
Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без– біршама ірі без. Үлкен адамдардың қалқанша безінің салмағы- 20-30 гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) – 1,5-2г. Қартайған шақта, басқа да ішкі бөлініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без ткані дәнекер тканьнің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 мкм болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий клеткалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин.
Йод тапшылығы
Адамға тәуліктік йодтың мөлшері 0,15-20мг. Организмге қажетті йодтың мөлшері үнемі жетпесе тиреоидтық гормондардың синтезі (жасалуы) бұзылады. Зоб дамуының алғашқы кезеңінде, әсіресе йодтың тапшылығы аз болған жағдайда, қалқанша без фолликулалаларының өсуі организмге қажетті гормон жасауын уақытша қамтамасыз ете алады. Бірақ йод жетіспеуі елеулі болған жағдайда гипотиреоз әрі қарай, микседема мен кретинизмге жеткенге дейін дами береді
Йодомарин
Кретинизм
Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. «сrtinismе» - жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.